Турпакет
«Тамды қалашығы» VI- XIII ғ. ғ. – ортағасырлық Түркі халқының
мәдени орталығы.
«Тамды қалашығына» экскурсиялық тур
Тур: «Тамды қалашығына» экскурсиялық тур
Арақашықтық: 10 км
Ұзақтылығы: 2 сағат
Шығындар:
трансфер, гид экскурсовод.
Турдың жоспары:
9:30*
— жиналу
10:00
— жолға шығу
10:15 – 11:00
— «Тамды қалашығын» аралау, тарихымен танысу
11:00 – 11:15
— жиналу
11:30*
— қалаға келу
Өзіңізбен бірге алыңыз: спорттық аяқ-киім, бас киім, ауа-райына байланысты
киім, дождевик, фотоаппарат, күннен қорғайтын көзілдірік, 0,5 л . ішетін су
және жақсы көңіл күй
.
*Экскурсияның уақыты шамалап көрсетілген, керек болған жағдайда немесе
күтпеген жайыттарға байланысты экскурсияның уақыты өзгеруі мүмкін!
Экскурсия маршруты: Қаратау қаласы – Тамды қалашығы – Қаратау қаласы
Экскурсияның мақсаты: азаматтардың туристік объектінің мысалында
отанына, отанының тарихина деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қабілеті.
Экскурсияның міндеттері: Экскрусияның мысалында аймақтың тарихын
көрсету және отанының тарихын зерртеуге деген құлшыныстарын ашу.
Автобус: үлкен топтарға: ПАЗ 20 орындық
(кондиционерсіз)
Тапсырыс бойынша: Мерседес Спринтер (Mercedes Sprinter) 16-18 орындық
(кондиционерлері бар)
Тапсырыс бойынша: Хундай Старекс (Hyundai Starex) 8-9 орындық
(кондиционерлері бар)
«Тамды қалашығы» XI- XIII ғ. ғ. – ортағасырлық Түркі халқының
мәдени орталығы. Бұл ортағасырлық қала туралы кейбір жазба деректерде
Берукет (Паркент) қаласымен баламаланып жүр.
Моңғол шапқыншылығы
кезінде қала толық қираған. Қала Қаратау қаласының батыс шетінде, Тамды
өзенінің оң жағында орналасқан. Ғылыми зерттеудің барысында көненің көзі
болып, талайғы ғасырдан көң топырақтың астында көміліп жатқан байырғы
Тамды қалашығы ашылып, көптеген құнды жәдігерлер табылды.
Қаланың
қабырғалары, қыштары, бояулы және бояусыз ыдыстардың бірнеше үлгілері
табылған.
1941
жылы
Жамбыл
археологиялық
бөлімі
экспедициясы
(Г.И.Пацевич) ашып, зерттеген. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан
археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам, Ә.Х.Марғұлан), 2000 жылы ҚР
ҒА Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының Оңтүстік Қазақстан
кешенді археологиялық экспедициясы (К.М.БАйпақов), 2009 жылы
«Археологиялық сараптама» ЖШС ескерткіштер
Жинағының экспедициясы
(Е.Ақымбек, Ш.Құдабаев) зерттеген. 2009 жылы Тұран археологиялық
экспедициясы (М.Елеуов) цитаделіне қазба және сыртқы қабырғасына кесік
жұмыстарын жүргізді.
Жобасында төртбұрышты келген төбенің
қабырғалары әлемнің төрт
тарабына бағытталған. Оның көлемі, солтүстіктен оңтүстікке қарай 175 м,
шығыстан батысқа қарай 300 м. Биіктігі 1 м төбені өзен жағынан мұнара
іздері байқалатын жалдар қоршап жатыр. Ескерткіштің солтүстік-батыс
бұрышында
төртбұрышты келген, көлемі 55х55 м, биіктігі 4 м болатын
цитаделі
сақталған.
Цитадельде
жалмен
қоршалған.
Цитадельдің
шығысындағы төртбұрыш жобасндағы шахристанның көлемі 80х80 м,
биіктігі 1,5 м. Бұл да білінер-білінбес жалмен қоршалған. Тамды өзені шайып
кеткенсолтүстік жағынан сыртқы қабырғасының іргесі жалпақ тастардан
қаланғандығы байқалады. Мұны жүргізілген қазба,
сыртқы қабырғасына
салнған кесік айқындап берді. Бүгінде ескерткіш құрылыс салу мен
құрылысқа топырақ алу кезінде қатты бұзылушылыққа ұшыраған, Қаланың
80 пайызы бұзылған. Оны жазба деректердегіі Берукет (Паркент) қаласымен
баламалап жүр.