Жаркент-Арасан шипажайы – республикалық маңызы бар бальнеологиялық шипажай. Алматы облысы Панфилов аудында Жетісу Алатауының табиғаты әсем шатқалында, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте, Бурақожыр өзенің аңғарында орналасқан. 1967 ж ашылған, 160 орны бар.Шипажайдың негізгі емі – құрамында радоны бар хлор-сульфат натрийлі минералды суы. Қан айналу, жүйке жүйесі, аяқ-қол, буын, тері ауруларын емдейді. Климаттық факторлар (таудың шипалы таза ауасы, өсімдігі, табиғат ландшафтысы) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия, массаж, инемен емдеу, емдік дене шынықтыру қолданылады.