Туменбаева Н. С



бет10/14
Дата06.07.2018
өлшемі2,72 Mb.
#47612
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2. Метанол мен этанолды қандай тәсілдермен алады?

Реакция теңдеулерін жаз.




  1. Біратомды спирттердің молекулярлық массасының өсуінен неге олардың суда ерігіштігі төмендейді?

  2. Келесі қосылыстардың құрлыс формулаларын жаз:

а) 2-метилпропанол – 1; б) 2 метилпентанол – 2;

ә) 2,3 диметилбутанол – 2; в) 2, 3, 4 – үшметилпентанол – 2




  1. Келесі сызба бойынша сәйкес реакция теңдеулерін құрастыр:



А, В, С деген заттардың аттарын ата.



  1. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрастыр:

а) пропанол → пропен; ә) метанол → натрий метилаты;

б) этанол → бромэтан; в) этанол → диэтилэфирі.




  1. Қандай спирттерді біріншілік, екіншілік, үшіншілік деп атайды? Дәлелді жауап беріңіз.




  1. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз:



ЕСЕПТЕР.

1. Метанолды 1:3 қатынасында екі бөлікке бөлді, аз бөлігін оттегінде жағып, 9 г су алынды. Көп бөлігінен қандай масса бромметан алуға болады, егер оның шығымының массалық үлесі 80% құраса?

Жауабы: 57 г.
2. Этанолды дегидратациялап этилен алынды, алыған этилен 400 г 3,2 % -ті бром суын түссіздендірді, реакцияға түскен этанолдың массасын анықтаңыз.

Жауабы: 3,68 г.


3. 44 мл ρ = 0,789 г/мл болатын этанолды жағу үшін (қ.ж.) қандай көлем ауа қажет? Ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 21%.

Жауабы: 241,5 л.


4. Массасы 14,8 г бутанол–2–ні бромсутектің артық мөлшерімен әрекеттестіріп бром туынды алынды, Вюрц реакциясымен 8,55 г 3,4 – диметилгексан алынды. Алынған 3,4 – диметилгексанның шығымының массалық үлесін (%) есептеңіз.

Жауабы: 75%.


5. Массасы 4,6 г натрий массасы 30г этил спиртімен әрекеттескенде бөлінетін сутегінің көлемін (қ.ж.) есептеңіз.

Жауабы: 2,24 л.


6. Массасы 200 г бензол пропил спиртімен артық мөлшерде әрекеттескенде (қ.ж.) 8,4 л сутегі бөлінді, ертіндідегі спирттің массалық үлесін (%) есепте.

Жауабы: 22,5 %


7. Массасы 35 г пропанол –1 9,2 г натриймен әрекеттескенде қандай массаса натрий пропилаты түзілді?

Жауабы: 32,8 %


8. Спирттегі көміртегі, сутегі және оттегінің массалық үлесі 52,18, 13,04 және 34,78% құрайды. Спирттің формуласын қорытып шығарып, молекулалық массасын есептеңіз.
9. Зат мөлшері 0,5 моль болатын метанолды артық мөлшердегі калий бромиді және күкірт қышқылымен қосып қыздырғанда массасы 38 г бромметан алынды. Бромметанның массалық үлесінің шығымын (%) есептеңіз.

Жауабы: 80%.


10. Көлемі 560 л этиленді гидротациялап қандай масса этанол алуға болады? Спирт шығымының массалық үлесі 92%.

Жауабы: 1058 г.



Көпатомды спирттер
Жаттығулар.

  1. Көпатомды спирттердің біратомды спирттерден қандай айырмашылығы бар: а) құрлысында; ә) химиялық қасиеттерінде?

  2. Молекула құрамында үш көміртегі атомы болатын көп атомды спирттердің формуласын құрастыр. Оларды ата.

  3. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:

метан → ацетилен → 1,2 – дихлорэтан → этандиол – 1,2.

  1. Этанолдан этандиол алуға болатын реакциялардың теңдеулерін құрастыр.

  2. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:

этанол → этилен → этиленгликоль → натрий этиленгликоляты.

  1. Глицерин келесі заттардың қайсысымен әрекеттеседі: йод, сутегі, натрий, азот қышқылы? Мүмкін болатын реакциялардың теңдеулерін жаз.


ЕСЕПТЕР:

1. Массасы 45,4 г глицеринтринитрат (үшнитроглицерин) алу үшін қандай көлем 90% - ті (р = 1,483г/мл) азот қышқылы қажет?

Жауабы: 28,32 мл.
2. Этиленгликольді екі бөлікке 1:3 бөлді. Аз бөлігін артық мөлшердегі азот қышқылы мен өңдегенде 76 г күрделі эфир түзілді. Этиленгликольдің көп бөлігіне 59,80 г натрий қосқанда қандай көлем сутегі бөлінеді?

Жауабы: 29,12 л.


3. Көпатомды спирттердің бірі төменгі температурада қататын сұйықтар – антифриздер дайындауға қолданылады (қысқы уақытта автомильдер двигательдерінде пайдаланылады). Элементтердің массалық үлестері осы спирт молекуласында С – 38,7%, Н – 9,7 %, О – 51,6 % құрайды. Спирт буының сутегімен салыстырғандағы тығыздығы 31. Спирттің құрлыс формуласын жазып, атаңыз.

Жауабы: этиленгликоль


4. 1 моль глицерин мен 30 г натрий әрекеттескенде қандай көлем (қ.ж.) сутегі бөлінеді?

Жауабы: 14,6 л.


5. Массалық үлесі 80% (р = 1,45 г/мл) азот қышқылының қандай көлемі массасы 22,70 г глицериннің үшнитратын алу үшін жұмсалады?

Жауабы: 16,3 мл.


6. Массасы 250 г этилен оксиді мен 90 г судан қандай масса этандиол – 1,2 алынады?

Жауабы: 310 г.



Фенолдар.

Жатығулар.

1. Бензолмен салыстырғанда фенол неге жеңіл бромдалады ? Дәлелді жауап беріп, сәйкес реакция теңдеулерін жаз.
2. Нөмірленген үш пробиркада: этил спирті, фенолдың судағы ерітіндісі, этиленгликоль бар. Олардың әрқайсысын тәжірибе жүзінде қалай анықтауға болады? Жұмыстың жүргізу жолын айтып, бақыланатын өзгерістерді реакция теңдеулерімен өрнекте.
3. Метаннан фенолды алуға әкелетін реакция теңдеулерін құр.
4. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:



5. Фенол молекуласындағы бензол сақинасының гидроксил тобына әсері қандай ? Дәлелді жауап беріп, сәйкес реакция теңдеулерін жаз.
6. Этанол, этиленгликоль және фенолдың қурылыс формулаларын жаз.

Осы қосылыстардың қышқылдығы қалай өзгереді (гидроксил тобындағы сутегі атомының жылжымалығы)?


7. Фенол келесі нұсқалған заттардың қайсысымен әрекеттеседі: натрий, хлор, бензол, азот қышқылы ? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін құрып,

олардың өнімдерін ата.


8. 2,4,6- үшнитрофенолдың құрылыс формуласын жаз. Осы затты қандай мақсатта қолданады?
9. Құрамы  болатын фенолдың барлық изомерлерінің құрылыс формулаларын құрастырыңыз және оларды ата.
10. Фенол мен этанолдың қасиеттеріндегі ұқсастық және айырмашылық неде?
Есептер.

1. Өлшеніп алынған фенолды 1:2 қатысында бөлікке бөлді. Аз бөлігін калий гидроксидінің артық мөлшерімен нейтралдап, 33 г калий феноляты алынды. Фенолдың көп бөлігінен 2,4,6 –үшбромфенолдың қандай массасын алуға болады, егер оның шығымының массалық үлесі 84 % -і құраса?

Жауабы: 139 г.
2. Массасы 14,1 г фенол 120 мл 10% - ті калий гидроксийді (ρ =1,09 г/ мл )

ерітіндісімен әрекеттескенде қандай масса калий феноляты түзіледі?

Жауабы: 19,8 г.
3. Массасы 20 г фенол және 20 г калий гидроксидінен қандай масса калий феноляты түзіледі?

Жауабы: 28 г.


4. Массасы 400 г фенолдың бензолдағы ерітіндісін бром суының артық мөлшерімен әрекеттестіргенде массасы 132,4 г бромтуынды түзілді. Ерітіндідегі фенолдың массалық үлесін есепте?

Жауабы: 9,4 %.


5. Массасы 18,8 г фенолды нитрлегенде 2,4,6-үшнитрофенол түзіледі деп есептеп, оған жұмсалатын азот қышқылының массасын есепте.

Жауабы:37,8 г .


6. Массасы 28,2 г фенолды бромдағанда 79,44 г тұнба алынды. Реакция өнімінің шығымының массалық үлесін есепте.

Жауабы: 80%


7. Массасы 9,4 г фенол массасы 1,6 г натриймен әрекетескенде алынатын натрий фенолятының массасын есепте.

Жауабы: 8,07 г.


8. Массасы 4,7 г фенол мен массасы 120 г 14% KOH ерітіндісін әрекеттестіріп алынған калий фенолятының массасын есепте.

Жауабы: 6,6 г.


9. Көлемі 672 л (қ.ж) метаннан қандай масса фенол алынады, егер өнімнің шығымының массалық үлесі 40 %-і құраса. Келесі сызба бойынша жүретін реакция теңдеулерін құр: метан → ацетилен (этин)→ бензол→ хлорбензол→ фенол.

Жауабы: 188 г.



Альдегидтер мен кетондар.
Тәжірибе №1 Альдегидтердің тотығуы.

а) «Күміс айна» реакциясы.



Мақсаты: тотығу реакциясы арқылы альдегидтерге сапалық реакция жасау.

Жабдықтар мен реактивтер: ,  (конц.), формалин , спиртовка, сіріңке, пробирка, пробирка устағыш.

Жұмыс барысы: Таза пробиркаға 2 тамшы , бір тамшы аммиактың концентрациялы ерітіндісін қүйып , оған 2 тамшы формалин қосу . Алынған қоспаны абайлап қыздыру. Пробиркада болған өзгерістерді бақылап, оларды реакция теңдеуімен өрнекте, қорытынды жаса. Қандай реакция жүрді.
ә) Мыстың (ІІ) гидроксидінің тотықсыздану реакциясы.

Мақсаты: альдегидтік топтың тотығуын эксперимент жүзінде зерттеу.

Жабдықтар: формалин , 5% , 10% , пробирка, ұстағыш, спиртовка, сіріңке, пипеткалар.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 5 тамшы күйдіргіш натр, 3 тамшы мыс сульфатының ерітінділерінен қосып, бірден қыздыру. Ерітіндінің түсінің өзгеруін бақыла.

  1. Бұл реакцияда мыс (ІІ) гидроксиді тотықсызданады, ол осы тәжірибеде қайдан келді?

  2. Формальдегид пен мыс (ІІ) гидроксиді арасындағы реакция қандай теңдеу бойынша жүреді?

  3. Түзілген тұнба алғашында неліктен сары түске боялады?

  4. Қызыл сары түсті тұнба, ол не?

  5. Тотыққан формалин қандай затқа айналды? Альдегидтердің тотығуға қатысы жөнінде қорытынды жаса.


Тәжірибе № 2. Глицериннен акролеиннің түзілуі (акролеин пробасы)

Мақсаты: Глицеринге сапалық реакция акролеиннің түзілуі екендігіне қөз жеткізу. Акролеинді иісі арқылы анықтауды үйрену.

Жабдықтар: Сусыз  (немесе ), глицерин, пробирка, ұстағыш, спиртовка, сіріңке.

Жұмыс барысы : Пробиркаға бірнеше сусыз натрий гидросульфатының кристалдарын салу, олар осы реакцияда катализатор қызметін атқарады. Оған 5 тамшы глицерин құйып , қоңыр түс түзілгенше қыздыру. Абайлап түзілген акролеинді иіскеп көріңіз. Акролеинді калий перманганатының сілтідегі ерітіндісімен жойыңыз.

1. Глицериннен акролеиннің түзілуі қалай жүреді? Дәлелді жауап бер.



  1. Акролеиннің иісі бар ма?


Тәжірибе № 3.

Альдегидтерге күкіртті фуксин қышқылымен сапалық реакция.

Мақсаты: альдегидтерді күкіртті фуксин қышқылы ерітіндісімен анықтай алуға үйрену.

Жадықтар: күкіртті фуксин қышқылы, формалин, пробирка.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 5 тамшы күкіртті фуксин қышқылының ерітіндісін құйып, оған формалин қос . Біраз уақыт бақылау, көкшіл-қызыл түс пайда болады.

Альдегидтерді күкіртті фуксин қышқылы ерітіндісі көмегімен қалай анықтауға болатындығы жөнінде қорытынды жаса.


Тәжірибе № 4. Ацетоннан йодоформ алу ( ацетонға сапалық реакция).

Мақсаты: Ацетонды сапалық реакция көмегімен йодаформның түзілуі арқылы ашуға үйрену.

Жабдықтар: ацетонның өте сұйытылған судағы 0,5 %ерітіндісі, люголь ерітіндісі (йодтың калий йодтағы ерітіндісі). 2 н. ерітіндісі, пробирка.

Жұмыс барысы: Пробиркаға ацетон, люголь, натрий гидроксиді ерітінділерінен құю, абайлап қыздыру. Өзгерістерді бақылап, реакция теңдеулерімен өрнектеп, қорытынды жаса.



Майлар.

Мақсаты: Майлардың әртүрлі еріткіштерде ерігіштігін анықтай білу, май құрамын анықтаи, оларды дәлелдей алу іскерлігін қалыптастыру.

Жабдықтар: күнбағыс майы, спирт, бензол, хлороформ, ацетон, су, натрий гидросульфаты (кристалл), фарфор табақшасы немесе тигель, ұстағыш, спиртовка, сіріңке, йод суы, калий перманганатының сұйытылған ерітіндісі, пипеткалар, пробиркалар, штатив.

1. Майлардың ерігіштігі.



Жұмыс барысы: 5 пробиркаға 5 тамшыдан әртүрлі еріткіштен құю: бензол, хлороформ, су, спирт, ацетон. Әр пробиркаға бір тамшыдан күнбағыс майын қосу, жақсылап шайқап араластыру. Қай еріткіште май жақсы, қайсында нашар, қайсында еріген жоқ? Бақылаған өзгерістерді дәптерге жазып, қорытындыла.

2. Май құрамындағы қанықпаған қышқылды анықтау.



Жұмыс барысы: Пробиркаға күнбағыс майынан бір тамшы тамызып, оған 10 тамшы йод суын ( не бром суын ) қосып, жақсылап шайқап араластыр.

1) Ерітінді түсі қалай өзгереді, оны қалай түсіндіруге болады? Осы жұмысты йод суының орнына калий перманганаты және аз мөлшердегі сода ерітіндісімен жүргіз.

2) Бұл жағдайда ерітіндінің түсі қалай өзгеретіндігін бақылап, белгіле. Өзгерістерді дәлелдеп, қорытындыла.
3. Май құрамында глицерин қалдығының бар екендігін анықтау

( акролеин пробасы).

Фарфор тигельге бірнеше кристалл калий гидросульфатын салып, оған 2 тамшы күнбағыс майын немесе қатты май қосып, спиртовка жалынында қыздыру. Бөлініп жатқан иіске көңіл аудар.



  1. Акролеин деген не?

  2. Глицериннен акролеиннің түзілу реакциясын жаз.

  3. Осы тәжірибе не туралы айтады?

Бақылау сұрағы. Тағы қандай тәжірибе көмегімен глицерин қалдығының май құрамында бар екендігін анықтауға болады?
4. Майлардың сабындалуы.

№1. Пробиркаға 10 тамшы өсімдіктің майын, 4-5 тамшы 40% - тік КОН-тың спирттегі ертіндісін тамызып, аузын ұзын шыны түтігі бар тығынмен жауып, су моншасына қойып қайнатады. Сабынның бір текті ертіндісі (гидролизат) түзілгеннен кейін, үстіне 2 мл су қосып, жақсылап шайқалады.

№2. Гидролизаттағы майдың құрам бөліктерін ашу.

Жоғарыда дайындалған гидролизаттың үстіне 10% - тік күкірт қышқылының ертіндісін біртіндеп тамызып, араластырғанда бетіне май қышқылдары қалқып шығады:


Пробиркадағы қоспаны қағаздан сүзгіш жасап, сүзу керек. Қышқылдар сүзгіште қалады, ал фильтратты үстіне лакмус бойынша 10%-тік NaOH ертіндісін қосып, нейтралдау керек. Түзілген ертіндіге 1-2 тамшы 5 %-тік қосқанда ерітінді көкшіл түске боялады.

3. Майдағы қанықпаған қышқылдарды калий перманганатымен ашу.

Пробиркаға 3-4 тамшы күнбағыс майы, 2 тамшы 10%-тік cоданың

ертіндісін, 3-4 тамшы 0,1%-тік калий перманганатын тамызып араластырғанда, ертіндінің қызғылт түсі жойылып кетеді. Марганец тотықсызданады, ал қанықпаған май қышқылдары, этилен сияқты тотығады.

Барлық өзгерістерді реакция теңдеулерімен өрнектеп, қорытынды жаса.
(П.А.Верболович)

Жаттығулар:

1. а) құмырсқа қышқылының амил эфирінің синтезін;

ә) сірке қышқылының метил эфирінің гидролизін;

б) стеарин қышқылы негізінде май синтезінің реакция теңдеулерін жазыңыз.
2. Майларды гидрлеудің мәні неде? Реакция теңдеулерін жазып, осы процестің қайда қолданылатындығын көрсетініз.
3. а) Құмырсқа қышқылының пропил эфирі гидролизінің ;

ә) метилбутаноат синтезінің;

б) натрий гидроксидінің қатысында қүрамында пальмитин қышқылы болатын май гидролизінің реакция теңдеулерін жаз.
4. Қатты және сұйық майлардың құрамында қандай айырмашылық болатынын көрсет. Олардың қайсысы жеңіл тотығады? Неге?
5. Сабындар деген не? Сұйық және қатты сабындардың құрамындағы өзгешелікті көрсет. Олардың қайсысының жуғыштық қасиеті күштірек? Неге?
6. Майлар гидролизінің қандай түрлерін білесіз? Олардың айырмашылықтары неде?
7. Кермек суда сабынның жуғыштық мүмкіндігі төмендейді? Жауапты реакция теңдеулерімен дәлелде.


  1. Күрделі эфирлердің қолданылу аймақтарын ата. Олар табиғатта қайда кездеседі?




  1. Сабын дайындауда қандай қышқылдардың қандай тұздары қолданылады?




  1. Майлар қайда қолданылады? Олар табиғатта қайда кездеседі?


Есептер:

1. Массасы 221 г болатын майдың (үшолеат) сілтілік гидролизінде түзілетін глицериннің массасын есепте

Жауабы: 23 г
2 Массасы 90 г сірке қышқылы метанолмен әрекеттескендә 100г күрделі эфир түзілді. Эфирдің шығымының массалық үлесін (%) есептеңіз

Жауабы: 90 %


3. Реакция өнімнің шығымы 85% -ті құрайтын болса, 37,4 г этилацетат алу үшін қандай масса таза этил спирті қажет?

Жауабы: 23 г.


4. Реакция өнімнің шығымы 80 % -ті құрайтын болса, массасы 29,6 г сіркеметил эфирін алу үшін қышқыл мен спиртің қандай массасы қажет?

Жауабы: 30 г; 16 г.


5. 23 г құмырсқа қышқылының метил спиртімен әрекеттесуінде 24 г күрделі эфир алынды. Эфирдің шығымының массалық үлесін (%) есепте.

Жауабы: 80 %.


6. 4,8 г метанол мен 7,2 г сірке қышқылының әрекеттесуінен 7,4 г күрделі эфир алынды. Эфир шығымының массалық үлесін (%) есепте.

Жауабы: 0,833 немесе 83,3 %.


7. Құрамында (массасы бойынша) көміртегі 54,4 %, оттегі 36,4 % және сутегі 9,1 % болатын күрделі эфирдің молекулалық формуласын тап. Оның буының сутегімен салыстырғандағы тығыздығы 44. Осы молекулалық формулаға сәйкес келетін барлық күрделі эфирлердің құрылыс формулаларын жаз.

Жауабы:


8. Массасы 5 кг ( үшолеатты) майды қатты майға айналдыру үшін (қ.ж.) қандай көлем сутегі жұмсалады, егер сутегінің көлемдік үлесінің өнеркәсіптік шығыны 8% құрайтын болса?

Жауабы: 413,15 л.




Көмірсулар.

Мақсаты: Көмірсулардың негізгі топтарының химиялық қасиеттерін, моносахаридтер құрамындағы функционалдық топтарды эксперименттік жолмен анықтай алу.

Жабдықтар: глюкоза, 5% , 10% , , , 5% сахароза, крахмал (ұнтағы), дистил. H2O, йод суы сұйытылған, H2SO4 сұйытылған, зат шынысы, пробиркалар, шыны таяқша, штатив , ұстағыш, пипеткалар.
1. Мыс сахаратының түзілуі.

Пробиркаға 2 тамшы және 4 тамшы ерітінділерін құю. Тұнба түзіледі, түсін белгіле. Оған 2 тамшы глюкоза ерітіндісін қосып шайқа. Өзгерістерді бақылап, оларды реакция теңдеулерімен өрнекте, қорытынды жаса.



2. “ Күміс айна” реакциясы.

Пробиркаға 2 тамшы және 4 тамшы концентрациялы  құйып, оған 3 тамшы глюкоза ерітіндісін қосып, ептеп қыздыр. Өзгерістерді бақылап, реакция теңдеулерімен өрнекте. Қорытынды жаса.
3. Мыс гидроксидінің (ІІ) тотықсыздануы. (Троммер реакциясы).

Пробиркаға 2 тамшы , 4 тамшы құйып, оған 2 тамшы глюкоза қос. Пробирканы жайлап қыздыр. Қандай өзгерістерді байқадыңыз? Өзгерістерді реакция теңдеулерімен өрнектеп, қорытындыла.

4. Фелингтің реакциясы.

5-6 тамшы глюкозаның ертіндісіне 3-5 тамшы Фелинг реактивін қосып қыздырғанда алдымен сары ертінді, одан кейін кірпіш-қызыл түсті тұнба түзіледі. Фелинг реактивінің құрамына күкіртқышқыл мыс, сегнет тұзы және күйдіргіш натр кіреді. Қыздырғанда Си(І)ОН тұнбаға түспейді, тек ертіндіні сары түске бояйды.

(П.А.Верболович, 86)

3-ші тәжірибе. Селивановтың фруктозаға жасалатын реакциясы.

Пробиркаға 3-4 тамшы 1%-тік фруктозаның ертіндісін және 1-2 тамшы Селиванов реактивін (0,5г резорцин 100 мл 20%-тік НСІ) тамызып, 2-3 минут қайнатады немесе 5-7минут су моншасында ұстайды. Ертінді біртіндеп шие-қызыл түске боялады.
4. Сахарозаның гидролизі.

Екі пробирканы белгіле. Оның біріншісіне 2 тамшы , 5 тамшы , 2 тамшы сахароза ерітінділерінен қосып, қыздыр. Мыстың (!) оксиді түзілді ме? Түсіндір.

Екінші пробиркаға 10 тамшы сахароза және 2 тамшы сұйытылған H2SO4 қосып, алынған ерітіндіні 2-3 минут спирт шамының жалынында қыздыру. Осы ерітіндіден 3 тамшы алып, оны таза пробиркаға құю. Оған 2 тамшы және 7 тамшы ерітіндісін қосу, жылдам қыздыру. Өзгерістер болды ма? Оларды сипатта. Өзгерістерді реакция теңдеулерімен өрнектеп, қорытынды жаса.
5. Толенстің реакциясы.

Ағаш ұнтағын концентрленген НСІ ертіндісімен сулап бояғыш затты-флороглюцинді қосқанда ұнтақ таңқурай түске боялады. Ағаштағы пентозандар тұз қышқылының әсерінен пентозаларға ыдырайды, ал пентоза фурфуралға айналады: Түзілген фурфурал флороглюцинмен таңқурай түсті өнім түзеді.

(П.А.Верболович, 94)

6. Дисахаридтердің тотықсыздандырғыштық қасиеті.

Үш пробиркаға 3-4 тамшыдан 1% -тік сахароза, мальтоза және лактозаның ертінділерін тамызып, үшеуімен де Фелингтің реакциясын орындау керек. Көмірсулардың қайсысы тотықсыздандырғыштық қасиетке ие?

(П.А.Верболович, 94)

7. Сахарозаның қышқылдық гидролизі.

Пробиркаға 10-12 тамшы 1%-тік сахарозаның ертіндісін тамызып, үстіне 2-3 тамшы 10%-тік күкірт қышқылы ертіндісін қосып, 2-3 минут қайнатады. Түзілген қоспаны лакмус бойынша 10% сілтінің ертіндісімен нейтралдап, Фелингтің реакциясын орындайды. Бақыланған өзгерістер бойынша қотынды жасау керек.


5. Крахмалға сапалық реакция.

Пробиркаға 1-2 тамшы крахмал клейстерін және 8 тамшы дистилденген су құй. Оған 1 тамшы сұйытылған йод суын қос. Ерітінді түсі өзгерді ме? Қорытынды жаса.


6. Крахмалдың гидролизі.

Пробиркаға 2 мл крахмал клейстерін құйып, оған 10 тамшы сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісін қос, шыны таяқшамен араластыр. Пробирканы абайлап 5-6 минут қыздыр. Зат шынысының бетіне пипеткамен он жеріне бір тамшыдан йод суын тамыз. Қыздырылып отырған ерітіндіге шыны таяқшаны батырып алып, зат шынысы бетіндегі бір тамшы йодқа араластыр. Тамшы түсі өзгерді ме? Егер тамшы түсі көк түске боялса, онда қыздыруды ары қарай жалғастырып, әр минут сайын зат шынысы бетіндегі йод ерітіндісінің түсі өзгеріссіз қалғанша қайталау. Йод түсі өзгеріссіз қалғанда қыздыруды тоқтат. Гидролиз аяқталды. Реакция теңдеулерін жазып, қорытындыла.



Эксперименттік есеп . 4 пробиркада: глюкоза, глицерин, сірке альдегиді, сірке қышқылы ерітінділері берілген. Екі реактивті ғана қолданып, қай пробиркада не бар екендігін анықта.

7. Крахмалдың қышқылдық гидролизі.

Пробиркаға 3 мл 1%- тік крахмалдың ертіндісін құйып, 1 мл 10%-тік күкірт қышқылының ертіндісін қосады. Су моншасында 2-3 минут қайнағаннан кейін Люгольдің реактивімен эмальданған пластинканың ұяшығында гидролизатқа реакция жасайды. Келесі реакцияларды әрбір 1 минуттан кейін Люголь реактивінің түсі өзгермегенше жасайды. Гидролиз аяқталғанда, гидролизатты суытып, лакмус бойынша нейтралдап, Фелингтің реакциясын орындайды. Алынған нәтижелер бойынша қортынды жасалады. Гидролиз кезінде:

Крахмал амилодекстриндер эритодекстриндер фтаводекстриндер

ахродекстриндер мальтодекстриндер мальтоза глюкоза.

Глюкоза йодтың түсін өзгертпейді.

(П.А.Верболович, 100)

Жаттығулар.

1. Глюкозаның физикалық қасиеттері қандай? Ол табиғатта қайда кездеседі?

2. Сахароза, глицерин және глюкоза ерітінділері берілген. Оларды тәжірибе жүзінде қалай анықтауға болады? Жұмыс жоспарын құр. Күтілетін бақылаудың нәтижесін сипатта және оларды реакция теңдеулерімен дәлелді өрнекте.

3. Д- рибозаның альдегидтік және циклдік формаларының өзара ауысуын сызбамен өрнекте.

4. Глюкоза мен сахарозаның қолданылатын жерлері?

5. Келесі реакция теңдеулерін жазыңыз : а) глюкозаның спирттік ашуы; ә) сахарозаның гидролизі; б) глюкозаның тотықсыздануы. Барлық реакциялардың өнімдерін ата.

6. Қайсысы гидролизденеді: а) глюкоза; ә) фруктоза; б) рибоза; в) сахароза? Неге?

7. Глюкозаның α- және β – формалары бір-бірінен несімен ерекшеленеді?

8. Рибоза тотықсызданғанда рибит спиртін береді, ал тотыққанда – рибондық қышқыл түзеді. Осы реакциялардың теңдеулерін жаз.

9. Крахмал →Х→у→ сірке қышқылы өзгерістерін жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз. Мұндағы Х және у заттарының атауын нұсқа.

10. Гликоген деген не? Ол құрылысы бойынша крахмалдан несімен ерекшеленеді? Адам ағзасында қандай роль атқарады?
Есептер.

1. Құрамында 5 % қоспасы бар 300 г глюкозаның ашуында қандай масса сүт қышқылы түзіледі?

Жауабы: 285 г.
2. 1 кг глюкозаны тотықсыздандырғанда алты атомды спирт сорбиттің қандай массасын алуға болады? Оның массалық үлесінің шығымы 80 % - ті құрайды.

Жауабы: 808,89 г.


3. Құрамында 4 % қоспасы бар 250 г глюкозаның спирттік ашуында (қ.ж) қандай көлем көмірқышқыл газы түзіледі?

Жауабы: 59,73 л.


4. Глюкозаны спирттік ашытып 230 г. этил спирті алынды. Қандай көлем (қ.ж) көміртегінің (IV) оксиді бөлінеді?

Жауабы: 112 л.


5. Сахарозаны гидролиздегенде түзілген глюкозадан 27 г сүт қышқылы алынды, сүт қышқылды ашу 50% шығыммен жүрді. Қандай масса сахароза гидролизденді?

Жауабы: 102,6 г.


6. Картоп түйнегіндегі крахмалдың орташа алғандағы массалық үлесі 24 %. Ауданы 15 га жерде өсірілген картоптың 1 га -нан жиналатын өнім 285 ц құраса, одан қандай масса глюкоза алуға болады? Глюкозаның массалық үлесінің шығымы 90%.

Жауабы: 102,6 т.


7. Массасы 200 кг ағаш ұнтағынан қандай масса этил спиртін алуға болады? Ұнтақтағы целлюлоза 55 %. Өндірістегі әр реакцияның өнімінің массалық үлесінің шығымы 60%-ті құрайды.

Жауабы: 22,5 кг.


8. Фотосинтез процесінде глюкозаның түзілуін келесі реакция теңдеуімен өрнектеуге болады:

.

Жер бетінің әр квадрат сантиметрі минутына жуық шамамен 2 Дж Күн энергиясын алады. 10 жапырақта массасы 0,9 г глюкоза түзілу үшін қанша уақыт қажет болады, егер әр жапырақтың ауданы 10 см2 болса? Ал өсімдік Күн энергиясының тек қана 10 % -ін пайдаланады?

Жауабы: 11 сағат 13 минут.

9. Медицинада глюкозаның ерітінді түрінде әр түрлі концентрациясы қоректік зат көзі, ағзадан улы заттарды шығару және залалсыздандыру үшін қолданылады. Массалық үлесі 5% глюкоза ерітіндісінің қандай массасында оның 120 г ерітіп, глюкозаның массалық үлесі 8 % болатын ерітінді дайындауға болатынын есепте.

Жауабы: 3680 г.
10. Целлюлозаның белгілі бір мөлшерін 1:2 қатынасында бөліктерге бөлді. Аз бөлігін гидролизге ұшыратып 72 г глюкоза алынды. Көп бөлігінен қандай масса целлюлозаның үшацетатын алуға болады, егер оның шығымының массалық үлесі 78 % -ті құраса?

Жауабы: 179,71 г.



Аминдер.

Жұмыстардың мақсаты: Эксперимент арқылы аминдердің қасиеттерін зерттеу.

Жабдықтар: анилин, дистилденген су, тұз қышқылы, күкірт қышқылы, күйдіргіш натр ерітіндісі, хлорлы ізбес, калий дихроматы, күкірт қышқылы концентрленген, қаныққан бром суы, пробиркалар, штатив, пипеткалар.
1. Анилиннің тұздарын алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет