Турмаханова надира



Pdf көрінісі
бет2/54
Дата09.06.2023
өлшемі9,16 Mb.
#178536
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
1 ПЕДАГОГИКА, МЕТОДИКА, ПСИХОЛОГИЯ

 
 
 
 
 
 
 


9
Зерттеу нәтижелері 
Зерттеу нәтижесінде, бір сөзбен айтқанда, интерактивті тапсырмалар
зейінді 
шоғырландырудың басты кепілі. Интерактивті тапсырмаларды қолдану білім 
алушыны дербес етеді, олар осы арқылы өмірге бейімделеді, әртүрлі жағдайларда 
бағдарлай алады. Білім алушының танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз 
білімін өз бетінше құра білу, ақпараттық кеңістікте бағдарлай білу қабілеттерін 
дамытуға және сыни ойлауды, ақпараттық қызмет дағдыларын дамытуға ықпал етеді. 
Және ең бастысы, фокусты ұзақ білім алуда ұстап тұра алатын оңтайлы әдіс
-
тәсілдердің жиынтығы.
Интерактивті тапсырмалар мен жаттығулардың бір ерекшелігі
-
олар тек өткен 
материалды бекітуге
ғана емес, жаңасын алуға да бағытталған. Интерактивті 
тапсырмалар шеңберінде жаңа оқу материалын алуды білім алушылар өз бетінше, 
мұғалімнің басқаруымен жүзеге асырады. Оқушылар жаңа мағлұматты
өзі түсінуге 
тырысып, миын біраз қинайды. Ақпаратты өзі түсіне алатынына көзі жеткен баланың 
оқуға деген құлшынысы да ашыла түседі.
Орта мектептің 8
-
9 сынып оқушыларына химияны оқыту барысында 
интерактивті тапсырмаларды қолдану арқылы жаңа сабақ түсіндірілді. Нәтижесінде, 
8 сыныптарда оқушылардың үлгерімі салыстырмалы түрде 1
-
тоқсаннан қарағанда 2
-
тоқсанда 30%
-
ға артқан.[1,3]
Талқылау 
Сабақ басталғаннан біткенге дейінгі әр
қадамды интерактивтендіруге болады. 
Сабақтың тақырыбын тақтаға жай жазып немесе шығарып қою ешқандай 
қызығушылық
тудырмауы мүмкін. Ал бірақ, тақырыпқа байланысты хикая айтып 
немесе бейнеролик көрсетіп сол арқылы тақырыптың қандай болатынын білім 
алушылардан сұраудың әсері мүлдем басқаша болары сөзсіз. Екіншісінде балалар: 
«Не болар екен?» деп өздігінен қызыға бастайды. Осылай басталған сабақты әрі 
қарай топтық жұмыспен бір
-
біріне түсіндіру, жұптық талқылау, миды қозғайтын 
сұрақтар қойып өздері түсінулерін қамтамасыз ету, ойындар ұйымдастыру және әр 
түрлі шығармашылық тапсырмалар беру арқылы түрлендіруге болады.
Сабақ
барысында бір тапсырмадан басқаша түрлі екінші тапсырмаға ауысып 
отыру арқылы балалар зейіндерін үйренуде ұзағырақ ұстап тұра алатын болады. Бір 
мақсатқа негізделген әр түрлі сарындағы тапсырмаларды орындау білім алушыларды 
жалықтырмай, сабаққа деген ынтасының жоғарылауына алып келеді.
Ұстаздар арасында кеңінен танымал болған «JIGSAW» деген бір әдіс бар. Жаңа 
тақырыпты түсіндіру кезінде қолданылады.
1. Білім алушыларға фрагменттерге бөлінген тапсырмалармен жұмыс жасау үшін 
4
-
6 адамнан тұратын топтарға ұйымдастырылады. Шағын топтың әрбір
мүшесі өз 
бөлігі бойынша материал табады.
2. Содан кейін бір сұрақты зерттеп жатқан, бірақ әртүрлі шағын топтардан келген 
оқушылар осы мәселе бойынша сарапшылар ретінде бір топқа жиналады. Бұл 
"сарапшылардың кездесуі" деп аталады.
3. Әрі қарай олар өздерінің шағын топтарына оралып, басқа топ мүшелеріне 
өздері үйренген барлық жаңа нәрселерді үйретеді. Олар өз кезегінде тапсырманың 
бір бөлігі туралы есеп береді.
Барлық фрагменттердің мәліметтерін игерудің жалғыз жолы
-
командалық
серіктестерді мұқият тыңдау және маңызды жерлерін түртіп алу болғандықтан, 


10
мұғалімнің қосымша күш
-
жігері қажет емес. Студенттер жолдастарының өз 
тапсырмаларын адал орындауына мүдделі, өйткені бұл олардың қорытынды 
бағасынан көрінеді. Осылайша бүкіл жаңа тақырыпты 100% сынып жұмыс жасау
арқылы бір
-
біріне түсіндіріп шығады.[4]
Интерактивті тапсырмаларды ұйымдастырудың өзіндік шарттары бар:
1. Қатысушылар жұмысқа белгілі бір дәрежеде барлығы қатысуы керек
2. Осы мақсатта барлық қатысушыларды талқылау процесіне қосуға мүмкіндік 
беретін технологияларды қолдану керек.
3. Оқушылардың психологиялық дайындығының болуы керек. Сабаққа келген 
барлық оқушы үздіксіз оқу процесіне дайын болып тұруы керек.
4. Интерактив технологиясында білім алушылардың саны көп болмауы тиіс. 
Қатысушылар саны мен оқу сапасы бір біріне тікелей тәуелді болуы мүмкін. 
Қатысушылардың оңтайлы саны
-
25 адамға дейін.
5. Сабақты өткізетін орын мен столдар орын ауыстыруға, топқа бөлінуге 
ыңғайлы болғаны жөн.
6. Ережелер мен регламентті нақты бекіту. Бұл туралы ең басында келісіп, оны 
бұзбауға тырысу керек. Мысалы: барлық қатысушылар кез
-
келген көзқарасқа 
төзімділік танытады, құрметтейді.[2,5]
Қорытынды 
Сабақтарды жүргізудің дәстүрлі түрлерімен салыстырғанда, интерактивті оқыту 
мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуін өзгертеді:
мұғалімнің белсенділігі оқушылардың белсенділігіне жол береді, ал мұғалімнің 
міндеті олардың бастамашылдығы үшін жағдай жасау болады.
Диалогтық оқыту барысында оқушылар сыни тұрғыдан ойлауды, жағдайларды 
талдау және соған сәйкес
күрделі мәселелерді шешуді, балама пікірлерді таразылау, 
ойластырылған пікірлерді қабылдау, пікірталастарға қатысу және басқа адамдармен 
сөйлесуді үйренеді. Ол үшін сабақтарда жұптық және топтық жұмыс, ғылыми 
жобалар, рөлдік
ойындар, құжаттармен жұмыс және әр түрлі ақпарат көздері, 
шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылады.
Оқытудың интерактивті әдісін қолдану нәтижесінде мектеп оқушыларында:

мақсат қою және жету қабілеті артады;

игерген білімнен ләззат алу қабілеті және әрдайым жаңа білімге, зерттеуге деген 
ұмтылыс пайда болады;

парасат пен пайымның кеңеюі, белгілі бір
заңдылықтардың пайда болу 
себептерін түсінуге бейімділік пайда болады;

үйренуге бейімділік артады;

қажетсіз ақпараттан арылып, шын мәнінде маңызды фактілерге назар аудару 
мүмкіндігі артады.[4,6]
Сабақтарда интерактивті әдісті қолданған кезде оқушылар тез ойлауға, 
жағдайларды талдауға, тәуелсіз шешімдер жасауға, өз ойларын қысқаша және нақты 
айтуға үйренеді. Әрбір оқушы бірлескен зерттеуге және мәселені шешуге, рөлдік 
ойынға немесе белгілі бір жағдайды талдауға, топтық талқылауға немесе миға 
шабуыл жасауға қатысады. Сондықтан оқытудың интерактивті әдістері белсенділікті, 
логикалық ойлауды, тәуелсіздікті, жауапкершілікті, басқа адамдарды түсінуді және 
ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. 
Интерактивті әдісті қолдану оқушының өзінің жетістігін, интеллектуалды 
жетілуін сезінетін, білім беру процесінің өзін нәтижелі ететін қолайлы оқу 


11
жағдайларын жасайды. Алайда, әр ұстаздың өз пәні мен тақырыбына сәйкестендіруі
немесе жаңаларын ойлап табуы ұзақ уақытты, көп күш пен қажымас қайратты талап 
етеді. Дегенмен де,
балалардың көздеріндегі білімге деген ұмтылыс пен отты көру 
өте көп еңбектенуге тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет