Туякбаева айгуль шаймуратовна



Pdf көрінісі
бет9/21
Дата09.10.2024
өлшемі1,53 Mb.
#205973
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Туякбаева-А.Ш.-Диссертация

1 бөлім бойынша тұжырым 
Зерттеудің «Қазақ кино өнеріндегі руханилықты зерттеудің мәдени-
теориялық негіздері» атты 
бірінші бөлімінде
өткен ғасырдан бастау алған 
ұлттық кино өнеріне қазақтың ұлттық сипаттын айқындайтын фольклордың, 
оның ішінде салт-дәстүрлердің ықпалы және халықтың рухани-мәдени 
өміріндегі тұрмыстық-салттық ерекшеліктер сараланды. Ұлттық мәдениеттің 
тұтас бір қоғамды құрайтындығына, салт-дәстүрлердің әлеуметтік тұжырым 
екендігіне, оның кеше мен бүгінді, бүгін мен ертеңді байланыстыратын жүйе 
саналатындығына, тарихи байланысына және әрбір жаңа ғасырдағы, яғни жаңа 
дәуір 
сайын 
трансформациялану 
үрдісіне 
баса 
назар 
аударылды. 
Кинофильмдердегі сюжет-оқиғаларда кездесетін ұлттық нақыштар халық ауыз 
әдебиетінің фильмде қолданылуы олардың сол шығарманың идеясымен кірігіп, 
үлкен бір ой-тұжырымды меңзеуі ғылыми жұмыста арнайы сараланды.
Шілдеханадан бастап жерлеу рәсіміне дейінгі түрлі салттарда, халықтық 
түрлі мерекелерде орындалатын ойын-сауықтарда, сал-серілер өнері мен 
суырыпсалма ақындардың шығармашылығында тек қана қазақ ұлтына тән 
белгі-сипаттар жатыр. Сол сияқты отбасы тәрбиесіндегі ата дәстүрдің аса 
маңыздылығын, ер баланы жұртын қорғайтын ер азамат деңгейіне жеткізудегі 
әрекеттердің бүтін бір ел үшін қажеттілігін байқау қиын емес. Зерттеуде 
қазақстандық режиссерлердің көптеген фильмдерінен осындай дәстүрлік 
сипаттардың орын алғандығына баса назар аударылды. 
М.Левиннің «Амангелді» фильмінде ата кәсіп болып саналатын – ұсталық 
өнер, басты кейіпкердің бойынан еркіндікке ұмтылыс, туған жері мен ел-
жұртына деген ерекше сүйіспеншілік, батырдың қарсыласын шешендік өткір 
тілмен осып отыру тәрізді дала қазағына тән қасиеттердің басым 
көрсетілгендігі, жұбайы Балымның көркемдік бейнесінің халықтық-эпикалық 
ертегілер мен тарихи шығармаларда кездесетін Томирис, Назым, Құртқа, 
Қарашаш, Бопай сынды ер мінезді қыздар мен әйелдер болмысының негізінде 
жасалғандығы ашып айтылады. Кино картинаның кеңестік тәртіптің мызғымас 
уақытында түсірілгенімен қазақтың ұлттық салт-дәстүрін ең ықпалды үгіт-
насихат құралы саналатын кино өнері арқылы одақтық үлкен экранға 
шығарғандығына үлкен маңыздылық берілді. Сондай-ақ, «Жамбыл» фильмінде 
Жамбыл Жабайұлының суырыпсалмалық таланты, режиссер Е.Дзиган оқиғаны 
Сүйінбайда бала Жамбылға мұра болып қалған домбыраның төңірегінде құруы, 
А.Карповтың «Ана туралы аңыз» фильміндегі ана бейнесінің тарихи-
фольклорлық шығармалардағы ар-намысымен бірге өмір сүретін қаһарман-
әйелдермен параллельдікте алынуы, Ш.Аймановтың «Алдар көсе» фильміндегі 
халықтық бейне – Алдардың сөзге шешендігімен, ерекше көрегендік қасиетімен 
халыққа жақын тұратындығы, бақсылық өнердің көрінісі, сыңсу дәстүрі, 
А.Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» картинасындағы әже мен немеренің, ана 


47 
мен баланың арасындағы тұнық сезім, ұлттық бояумен әрлеген аппақ киіз 
үйлер, ат жарыс, қыз қуу, күрес, алтыбақан, бәйге, көкпар тәрізді ұлттық 
ойындар, айтыс өнері мен би түрлері, т.б. кино тілінде жанды суреттелуі, 
осындай ұлттық бояу-нақыштардың қазақ мәдениетінің артуына ықпалы нақты 
дәйек-деректер негізінде талданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет