Алматы облысы, Талдықорған қаласы « № 30 орта мектеп- гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Педагог-логопедтің 2019-2020 оқу жылының
І жарты жылдығында атқарылған жұмыс
туралы есебі
Педагог-логопед:
Талдықорған қаласы 2019жыл
2019-2020 ж І жарты жылдығында мектепшілік бақылау бойынша логопедте тізімде тұрған оқушылармен жүргізілген жұмысқа
ЕСЕП
Балаларды бақылау нәтижесінде биылғы оқу жылында мектепішілік логопунктке бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша 15 бала тіркеуге алынды. Оның ішінде 3 бала мектепке дейінгі даярлық тобынан, 7 бала 2 сыныптан, 5 бала 3- ші сыныптан. Әр балаға жеке жұмыс жоспары құрылып, тіл кемістігі бар балалар тіркеуге алынып, түзету сабақтары жүргізілуде. Түзету сабағы аптасына 2 рет сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен жекелей және топтық сабақтар жүргізіледі. Оқушылардың барлығына жеке даму картасы толтырылған. Әр оқушыға сабақ жоспарлары құрылған. Ата-аналарымен келісімшарт толтырылып, балаларының сабаққа қатысуына келісімдерін берді. Мұғалімдермен және ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеймін.
Жүргізілген педагог логопед маманының түзете – дамыту төмендегідей кезеңдермен өтті.
1. Диагностикалық кезең:
1. баланың психо-физиологиялық қалпын үнемі және жан-жақты зерттеу.
2. сөйлеу тілі бұзылыстарының әр түрлі деңгей формаларын зерттеу.
3. таным әрекеттерінің бұзылу белгілерін, деңгейін анықтау.
2. Коррекциялық дамыту кезеңі:
1. баланың даму қалыпын ескере отырып қадамдылық бағытта оқыту процессін жүргізу.
түзете – дамыту жұмыстарына ата – аналарды енгізу, тығыз байланыста болу.
3. әр жас кезеңіне сәйкес танымдық әрекеттерін дамыту.
4. баланың сақталған компенсаторлық мүмкіншіліктерін зерттеп, анықтап, ескере отырып «Жеке Дамыту Бағдарламасын» құру.
Достарыңызбен бөлісу: |