Туякбаева айгуль шаймуратовна



Pdf көрінісі
бет12/21
Дата09.10.2024
өлшемі1,53 Mb.
#205973
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Туякбаева-А.Ш.-Диссертация

2 бөлім бойынша тұжырым 
«Қазақ кеңестік кино өнеріндегі ұлттық құндылықтардың көрінісі» деп 
аталатын екінші бөлімде салт-дәстүрлердің экрандалуы, ондағы көркемдік-
экрандық шешімдердің эстетикалық ерекшеліктері, әдет-ғұрыптарды кино тілі 
арқылы 
кескіндеудегі 
режиссерлік 
ізденістер 
талданды. 
Мәселен, 
Ш.Аймановтың «Тақиялы періште» музыкалық комедиясындағы Тайлақтың 
батырға тән сом тұлғасын, жан дүниесі таза, нағыз ауыл қазағының 
бейнесіндегі Тананың аналық мейірімін, кейіпкерлер киімдеріндегі ұлттық 
нақыштарды: Тайлақтың оюлы тақиясын, ананың қамзолы мен жаулығын, т.б. 
қазақ халқының рухани сұранысын қанағаттандыратын көркем туынды ретінде 
қарастырдық. Сол сияқты соғыстан кейінгі ауыртпалық, сталиндік қиын 
жылдардың тұрмысы суреттелетін С.Нарымбетовтің «Көзімнің қарасы» 
картинасындағы бейкүнә адамдарға көрсеткен кеңшілік, қонақжайлық 
танытқан қазақ жұртының бірегей бейнесінің өзге елдерге үлгі болуға лайықты 
екендігі аталмыш зерттеу жұмысында кеңінен айтылды. Сонымен қатар 
аталмыш бөлімде Т.Өкеевтің «Көксерек» кинокартинасының қазақ халқының 
фольклорлық дәстүрін өзінше қайта түрлендірген туынды саналатындығы 
сараланды.
«Қыз Жібек» фильмінде режиссер С.Ходжықовтың көшпенділер салтын, 
рәсім-жоралғысы мен дәстүр-ғұрпын, олардың рухани-материалдық бай 
мұрасын аталмыш шығарманың ауқымына жекелеген панорамалар және орта-
ірі, алыс-жақын ракурстар арқылы сыйғыза алғандығы, бастан-аяқ қолданылған 
ұлттық бояулар: үйлену, ауыл-ауылдың үнемі ауысып отыратын мекен-
жайлары (қыстау, жайлау), дала жұртына тән ата берген батаның моральдық-
психологиялық әрі дәстүр жағынан құндылығы, күмбірлеген домбыраның асқақ 
үні, Төлеген мен Бекежан арқылы байқалатын жаугершілік уақыттың өзіндік 
тыныс-белгілері, Төлегеннің өлімін жеткізген Бекежанның үш жүз билерінің 
қатал шешімімен елден аластатылуы дала заңының қаталдығын аңғартады. Ал, 
В.Пұсырмановтың «Тоғызыншы ұлдан сақтан» қаһармандық ертегісінде де 
зұлымдық пен мейірімділік, адалдық пен сатқындық таразыға түсіп, батырдың 
ел қорғауды, елі мен жерін сыртқы жаудан азат ету идеясы алға тартылады. 


78 
Мұның жас жеткіншектерді батырлыққа, батылдыққа үйретіп, олардың 
патриоттық сезімін арттыратыны анық.
Жалпы қазақ халқы ұлттық музыка аспабы саналатын домбыраны 
ғасырлар бойы кие тұтқан және бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасын тауып 
келеді. Бұл біріншіден – ер жігіттің, оның ішінде сал-серілердің негізгі серігі 
саналады, екіншіден – халықтың зары мен мұңына өзгеше үн қосатын қасиеті 
бар, үшіншіден – тарихты жалғастырушы функциясын айта аламыз. Ұрпақтан 
ұрпаққа мұра ретінде берілетін домбыра өзінің сиқырлы үні арқылы рухани 
күш беріп отырады деген түсінік бар. Өскелең ұрпақтың рухани талғамын 
арттырып, мәдениетін қалыптастыратын мұндай туындылардың сюжетімен 
таныстыруды бала кезден жүзеге асырған жөн. Мұны олар белгілі бір 
сыныптың оқу бағдарламасы арқылы білуге мүмкіндік алуы тиіс. Осы 
мәселелер аталмыш бөлімде кеңінен қарастырылды. 
Сол сияқты Ш.Аймановтың «Атамекен» картинасындағы қазақ үшін өте 
маңызды – ұрпақ мәселесінің көтерілуі, олардың экрандалуындағы режиссерлік 
шешімдер аталмыш жұмыста жан-жақты зерттелді.
М.Бегалиннің «Мәншүк туралы ән», А.Қарсақбаевтың «Қилы кезеңде», 
Т.Өкеевтің 
«Көксерек», 
Ш.Бейсембаевтың 
«Гауһартас» 
фильмдерінің 
көркемдік ерекшеліктері қарастырылды. Аталған фильмдердегі халқымызға тән 
салт-дәстүрлердің экрандағы көрінісі талданды. 


79 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет