Туменбаева Н. С


Алкандар тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары



бет5/14
Дата06.07.2018
өлшемі2,72 Mb.
#47612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Алкандар тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары


  1. Алкандар деп қандай көмірсутектерді атайды?

  2. Алкандардың жалпы формуласы.

  3. Алкандардың гомологтық қатарын бастайтын көмірсутек? Гомологтық айырма, гомолог деген не?

  4. Алкандардың гомологтық қатарында изомерия қай көмірсутектен басталады? Изомерлер деген не?

  5. Алкан молекулаларында көміртек атомы электрон бұлтының гибридтенуі қандай? Гибридтенген электрон бұлттарының басқа электрон бұлттарымен бүркелуінен қандай химиялық байланыс түзіледі?

  6. Гомологтық қатарда көмірсутектердің физикалық қасиеттері қалай өзгереді?

  7. Алкандар номенклатурасының негізгі ережелері

  8. Алкандарға қандай реакция типтері тән?

  9. Алкандардың табиғатта таралуы

  10. Алкандарды зертхана мен өнеркәсіпте алу жолдары. Вюрц реакциясы.

  11. Алкандарды қолдану.

  12. Алкандарға сапалық реакция

  13. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік көміртегі атомдарының алкандар молекуласындағы белсенділігі қалай өзгереді? Реакция теңдеулерін мысалға келтіріп, түсіндір.


Зертханалық жұмыс.

Қанықпаған көмірсутектерді алу, химиялық қасиеттерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты:

Зертханада қанықпаған көмірсутектерді алу тәсілдерін игеру, олардың химиялық қасиеттерін зерттеу, бір-бірінен атырата білу. Бақыланған құбылыстарды реакция теңдеулерімен өрнектей алу.



Реактивтер мен жабдықтар:

Этанол, концентрлі күкірт қышқылы, калий пермаганатының сұйытылған ерітіндісі, бром, не иод суының сұйытылған ерітіндісі, кальций карбиді, күміс нитраты, пробиркалар, штатив, құм, спиртовка, сіріңке, газ шығатын түтігі бар тығын, дистильденген су.



Жұмыс барысы:

Этилен (этен) алу үшін № 1 пробиркаға (біркелкі қайнау үшін) аздап құм салып, оған 0,5 мл этанол мен 2 мл концентрлі күкірт қышқылын құю. Пробирканың аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен тығындап, штативке сәл көлбей бекіту, келесі № 2 пробиркаға 1 мл калий перманганатының сұйытылған ерітіндісін, № 3 пробиркаға 1 мл бром не иод суын құйып дайындау. № 1 пробирканы абайлап қыздыру, түтіктің аузын № 2 және № 3 пробиркалардағы ерітінділерге батырып, өзгеріс болғанша газ жіберу.

Бөлініп жатқан газды түтіктің аузында жағып, жалынның түсін бақылау.

Болған өзгерістерді реакция теңдеулерімен өрнектеп, қорытынды жаса.



Ацетилен (этин) алу.

№ 1 пробиркаға (құрғақ болуы керек) ұсақталған кальций карбидінің бөлшегін салып, штативке сәл көлбей (тігінен) бекіту. № 2 пробиркаға 1 мл сұйытылған калий пермаганаты ерітіндісін, № 3 пробиркаға 1 мл бром немесе иод суынан, № 4 пробиркаға 1 мл күміс нитраты ерітіндісін құю.

№ 1 пробиркаға 1,5 мл дистилденген су құйып, шапшаң газ шығатын түтігі бар тығынмен тығындау. Түтікті № 2, 3, 4 пробиркалардағы ерітінділерге кезекпен батыру, өзгерістерді бақылау.

Бөлініп жатқан газды түтіктің аузында жағу, жалынның түсін бақылау.

Барлық өзгерістерді реакция теңдеулерімен өрнектеп, қорытынды жаса.

Бақылау сұрақтары.

1. Алкендер деп қандай көмірсутектерді атайды?



  1. Алкендердің жалпы формуласы?

  2. Қос байланыс тұрған көміртегі атомдарының электрон бұлтының гибридтенуін түсіндір. Байланыстардың түзілу табиғаты қандай? Байланыс ұзындығы, валенттілік бұрышы, байланыс энергиясы деген ұғымдарға түсінік бер.

  3. Алкендердің гомологтық қатары.

  4. Алкендерге қандай изомерия тән?

  5. Алкендердің номенклатурасы.

  6. Алкендерді зертханада және өндірісте алу жолдары.

  7. Алкендердің химиялық қасиеттерін қандай реакция типтеріне біріктіруге болады? Морковников ережесі.

  8. Алкендердің қолданылуы.

  9. Алкендерге сапалық реакциялар.

  10. Алкиндер деп қандай көмірсутектерді атайды? Жалпы формуласы.

  11. Үш байланыстың химиялық табиғаты, электрон бұлтының гибридтенуі, байланыс ұзындығы, бұрышы, энергиясы?

  12. Алкиндердің гомологтық қатары, изомериясы, номенклатурасы.

  13. Зертханада және өндірісте алкиндерді алу.

  14. Алкиндердің химиялық қасиеттерін қандай реакция типтеріне біріктіруге болады?

  15. Алкиндердің қолданылуы.

  16. Алкиндерге сапалық реакция.

  17. Алкан, алкен, алкин көмірсутектері бойынша келесі кестені толтыр:






Көмірсутек

Жалпы формуласы

Байланыс ұзындығы

Байланыс бұрышы

Байланыс энергиясы

Байланыс түрлері

1

Алкандар
















2

Алкендер
















3

Алкиндер

















Жаттығулар.

1. Құрылысы болатын заттың:

а) гомологының; ә) көміртегі тізбегі изомерінің;



б) қос байланыс орны изомерлерінің құрылыс формулаларын құрастыр. Барлық заттарға атау бер.

  1. Келесі көмірсутектерді орынбасушы номенклатура бойынша ата :








3. Қандай жағдайда көмірсутектерге геометриялық изомерия тән болады? Нақты мысалдар келтір..
4. Құрамы болатын алкеннің барлық изомерлерінің құрылыс формулаларын жаз. Олардың қайсысында цис-, транс- изомерлері болады? Неге?

5. Бутен – 1 –дің екі гомологының құрылыс формуласын жазып, ата.
6. Келесі қосылыстардың құрылыс формулаларын жаз:

а) 2- метилбутен – 1; ә) 3 – метилпентен – 1;



б) 2 – метил – 4 – этилгексен – 2
7. Формулалары төменде келтірілген көмірсутектерің қайсысы гомологтар, қайсысы - изомерлер? Барлық гомологтар мен изомерлерге атау бер.














  1. Құрылыс формулаларын жаз:

а) 3,4,4 - үшметилпентен - 2

ә) 3,3,4 - үшметилпентен – 1




  1. Пентен–2– нің екі гомологының құрылыс формулаларын жазып, оларды ата.




  1. Келесі берілген атаулар дұрыс па? Егер дұрыс болмаса қатені түзе:

пентен – 3

3,3 – диметилпропен – 1

 бутен – 2



 3,4 - диметил –2- пропилпентен - 2
Каталог: assets -> userfiles -> files
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> БАҒдарламасы «Жаңа білім беру үрдісінде колледждің көптілділікті іске асыру тәжірибесінен»
files -> 2016 жылға жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет