3 ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ
КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕРІ
3.1 Отандық кино өнеріндегі ұлттық сана-сезімнің көрінісі
Егемендікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі
киноөндірістің халықты ағарту ісіне және мәдениетті өркендету жолында
қосатын
ұланғайыр
үлесін
бағалай
келіп,
тәуелсіз
Қазақстан
кинематографиясын дамытуға бет бұрды. Киноөндірісінде әдебиетте,
кескіндемеде, сол сияқты музыкада орын алатын халық мәдениетінің
құндылықтары көрініс табады, ал кинематография ұлттық сана сезімді,
болмысты қалыптастыруға, ұлтаралық қатынастарды арттыруға мүмкіндік
жасайды. Бүгінгі уақыт ағымы мен отаншылдықтың басты міндеттерін Елбасы
Н.Ә.Назарбаев: «Развитое национальное сознание, если допустить некий
строительный образ, имеет свой фундамент, свои стены и крышу. В основании
всей конструкции лежит этнокультурная идентичность нации. Она
складывается из исторической памяти народа, почитания национальных гениев
и героев, ежедневного эмоционального ощущения сопричастности к «своему»
духовному целому. При этом не имеет значения, идет ли речь о битве при
Анракае или сооружении Монумента Независимости в декабре 1996 года. Это
просто «свое и уникальное». То, чего нет у других именно в таком виде и в
такой форме. Это естественная среда обитания казахов в мире культуры. Она
непрерывна во времени и в пространстве. И только благодаря этому казахи
могут оказывать влияние на другие культуры и другие этнокультурные
системы. Это состояние взаимосвязи культуры и этноса» [116, С. 220], – деп
түсіндіреді. Оның бұл тұжырымы қазақ қоғамының жоғары рухани дамуы
халықтың тереңде жатқан тарихи тамырынан бастау алатынын білдіреді. Мұнда
халықтың ұлылығы мен әлемді біртұтас картинаға айналдыруға ұмтылысы
туралы ой айтылған.
Ұлттың рухани мәдениетіне халық даналығы, оның тұрмысының терең
көрінісі, өскелең ұрпақты адамгершілікте тәрбиелеу, білім мен ғылым,
адамзаттық гуманизм және қоғамдық қатынастардың кеңдігі жатады. Ұлы ақын
Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерінің астарында: «Тек біліммен
адам өмір сүреді, тек біліммен ғасыр жылжиды! «Қолымнан келмейді» деп
айтпа, бар жан тәніңмен білуге ұмтыл» [117, 69 б.], – деген ұғым жатыр.
Данышпан ақын өмірдің барлық философиясы, метафорасы, қоғамның алға
жылжуы, адам тұлғасының биіктігі барлығы осы білім мен ғылымда жатқанын
аса көрегендікпен жеткізген. Соның бір міндеті ретінде Қазақстан
кинематографиясындағы ұлттық сананың даму мәселесін қарастыра отырып,
белгілі бір сатыдағы тұлғаның және қоғамның мәдени санасын оның
жалпыадамзаттық мәдениеттегі көрінісі ретінде қабылдау қажет. Ұлттық әдет-
ғұрыптар, дәстүр-жоралғылар, оларды ұғыну және мойындау сол халықтың
болмысын тануға ұмтылдырады. Сонымен қатар белгілі бір этникалық топқа
жататын тұлға мен қоғамның өзге халықтардан айырмашылығын көрсетеді.
80
Көптеген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бұл мәселеде тұлға мен қоғамның
тұтастығы, ұлттық сананың өзіндік спецификасы айқындалады. Жалпы ұлттық
сананың мазмұны ұлттың ділін, көзқарасы мен әлеуметтік ахуалын, халықтық
мәдениеттің ерекшеліктерін сезінуге негізделген.
XXI ғасырдағы қазақстандық кинематография қоғамның, жеке тұлғаның,
жалпы халықтың рухани дамуы жолындағы көркемдік ізденістері мен оның
маңыздылығы қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтау және жеткізу
барысында қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанымен айқындалады. Осы жолда
ұлттық кинематографияның феномені саналатын «Абай әндері», «Атаманның
ақыры», «Транссібір эксперсі», «Қан мен тер» сияқты т.б. кинокартиналар
көпшіліктің бойына ұлттық идеяны сіңіру үрдісін атқарады. Қазіргі зерттеу-
сараптау жұмыстары бүгінгі қазақстандық кинематографияның халықтық
мәдени дәстүрлерді тікелей көшіруден бас тартып, негізгі ой-идеяны заманауи
талаптарға сай жаңаша көзқараспен жеткізуді көздейтінін байқатып отыр.
Алайда бұл жерде ең бастысы ұлттық тіл сол қаймағы бұзылмаған күйінде
сақталуы тиіс. Неміс зерттеушісі Рау Йоханес: «Для родного языка характерно
выражение особой жизни и особого способа мышления. Он несет в себе
невидимые отпечатки давно забытых чувств и событий. Через родное
формируется чувство патриотизма и национализма, любовь к своей стране и
культуре. Целенаправленное ослабление роли национального языка – прямой
путь к духовной деградации, к шаблонному однообразию, к принижению
достоинства независимого государства» [118, С. 25-26], – деп жазған. Демек,
ұлттық болмыс пен сана әрбір халықтың өзіндік этникалық бояуының жеке
белгісін сақтап, мәдени, тілдік, менталитеттік ерекшелігін мойындаған кезде
ғана дәстүрлік нышандармен тығыз байланыста дамиды. Сөйтіп, жаңа
уақыттың сұранысына бағытталған жаңашыл ой-тұжырымды, жаһандық
мәдениеттің алғышарттарын қалыптастырады.
Қазіргі кезеңдегі қазақ қоғамында ұлттық мәдениетті одан әрі дамытуға
халықтың рухани нанымы аса маңызды болып отыр. Белгілі бір елдің мәдениеті
тек ұлттық құндылықтармен ғана сипатталмайды, оның жалғасын табуымен де
бағаланады. Әрине қазақ халқы өзіне тән ұлттық салт-санасынан мүлде қол үзіп
қалған халық емес. Сай-салада шоғырлана қоныстанған дала жұрты ұлттық
дәстүрдің қасиетті тамырынан нәр алды және өзі құдіретті санайтын сол нәрдің
жалғасы бүгінге жетіп отыр. Ұлттық болмысты философия ғылымдарының
докторы, профессор Фуад Эфендиев өзінің «Этнокультура и национальное
самосознание» атты еңбегінде: «Определение национального характера
представляет собой многие стороны жизни национальных общностей,
воплощает
многообразие
индивидуального,
особенного,
отдельного,
охватывает все богатство материальной и духовной жизни нации. При этом
надо учитывать и другое, что особенное и общее, национальное и
инонациональное явления, органически взаимосвязанные. Утверждение
инонационального, общего в национальном – одна из важных закономерностей
духовного развития общества» [119], – деп жазады. Шынында, ұлттық мінез
бен дәстүр сол ұлттың материалдық және рухани өміріндегі басты
81
құндылықтармен өлшенеді. Өйткені бұл тарихи жүйесімен, әлеуметтік
ұстанымымен, өзіндік наным-сенімімен өзгеше. Сол сияқты ұлттық болмыс бір
халықты екінші халықтан ойлау жағынан, ділі мен рухани дамуы тұрғысынан
ерекшелендіріп тұрады.
Көптеген зерттеушілердің ғылыми тұжырымы бойынша ұлттық сана
дамуының жетекші күші тамыры тереңде жатқан халықтық сипаттар
барысында тәрбиеленеді. Халықтық дәстүрдің адамгершілік тәрбие үдерісіндегі
маңыздылығын тереңнен зерттеу жалпыұлттық және жалпыадамзаттық
болмысқа қатысты екенін білдіреді. Жалпы ұлттық сананың әрбір тұлғаның
туған жеріне деген махаббаты, құрметі, дәстүр-салтына деген ықыласы,
патриоттық сезімі, гуманистік ұстанымы сияқты маңызды сипаттамалармен
қосылғанда мәнінің арта түсетіні белгілі. Мұны орыс халқының ұлы жазушысы
Лев Толстой: «Язык должен быть не только понятный или простонародный, но
язык должен быть хороший. Красота или скорее доброта языка может быть
рассматриваема в двух отношениях. В отношении самых слов употребляемых и
в отношении их сочетания. В отношении слов, ежели я скажу, что надо
употреблять слова – великолепный, относя его к голосу или нравственным
качествам человека, а говорить хороший, прекрасный, не говорить щедрый, а
говорить простый, не говорить квиты, а просты, то я советую не то чтобы
употреблять простонародные, мужицкие и понятные слова, а советую
употреблять неточные, неясные, несообразные слова» [120,С. 32-33.], – деп
түсіндірген болатын. Жазушының тұжырымында ана тіл, туған жер және адам –
үш тағаны бір-бірінен ешқашан ажырамайтын біртұстас дүние саналатындығы
айқын көрініс тапқан.
Зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, қарастырылып отырған мәселе, яғни
ұлттық сана ең алдымен халықтың рухани-мәдени дамуының жоғары деңгейі
арқылы алға жылжудың тарихи үдерісінде ұрпақтан ұрпаққа жеткен
құндылықтар болып табылады.
Осы тұста Елбасының: «Формирование национального самосознания
происходит прерывисто, под влиянием мощных внешних воздействий, иногда
«замирало» на десятилетия. К тому же единая эволюционная линия не раз
пересекалась. Практически институциональная защита казахской культуры и
языка не достигали даже минимально необходимого уровня, что приводило к
своего рода анемии всех жизненных органов, необходимых для полноценного
воспроизводства этнокультурной жизни. Все это реальная наша история и
трезвое понимание этих обстоятельств чрезвычайно важно для «диагноза»
современного состояния казахского самосознания. Многие, без преувеличения,
надломы связаны с огромными инерционными моментами, отражающими
часто влияние даже не последних десятилетий, но целых столетий» [116, С. 75],
– деген сөзі ойға оралады. Зерттеушілердің тұжырымы да ұлт көшбасшысының
осы ойымен ұштасып, кез келген ұлт үшін өз ана тілінің маңыздылығына
басымдық береді.
Негізінен ұлттық сананың даму сатылары ана тілінің сақталуымен немесе
оның жетілдірілуімен ғана сипатталмайды, халықтың өмірінде болып жатқан
82
барлық қоғамдық-әлеуметтік, рухани-мәдени өзгерістермен де жаңарып
отырады. Мұны саралау мәселесі халықтың мәдени дәстүрлерінің қайта
жандануы жолындағы оң көзқараспен тығыз байланысты. Ұлттық болмыстың,
мәдениет пен руханияттың қайта жаңғыруының басты міндеті қоғамның және
жекелеген ұлыстардың дамуы үшін маңызды саналатын халықтық
өзгешеліктің, даралықтың, табиғи тазалықтың белгілерін сақтауына келіп
тіреледі. «...Народы обязаны беречь свое национальное достоинство, ибо только
в этом они могут внести в общую сокровищницу народов что-то свое,
неповторимое, без чего невозможно мировое единство... Тот, кто забывает об
этом, не только ущемляет национальные чувства другого народа, но и наносит
ущерб самому себе, ибо отказывается от того, что принадлежит всем» [119, С.
76], – деп жазады Ф.С.Эфендиев. Расында да бүгінгі жаһандық құрылымның
ішінде дара ұлт ретіндегі өзіндік көзқарасын, ұстанымын, ұлттық кодын, тілі
мен ділін айқын көрсетіп отырған халықтың ғана болашағы айқын болмақ.
Ұлттық сана эволюциясының ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен әсер
ететіні белгілі. Қазақстанның XXI ғасырға аяқ басуы елдегі саяси-
экономикалық, әдеби-ғылыми және мәдени салаларда пайда болған
өзгерістермен айқындалды. Ал, ұлттық идея және оған сенім халықтың өзіне
тән қасиеттері мен рухани құндылықтарын жалғастыруда негізгі шарт болып
саналады. Ұлттық идеяны түсіну, оны түйсіну және тәуелсіздік жылдарындағы
шығармашылығын сол бағытқа бұру қазақ кинематографиясында айқын көрініс
тапты. Қазақстандық киногерлер жасаған дүниелердің көпшілігінде ұлттық
реңк айқын көрінеді. Шәкен Айманов, Сұлтан Ходжиков, Абдулла Қарсақбаев,
Мәжит Бегалин, Сатыпалды Нарымбетов, Дамир Манабай және басқа
режиссерлер түсірген кинолардың тақырыбы осы ұлттық сана төңірегінде сөз
қозғайды.
Оқиғаның динамикалық өрістеуін, кейіпкер мінезіндегі эмоциялық
өзгерістерді, қимыл-қозғалыс, іс-әрекет арқылы бейнені шынайы ашу жолында
қарқынды жұмыс жасап жүрген режиссердің бірі – Дамир Манабай. Оның 1932
жылдың нәубетін, қазақ даласында болған ашаршылық тақырыбын қаймықпай
жазған жазушы С.Елубайдың «Ақ боз үй» романы бойынша 1991 жылы
түсірілген «Сұрапыл Сұржекей» фильмінде қызылдардың басқыншылығы,
халықтың басынан өткен зорлық пен зұлматқа толы кезең, кеңестік өкіметтің
(еріксіз) орыстандыру дейтін сотқар саясаты, қазіргі уақытта қазақтың жан
жарасына айналған, екі жарым миллион қазақтың ажалына себепші болған
ашаршылық уақыттың сұмдық көрінісі тарихи шындықпен көрсетіледі.
Шығармада баяндалған аласапыран күй көнгенін жалшы ететін, көнбегенін
ажал құштыратын зар заманды қолдан жасаған ұлы нәубет еді. Алайда мұнда
ұйып отырған бейбіт елдің тыныштығын бұзып, «өлім періштесі» атанған
Сұржекейлерді өз халқына қарсы қойған, туған перзентін өз қолымен
тұншықтыруға мәжбүр еткен зұлым Голощекин бейнесінің ашық берілмеуі
өкінішті. Қалай болғанда да қазақ жүріп өткен тарихи жолдың ащы шындығы
айқын көрінген аталмыш фильмнің бүгінгі қазақ кино өнеріндегі үлкен жетістік
83
екендігі даусыз. Себебі, мұндай шығармалар өскелең ұрпақтың ақ пен қараны,
жақсы мен жаманды, қастық пен достықты ажырата алуына мүмкіндік береді.
Заманауи кинематографияның ұлттық сананы дамыту, бүгінгі рухани-
мәдени құндылықтарды сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу идеяларына
көңіл аударуы жаңа көзқарастан, жаңаша ойлап, ұтымды тұжырым жасай алу
мүмкіндігінен туындайды. Осы мәселені қарастыру арқылы қазақ халқының
тарихи даму жолының бүгінгі сатысындағы қазақстандық кинематографияның
феноменін айқындайды. Сондықтан ұлттық идея мен ұлттық сананың дамуы,
қазақ халқының рухани өсу қазақстандық кинематография көтеріп отырған
мәселелермен тығыз байланысты.
Сонымен қатар бай рухани мұраны бүгінгі күннің көкжиегінде бағалау
дәстүрлі мәдениет шекарасын ұлғайтуға және жаңа мәдени кеңістікке өтуге жол
ашады. Мұның негізі мәнін философ Жақан Молдабеков: «Қазақ шешендерінің
қалдырған мұраларына үңілсек, адамның шынайы мәні оның руханилығында
екендігі айқын көрінеді. Шешеннің руханилығы, оның тұлғалық тұтастығы мен
тазалығында, өз басынан өткерген азаматтық жолында. Оның қуаты – адамның
табиғи ортаға деген қарым-қатынасында, сыртқы әлемге деген көзқарасында,
мұраға деген ішкі дайындығында. Осы тұрғыдан алғанда «руханилық» ұғым
ретінде өзінің шынайы мәніне ие болды» [31, 169 б.], – деп түсіндірген. Яғни,
ұлттық өзіндік сана өзін ғана сезіну үлгісінде көрінуі тиіс. Жалпы ұлттық
болмыс пен сана тұлғаның, әсіресе тарихи-мәдени қауымдастықтың ортасында
өмір сүріп, бой түзеп келе жатқан жас баланың тұлға болып қалыптасуында,
қоғамның тұтқасын нық ұстай алуында маңызы зор.
Жалпы оқиға желісінде ұлттық болмысы, ұлттық идеясы, ұлттық ойы бар
қазақ фильмдерінің арасында ұтымды сюжетке, мағыналы идеяға, қызықты әрі
қисынды ситуацияға құралған фильмдер аз емес. Мысалы, «Абылай хан»,
«Қазақтар», «Көшпенділер», т.б. Бұл шығармаларда жаугершілік уақыттың
талабына байланысты үш жүзге бөлінген қазақтың басын біріктіріп, тарихта
батыр халық ретінде танылған жоңғарды тізе бүктірген ұлы хан Абылайдың
көркемдік бейнесі сомдалған. Бұл жоба өзінің тарихи тамырын іздестіріп
жатқан жас тәуелсіз мемлекет үшін өзекті туынды болып табылады. Сондықтан
аталмыш фильмдер қолға алынғаннан бастап түсірілу жұмыстарына дейін
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бақылауында болды. Дегенмен қазақ жүріп
өткен тарихи жол, Абылайдың сом кескіні халықтың жанына жақын күйінде
жетпей Голливуд бағытындағы экшн жанрында түсірілгені және басты
кейіпкерлерді шетелдік актерлердің орындауы аса құнды тарихымызға кері
әсерін тигізді.
Фильм көшпенділерге жоңғардың мыңдаған әскерінің екпіндете соққы
беруімен басталады. Бұл көріністе бейбіт халықтың дәрменсіздігі, киіз үйдің
шаңырақсыз қалуы, иелері жанталаса қашқанда бос қалған бесік арқылы халық
трагедиясы бейнеленген. Негізінен қазақ халқының тұрмысында киіз үйдің
орны мен маңызы ерекше. Себебі, ХХ ғасырға дейін «көшпенді» деп аталған
халық үшін киіз үй өсіп-өнетін, ұрпақ тәрбиелейтін, қоғамдық-саяси
мәселелерді шешетін қасиетті ошақ саналған. Яғни, «Шаңырақ – навершине
84
юрты, а также символ рода, символ единства людей и т.п. Через эти символы
кочевник объяснял и осваивал окружающий мир, регулировал отношения
внутри семьи, рода или жуза. Большая часть жизни кочевников проходила в его
микрокосмосе – юрте» [121, С. 64]. Фильмде өмір мен өлім арасындағы
жанталас ашып көрсетілмесе де қазақтардан бірде-бір адам қалмай жаппай
қырылғанын, олардың дәрменсіздігі мен қиналысын сол киіз үйдің әрсіз
реңкінен байқай аламыз. Осы тұста Ораз Жаратушыға: «О, Жаратушы ием, сен
қашан менің еліме, қазаққа қамқор болатын, жауға қарсы тұра алатын
жаужүрек батыр жібересің» деп жалбарынады. Сол сәтте жаңа туған сәбидің
шырылдаған даусын естіген ол өз халқын жаудан құтқаратын батырдың
туғанын іштей ұғынады. Дәл осы кезде, яғни қазақ сұлтанының үйінде ұл
дүниеге келіп жатқанда Шарыш өзінің әскерімен керуенге шабуыл жасайды.
Сол керуен бойындағы бір арбаға таңылған бесікте туған халқын дұшпанынан
құтқаратын болашақ батыр жатқан еді. Ақылды Ораз керуенге қарай жан
ұшыра жүгіріп, баланы құтқарып қалады. Ақылгөй сұлтанның баласын
жаулардың тірі қалдырмайтынын біліп, әкесінен баланы тәрбиелеуге сұрап
алып, оған Мансұр деп ат қояды.
Ұстаз болашағынан үміт күттіретін дала балаларын жинап алып, оларды
әскери өнерге үйретеді. Оның мұндағы негізгі мақсаты – балалардың дене
бітімін нығайтып, Дала заңы бойынша өмір сүруге баулу, ұлттық салт-дәстүр
мен көшпенділер өмірінің ережелерін меңгерту. Фильмде балалардың ер жете
бастағаны бірте-бірте байқала бастайды. Оларды байқаған Уәли сұлтан дәстүр
бойынша балалардан аты-жөндерін сұрайды. Өзге балалар аттары мен шыққан
тегін айтады да, тек Уәли сұлтанның ұлы – Мансұр мен оның досы – Ералы
ғана өздерін «қазақпыз!» деп таныстырады. Осы тұста қазақтың бауырластық
салты тікелей көзге көрініп тұрмаса да мұны екі жасөспірімнің сөздерінен
байқай аламыз. Ұстаздың ұстанымы балаларды ержүректік пен батырлыққа жәй
ғана даярлау емес, ең бастысы елдің тұтастығы мен бірлігін сақтауға, Отан
алдындағы жауапкершілікке, азаматтық борышын сезінуге, мейірімділік пен
адамгершілікті тануға баулу болатын.
Шығармадағы ең бір әсерлі тұстың бірі – Қасиетті ағаштың жанындағы
эпизод. Бұл жерде Ораз балаларға ата-бабаларының, көшпенділердің ерліктері
туралы әңгімелеп, біраз уақыттан бері халықтың басына қара бұлттың төніп
тұрғанын ескертеді, түсіндіреді. Оларға бақыт туралы аңызды үйлесімді жеткізе
отырып, өзінің «шығар жол қайсы?» деген сұрағына жауап береді. «Бірде
бақыттан сұраған көрінеді: осы ұзақ жолыңды қайда аяқтайсың? Ол былай
жауап қатыпты: Бірлік пен береке орнаған елде. Бірлік жоқ жерде ынтымақ
болмайды. Дәл осы бізге және біздің ұрпағымызға айтылған өсиет» дейді ол.
Бұдан кейін сол Қасиетті ағашты айнала қоршап тұрып, ата-баба өсиетіне адал
болуға антын береді. Дұшпанын жеңе алмай, қиын-қыстау уақыттың зардабын
тартқан халықтың қиналысы осындай жауапты сәттерге толы фильмде оқиға-
көріністер сайын арта береді. Жекелеген тайпалар көсемдерінің бірлесу, бірігу
жолында бір мәмлеге келе алмай жатуы да шығарманы одан әрі шиеленістіре
түскен. Негізінен жаугершілік заманның қалыптасқан Заңы бойынша дала
85
батыры өзінің қауіпсіздігін сеніп тапсырған барлық жандарды: әйелдер,
балалар, әлсіздер мен қарусыз адамдарды, өзінің майдандас серіктестері мен
әскери басшыларын қорғауға міндетті. Сол сияқты көптеген картиналарда
басты кейіпкер өзінің алға қойған мақсатына жету үшін тактикасын өзгертуге
себеп болатын немесе ситуацияға қарай басқа да жаңа шешімге жүгінуге тура
келетін кедергілерді басынан өткізеді. Аталмыш шығармадағы сондай кедергі
жоңғарлардың қазақ жерін басып алу саясатының өріс алуы болатын. Бұған
қарсы тұру әрбір жігіттің міндеті десек, әсіресе бала кезінен Ораз ұстазының
көреген ақылымен тәрбиеленіп, ел тағдырына ерте араласқан Мансұрдың да
басты тілегі сол еді, яғни онсыз да әлсіреген халқын қайткенде тұралатпау.
Одан әрі Дала Заңының негізінде Ораз елші ретінде бейбіт ымыраға келісу
мақсатындағы өзінің жекпе-жекке сұранысын қабылдаған Шарышпен кездесуге
шығады. Мұның шарты – өзге елшілер мен бейбіт халыққа зиянын тигізбеу.
Сол кездегі соғыс заңы бойынша елшілер жауға қарсы оқ атпаған. Сол себепті
Көк аспан Заңы ер жігіттерді ерлікпен шайқасуға міндеттейді. Сол қағида
бойынша ерекше батыр болып өскен Мансұр ұрыс алаңындағы бір шайқаста
жоңғар батыры Шарышпен жекпе-жекке шығып, оны жеңеді.
Драматургия құрылымының маңызды элементтерінің бірі, автор ойының
негізгі шешуші кілтін болып табылатын немесе оқиғаның ең шиеленісті дамуы
кезеңін беретін – кульминация (шарықтау шегі). Өткен оқиғаға өзінің көркемдік
ізін қалдырып, алдағы көріністерге өзгеше ритм беретін, яғни, шығарма
идеясының ашылуына себепші болатын шарықтау шегінің әрбір көркем
туындыда өзіндік орны бар. Ал, аталмыш фильмнің шарықтау шегінде
жоңғарлардың тұтқынына түскен Мансұрдың өз сынағынан сүрінбей өткенін
ескерген Қалдан-Церен оны жіберуге бекінеді. Алайда іштей ұлы Шарыштың
кегін қайтаруды көздеген хан тағы бір жекпе-жекті жоспарлайды. Өкінішке
орай, мұның қолынан ажал құшқан қарсыласы өзінің досы Ералы болып
шығады. Бұл сайыста да жеңіске жетіп, Қалдан-Цереннің құрметті қонағы
болған Мансұрды бауырының өмірін сақтап қалу үшін Шарыштың әйелі болуға
келіскен Гаухардың өлімнен құтқаруын баяндайтын көріністер желісі осы
шарықтау шегінің шытырман шиеленісті сахнасы болып табылады. Сөйтіп,
туған елі Түркістанға оралған оларды тағы да соғыс күтіп тұр еді. Яғни, «бұл
шешуші қақтығыс. Қазақтар не тұтас бостандық алады немесе одан мәңгілік
үміт үзеді». Осы принципті ұстанып, бірлікте бас қосқан халық көптен күткен
жеңіске жетеді. Қазақ елі өз ата-бабамызды, Ұлы Даланы, өз туған жеріне деген
ұлы сезімін және туған халқына деген махаббатын сақтап жеткізген еңбектерін
жоғары бағалайды. Әрине көреген саясатпен, білектің күшімен жеткен
тәуелсіздік тұғырының астарында осы «Көшпенділер» фильмінде көрсетілген
тарихи жолдың іздері жатыр.
Негізінен фильмде елін жаудан қорғайтын болашақ жауынгерлерді тек
әскери өнерге, дәстүр-салтын сақтап құрметтеуге ғана үйретпейді, оларды
ойындар мен жиындарда, сайыстарда өнер көрсетуге жаттықтырады. Өйткені
белдесу, күрес, қазақша күрес, аттың үстінен жерден теңге алу, жамбы ату
сияқты ойын түрлерін меңгеру жорықтар мен шайқастарда батырлар үшін аса
86
қажет. Мәселен, көкпар ойыны жастар арасында әскерге қажетті өткірлік,
төзімділік, табандылық сияқты қасиеттерді дамытқан. Аталмыш ойынның
ережесі туралы «Проблемы образа героя в современной драматургии кино по
фильму «Кочевник»» деп аталатын ғылыми мақалада сөз еткен болатынбыз.
Онда: «Происхождение көкпара имеет несколько истоков: 1) участники игры
изображают хищных степных волков, нападающих на стада; 2) возможно, что
таким образом убегали прежде с добычей, так, наверное, спасали от плена
раненого батыра; 3) связана с борьбой фратрий за тушу тотемного животного.
Существовало два варианта игры. В первом случае в борьбу вступали два
всадника, в другом – две команды, выставляемые разными аулами и родами.
Цель – первым донести тушу козла до условленного места. По сигналу судьи
каждый старался захватить тушу, остальные бросались в погоню, чтобы
вырвать добычу» [121, С. 67], – деп жазылған. Осындай қашу мен қуудан
тұратын ойында бозбалалар, жас жігіттер тапқырлықты, қиыннан жол табуды
меңгереді. Сондай-ақ, ұлттық ойынның бұл түрі елі мен жерін жаудан
қорғайтын ер-азамат білегінің күштілігін аңғартады. Демек, мұның барлығын
жаугершілік уақыттың өзіндік талаптарынан туындаған мәдени құбылыс деп
айта аламыз. Ал, мәдениеттегі ойын элементі алдын-ала белгіленген мөлшерде
көрініс табады. Мұны нидерландтық тарихшы, философ Йохан Хейзинга:
«Ойын мәдениеттен бұрын қалыптасқанымен, мәдениеттің даму кезеңдерінің
барлығында дерлік кездеседі, оларға нәр беріп тұрады. Адам күнделікті
тұрмысында, тіршілігінде ойынмен кездеседі. Ойын нақтылы өмірден, күйбең
тіршіліктен дараланып, өзгешеленіп тұрады, ойын олардан асқақ, биікте
тұрады. Ойын іс әрекеттік форма ретінде көрініс береді, сол іс-әрекет формасы
нақтылы бір мағынаға ие болып, әлеуметтік қызмет ретінде белгіленеді [122, 85
б.], – деп атап көрсеткен.
Сценарийдегі әрбір сахналар бір-бірімен сценарийлық өтпелердің көмегі
арқылы бірігеді, яғни, келесі бір әрекетті өзінен кейін ілестіріп отырады (әрекет
– реакция – келесі әрекет). Қисынды құралған көркемдік желі кез келген
шығарманың
құндылығын
арттырып,
өзінің
көрермен
алдындағы
функциясының маңыздылығын байқатады. Фильмнің сондай бір эпизодында
тайпа көсемдерінің келу салтанатына арналған (бастарын қосу мәселесі
бойынша) жас жігіттердің сайыс ойындары ұйымдастырылады. Осы тұста қазақ
халқының қандай да бір іс басталмас бұрын берілетін бата беру рәсімі
орындалады. Жалпы қазақ халқы үшін бата жәй сөз емес, оның мағынасы
тереңде жатыр. Бата бүтін бір қоғамның немесе жеке адамның белгілі бір
мақсаты мен арманына жетуі жолында, алыс жолға шыққанда, қиын сапар
кезінде жол ашады деп түсіндіріледі. Бұл қазақ фольклорының шағын жанры да
бола алады. Сценарий авторы мен режиссері осындай мағынасы терең рәсімді
кинода орынды қолдана білген.
Сол сияқты қазақ қоғамының этикет нормаларында ауылға қарай атпен
шауып, дәл киіз үйдің жанына дейін шаңдатып келу салты жоқ. Мұндай әрекет
өрескел деп саналып немесе қаралы хабарды жеткізу ретінде қабылданады.
Алайда біз фильмде шауып келе жатқан аттыны көреміз. Сондай-ақ, фильмдегі
87
даланың тыныштығын бұзған қарғалардың жағымсыз үні де бір қауіптің төніп
келе жатқанын ескертеді. Демек, бұл – жоңғарлар тағы да баса көктеп келе
жатыр деген сөз. Кинофильмдегі осындай әрбір детальдар оқиғаның екпінін
күшейте түскен.
Жалпы фильмнің негізгі ойы даналық, толеранттық, жоғары деңгейдегі
патриоттық сезім, туған жеріне деген сүйспеншілік, жаугершілік уақыттағы
ерлік, саяси көрегенділік бұлардың барлығы – намысты халықпен бірге
жасасып келе жатқан дара қасиеттер деген ұғымды меңзейді. Қорыта айтқанда,
көшпенді халықтың тұрмыстық ерекшелігін, өмір сүру дағдысын, ел қорғау
жолындағы ұстанған саяси-қоғамдық ұстанымын, дұшпанмен айқастағы
бөрідей мінезін ашып көрсеткен «Көшпенділер» фильмі хандық дәуірді сөз ете
отырып, болашаққа жол ашып беруімен құнды саналады. Әрі мұның тарихи
мәні мен рухани маңыздылығы ұрпақ үшін үлгі-насихаттық қызмет атқарады.
Осындай тарихи тақырыптан ой қозғайтын, қазақ дәстүріндегі салдық
өнердің көшбасшысы саналатын Біржан Қожағұлұлының өмірі мен
шығармашылығынан сыр шертетін белгілі театр және кино актері Досхан
Жолжақсыновтың «Біржан сал» фильмі оның режиссерлік қадамына жол ашқан
алғашқы туынды болып саналады. Мұны көркем әдебиет шығармасын қазақ
кинематографиясының үлгісі ретінде экрандаудағы ұлттық құндылықтардың
көрінісі және тарихи тұлғаның өмірбаяндық болмысын насихаттаудың үдерісі
дейміз.
Кинокартина арқылы режиссер қазақтың ХІХ ғасырда өмір сүрген әнші,
композиторы Біржан салдың қиын тағдырын, оның ру және ағайын арасындағы
тартыстан туындаған психологиялық күйзелісін ашып көрсете алған. Дала
сазгерінің шығармашылығын жан-жақты зерттеген сценарий авторы Таласбек
Әсемқұлов Біржан салдың осы күнге дейін беймәлім болып келген
туындыларының жарыққа шығуына мүмкіндік жасапты. Режиссердің сөзіне
сүйенсек, ақындардың, салдар мен серілердің дәуірі, олардың негізгі
функциясы туралы әдебиеттану ғылымында кеңінен талданғанымен, оны
экранға шығаруға ешкімнің құлқы бола қоймаған, ал, шындап келгенде
материал кинематографиялық көрініске өте бай: шектен тыс құштарлық,
халықтың еркін рухы, суырыпсалмалық өнер дәстүрі, шынайы достық және
оған қарама-қарсы – опасыздық. Сазгердің елінде, яғни Ақмола облысында
жүргізілген түсіру жұмыстары бұл шығармаға ерекше шынайылық берген.
Сонымен қатар метафоралық көріністер арқылы шығарманың тақырыбы
ашылып, қисынды желілерден құралған оқиғалар легі бірінен кейін бірі әуезді
сарынмен жалғасып отырады. Теп-тегіс жазық дала, тұнық әрі көгілдір аспан,
желдің адам бойына өзгеше күй беретін ызыңы, көл үстінде қалықтаған сұлу
аққулар, жылқы табындары, т.б. пейзаждық көріністер фильмдегі Біржан
салдың әндерімен астасып, әншінің сом бейнесінің жасалуына мүмкіндік
туғызған.
Фильмде Көкшетау өңірінің суреттеуге сөз жетпейтін сұлу табиғаты
аясындағы қазақтың жайлауға көшу дәстүрі ерекше әсем бояуда көрсетіледі.
Ұлы даланың төсінде осындай сұлулығы көз тартатын жерлердің пайда
88
болғанын жырлайтын ежелден келе жатқан аңызда: «Когда аллах создавал мир,
то одним народам достались богатые леса, тучные поля и широкие реки, другим
красивые горы и голубые озера. Казах же получил только степи. Обидным это
показалось казаху, и он начал просить создателя уделить и ему частицу
великолепия природы. И вот аллах выскреб со дна своего коржуна и бросил
посреди безбрежной ковыльной степи остатки живописных гор, скал и озер с
хрустально-чистой голубоватой водой, разбросал щедрой рукой изумрудные
луга, покрытые цветами, ключи со студеной водой и весело журчащие ручьи.
Прикрыл горы пестрым ковром из разнообразных деревьев и кустарников,
населил леса зверями и птицами, озера – рыбой, луга – насекомыми и
бабочками …. Горы, величественные горы, и лес полный тайн и загадок!»
[123], – деген жолдар бар. Д.Жолжақсынов та қазақ халқының өткен ғасырдағы
мәдениетінің барлық құдіреті мен табиғатының осындай сұлулығын
толыққанды көрсетуге тырысқан. Фильмнің бойында ерекше бір көз тоқтататын
әрі қызғылықты оқыс оқиғалар жоқтың қасы. Дегенмен табиғаттың өзгеше сұлу
көрінісі мен ұлылығы, суретшінің жұмысы, оның сызған киім эскиздері,
реквизит-бутафориялардың қисынды орналасуы, актерлердің шынайы әрі
шебер ойыны, Біржанның әндері мен сырлы музыкасы, т.б. кинокартинаның
жетістіктері көрерменді өткен уақыттың ғажап әлеміне саяхат жасатып, қазақ
халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетімен танысуына мүмкіндік берді.
Т.Әсемқұлов шығарманың атмосферасын, әлеуметтік сипатын өзінің
Біржан туралы айтқан «Қазақ даласының соңғы кернейшісі» деген сөзіне қарай
бағыттаған. Біржан өмір сүрген кездегі ақындардың әлеуметтік бейнесін,
олардың ерекше дарынын Едіге Тұрсынов былай деп суреттейді: «Біржан ән
айтқанда бар қазақ даласына дауысы жететін әрі оның зор дауысынан жер
дірілдеп тұрған көрінеді. Салдардың ең мықты қасиеті, олар өз жандарынан сөз
шығарып, ән айта алатын ақын әрі жыршы болған. Біржан сал Қожағұлұлы,
Ешнияз сал Жөнелдікұлы, Әздембай сал және басқа да өнерпаздар – бәрі де
суырыпсалма ақындар еді» [21, 220 б.]. Расымен де ұлы даланың саф таза
ауасымен тыныстап, сұлу табиғатының аясында өздерінің шабытын шыңдаған
өнерпаздардың жан дүниесі де, өнері де шынайы әрі таза болды. Оның үстіне
Біржан сал мен оның замандастарының Шөже, Сегіз сері, Салғара тәрізді
ұстаздарының ауыздан ауызға тараған жырларымен сусындап өскені тағы бар.
Бұған тарих та, әдебиет те дәлел бола алады.
Демек, «Біржан сал» сынды тарихи тақырыпты фильмдер кейіпкерлерінің
болмысы халықтық рухқа жақын келеді. Даусы он-он бес шақырым жерден
естіліп әрі даланы дірілдетіп тұратын Біржан салды Жаратылыстың өзі
тудырған дара тұлға ретінде қабылдаймыз. «Голос его был таким сильным, что
дрожали стекла в окнах ,гул висящего подноса, медного кувшина и таза,
стоявших у очага, сопровождал его пение»; «Когда слышалось пение Биржана,
те, кто занимался доением, забывали о своем деле, и молоко в вымени
перегорало» [21, 221 б.]. Бұл – Біржан салдың ерекше дауысын естіп, тәнті
болғандардың бағасы. «Сегіз қырлы, бір сырлы», өзінің тегінен дарынды
жаратылған Біржан рухани тұрғыда толыққанды бола тұрып, ерекше ақылына,
89
шығармашылық дарынына қоса шексіз артистік, бақсылық, шамандық та
өнерге бай. Негізі салт бойынша бойына синкреттік өнер түрлерін жиған
адамдар қоғамдағы маңызды істерді атқарып, аңшылық, емдік, жерлеу
рәсімдерін жүргізген. Салдардың шығармашылығына ең жақсы сипаттама
берген қазақ музыка мәдениетінің білгірі әрі зерттеушісі, композитор Ахмет
Жұбанов оларды: «Халықта әлі ән де, күй де, жыр да, өлең де, олардың
орындаушылары да көп. Әлі де жинай түсу, нотаға жаза түсу керек. Тік
үкіметіміздің тек халық пен тамырлас, байланысты болғанда ғана өнер өз
мақсатын орындайды деп үйретуі осы шындықтармен байланыста. Аталмаған
аттар әлі де жарыққа шығады. Бәрі бұл сияқты шағын еңбекке сыюы да мүмкін
емес» [124, 422 б.], – деп атаған. Сондай-ақ, репертуары бай әрі күрделі
салдардың шығармашылығы туралы Ә.Марғұлан: «Олардың репертуарлары
толы болған эпикалық әңгімелеуден өзгешелігі, негізінен қалжың, тапқыр сөз,
кейде өзінше киініп алған кісілердің сиқырлы ойынын көрсететін музыкалық-
артистік көріністерінен білінеді» [125, 220 б.], – деп жазады. Шынында, олар
науқасты емдеу, халықтың көңілін көтеру, оқыстан сөз тауып айту, тәрізді
басқа да өзгеше қылықтарға бай болып келеді. Сондай күрделі бейненің
болмысы баяндалған «Біржан сал» фильмінен салдардың жиынтық бейнесін
көруге мүмкіндік зор.
Негізінен бойында шешендік, ақындық, суырыпсалмалық, ашық дауыс пен
вокалдық техника тәрізді бірнеше өнер тоғысқан ақын, әнші, сал, серілер үнемі
өздерінің өнерін одан әрі дамытып, арттырып, жаңа рең қосып отырған.
Мысалы, қолдарын әртүрлі бағытта ербеңдету, ойламаған жерден мимикасын,
ым-ишаратын өзгерту, құбылту, ат үстінде бас айналатындай қимылдар жасау,
әртүрлі цирктік қимылдар көрсету, билеу, т.с.с. салдардың халық арасындағы
өзгеше бейнесін тереңдете түседі.
Мұны С.Қасқабасов: «Песня и музыка поэтов – песенников салов в
значительной степени отличались от прежних. Во первых поэты песенники
рассматривали искусство не как развлечение и средство существования, а как
орудие и способ проявления протеста против существующего в тогдашнем
казахском обществе отживших патриархальных и религиозных устоев, против
обывательского, житейский практического и пренебрежительного отношения к
искусству. Поэтому они придавали большое значение как красивому
музыкальному звучанию своих песен, не менее красивому исполнению их, так
и красоте собственной внешности. Они сами и их друзья одевались очень
красочно, ездили на породистых конях одной мастис дорогими сбруями» [15, С.
28], – деп тұжырымдайды. Сонымен қатар: «Поэты – песенники салы всем
своим существом, поведением и поступками, своим искусством бросали вызов
обществу баев, мулл и других имущих, боролись за радость бытия, за
утверждение и превалирование жизнеутверждающих начал в искусстве. Это
говорит отом, что искусство салов было идейно целенаправленным и имело
общественно – культурную функцию» [15, 28 б.], – деп жазады қазақ
фольклорын тереңнен зерттеген ғалым. Демек, өте сәнді киініп, асыл тұқымды
аттарын ең қымбат әбзелдермен безендірген салдар өз өлеңдеріне әдемі әуез
90
қосқан әрі өзінің сыртқы сымбатымен ішкі жан дүниесіндегі тазалығы
қосылып, халық арасындағы абыройы үстем болған.
Біржан салды көргендердің айтуына қарағанда, ол тек ән айтып қана
қоймаған, ым-ишаратын сан құбылтып, кейбір артистік әдістер қолданып,
орындаушылық өнерін онан сайын байытып отырған. «…Ол ән айтқан кезде,
мойны күмпиіп, бас терісі, бет пішіні, аузы бәрі қимылдап, басындағы тақиясы
жан-жаққа қисалаңдап, билеп тұрғандай көрінетін» [21, 221 б.]. Демек, Біржан
Қожағұлұлын қазақ топырағында, қазақ фольклорында өзгеше орны бар салдық
өнердің көшбасшысы ретінде танимыз.
Фильмдегі жайлауда тігілген аппақ киіз үйлер ауылдың сәнін ерекше
көркейтіп тұр. Басты кейіпкердің сөзімен айтсақ, «Бұл ауыл емес, суға қонған
аққулар сынды». Біржан сал мен оның серіктері көлге жақын жерден қоныс
тепкен Көлшік ауылына ат басын тірейді. Бұл жерде сәттілік, бақыт, ырыс,
несібе алып келетін құтты қонақтарды күтіп алушылардың әрекетінен қазақ
қонақжайлығының
қалыптасқан
қағидасын
аңғарамыз.
Сол
сияқты
кинокартинада қазақтың қыздары мен әйелдерінің сұлулығын паш ететін әдемі
әшекей бұйымдар да өз орнымен қолданылған. Ертедегі наным-сенім бойынша
елдің ең атақты зергерлерінің қолынан шыққан бұйымдар тіл мен көзден
қорғайды (бұл наным-сенім әлі күнге дейін жалғасқан). Әдемілікке әсемдік
қосатын әшекей туралы: «Женские украшения можно подразделять на
пришиваемые к одежде и съемные – вплетаемые в косы, надеваемые на кисти
руки, пальцы, на шею и грудь. К украшениям одежды относятся застежки
(каптырма, капсырма, илгек), пуговицы различных форм, (туйме), амулеты
(тумар) треугольной формы, узорные бляхи (тана) и т. д. Поверхность изделии
способом гравировки покрывалась геометрическим орнаментом в виде
черточек, угольников, кружков и т. д. При отливке в форме (калып) имелись
углубления, выступы. Кружки и т. д., которые создавали различные узоры.
Были застежки, пуговицы и бляхи со вставными камнями, а первые из
указанных серебряных изделии украшались черненным орнаментом в виде
растительных узоров (гуль ою)» [126, С. 76], – деп жазады ғалымдар. Әрине
бұлардың барлығында да өзіндік мағына, тағатын орындары мен рәміздері бар.
Шығарманың сазы мен нәзік бояуына кепіл болған мұндай әсемдік бұйымдар
фильмге ерекше лирикалық сарын берген.
Біржан мен оның серіктерінің тазы иттерімен қасқыр аулауға шыққан
көрінісі режиссердің ерекше екпін қойған тұсы болып саналады. Бұған өзгеше
мән беру себебі де жоқ емес. Негізінен аңшылық – адамзат жаратылғалы бері
қатар келе жатқан дәстүр. Мұнда аңшы мен аңның арпалысы, бірін-бірі
аңдысқан аң мен адамның психологиялық күйі, дала жігітінің еркіндігі мен иен
даланы иемдену ниеті, азулы қасқырдың жанталасқан әрекеті, қатты шабыстан
көздері шатынаған аттардың күйі бар. Мұның барлығы бір жағынан – қызық,
ойын-сауық болып табылады, ал, екінші жағынан бұл – жігіттердің ептілігін,
ержүректілігін, күшін сынайтын салттың бірі. Аталмыш фильмдегі осындай
көріністі тілші Адольф Арцишевский: «Очень точно сделан акцент в прологе
фильма, где показана охота Биржана и его друзей с гончими на волка. И это
91
идущее из глубины столетий противостояние, почти на равных, охотника и
зверя, и пьянящая вольность степняка, оскал волчьей пасти, и обезумевшие от
гонки и страха глаза лошадей.
И – коварный выстрел, со стороны, из чуждого пространства, как удар
камчой по лицу. Царский офицер перехватил у степняков добычу, которая ему,
впрочем, и не нужна. Конвульсии волка, алая кровь на снегу, и горькая обида в
глазах Биржана, лишенного глотка свободы, теряющего от удушья на миг
сознание. Обида как предтеча тех пут аркана, на которые он обречен в финале
уже по воле своих же сородичей» [127, ], – деп бағалаған. Ұлттық салтқа тән
нақты бояулармен берілген Біржанның аңға шығу көрінісі мұнда салдық
өнердің бір бағыты ретінде де қабылданады. Сол сияқты кейіпкердің ішкі жан
дүниесіндегі толқыныс-бұлқынысты сыртқы жағдайлармен қатар беру тәсілін
Д.Жолжақсыновтың ұтымды шешімі дейміз.
Негізінен салтанатты мерекелер мен мейрамдар, ойындар мен той-
жиындар ұйымдастыру халық мәдениетін әлеуметтендіру қызметін атқарған.
Мұндай шараларда белгілі тәртіпке және әрекет нормаларына сәйкес
жігіттердің біліктілігі, күш-қайраты, қыздар мен әйелдердің шеберлігі көрінеді.
Аталмыш фильмдегі алтыбақан, ақ сұйек, арқан тартысу, т.б. ойын көріністері
айнала түсірілген панорама арқылы берілген. Бұл да режиссер мен оператордың
шығармашылық ізденісін аңғартады.
Фильмнің көрермен талабына сай шыққан тұсының бірі – кейіпкерлер
басындағы әртүрлі тағдырдың шынайы берілгендігі. Сондай-ақ, фабула
желісінде үлкен буын мен жастар арасындағы ұрпақ жалғастығына көп көңіл
бөлінген. Мәселен, Арқа әндерінің патриархы Жүсіпбек Елебековтың жұбайы
Хабиба Елебекова орындаған эпизодтық кейіпкер Мадияр апа мен оның келіні
Әпіш бейнелері. Ене мен келін арасындағы қарым-қатынастан үлкенді
құрметтеу нышаны анық байқалады. Біржанға екінші әйел алу ойын білдіруді
ұсынған Мадияр апаның сөзіне ден қойған Әпіш те іштей қимағанымен қазақ
салты бойынша өзі бәйбіше атанып, ерінің екінші рет некелі болуына келісімін
береді. М.Қашқаридің еңбектерінде үлкендер сөзінің өмірлік тәжірибеден
туғандығы туралы кеңінен айтылған. Яғни, өмір мектебінен өткен жасампаз
адамдардың ғибратты сөздері қандай жағдайда да сөзге тоқтаған қазақ халқы
үшін аса маңызды. Мұндай дәстүрге де режиссер екпін беріп өтеді.
Кинокартинаның мазмұнын қазақ халқының ұлттық құндылықтарын
сақтау мәселесі ретінде қарастыратын болсақ, қатынас құралы барлық
халықтарға тән сөз екенін ұмытпауымыз керек. Яғни, сөз дегеніміз – тіл, бұл ең
алдымен, сөйлеу мәдениетіне қатысты. Анық та айқын сөйлеу адамның қай
әлеуметтік топқа жататынын білдіретін маңызды көрсеткіш бола алады. Адам
баласы бір-бірімен сөйлескенде неғұрлым астарлы сөздерді, теңеу сөздерді
немесе диалектикалық ұғымдарды қолданса, соғұрлым оның шешендік қабілеті,
тапқырлығы артады. Ал, керісінше, адам неғұрлым сөз таба алмай, дағдарысқа
ұшыраса немесе оның сөздік қоры аз болса, соғұрлым оның әлеумет алдындағы
абыройы төмен болады. Тілге, сөзге, суырып салмалық және айтыс өнеріне
92
ерекше мән беретін қазақ халқында шешендіктің, тапқырлықтың жоғары
бағалануы сондықтан болса керек.
Театр және кино өнерінде «синтетикалық» деген ұғым бар. Мұның
мағынасы көптеген өнердің бір арнада тоғысуы дегенді білдіреді.
Синтетикалық көркем бейненің заңдылығы ең алдымен «өзінен шығып», «өз
мүмкіндігінен асып» жатуында десек болады. Ол заңдылық С.Эйзенштейннің
тұжырымдамасы бойынша пафос, патетикалық құрылымға келіп тіреледі [92, С.
22]. Ал, синтетикалық бейненің ішкі диалектикасын қарастыру үшін
мүмкіндігінше оны жан-жақты бақылаған дұрыс. Диалектика біріншіден –
кеңістік пен уақыт, екіншіден – субъективті әрі объективті келеді, үшіншіден –
сезімталдық пен түсіністікке құрылады. Егер киноның материалы
кинокөрсетілімнің құрылғыларымен, кадрлық құрылымымен, вертикалды
монтажбен, мәтінмен, дыбыспен, жарықпен және актерлік әрекеттермен
қисынды өрнектелген әрі шынайы болып келсе, бұл рухани маңыздылығы
жоғары, көркемдік заңдылыққа сүйенген шығарма болып шығады.
Осы орайда «Біржан сал» фильмінде көрсетілген қазақ халқының ұлттық
құндылықтары және оның отандық кинематографиядағы айна-қатесіз көрінісі
жөнінде айта отырып, көшпенділер өмірінде аңшылықтың маңызды орын
алатынын нақтылап кетеміз. Өйткені, аңшылар жүйрік аттарды, олжаны
шапшаң алатын тазыларды, қырағы көздерімен алыстан көріп, шүйліге отырып,
түлкі, қасқыр алатын қырағы бүркіттерді қатты қадірлеген және осы үшеуін
ерекше баптаған. Қыры мен сыры бөлек саятшылық салттың аталмыш кинода
көрініс табуы шығарманың ұлттық сипатын арттыра түскен. Режиссер алғашқы
қалың қар түскен кезден басталатын саятшылық дәстүрді экран арқылы көрсете
отырып, өткен күнді бүгінмен жалғастыруды көздеген.
Біржан мен оның жігіттерінің келген ауылмен қоштасып, өзге өңірге қарай
бет бұру эпизоды өте әсерлі шыққан. Киіз үйдің қожасы бірнеше күн үйін
мерекеге айналдырған қонақтарына ерекше сыйлықтар ұсынуы қазақ халқының
дарқан көңілін, қаймағы бұзылмаған қонақжайлық дәстүрді берік ұстанған
кейпін анық көрсетіп тұр. Мұны режиссердің Біржанға өз табынындағы ең
мықты арғымақ – Құндыз қараны ұсынып, Жұбайға қымбат шапан жабуынан,
бұл жерде ешкімнің де ескерусіз қалмай, барлық қонақтарға сый-сияпат
көрсетілуінен анық байқаймыз. Қазақ дәстүрі бойынша сыйлық сыйлау ырым
ұғымына жатады. ХIХ ғасырда қазақ болмысындағы ырымның рөлі маңызды
екеніне назар салған көңіл бөлген. Ол «ырым» ұғымында бекітілген негіз
туралы ажыратып көрсете алды. Сыйлық беру дәстүрі сол күйінде немесе басқа
жағдайда болатындығын зерттеген бірнеше жұмыстар дәстүрлі экономикада,
әлеуметтік қатынастарда көрініс тапты [89]. Жалпы қазаққа тән бұл дәстүрдің
өзіндік орнымен қызықты деректер Ә.Х.Марғұлан [128], С.З.Зиманов [129],
А.Т.Төлеубаев [20], С.Л.Фукс [130], Д.Х.Кармышева [131], Н.Әлімбай [132],
Ж.О.Артықбаев [133], С.Кенжеахметұлы [18], З.Сұрағанова [134], т.б.
еңбектерінде кеңінен жазылған. Сондай-ақ, қазақ халқының Ортағасырлық
дәуірден бүгінгі күнге дейінгі сипат-болмысын бірнеше жылдар бойы зерттеген
З.Сұрағанованың тұжырымында: «Подвергавший кочевника бесконечным
93
приключениям, лишениям от голода, холода и зноя, заставлял его всегда
помнить добро человека, который накормил его при голоде, согрел при холоде
и напоил при жажде. Оказывать уважение, почет и помощь человеку, который
дал пищу, считалось в кочевом обществе самым высоким достоинством. В
соответствии с нормами престижного потребления гостеприимство определяло
не только личные качества, но и статус человека. Практики гостевания
являлись основой сплочения кочевников огромных степных пространств в
социокультурное целое» [134]. Бұл жазбадан қазақ дәстүрінің қай қайсысы
болмасын оның өзіндік мәні мен маңызының, туу және қалыптасу тарихының
бар екендігін аңғару қиын емес. Негізінен қонақжайлық салтта адамның жеке
басының қасиеті ғана айқындалмайды, оның адам ретіндегі дәрежесін, биік
болмысын көрсетеді. Әрбір қазақтың бойына қасиет болып дарыған бұл әдет
көшпенді халықтың әлеуметтік мәдениетімен байланысты әрі бұл тұтастай
алғанда түрлі аймақтар мен өңірлердегі адамдардың бастарын біріктіретін
тәжірибесі ретінде бағаланады.
«Біржан сал» фильмінде бойына бірнеше өнер түрін жиған біртуар
тұлғаның шығармашылығы ғана емес, оның ішкі әлеміндегі күйзеліс-
толқынысы, Ләйлімге деген ғашықтық сезімі баяндалады. Өмірдің қиын-қыстау
белесінде қиындықты көп көріп, жақсы мен жаманды адамның бет-пішінен
танитын деңгейге жеткен Біржан жас қыздың өзгеше болмысын бірден ұғады.
Өздері қонаққа келген Көлшік ауылының әзіл-қалжыңы жарасқан жастары
оларды елдің шетіне дейін шығарып салу көрінісінде қыз-жігіттердің арасында
Ләйлімнің жоқтығы бірден байқалады. Осы сәтте көзімен де, жан дүниесімен де
сұлу аруды іздеген Біржанның көңілі бір мезгіл кірбің тартқандай болады. Ал,
киіз үйінде Біржанға орамал сыйлауға дәті бармай отырған Ләйлім ақыры
қоштасуға келуге бел байлап, жастарға қарай атпен шауып келеді. Нәзік
саусақтары дірілдеген қыздың шын ниетімен қабылдауын өтініп, өзіне орамал
ұсынған сәтте жігіт қатты толқып, біразға дейін өз-өзіне келе алмайды. Біржан
көңіл-күйінің тебіренісі мен оның атының бір орында тыным таппай
тықыршыған күйін параллельдікпен берген оператор Рифкат Ибрагимов бұл
көріністің көрерменге беретін ерекше әсерін алдын-ала жазбай таныған.
Жоғарыда айтып өткен осындай көріністер режиссердің ұлттық салт-
дәстүрден мол хабары барын аңғартады. Соның бірі – мағынасы терең бата
беру көрінісінің қисынды суреттелуі дейміз. Ел сыйлаған ақсақалдар
батасының мазмұны халықтың жарқын болашағына ақ жол тілеуден тұрады.
Демек, мұның астарында бүтін бір елдің келешегіне деген сенім, ұрпағына
аманат сарыны жатыр. Ал, фильмдегі Ләйлімнің талантына, орындаушылық
шеберлігіне тәнті болған Біржанның оған бата беруі біріншіден – жас қызға
деген өзінің сүйіспеншілік сезімінен болса, екіншіден – таза өнерді жан
дүниесімен түсінгендігінен еді. Жалпы фольклордың бір көрінісі болып
табылатын бата беру рәсімі бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отырған басты
дәстүрлердің бірі. Аталмыш фильм осындай ұлттық сипаттарды шығармадағы
оқиға-көріністермен байланыстыра отырып, насихаттауда көп ұтқан. Ұлттық
фольклордың қандай шығарма үшін де маңыздылығын Ресей кино сыншысы
94
Валерий Фомин: «Каждый шаг персонажа, любая его функция в повествовании
обретают свойства открытой метафоры, вырастают до поэтического
обобщения. Динамический сюжетный ряд выходит на границу сюжетной
статики. Повествование становится все более и более условным по своей
форме. На экране рассказываются такие истории, которые зритель может
увидеть только в кино. Но никогда в жизни» [135, С. 59], – деп түсіндіреді.
Жалпы біз фольклорлық дәстүрдің әсерін қарастыра отырып, фильм
көріністерінен тек оқиғаны, сюжеттік байланыстарды, көркемдік тәсілдерді,
фольклорлық эпикалық кеңістікті сезудегі әрі уақытты ауыстырудағы
белгілерін ғана көрмейміз. Сонымен қатар кино өнерінің өзіндік жүйесіне
қатысты осындай талаптармен бірге символдық ерекшеліктер мен метафоралық
сарындарды да байқауға міндеттіміз. Мысалы, фильмнің басындағы кіршіксіз
аппақ, ұлпа қар қазақ халқының ұғымында тазалықтың, адалдықтың, әділдіктің
белгісі саналады. Яғни, бұл – режиссер қиялындағы ұлттық тазалықтың
нышаны.
«Біржан сал» фильмі халықтың өткен тарихын ұғынуда жаңаша бетін
ашқан тамаша құбылыс екенін көрсетеді. Оның барлық көркемдік концепциясы
адамдардың жандары бір-біріне кең болған уақыттың атмосферасын береді.
Ақыр соңында талантты актерлар шоғыры, әрі Төлеген Мұхамеджановтың
тамаша музыкасы, сәтті режиссерлік, сценарлық табыстар, – бәрі де көркемдік
бейненің тұтастығын сезінуге мүмкіндік береді, оның үстіне таза күйінішті
тудыратын экранда өтіп жатқан оқиғаның шынайылығына бір сәтке болса да
сенім әкеледі. «Біржан сал» фильмінің пайда болуымен қоса қазақ өнерінің
ежелгі дәстүрімен диалог құру шеберліктеріде бүгінде үлгі болды.
Тәсіл мәселесін үш жақты қарастырған С.Эйзенштейн кинематографиялық
тәсіл ретінде өзінің режиссерлік тәсілін алған, ал реализм бойынша кеңестік
кино өнерінің тәсіліне бағынған. Әрине онымен келіспеуге болмайды. Сол
сияқты ең көлемді аспектіні де қарастырған ол кино өнерінің өзіндік
философиясын, «шынайылықтың үлгісіне» жақын теориялық-танымдық келісім
арқылы идеялық түсініктің жеткілікті кеңістігін және оның композициялық
көркемдігін іздестірді. Қазақ кино тарихындағы Хамит («Бандыны қуған
Хамит»), Керім («Про любовь дружбу и судьбу»), Қалдан-Церен
(«Көшпенділер»), Құнанбай («Құнанбай»), т.б. фильмдерде түрлі мінездегі
қаһармандарды сомдап, отыз жылдан астам уақыт шығармашылық тұрғыдан
тәжірибе жинау арқылы режиссерлік өнерге ат басын бұрған Д.Жолжақсынов
та ең алдымен шығарманың композициялық құрылымына, идеяның
ауқымдылығына, тақырыптың өзектілігіне баса назар аударған.
Сюжеттік жасалым сценарий мәселелерімен тығыз байланысты. Сол
сияқты көркем әдебиет шығармаларының кинода экрандалуының маңызы өте
өзекті. Өйткені қазақ халқының патриоттық сезімінің, еркіндік, туған жерге
деген шексіз махаббат, мейірімділік, бостандық сүйгіштік сынды қасиеттерінің
экран арқылы берілуі өскелең ұрпақ үшін үгіт насихаттық роль атқарады. Сол
тұрғыдан алғанда жоғарыда аталған «Көшпенділер», «Біржан сал»
фильмдерінің айтар ойы жағынан, қисынды өрілген сценарийлік құрылымы
95
жағынан және экрандық-бейнелеу тәсілінің ұтымды шешімдерге негізделуі
жағынан қазақ кино тарихында маңызды орны бар.
Жалпы техника мен технологияның қарқыны артқан ХХІ ғасырда озық
жетістікке жетіп отырған кино өнерінің дамуы елімізде әлі де болса кемшін
түсіп жатыр. Мұның халықтың рухын көтеріп, рухани-эстетикалық талғамын
арттыратын негізгі функциясын түсінбей отырмыз немесе оны дұрыс пайдалана
алмай келеміз. Кинематографияның өкілдері «Келинка Сабина», «Бизнес по
казахский», «Побег из аула» тәрізді жеңіл әрі кассалық комедиялардан гөрі
түсірілуге тиісті маңызды тақырыптарды алдын ала жоспарлап, сол арқылы
ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді
ұрпақтың санасына сіңіруді қолға алса мәселенің түйіні дұрыс шешілген де
болар еді. Себебі, бірегей ұлт болып қалыптасу үшін, қай жағынан болса да
(білім, ғылым, өнер, экономика, т.б.) дамыған елдермен тең дәрежеде ой
салыстыра алу үшін, сонымен қатар өзінің тарихы мен әдебиетін тану үшін
кино өнерінің насихаттық маңызы зор.
Ширек ғасырдан астам уақыт толған тәуелсіздік ұғымын жадағай түсінбей,
қолдағы барды қанағат тұтпай, қазақ халқының өткені мен бүгінін, оның
әлеуметтік-азаматтық сипатын экран арқылы көрсету жолында көркем
дүниелерді сұрыптап, салмақтап, саралап барып ұсыну әрбір киногердің басты
міндеті болуы тиіс. Сол кезде мұның ұрпақ тәрбиесі алдындағы өзіндік
міндетінің орындалғаны болып саналады.
Табиғаты бөлек, барлық елдің мәдени өмірінен ойып тұрып орын алатын
өнердің, оның ішінде театр мен кинематографияның шығармашылық
адамдарынан жан-жақты ізденісті, үлкен қажырлылықты талап ететіні анық.
Ендеше тәуелсіздік жылдарындағы қазақ театры мен кинематографияның
қалыптасу жолындағы ізденістер мен жаңарулар, тәжірибе жеткіліксіздігінен
болған кемшіліктер мен олқы тұстар жаңаша пайымдаулар жасаудың өзегіне
айналып, терең зерттеулерді қажет ететіні даусыз.
Осындай мәселелерді қамтыған диссертациялық еңбекте Д.Манабайдың
«Сұрапыл Сұржекей» фильмінде өткен ғасырдағы қазақ бастан кешкен нәубетті
көрсете отырып, халықтың толеранттық болмысын айқындап беруі, Т.Теменов
түсірген «Көшпенділердегі» ұрпақты ержүректілікке, батырлық пен
отансүйгіштікке баулу үрдісінің кең түрде көрініс табуы, Д.Жолжақсыновтың
«Біржан сал» картинасындағы сал-серілердің әлеуметтік орны, әншілік және
сазгерлік өнердің халықтық негізінің айшықталуы ұлттық сананың бірегей
сипаты болып табылады.
Ұлттық
тарихты,
халықтық
болмысты
айқындайтын
мұндай
шығармалардың өркениетке барар жолда көтеретін жүгі ауыр. Ендеше
жоғарыда аталған тарихи шығармалардың қазақ кино өнерінің қорында өзіндік
орны бар.
Достарыңызбен бөлісу: |