Жаркент қаласы – Іле өзені аңғарында, Жетісу Алатауынан бастау алатын Өсек өзенінің сол жағалауындағы бұта, шіліктал аралас бетеге, сұлыбас, сарсазан, т.б. әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қоңыр, шалғын топырақты жазықта орналасқан.Ш. Уәлиханов 1856 жылы «Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі» атты еңбегінде, қазіргі Жаркент өңірінде болған кезін суреттей келе, «Үсек өзенінің жағасында аялдауға лаж болмады. Шынында да айналасында құм мен тас, тым болмаса бір шөп болсашы, үй тіккендей таза орынның өзін төңіректі барлап, қанша іздесек те таба алмадық», — деп жазған. Шоқан өткен осы жерде 1882 жылы Жаркенттің іргесі қаланып, Әулиеағаш – Жаркент қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан. Діңінің жуандығы соншалық он адам қол ұстап құшақтаса ғана құшағына сыйғыза алады. Әулиеағаштың емдік қасиеті де бар. Бір тамырынан тараған жеті баласының ортасынан шығатын емдік суы асқазан, жүрек, тері ауруларына ем.
Жаркент мешіті –Қазақстандағы сәулет ескерткіштің бірі. Бұл мешіттің іргетасы Көпес Уәли Юлдашовтың басшылығымен қытай сәулетшісі Хон-Пиктің жобасы бойынша 1892-1895 жылдары тұрғызылған. Оның биіктігі – 14,5 метр, мұнарасының биіктігі – 19 метр.