Туякбаева айгуль шаймуратовна


Диссертацияның теориялық және практикалық маңызы



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата09.10.2024
өлшемі1,53 Mb.
#205973
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Туякбаева-А.Ш.-Диссертация

Диссертацияның теориялық және практикалық маңызы 
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-теориялық маңыздылығы дәстүрлі 
әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың Қазақстан кинематографиясында 
бейнелену спецификасын талдаумен құнды саналады. Зерттеудің ғылыми 
нәтижесі өнертану, оның ішінде кинотану ғылымы үшін, сондай-ақ, ұлттық 
салт-дәстүрлердің экранда суреттелу мәселелерін тәжірибе барысында 
қарастырып отыратын сценарий авторлары мен кино режиссерлерге өте қажетті 
әрі маңызды еңбек болып табылады. Кинотанушы-теоретиктерге аса маңызды 
саналатын ғылыми жұмыстың оқу-әдістемелік құндылығы да жоғары. 
Докторлық диссертацияның теориялық тұжырымдарын жоғарғы оқу орындары 
мен өнер колледждерінде «Әлемдік кино тарихы», «Қазақ киносының тарихы», 


10 
«Кино сыны», «Мәдениеттану» пәндеріне қосымша курс ретінде қолдануға 
болады. Сондай-ақ, киностудияларда, жеке өнер мектептерінің оқушыларына 
«Кино тарихы», «Кино режиссурасы», «Бүгінгі кино үрдіс» сияқты арнаулы 
курстар бойынша семинар-дәрістер оқуға болады.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және олардың енгізілуі
Зерттеуден алынған негізгі нәтижелер бойынша 10 мақала жарық көрді. 3 
мақала – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және 
ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған журналдарда; 3 мақала – 
Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми 
журналда; 5 мақала – отандық және шетелдік халықаралық ғылыми-тәжірибелік 
конференция жинақтарында жарияланған. Докторлық диссертацияның 
мазмұны Үндістаннан шығатын SCOPUS тізіміне енген «Indian Jornal of Science 
and Technology» журналына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
саласындағы бақылау комитеті бекіткен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
Хабаршысында, Қазақстанның ғылымы мен өмірі журналында жарық көрген 
мақалаларда, 
халықаралық 
ғылыми-теориялық, 
ғылыми-тәжірибелік 
конференцияларда жасалған баяндамаларда берілді. 
Докторлық диссертация Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер 
академиясының «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасы мәжілісінің 
отырысында талқыланып, қорғауға ұсынылды. Хаттама № 3. 14 қыркүйек,
2019 жыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет