Дойбышының әнұраны
1. Ақ-қара алаңдар
Көк пен жердің арасы
Тақтайша – біздің ғаламшар
Уақытты босқа кетірме
Алаңдама жан-жаққа
Сенің жүрісіңді солдттар тосып тұр алда
Қайырмасы:
Әншілер сияқты атақты
Қызықты ойыншылар
Біз дойбымыз алғырмыз
Шын шайқасқа шық алға
2. Жеңіске тек жетеді
Кім жүрісті нық қойды
Бір, екі оқыстан
Бұл тыныштық соққысы
Бұлшықетке баға жоқ
Ал жақсы баға баста ғой.
Қайырмасы сол:
Балаларға ойын ережесін жақсы есте сақтауға арналған өлеңдер
1. Соққыны батыл соқ
Бірінші жүріс үнемі ақ дойбынікі
2. Дойбы ақырын бірақ мерген
Тек қара торкөзді аттайды
3. Дойбының жолы болмайды
Өйткені дойбы алға жүреді
4. Барлығы үлкен жасы біледі
Дойбымен алға артқа соққы береміз
Ата-аналарға кеңес
1. «Балаларды дойбы ойнауға үйрету»
Қазіргі балалар көп уақыттарын теледидар алдында немесе пернетақта алдында өткізеді. Ата-ана өз баласының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өз қолдарында. Дойбы ойыны кезінде баланың мүмкіндігі кеңейеді, басқа да ерекше қасиеттері дамиды. Осы мақсат барлығымызға бала кезімізден таныс, дойбы ойынын алуға болады. Балаға дойбы ойынын үйрете отырып, бала бойына мінсіз қасиеттерді қалыптастырамыз: шыдамдылық, алғырлық, логикалық ойлауы дамыған бала қалыптасады.
1. 3-4 жастағы балаларға арналған дойбы тақтайшасы мен дойбы фишкаларын балаларға арналған (ұшақ, машина тәріздес ойыншықтар). Ол балаларға қызығушылық әкеледі.
2. Балаға түсінікті түрде дойбынығң ережесін түсіндіру керек. Бұл ойынныңең дұрыс таңдалған түрі «орыс дойбысы». Бұл ойын тақтайшада ойнатылады. 8х8 торкөзбен өлешенеді. Әр ойыншының 12 дойбысы бар. Ойын басында 3 қатар қойылады. Дойбыны бос қара торкөздерге қисығынан жүруге болады. Қарсыластың дойбысын жеп жолдан алып тасталынып отырады. Бір шеттен екінші шетке жеткен дойбы –би атанады. Би барлық жағдайда жолындағы дойбыларды жеп қояды. Ойын мақсаты – қарсыластың барлық дойбысын жеп қою.
3. Балаларға ойнау ережесіне байланысты мағлұмат беру.
4. Баланы дойбы ойынына үйреткенде алға талпынысын байқауға болады. Ойын кезінде бала өзінен мықты қарсыласпен де әлсіз қарсыласпен де ойнауы керек.
5. Бала ойын кезінде шатасып жатса, араласпау керек. Бала өздігінен ойланып тығырықтан шыға білуі қажет.
6. Баланы міндетті түрде мақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |