Туякбаева айгуль шаймуратовна



Pdf көрінісі
бет15/21
Дата09.10.2024
өлшемі1,53 Mb.
#205973
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Туякбаева-А.Ш.-Диссертация

3 бөлім бойынша тұжырым 
«Қазақ киносының тәуелсіздік жылдарындағы көркемдік ізденістері» атты 
үшінші бөлім қазақ кино өнеріндегі ұлттық сана-сезімнің көрінісін анықтауға 
және заманауи фильмдердегі салт-дәстүрдің қолданылу орны мен мәнін 
саралауға
 
арналған.
 
Мұнда ұлттық сана мазмұнының сол ұлттың ділін, 
көзқарасы мен әлеуметтік ахуалын, халықтық мәдениеттің ерекшеліктерін 
сезінуге негізделетіндігіне баса назар аударылды. Көшпелі дала жұртының 
ұлттық дәстүрдің қасиетті тамырынан нәр алғандығы және сол нәрдің 
жалғасының аясы кең, диапазоны зор кино өнері арқылы бүгінге жетіп 
отырғандығына тоқталдық.
Соның ішінде Д.Манабайдың «Сұрапыл Сұржекей» фильміндегі халықтың 
басынан өткен зорлық пен зұлматқа толы кезең, яғни қазақ жүріп өткен тарихи 
жолдың мәнін ашу, И.Пассер, С.Бодров, Т.Теменовтердің «Көшпенділер» 
фильміндегі Абылайдың сом кескіні халықтың жанына жақын күйінде жетпей 
Голливуд бағытындағы экшн жанрында түсірілгендігі, көшпенді халық үшін 
аса құнды саналатын әрі философиялық мәні терең киіз үйдің шаңырақсыз 
қалуы, бесіктің бос күйі, жалпы осындай халық трагедиясы аңғартатын 
экрандық детальдар зерттеушінің назарынан тыс қалған жоқ. Мұндағы жас 
жеткіншектерді әскери тәртіпке үйрету арқылы дала заңымен өмір сүруге 
баулу, ұлттық салт-дәстүр мен көшпенділер өмірінің ережелерін меңгертудегі 
әдіс-тәсілдері, бір жағынан – жорықтар мен шайқастарда батырлар үшін аса 
қажет болған, екінші жағынан – белдесу, күрес, қазақша күрес, аттың үстінен 
жерден теңге алу, жамбы ату сияқты ұлттық ойын түрлерінің фильмде 
қолданылуы ғылыми негізде қарастырылды. 
Д.Жолжақсыновтың «Біржан сал» фильмінде ақындардың, салдар мен 
серілердің ұлттық музыка өнеріндегі орны, олардың негізгі функциясы, 
халықтың еркін рухы, суырыпсалмалық өнер дәстүрі, қазақ фольклорында 
өзгеше орны бар салдық өнердің Біржан бейнесі арқылы өрілуіне маңыздылық 
берілді. Аталмыш картинадағы ұлттық құндылықтар және оның отандық 
кинематографиядағы айна-қатесіз көрінісі жөнінде айта отырып, көшпенділер 
өмірінде аңшылықтың маңызды орын алатынын нақтылап кетеміз.


113 
Б.Шәріптің режиссурасымен түсірілген «Күнә» фильміндегі ұлттық 
бояудың қанық шыққандығына Шолпанның Жаратқаннан сұраған теріс 
тілегінің орындалуы, тек жақсылықтан ғана үміт күтетін халықтың «жақсы сөз 
– жарым ырыс» деп сөз күшіне үлкен мән беретіндігі және келін түсіру, қазан 
жарыс, отқа табыну, аруаққа табыну, жерлеу, тазалану сияқты жоралғылардың 
орын алуы дәлел бола алады. Аталмыш фильмдегі режиссердің тек бір 
кейіпкердің мінезін немесе психологиясын ғана көрсетуді мақсат тұтпай, 
керісінше барлық қатысушылардың дара болмысын экрандық параллельдікпен 
аша білгендігі сараланды.
Ал, С.Дворцевойдың «Қызғалдақ» фильмінде ұлттық дәстүрдің өзіндік 
философиялық мағынасының бары, ата салтпен бірге өмір сүру кімге де 
болмасын жауапкершілік жүктейтіні аңғарылады. Басты кейіпкер Асхаттың 
көшпенді халықтың ұрпағы ретінде дала заңымен өмір сүруге құмартуын 
баяндайтын кинокартинаға талдау-саралау жұмыстары жүргізілді.
Қазақтың малды құрбандыққа шалып, соның қанымен адамның күнәсынан 
тазаруын, сондай-ақ, шамандықты насихаттауға бағытталған Г.Омарованың 
«Бақсы» фильмінде тәуіптіктің, балгерлік пен сәуегейліктің орын алғандығы 
аталмыш картинаның атмосферасын ұлттық нақышта әрлеуге негіз болғандығы 
ғылыми зерттеуде кәсіби тұрғыдан зерделенді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет