Туякбаева айгуль шаймуратовна


Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата09.10.2024
өлшемі1,53 Mb.
#205973
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Туякбаева-А.Ш.-Диссертация

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері
Докторлық диссертацияның теориялық және әдістемелік негізіне кешенді 
түрде қарастырылып отырған қазақ кинематографиясындағы ұлттық дәстүрлер 
мен жөн-жоралғылардың орын алуын талдау принципі алынды. Сондай 
бағыттағы зерттеу, кәсіби саралау жұмысына шетелдік, ресейлік және отандық 
ғалымдардың теориялық ой-тұжырымдары негіз болды. Отандық ғалымдар 
К.Смайлов [14; 25], Б.Нөгербек [10; 26; 27], С.Қасқабасов [15], Г.Әбікеева [13], 
Н.Рахманқызы [11], т.б. қазақстандық кино өнерінің өзіндік ұстанымдары мен 
бағыттарын, қазақ тарихы мен этнографиясының ерекшелігін жан-жақты 
талдаған ғалымдардың әр жылдары жарық көрген ғылыми зерттеулері 
пайдаланылды. Сол сияқты Ш.Уәлиханов [28], Ш.Құдайбердиев [29; 30], 



Ж.Молдабеков [31], Қ.З.Халықов [32], С.Нұрмұратов [3], т.б. философтардың 
ғылыми-теориялық еңбектері де қажетіне қарай қолданылды.
Ұлттық сана мен болмысты тану барысын, оның рухани күшін және 
халықтық салт-жоралғылардың экрандалу мәселесін анықтау зерттеуге 
теориялық және әдіснамалық негіз ретінде алынды. «Канн», «Оскар» тәрізді 
халықаралық кинофестивальдарда көрсетілген «Көшпенділер», «Қызғалдақ» 
т.б. фильмдер де зерттеу жұмысының негізгі көзіне айналды. Аталмыш 
диссертациялық 
тақырыптың 
мәселесі 
мәдениеттанушылық 
және 
өнертанушылық, тарихи және этнографиялық тұрғыдан зерттеуге байланысты 
екендігі анық. Сондықтан қазақ дәстүрі мен салтының отандық 
киношығармалардағы көрінісін зерттеп-білуге деген тарихи-кинотанушылық, 
компаративистік
 
тәсіл
 
ғылыми еңбектің басты әдістемелік негізі болып 
табылады. 
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
Диссертацияда қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің киношығармалардағы 
орнына, оны экран арқылы бейнелеудің эстетикалық мәніне толыққанды әрі 
жүйелі өнертанушылық талдау бірінші рет жасалып отыр. Кеңестік кезең мен 
тәуелсіздік тұсында жарыққа шыққан кинокартиналардың ұлттың рухани-
мәдени құндылықтарға деген сұранысын қанағаттандыру мәселесі ғылыми 
еңбекте алғаш рет зерттелді. Соның ішінде «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», 
«Тоғызыншы ұлдан сақтан», «Көшпенділер», «Гауһартас», «Бақсы», т.б. 
классикалық, тарихи және заманауи бағыттағы кинокартиналардағы ғұрыптық-
тұрмыстық ерекшеліктерге алғаш рет кең түрде ғылыми талдау жасалды. 
Аталмыш кинотуындыларға бүгінге дейін республикалық баспасөздерде 
публицистикалық негізде пікірлер жазылып, ғылыми-теориялық конференция 
жинақтарында және ұжымдық монографияларда жеке дара мақала ретінде 
жарияланғанымен ғылыми тұрғыда кешенді жүйеленген жоқ. Талдауға алынған 
шығармалардағы ұлттық дәстүрдің орнын, халықтық маңыздылығын сұрыптап, 
саралаған толыққанды ғылыми еңбектің жоқтығы докторлық диссертацияның 
жаңалығы болып табылады. Бұл қазақ киносының тарихи даму жолын
шығармашылық тенденциясын кәсіби негізде талдап-зерттеген К.Сирановтың 
[9], К.Смайловтың [14; 25], Б.Нөгербектің [10; 26; 27], Г.Әбікееваның [13] 
ғылыми еңбектерінен және С.Елубаевтың [33], Р.Оспанованың [34] ғылыми 
мақалаларынан өзге бүгінгі көзқараста тұңғыш рет ғылыми жүйеге түсірілген 
зерттеу еңбек болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет