Курстың оқыту мақсаты:
-айнымалы шамалырдың шегі ұғымын,шектерді есептеу дағдыларын бекіту(III деңгейлі қиындығы жоғары есептер),анықталмаған функция ұғымын, функцияның параметрлік берілуі,нормаль теңдеу, полярлық бұрышы бойынша радиус-вектордың туындысының геометриялық мағынасы, туындының қолданбалы мағынасын ашу;
-функцияны интегралдау,құрамындағы квадрат үшмүшесі бар функцияны бөліктеп интегралдау, тригонометриялық функциялардың кейбір кластары бойынша интегралдаудың қолданбалы мағынасын ашу.
Оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар.10-11 сынып .
Курсты үйрену нәтижесінде білу керек:
функцияның шегі анықтамасы;
шектер туралы теоремалар;
тамаша шектер;
шексіз аз шамалардың қасиеттері;
дифференциалдау таблицалары;
туындының геометриялық,механикалық мағынасы,
функцияның екінші ретті туындысы;
функцияны зерттеуде туындының қолданылуы;
Толық дифференциал анықтамасы.
Меңгеруі керек:
функцияның шектерін табу;
функцияның үзіліссіздікке зерттеу;
шектеусіз аз шамаларды салыстыру;
күрделі функциялардың туындыларын табу;
күрделі көрсеткіштік функцияның туындысын табу;
функцияның дифференциалын есептеу;
жанама мен нормальды теңдеулерін құру;
функцияның туындыларын қолдану;
анықталмаған функцияның туындыларын табу;
бірнеше тәелсіз айнымалылары бар функцияның туындысын табу.
Достарыңызбен бөлісу: |