Туралы есебі Педагог-логопед



бет3/3
Дата23.01.2023
өлшемі18,67 Kb.
#166114
1   2   3
Байланысты:
ЕСЕП І ЖАРТ ЖЫЛДЫҚ ЛОГОПЕД ҮЛГІСІ

Лабдацизм бұзылыстары бар балалармен келесі жұмыстар жүргізілді: тілдің икемсіздігіне байланысты артикуляциялық жаттығулар қатары жасалды. Ол тілдің «қазықша» қалпын жасауға, оны жоғары күрек тіске тіреуге, бүйірден ауа жолын ашуға бағытталуға көмек берді. Артикуляциялық жаттығулар тілді кезекпен жалпайту немесе жіңішкерту, «күректей», «қазықтай» ұшымен төменгі, жоғарғы еріндерге тигізу, айналдыра жалау, тіс пен ерін арасын жалау, тілді тіс пен ерін арасында, жоғары-төмен жүгірту, тілді оң, сол ұрттарға кезек тигізіп ұстап үйренді.
Тұтықпа бұзылыстары бар баламен келесі жұмыстар жүргізілді: Тұтықпасы бар және ринолалик балалармен көбінесе сабақта тренингтер жүргізіп , рефлексия жасап тұлға туралы жалпы түсінік берілді, «Мен кіммін?» деген тақырыпта шығарма жазылды. Тұтықпасы бар балалармен сабақ барысында дұрыс тыныс алу, дем алу жаттығулары жасалды. Мысалы, «Көбелек ұшыру», «Мақта ұшыру», «Кеме», «Ат қалай шабады» ойыны, артикуляциялық жаттығулар жүргізілді.
Түзету коррекциялық сабақтың барысында оқушылар дұрыс тыныс алуға, сөздің грамматикалық құрлымын түсінуге, сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді байланыстыруға (ЖТК бар бала) үйренді. Ал тұтықпасы бар оқушылардың сөйлеу кезіндегі тұтығулары бәсеңдеген, тек қобалжыса, асықса ғана тұтығып қалады.

Бірінші жарты жылдық бойынша логопунтке тіркелген, логопад балалардың жалпы саны- 15, олардың ішінде сөйлеу тілі түзетілген логопедтің көмегін қажет етпейтін оқушылар саны – 11, ал сөйлеу тілі бастапқыға қарағанда жақсарған бірақ әлі де логопедтің қадағалауын қажет ететін балалар саны - 4. Ал тізімде тұрған қалған оқушылармен түзету сабақтары келесі ІІ жарты жылдықта жалғастырылады.




Мұғалім-логопед:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет