9
– отандық фильмдердегі салт-дәстүрлерді қарастыра келе қазақ халқының
әлеуметтік-мәдени дамуындағы ұлттық сана көріністері бағамдалды;
–
кеңестік
және
тәуелсіздік
кезеңдеріндегі
Қазақстан
кинематографиясында ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бейнеленуінің
негізгі тенденциялары анықталды;
– ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дамыту және сақтау үшін
халықтық салт-дәстүрлердің кинематографияда бейнеленуінің маңыздылығы
дәлелденді;
– жаңарумен және жаһанданумен сипатталатын қазіргі кездегі қазақ
киносының трансформациясы бүгінгі қоғамда жүзеге асып жатқан әлеуметтік
өзгерістер ауқымында түйінделді.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар
– кинематографиядағы салт-дәстүрлер ұлттық бірегейлік қалыптастыратын
құнарлы негіз болып табылады, халықтың өзіндік келбетін сақтауға септігін
тигізеді. Қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін тарихи тамырдан
ажыратпаудың қуатты күші болып есептеледі;
– кез келген халықтың рухани мәдениетін айшықтап көрсететін салт-
дәстүрлердің кинематографиядағы көрінісінің ұлт мүддесіне сай шешімдері
объективті түрде қарастырғанда айқындалады. Тәуелсіздік жылдарында
жарыққа шыққан
фильмдердің мазмұн-идеясы көпшілікті рухани
құндылықтармен қайта таныстыру принципі мен үдерісін тереңдете түседі;
– қазіргі жаһандану дәуіріндегі заманауи шығармалар идеяларының
халықтық-әлеуметтік мәселелерге бағытталғандығы сценарий мен режиссерлік
шешімдердің өзара үйлесімінде көрінеді;
– ұлттық салт-дәстүрлерді кинематография арқылы көрсету ұлттық
мәдениетті сақтау ісінде және алдағы уақыттағы бірегей дамуда айырықша
маңызды аспект болып табылады;
– халықтық әдет-ғұрыптар өзіне үлкен дидактикалық функция жүктейді
және кинематография өзінің синтетикалық табиғатына сай рухани
құндылықтарды трансляциялайтын аса үздік тәсіл болып табылады;
– экран арқылы бейнеленген ұлттық салт-дәстүрлердің көрінісі
жалпыадамзаттық, жалпыхалықтық мәдениетті насихаттауымен, рухани-
эстетикалық маңыздылығымен ерекшеленеді;
Достарыңызбен бөлісу: