Турмаханова надира


МЕНЛИБЕКОВА АЙНУР ТОЛЕНДИЕВНА



Pdf көрінісі
бет36/54
Дата09.06.2023
өлшемі9,16 Mb.
#178536
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54
Байланысты:
1 ПЕДАГОГИКА, МЕТОДИКА, ПСИХОЛОГИЯ

МЕНЛИБЕКОВА АЙНУР ТОЛЕНДИЕВНА
 
М
.
Х
.
ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
“Химия жәнебиология” кафедрасының аға оқытушысы, биология
магистрі
МУТАЛИПОВА ЖАНСАЯ АБДРАХМАНКЫЗЫ
 
 
М.Х.Д
УЛАТИ АТЫНДАҒЫ 
Т
АРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
“Химия
жәнебиология” кафедрасының 
оқытушысы, химия магистрі
ТЕМІРЖАНОВА ШЫНАР ОҢГАРҚЫЗЫ
 
М.Х.Д
УЛАТИ АТЫНДАҒЫ 
Т
АРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
6В01507
-
«Химия және биология мұғалімдерін даярлау» БББ 4 курс студенті
 
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ
 
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің 
негізгі міндеттерінің бірі 
– 
оқытудың интербелсенді әдістерін енгізе отырып, білім 
беруді дамыту, халықаралық, ғаламдық желілерге шығып, халықаралық қарым
-
қатынасты дамыту»
-
деп көрсетілген [1].
Ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 
негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға 
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау 
– 
деп атап көрсеткендей
-
ақ, 
қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі 
– 
оқытуда интербелсенді әдістемелерді меңгеру [2].
Қазақстан
Республикасындағы білім беруді дамытудың 2010
-
2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында [3] жалпы білім берудің мақсаты 
– 
қазіргі 
қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың 
негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау 
арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке 
тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру 
– 
мектептерде 
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін
оқу үрдісін 
ұйымдастырудың интербелсенді әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат 
береді.
Соңғы уақытта оқытудың интербелсенді әдістерін
оқушылардың пәндік білімін 
тереңдетуде
пайдалану, олардың білім деңгейін заман талабына сай арттыратыны 
сөзсіз. Осындай әдістердің ең негізгі тобына
– 
оқытудың интербелсенді әдістері 
кіреді. Пікірсайыс, 
дебаттық әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір 
– 
бірімен 
белсенді түрде байланыса отырып, білімдерін тередете алады. Мұнда әрине, 
сабақтың сапасы артып, уақыт
үнемделеді, оқушылардың пәнге қызығушылығы мен 
шығармашылық, іскерлік, практикалық дағдысы дамиды
және пәндік білімдерін 
тереңдетеді.
 


68
Бүгінгі білім беруді
жаңарту жағдайында интербелсенді
әдісі басым мәнге ие 
болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі 
болып білім, яғни жаңа технологиялармен қатар белсенді әдістер болып табылады. 
Соған сәйкес өркениет дамуының қазіргі кезеңінің жаңаруымен және жаңа 
ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес деген ой 
туындайтыны белгілі.
Қазақстан
Республикасының орта білім беру жүйесіндегі негізгі приориттердің 
бірі оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір 
мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын 
арттырып әрбір оқушының шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. 
Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі: Қазақстан 
Республикасының азаматын қалыптастыру, өмірлік мамандығын анықтау және оның 
өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен 
оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар күш
-
жігерін, педагогикалық 
шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға 
бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, 
дербестік көрсетуі өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті 
қалыптастыруға
болады. 
Дәстүрлі оқу процесінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал оқудың
қазіргі 
үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды
бала өздігінен оқуы 
керек. Қоғамды гуманизациялау
оқытуды дифференциялау арқылы оқушылардың өз 
таңдауына жол ашады.
Сол арқылы оқушы өз қабілеттілігін қамтамасыз етіп, таңдап 
алған жолында жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Әрбір оқушы басқа оқушылармен 
салыстырылмайды, керісінше білімінің тереңдігіне қарай
өзімен
-
өзі салыстырылады. 
Сонымен бірге, оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды.
Интербелсенді әдістері арқылы оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами 
алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқушылар өз бетінше танымдық 
әрекет
етудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі керек. Белсенділікті арттыру
жағдайында
оқытудың негізгі формалары 
– 
топтық және жеке түрлері көп 
қолданылады. 
Білім беру мазмұнының өзгеруінің негізгі мақсаты 
– 
оқытудың жаңа 
интербелсенді әдістері негізінде оқытылуы. Белсенді оқыту әдістері арқылы оқыту 
негізінде оқушының
білімін арттыруға болады
[4, 5].
Оқудағы белсенділік оқып

үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, 
міндетке тұрақты ынталық пайда болуы мен, назар мен ой
-
сана операциясының 
бағыттылығымен (талдау, синтез, салыстырумен) т.б. оқып жатқан материалдар 
түсіндірумен бейімделеді.
Оқыту әдістерін
таңдап алу оқу материалының мазмұны және мектеп 
оқушыларының танымдық әрекеттері немесе зерттеу сипаттарымен анықталады.
Қазіргі
таңда дидактика ілімінде оқытудың белсенді әдістерінің ішінде ең 
негізгісі 
– 
пікірсайыс (дискуссия, дебат) әдісі. Бұл
әдістің ерекшілігі оқушының 
белсенді іс 
– 
әрекетіне бағытталуы. Пікірсайыстармен талқылау міндетті түрде орын 
алады. Мектепте соңғы уақытта бұл бағытта біршама жұмыстар жүргізілгенімен, әлі 
де тек жаттап оқитын оқушылар кездеседі, әдістерді пайдалану мен нақты өмір 
жағдайына ескермей оқыту ісі жалғасуда, бұл қазіргі кезде қоғам сұранысын 
қанағаттандырмайды. 
Осыған байланысты пәндік білімді тереңдету және бағалаудың жүйелі әдісі, 
адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет 


69
етуінің негізі ретінде жаңа педагогикалық техно
-
логиялар түрлері көбейе түсуде. Сол 
себепті, осындай жаңартылған білім беру мазмұны бойынша белсенді әдістерді 
таңдап алу 
– 
әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет етеді.
Химияны оқыту мақсаты орта білім берудегі оның мазмұнынан көрінеді. Осыдан 
оқушыларда
қазіргі химияны қандай мақсатқа қарай оқыту сұрағының 
маңыздылығын көреміз.
Химия сабақтарында белсенділікті арттырудағы іс
-
әрекет оқыту барысында 
оқушылардың төмендегідей мүмкіндіктер туындайды:
-
білімді тереңдетіп, кеңейтуде; 
-
оқу 

 тануға деген қызығушылықты оятады; 
-
оқу 

 таным, зерттеу процесінің әдіс 

 тәсіл, әдістемелерін дамытады; 
-
танымдық қабілеттерін дамытады; 
-
болашақ маман ретінде қалыптасуына; 
-
реферат және баяндамалар, эссе жазу дағдысы меңгеруіне; 
-
зертханалық жүмысты, есеп 

жаттығуларын, үй тапсырмаларын 
орындау шеберлігіне; 
-
міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі бойынша жұмыс жасау 
білігіне; 
-
алгоритм, өзіндік жұмысты орындау әдістеріне; 
-
өзіндік жұмыс көлемі, тапсыру уақыты, формасының нақты айқындауына; 
Интерактивті тұрғыда ұйымдастырылған сабақтың құрылымдық бөліктерінің 
ішінде жаңа сабақты түсіндіру бөлігі толығымен өзгереді (кесте 1), қалған бөліктерін 
ұйымдастыру мен іске асыру жолдары да өзгереді.
Кесте 1 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет