Туменбаева Н. С



бет13/14
Дата06.07.2018
өлшемі2,72 Mb.
#47612
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Органикалық молекулада бір функциялық топ болса, затты монофункционалдық зат, бірнеше бірдей топ болса – полифункционалдық зат, ал бірнеше әр түрлі топтар болса – гетерофункционалдық зат дейді.


ІІІ. Органикалық қосылыстардың номенклатурасы.
Номенклатура - әрбір затқа атау берудің ережелері, қосылыстардың құрлысы туралы мәліметтер беретін атаулар.

Номенклатура тривиалдық (жабайы) және ИЮПАК-тың (Теоретикалық және қолданбалы химияның халықаралық одағы) жүйелеу номенклатурасына бөлінеді.

Өзінің кезегімен ол орынбасарлық және радикал – функционалдық болып бөлінеді.

Тривиалдық атаулар – тарихи бірінші берілген атаулар. Олар заттардың табиғи көзін, аса айқын қасиетін, алыну әдісін, қолданылу саласын көрсетіп тұрады. Бұл атаулар амин қышқылдарының, көмірсулардың, алколоидтардың, стероидтардың, дәрілік заттардың атауларының арасында жиі кездеседі.Тривиалдық атаулардың мысалдары:

а) сүт, алма, лимон, қымыздық, пальмитин (пальманың майынан) қышқылдары;

б) глицин, глицерин, глюкоза, этиленгликоль – «тәтті» деген грек сөзінен;

в) пирожүзім қышқылы – жүзім қышқылын қыздырғанда алынады «ріros» – от;

г) аскорбин қышқылы – «skorbut» цинга, «а» - жоқ – цинга ауруына қарсы тұратын, оның алдын алатын витамин.

Сіңісті болып кеткен тривиалық атаулар ИЮПАК шешімі бойынша осы уақытқа дейін қолданылады.

Жүйелеу номенклатура бойынша заттарға атау бергенде «органикалық радикал», «қатар бастаушы», «сипаттамалық топ», «орынбасар» деген ұғымдар қолданылады.

Органикалық радикал – органикалық молекуладан бір немесе бірнеше сутек атомдары үзіліп кеткенде түзілетін, бос валенттілігі бар көмірсутек қалдығы. Органикалық радикалды «бос радикалмен» шатастыруға болмайды. «Бос радикал» - жұптаспаған электроны бар атом немесе атомдар тобы. Мысалы: · СІ, · Н, · НО2.

Органикалық молекулалардан бір сутек атомын үзіп алғанда бір валентті, екеуін үзіп алғанда – екі валентті радикалдар түзіледі (2-ші кесте).



Радикалдардың атаулары. 2-ші кесте.

Көмірсутек



Радикалдар

формуласы

атауы

формуласы

атауы

формуласы

атауы




Метан



Метил



Метилен



Этан



Этил



Этилен



Пропан



Пропил



Этилиден



Бутан



Бутил



Пропилиден




Пентан

- С5 Н11

Пентил



Үшіншілей бутил




Гексан

- С6 Н13

Гексил



Екіншілей бутил



Гептан

- С7 Н15

Гептил

СН2 = СН -

Винил



Октан

- С8 Н17

Октил





Фенил




Нонан

- С9 Н19

Нонил



Ацетил




Декан

- С10 Н21

Децил



Карбоксил


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет