Туякбаева айгуль шаймуратовна



Pdf көрінісі
бет14/21
Дата09.10.2024
өлшемі1,53 Mb.
#205973
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Туякбаева-А.Ш.-Диссертация

 
 
 


96 
3.2 Заманауи қазақ киносындағы салт-дәстүр мен рухани 
құндылықтардың орны 
Кез келген өнер адамының қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-мәдени өзгерістер 
мен модернизациялау үдерісіне үн қосып отырған әлем төңірегінде өзіндік ой-
толғаныстарын білдіріп отырғаны белгілі. Ал, қазақ өнерін, оның ішінде 
киноны халықтың мүддесін қорғап, саналы ой өрбітетін бірден-бір мемлекеттік 
тетік дейміз. Әрбір көрерменнің көңілін шаттыққа баурап, рухани-эстетикалық 
талғамын арттыратын бұл өнер өзіміз өмір сүріп отырған өмірдің айнасы 
саналады.
Қазақтың ұлттық кинематографиясы еліміздегі ең алғашқы 1938 жылы 
түсірілген «Аманкелді» фильмінен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта 
ұлттық болмыс пен дүниетанымды қалыптастыру жолында көптеген көркемдік-
шығармашылық игі бастамалардың көшбасшысы болды және әлі күнге дейін 
сол бағытынан ажыраған жоқ. Сонымен қатар қоғамдық салмақты пікірлердің 
қалыптасуына, халықтың өркениетті дамуы жолындағы келелі істердің дұрыс 
шешім табуына көпшілікті тарту жолындағы атқарған қызметі зор. Бұған біздің 
зерттеу жұмысымызға арқау болып отырған кинематографиядағы салт, 
жоралғы, дәстүрлердің роліне жасалған сараптама дәлел бола алады.
Қазақ өнеріндегі жаңару ұлттық мәдениеттің заманауи талаптарына сәйкес 
бейімделуге негізделген. Әлемдік көркемдік тәжірибеде тексерілген қажетті 
әдіснамаларды әлемдік тарихи-мәдени үрдістерге сәйкес пайдаланып отыр. 
Жаһанданудың өзімен бірге дүниені біртұтас ақпараттар технологиясына 
айналдыруды алып келуі қазақ халқының геосаяси және мәдени орны, әлемдік 
мәдени дамудың қандай деңгейінде тұрғандығы жөніндегі мәселелерді 
анықтауымен дәлелденеді. Қазіргі жаһандану кезінде Қазақстан халықтарының 
дәстүрлі құндылықтары мен төлтума мәдениетінің идеалдарына қысым 
көрсетілуі мүмкін. Себебі, «жаһандану» ұғымы дүниежүзі халықтарының бір 
бағытта өмір сүруіне алып келуін, сөйтіп ұлттық болмысқа сұраныстың 
болмауын байқатады. Сондықтан қазақ халқы үшін әлемдік дамуға үлес қоса 
отырып, батыс-еуропа мәдениетінің нормаларымен қарым-қатынас жасау 
арқылы бірін-бірі толықтырып, түбінде өзінің мұрасын сақтауға ұмтылуы тиіс 
және дамудың негізгі тетігін сол бағытқа бұрып отыр. Нақтырақ айтқанда, 
қазақ мәдениеті мен ұлттық өнердің батыс мәдениетіне қарсы тұруға қабілетті 
болуына мүмкіндік жасау. Бұл үрдіс тәуелсіздік жылдарында түсірілген 
киношығармаларда айқын көрініс тапқан.
«Батыр Баян», «Жүсіп хан» поэмаларының және «Мен жастарға сенемін», 
«Гүлсім», «Жәмила», т.б. көптеген лирикалық өлеңдердің авторы Мағжан 
Жұмабаевтың шығармалары күрделі де қызықты эпизодтарға толы болып 
келеді. Көрнекті қаламгер қандай шығармасында болмасын қазақ халқының 
тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, адамдардың терең қатпарлы психологиясын 
оқырманына асқан шеберлікпен жеткізеді. Алаш қайраткерінің «Шолпанның 
күнәсі» әңгімесі бойынша түсірілген «Күнә» фильмінде ұлттық бояу қанық 
шыққан. 


97 
Фильмнің қысқаша сюжеті мынадай: жас қыз Шолпан Сәрсенбай атты 
жігітке тұрмысқа шығады. Сәрсенбаймен бірнеше жыл отасқан Шолпан өзін 
әлемдегі ең бақытты жан сезінеді. Сол бақыттан айырылып қалмау үшін ол 
күнәға барады. Ол күнәсі – Жаратқаннан күнде жалбарынып сүйіктісі 
Сәрсенбаймен екеуінде бала болмауын тілеуі. Егер сүйген жарымен екеуінің 
арасында бала болса, Сәрсенбайдың барлық сезімі балаға кетеді деп қорқады. 
Алайда уақыт өте келе аналық сезімі бірте-бірте оянған келіншек қатты 
қателескенін байқайды. Оған тағы бір себеп, ерінің көрші баласының тәтті 
қылықтарын қайта-қайта айта беруі еді. Ақыры Сәрсенбайдың бедеу екеніне 
көзі жеткен Шолпан қалай да балалы болуы үшін іштей жоспар құрады. Сөйтіп, 
баланың әкесі болуға лайықты деп, өзіне біраздан бері көз салып жүрген 
Әзімбайды таңдайды. Алайда ойламаған жерден өзінің киіз үйінің маңында жас 
жігітті көріп қалған Сәрсенбай ашуға булығып, Шолпанның өліміне себепші 
болады. Трагедиялық бояуы қанық шығарма біріншіден – адамдар арасындағы 
қатынастың нәзік (кейде қатал) иірімін байқатса, екіншіден – ұрпақ мәселесін 
алға тартады. 
Көркемдік 
деңгейі 
биік 
фильм 
әрекеттеріндегі 
кездейсоқтық 
парадоксалдық жүрістерімен бірге бұрылыстарының қызықтыра алғанымен де 
тұщымды болса керек. Мұнда Шолпанның теріс тілегінің орындалып, аяғында 
сол арман-тілегі өзінің ажалына себепші болғандығы баяндалады. Демек, мұнда 
тек жақсылықтан ғана үміт күтетін халықтың жарымы ырыс болып келетін 
жақсы сөзге деген үлкен маңыздылық беретіні анық байқалады. Адам 
психологиясының шытырман күйін суреттейтін аталмыш шығармада көрермен 
қазақ халқының өткенін тарихын тануға мүмкіндік алады. Кинокартинада 
«келін түсіру», «қазан жарыс», «отқа табыну», «аруаққа табыну», жерлеу 
дәстүрі және тазалану салты сияқты жоралғылар рет-ретімен көрсетілген.
Негізінде Б.Шәріп ақынның аталмыш дүниесіне жеңіл оймен келе 
салмағаны көрініп тұр. Фильмде көрсетілген қызықты әрі ерекше сюжеттен 
басқа табиғатпен үйлесім тапқан атмосфера, бойыңды шымырлататын сазды 
әуендер қосылып, тұтас бір әлемді құраған. Сол сияқты картинадағы тағдырдың 
талай теперішін көріп, данагөйлік деңгейге жеткен халықтың көкейінен шыққан 
әрбір сөзде үлкен мағына, маңызды астар жатыр. Негізінен кино өнеріндегі 
қуатты саналатын екі тетіктің бірі – сөз, екіншісі – көрініс.
Шынында да тіл тағдырына қатысты өзекті үш мәселенің қайсысын да 
назардан тыс қалдыруға болмайды. Себебі, жүйе-жүйесімен сөйлей білу 
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өміріміздің қай 
саласында болмасын қажет, бұдан кім-кімнің де бейтарап қала алмайтыны да 
аян. Сөйлеу мәдениеті – ауыз екі тілге қатысты мәселелердің ішіндегі ең 
маңыздысы. Сонымен қатар тіл мен сөздің, сөйлеу мәнерінің белгілі бір 
халықтың менталитетін, әдетін, халықтық бояуын, өткені мен бүгінін байқатып 
тұратын ерекшелігі бар. М.Жұмабаев та өзінің жалғыз әңгімесінде қарапайым 
баяндау, суреттеу тәсілімен-ақ кейіпкерлерінің психологиялық қиын тағдырын 
нақты штрихтармен ашып береді. Мұндағы Шолпанның да, Сәрсенбайдың да, 
Әзімбайдың да өзіндік мінез ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу тәсілдері бар. 


98 
Сәрсенбай қатқыл сөйлесе, Әзімбай майда тілімен жеңгесінің тамырын басудың 
әдісін таба білген.
Автордың ұлылығы да осындай әмбебаб тапқырлығында жатыр. Өзінің 
картинасы туралы «Біз бір жағынан өз фильмімізде ең алдымен – әйел сезімін 
әлеуметтік, тұрмыстық және қоғамдық жағдайдан тыс қарастырып әрі зерттеп 
алуға тырыстық және олардың өзінің адам ретіндегі қасиетін көрсеткіміз келді. 
Бұл оқиғада әр кейіпкердің өз шындығы өзіне қажет. Шындап келгенде – бұл 
өкінішке орай, соңы қайғыға айналған, басты кейіпкердің қаза болуы арқылы 
және дәл осы күйі бізге қорықпастан фильмді фольклорлық эпизодтармен 
толықтырып, ол арада автор ойына қайшылық тудырмайтын шешімі болмайтын 
жағдай еді» деп еске алады режиссер Б.Шәріп. Шынымен де фильмде әрбір 
қаһарманның өзіндік ішкі түйсігі, ұстанымы, жеке дара тағдыры мен сара жолы 
айқын көрініс тапқан. Режиссер тек бір кейіпкердің мінезін немесе 
психологиясын 
ғана 
көрсетуді 
мақсат 
тұтпай, 
керісінше 
барлық 
қатысушылардың дара болмысын экрандық параллельдікпен аша білген. Мұнда 
дұрыс болса да, бұрыс болса да барлығының ойы, өмір сүру дағдысы дұрыс, 
ешкімге күнә арту мүмкін емес. Яғни, режиссер басында жұбайлық өміріне 
кедергі келтіреді деген оймен Жаратқаннан бала бермеуін тілегенмен кейіннен 
сол жоқ баланың зары мен азабын тартқан Шолпанды да, әйеліне мейірім 
көрсете алмаған Сәрсенді де ақтайды.
Егер оқиға тіп-тіке сара жолмен, еш бұрылыссыз және бұралаңсыз өрістеп 
жатса, экспозициядан шарықтау шегіне және түйінге дейінгі көріністердің 
нәтижесі белгілі болса, онда көрерменнің де қызығушылығының болмайтыны 
белгілі. Мұндай жағдайда фильм сапасының төмендейтіні тағы бар. Көркем 
шығармаларда сюжет бағытын өзгертіп отыратын иірімдердің болуы керек. 
Сюжетті сондай күрт иірімдер арқылы өрбітетін оқиғаларды «иірімдік 
оқиғалар» деп атайды. Бірі екінші бөлімнің басында, ал екіншісі үшінші 
бөлімнің басында кездесуі мүмкін. Жаңа бір маңызды оқиға немесе 
кейіпкермен жаңаша шешім қабылдау шығармаға деген көрерменнің 
қызығушылығын арттырады.
Кейде екінші иірімдік оқиғаның әрекеттегі екі кезеңді көрсететін 
жағдайлар болады: ұшы-қиыры белгісіз жағдайдың ойламаған жерден нәтижесі 
табылып, мәселенің шешілу мүмкіндігі айқындала түседі. Яғни, бұл тұс – 
Шолпанның отбасын тек бала болғанда ғана сақтай алатынын түсіну сәті. Енді 
ол Жаратқан иесінен бала беруін жалынып сұрайды, бірақ барлығы тым кеш. 
Өкінішке орай, оның алғашқы тілегін орындаған Жаратушының оның сүйікті 
Сәрсенбайын ұрықсыз жаратуы оқиғаның мүлдем бөтен арнаға ойысуына 
ықпал етеді.
Көптеген дәстүр-жоралғылар орын алған картина ежелден келе жатқан 
әдемі салт – «келін түсіруден» басталады. Бұл жерде режиссер көрермен 
назарына жәй ғана киіз үйге кіруді емес, қазақ мәдениетінің өзгеше әлеміне 
енуді меңзейді. Қазақ салтында келіннің үйге оң аяқпен кіруінің өзінде үлкен 
мән-мағына бар. Бұл біріншіден – келіннің сол үйге деген құрметін білдірсе, 
екіншіден – алдағы отбасылық өмірінің оң болуын тілегені. Бұрын халық 


99 
арасында мынадай сенім болған: егер келін түскен үйдің бір адамы ауырып 
немесе бақытсыздық болса (біреу өлсе), онда келін қасірет әкелді деп, 
жамандыққа балаған. Салт бойынша келіннің атқаруға тиісті тағы бір міндеті – 
үйдің өзіне, қожайынға, отбасының барлық мүшесіне, үйдің шырағы саналатын 
отқа сәлем салу. Осындай ұлттық рәсімдердің барлығын жүйелеп көрсеткен 
режиссер жас келіннің шымылдығына ерекше әсемдік беріпті. Әртүрлі 
өрнектермен көмкеріліп, әдемі торланған шымылдықтың ақ түсі қазақ 
халқының ұғымында тазалықты, адалдықты білдіреді.
Аталмыш фильм әрбір эпизодында ұлттық дәстүрдің нышаны байқалып 
тұруымен ерекше. Мысалы, Шолпан – Д.Қашағанованың жағылған шамның 
сәулесі түскен терезенің алдында тұрып, Жаратқаннан оларға бала бермеуін 
тілейтін көрінісі. Яғни, бұл ежелден келе жатқан «отқа табыну» ырымын 
байқатады. Тағы бір эпизод ол – «қазан жарыс». Бұл дәстүр бойынша жақын 
туыстары, оның ішінде әйелдер жағы толғатқан жас келіншек нәрестені дүниеге 
алып келгенше қазандағы еттерін пісіріп үлгеруі керек. Бұл салт толғатып 
жатқан әйел мен қайнап жатқан қазан арасындағы текетірес іспетті. Бірақ әйел 
қазандағы ас піспес бұрын дүниеге нәресте әкелуге міндетті. Егер ол қазандағы 
су қайнамастан бұрын босанса, онда туылған баланың өмірі жеңіл, табысты әрі 
бақытты болады дегенді білдіреді. Әйел босанғаннан кейін «сүйінші» сұралады, 
одан соң шілдехана жасауға кіріседі. Жалпы «қазан жарыс» дәстүрі босанған 
әйел мен оның жақын туыстары үшін ғана емес, барлық ауыл адамдары 
қатысатын үлкен мереке. Яғни, бұл – асық ойыны, қол күрес, қазақша күрес, ат 
шабыс, айтыс, ән мен күй орындалатын салтанатты жиын.
Фильмдегі қызық та ерекше көңіл қойып, тамашалайтын эпизодтың бірі – 
жайлаудағы көріністе берілген кадр сыртындағы дауыс:
Бұлт жаңбырды тербетеді,
Жаңбыр шөпті тербетеді. 
Шөп жылқыны тербетеді, 
Жылқы қымызды тербетеді.
Қымыз жігітті тербетеді,
Жігіт аруды тербетеді.
Ару бесікті тербетеді,
Бесік баланы тербетеді. 
Бала елді тербетеді.
Бұл жолдар ең алдымен көк аспаннан, бұлттардан басталады да халықпен 
аяқталады. Бір қарағанда қарапайым тіркестер, ал, үңіліп қараған адамға терең 
философиялық мағына жатыр. Режиссердің осы тіркестерді экран арқылы қалай 
жеткізуді жан-жақты ойластырғаны байқалып тұр. Б.Шәріп қарапайым 
болғанмен адамның өмір жолын, табиғатты, қоғамды қисынды байланыстырып 
тұрған өлең тізбегін жайлау арқылы көшпенділердің өмір салтының басты 
элементі ретінде жеткізуді мақсат етіпті. Оның бұл әдісі фильмнің 
атмосферасымен, автордың айтар ойымен әдемі қабысқан. Сонымен бірге 


100 
жайлаудың сәнді көрінісі: жайылып жүрген төрт түлік, бие сауу және 
алтыбақан, арқан керу тәрізді ұлттық ойындар, т.б. да фильм мазмұнының 
ашылуына септігін тигізген. Сол сияқты өзінің күнәсін түсінген Шолпанның 
мұсылмандық жолды таңдауы, бақсының дуалауы, молданың Құран оқуы 
тәрізді көріністер де қазаққа тән салттардан хабардар етеді. Осы сөзімізге дәлел 
болуы үшін фильмдегі тағы бір кішігірім эпизодқа тоқталып көрейік. 
Шолпанның күйеуі Сәрсенбай аңшылыққа аттанады, кетіп бара жатып 
көршінің баласына тау арқарының «алшысын» әкеп беруге уәдесін береді. 
Фильм сюжетінің метафорасы ауылдан алыс кетіп, тау шатқалында жалғыз 
қалған Сәрсенбайдың артында із қалмағанын көріп, шошынуынан байқалады. 
Қазақ ұғымында ұзақ жол жүргенде артында табанының ізі қалмаған адамның 
өмір бойы баласыз, ұрпақсыз өтетіндігі жөнінде түсінік қалыптасқан. Осындай 
ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан астарлы ұғымдарды қалт 
жібермеуі режиссердің шығармашылық тапқырлығын аңғартады.
Сонымен қатар Б.Шәріп фильмдегі Сәрсенбай көрген түске де ерекшелік 
сипат береді және бұл режиссер үшін ойды астарлап жеткізудің ұтымды тәсілі 
болған. Фильмде, түсте бір қу өзбек Сәрсенбайдың атын алып, есекке 
айырбастап кетеді. Бірақ ол жәй ғана есек емес, айғыр мен есектің буданы – 
қашыр. Ал, қашырдың туу қабілеті жоқ, ол тұқымсыз, яғни бұл дегеніміз – 
ұрпақ жалғастығы болмайды деген сөз. Тағы да өзбек жігітінің Сәрсенбайға 
айтқан «Сенің атың менен көз алмайды, ал менің қашырым саған қарап үзіліп 
тұр...» деген зілді сөзі бар. Осы түс бойынша айтар болсақ, қазақ ұғымында 
харам саналатын есек малы жақсылықты білдірмейді, керісінше бұл 
мақұлықтың адамның түсіне енуінің және оның арғымаққа айырбасталып 
кетуінің арғы жағында бір сұмдықтың жатқаны анық. Ал, келесі бір түсінде 
Сәрсенбайдың ертоқымының жанында өзінің көкпардан жеңіп алған лағы емес, 
кішкене қозының пайда болуы оның әйеліне деген күдігін білдіреді.
Көлденең айналмамен түсірілген бір эпизодта өмірден өткен кісіні жерлеу 
сәті көрсетіледі. Мұнда қалың жұрттың көңіл айтуға келу салты, қаралы үйге 
жас қыздардың, аяғы ауыр әйелдердің және науқас адамдардың баруға 
болмайтыны барынша нақтылықпен баяндалады. 
Ремарка бірсарынды немесе кеңейтілген, кейде көркемделген көрініс 
береді. Шығармашылық талапқа ортақ дүние ретінде ремарканы болашақ 
дүниенің көркемдік деңгейіне алдын ала берілетін бағыт деп те айта аламыз. 
Ал, әрекеттің күшейтілуінің ең бір ұтымды тұсы оқиғаны жақсыдан жаманға 
немесе жаманнан жақсыға бағыттап жіберетін мүмкіндігінің шексіздігінде 
болса керек. Сондай көріністің бірі – Шолпанның тазару сәті. Мұны Б.Шәріп 
фильмнің финалына, яғни өмірмен қоштасар сәтіне жақындатыпты. Демек, бұл 
дүниемен қоштаспас бұрын келіншек барлық күнәсінен толықтай тазаруы 
керек. Ол үшін қырық шелек су қажет. Сөйтіп, нәзік денесіне тиген қатты 
таяқтан өлім халіне жеткен Шолпанның төбесінен қырық шелек су құйылады. 
Ақыры ана бақытын аңсаған әйелдің көз жанары мәңгіге сөнеді. 
Режиссер Б.Шәріп фильмнің тұтас бойына баласыз үйдің қоңырқай 
атмосферасын асқан шеберлікпен жасай білген. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-


101 
ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрімізді 
халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздің қарашығындай 
сақтап, ілгері дамытып отыру – өркенді де өнегелі іс. М.Жұмабаев та, Б.Шәріп 
те осы шығармалары арқылы сол дәстүр-жоралғыларды саралай отырып, 
қандай салтты болмасын тек жақсыға ғана негіздеуді үндейді.
Қазақ халқының жоғары рухани болмысы адамгершілік категория ретінде 
айқындалады. Ал, руханилық шынайы халық өнерінің жасампаздығын паш 
етеді. Қазақстан қоғамы түрлі ұлттар мен дара ұлыстар арасындағы бірлік пен 
келісім үрдісін ұстанады, сондықтан этностар арасындағы саяси келісім олар 
үшін негізгі бағыт болып саналады. Осындай саяси тақырыпқа негізделіп, қазақ 
халқының толеранттығын көрсеткен С.Тәуекелдің «Атажұрт» фильмінде діні 
де, ділі де бөлек бөтен жерге күшпен қоныстанған корейлердің еңселерін 
көтеруі, сол жаңа өмірге қадам басқан дара ұлттың тұрмыс-тіршілігі экран 
арқылы сәтті беріледі. Мұны режиссер көрерменге қазақтың қонақжайлылық 
салтын көрсетуге құрылған мизансцена арқылы байқатады. Қазақ ұлтының осы 
қасиетін БҰҰ өкілі Г Макдугалл мырза Женевада өткен адам құқы жөніндегі 
Кеңес отырысындағы баяндамасында: «Правительство и многонациональный 
народ Казахстана заслуживают высокой оценки за то, что в целом в обществе 
наблюдается межэтническая толерантность»[136], – деп бағалаған екен. Ал, 
орыс эрнографы В.Радлов қазақтар туралы былай деп жазған: «Народы 
Туркестана необычайно гостеприимны, гостеприимство старших передавалось 
детям как образец уважения к людям» [137, С 46].
Бұл пікірлер біздің кең 
байтақ Отанымызда өмір сүріп жатқан жүз отыздан аса этникалық топтың қазақ 
халқының руханилығын жоғары бағалағанына дәлел болып отыр. 
Халық даналығына өте ерте уақыттан осы күнге дейін үзілмей мәңгілік 
жалғасын тапқан жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар енеді. Демек, 
әрбір халықтың рухани құндылығы оның мәдени мұрасында жатыр. Ресейлік 
зерттеуші, тарихшы Мурад Аджи халықтың рухани мұрасын анықтай келіп, 
оны: «Алтай, даровавший тюркам дух и Бога Небесного, - святыня тюркского 
народа! Предки обожествляли Родину, называли ее раем земным. Это острое 
чувство осталосьв крови кипчаков. Ностальгия – болезнь тюркская. Она была. 
Даже когда не было тюркского языка и только зарождалась речь. Люди уже 
тогда с восторгом смотрели на вершины Алтая и не могли жить без них» [138, 
С 35]. Ендеше ұлттық дәстүрлер дамып әрі жалпыадамзаттық құндылықтармен 
қатар баюға бағытталған бүгінгі кезеңде қазақстандық қоғамның руханилық 
үдерісі үлкен маңыз алады.
Деректі кино түсірудің шебері атанған режиссер Сергей Дворцевойдың 
«Қызғалдақ» фильмінің оқиға желісі бірінен бірі туындайтын сюжеттік 
тізбектерге негізделген. Мұндағы трагикомизмнің түп тамыры ретінде субъект 
пен объектінің орындарын ауыстыру жағдаяты алынған. Қоршаған ортаның 
күшін айқындаймын деген Асхат толығымен басқа біреудің еркіне көніп, ығына 
жүруіне тура келеді. Дәл осындай күй шығарманың басты кейіпкерінің басынан 
өтеді. Фильмдегі оқиға-көріністің барлығы әскери-теңіз флотында борышын 
өтеген Асхаттың төңірегінде өрбиді. Әскери міндетін аяқтаған соң өзінің 


102 
Отанына оралған ол қойшы әпкесі мен жездесі тұратын елді-мекенге келіп, 
қойшы болады. Сөйтіп, өзінің туған өлкесін, кең байтақ қазақ жерін, әсем 
гүлдерге толы сұлу табиғатын, таңғы шықты жақсы көріп қалған Асаның да қой 
баққысы келеді. Алайда жергілікті өңірдің салты бойынша қой бағатын жігіт 
үйленген, отбасылы болуы керек және оның жары үй шаруашылығымен 
айналыса білуі қажет. Сөйтіп, ата-баба жеріне тұрақтанып қалуды көксеген Аса 
жездесімен бірге көрші шопанның ауылына барып, Қызғалдақ атты қызды 
ұнатып қалады.
Негізінен сюжет әртүрлі болуы мүмкін, алайда қандай тақырыптағы 
шығарма (саяси, әлеуметтік, тұрмыстық, қылмыстық, тарихи, патриоттық, т.б.) 
болмасын онда көбінде адам болмысын, оның мінез ерекшелігін тереңірек 
ашатын, сезімінің тұрақтылығын танытатын махаббат оқиғасы міндетті түрде 
болады. Ол түрлі шытырман оқиғалар тізбегіне негіз болуы мүмкін. Сол сияқты 
мұнда да қызға бір көргеннен ғашық болған жігіттің басындағы хал нақты 
штрихтармен берілген.
Бір қарағанда, көріністер тізбегіндегі барлық ой-мақсат ғасырлар бойы 
қалыптасқан дәстүрге сай келе жатқандай болып көрінеді, бірақ Қызғалдақтың 
көңілі басқа болып шығады. Асхат онымен қатынас орнатуға тырысқанымен 
өкінішке орай жігіттің мақсаты жуық арада орындала қоймайды. Өйткені 
көріксіз жігіт Қызғалдаққа ұнамайды. Жігіт бірнеше рет кездесуге 
тырысқанымен қыз тарапынан қарсылыққа тап болады. Алайда өзімен 
сөйлескісі келмей, тығылып қалған Қызғалдақты байқап қалған жігіт 
матроскасының жағасының сыртқы жағында салынған жұмақ өмірдің суретін 
көрсетеді. Бұдан кең далада тігілген ақ шаңқан киіз үйдің, болашақтағы 
бақытты өмірдің кескінін байқай аламыз. Сөйтіп, Асхат қызға жұмақ өмір 
сыйлайтынын, отар қой сатып алып, Батыс елдеріндегідей фермерлік 
шаруашылықпен айналысатынын, сырттай болса да жоғары білім алатынын 
жеткізеді. Алайда қыз жігіттің ешқандай сөзіне сенбейді. Оның барлық арман-
мақсаты қалаға кету еді. Қызғалдақты шын сүйген Асхаттың да бір мезет кең 
далада өмір сүргісі келген ойынан айнып, шуы көп қаланы қиялдауы сондықтан 
болуы мүмкін.
Асхат пен жездесі арасындағы сөз тартысы нағыз шопан болу үшін ең 
алдымен бес жыл шопанға көмекші болып тәжірибе жинауы керектігін 
түсіндіру төңірегінде өрбиді. Бірақ бұл жігіттің тезірек жүзеге асырғысы 
келетін өзінің жоспары бар. Қалаға кетуге бекінген ол жолға шыққанда жолда 
жоғалған қойын кездестіріп, оның төлдеуіне көмектеседі. Қозыға жасанды дем 
жіберіп, кішкентай ғана тіршілік иесінің өмірін сақтап қалуы жігіттің өзінің 
арманы мен мақсатына адал екендігін байқатады. Асхатты жалпақ даладағы 
бақытты, ауқатты өмір соншалықты қызықтырады, бірақ ол өзі ойлаған 
тіршілікті қалай жүзеге асыруды білмейтін еді. Себебі, көшпенділердің тұрмыс-
тіршілігі өте қиын және мал шаруашылығының тетігін табу оңай емес. Жылдың 
төрт мезгілінде малды күтіп-баптаудың өзіндік техникасы оны меңгермеген 
адамға түсініксіз болуы да мүмкін. Негізінен қазақтың тарихымен бірге 
жасасып келе жатқан дала заңы мен оның салттық канондары табиғатпен, 


103 
жаратылыспен тығыз байланысты. Әрі ұлттық әрбір дәстүрдің өзіндік 
философиялық мағынасы бар. Ата салтпен бірге өмір сүру кімге де болмасын 
жауапкершілік жүктейтіні рас және мұның өзіндік қиындықтары да бар.
Жалпы «Қызғалдақ» фильмінің сценарийі қисынды құрастырылған деп 
айта аламыз. Мұндағы иірімдік оқиғалардан жоғарыда айтып өткеніміздей адам 
баласының табиғатпен үйлесімділігін, сол арқылы әлеммен байланысқанын 
көреміз. Әрине шығарманың кейбір кадрлары көрерменге түсініксіз болуы 
мүмкін, ол тіпті қарсылық тудыруы да ғажап емес. Өйткені қазақ жігітінің 
мінез-болмысы өзгеше: салмақты, аңғал, ержүрек, ар мен намысы жоғары 
болуы керек деп саналған. 
Сол сияқты алғашқы кадрдан бастап-ақ экологиялық аса маңызды 
мәселелері көтеретін аталмыш фильм ешкімді бейжәй қалдырмайды, керісінше, 
шешілуге тиісті қоғамдық-адамзаттық мәселелердің барлығын айқара ашып 
береді. Мәселен, қазақ жеріндегі Арал теңізінің тартылуы, Семей аймағында 
болған ядролық сынақ, қазіргі уақыттағы байлықтың көзі болып табылатын 
мұнай өнеркәсібі, т.б. салдарынан табиғи апаттың орын алып отырғандығы, 
ауаның ластанғандығы жасырын емес. Осындай жаһанды ойландырған мәселе – 
картинаның басты тақырыбы, негізгі идеясы. Сол сияқты аталмыш кино 
кейіпкерлердің басындағы мәселелерді сезіне отырып, олардың табиғатқа деген 
жанашырлық сезімін тудырады. Мұндағы оқиғалар бояуы қанық жасыл 
жайлауда емес, тақыр, сусыз, құрғақ жерде, құмда, ыстық күннің астында, 
үздіксіз соғып тұрған жел мен шаңның өтінде, нақтырақ айтқанда ен далада 
өтеді. Әр жерде шөптер өскен, кейбірі жерлерде түйелер көрінеді. Киіз үйдің 
қабырғасына ілінген киіздің жыртылған шеткі бөліктерінен бұл жердегі үнемі 
соғып тұратын желдің екпінін байқай аламыз. Фильмдегі мұндай табиғат 
көріністері тартылған Арал теңізін, басқа да табиғат катаклизмдерін және 
климаттың өзгерістері мәселесін еске салады. Мұны тек Қазақстанда ғана емес, 
барлық әлемді шарпыған жаһандық экологиялық мәселе деп қарастырған жөн. 
Негізінен климаттың өзгерісіне байланысты мал шаруашылығындағы негізгі 
дәстүр-салт мүмкіндігінің азаятындығы белгілі. Құнарсыз шөптен қойлар 
жүдеп, әлжуаз қозылар туылады, тіпті кейде өліп те қалады. Кинофильмде осы 
мәселелер анық көрсетіледі.
Фильмде көзге барынша анық байқалатыны – киіз үйдің көрінісі. Негізінен 
киіз үй – қазақтың өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге келе 
жатқанкиелі дүниесі саналады. Отбасының салауаттылығы мен саулығының 
белгісі ретінде босағаға, шаңыраққа құрмет көрсету – ежелден келе жатқан 
дәстүр. Көшпенді халыққа тән тұрмыстық жабдықтардың орны туралы 
А.Мұхамбетова: «Девиз кочевья – брать в путь, только необходимое из 
материальных предметов. Этот порожденный жизнью принцип отбора сказался 
и 
на 
типе 
построек. 
Юрта 
стала 
для 
казахов 
помещением 
полифункциональным, она служила жильем для хозяев, местом приема гостей, 
местом, где справлялись все семейные обряды и торжества, шаманские 
ритуалы, она же стала основным помещением, где представляли свое искусство 
профессиональные певцы, поэты и музыканты» [69, С. 165], – деп жазады. Бұл 


104 
картинада да киіз үй шығарманың мазмұнына, айтар ойына қарай қолданылған. 
Көптеген қазақ фильмдерінде ұлттық бояудың көркі ретінде әлемде теңдесі 
жоқ, ықшам әрі тез жиналатын ыңғайлы киіз үйлерді қолданады. Киіз үйдің 
жасалуынан құрылуына дейінгі аралықтағы жұмысы өте сабырлылықты, 
төзімділікті, біліктілікті қажет етеді. Өйткені ол – жасалу жағынан аса күрделі 
бұйым. Оның уықтарын қатты ағаштарды иіп жасайды, оны сүтпен сылап 
кептіреді, ішін қолдан жасаған өрнекті сырмақпен, қымбат бағалы 
текеметтермен көркемдеген. Ал, «Қызғалдақ» фильмінде тек сыртқы 
көрінісінен ғана көшпенділердің киіз үйін танығандай боламыз. Мұндағы үй 
заттарының бұрынғы заманнан айырмашылығы бар: қабырғаларына 
фабрикадан шыққан кілемдер ілінген, заманауи ыдыстар, керосин шамы, ошақ 
орнына үйді жылытатын әрі ас дайындайтын темір пеш қойылған.
Осы уақытқа дейін бірде-бір қазақ киносында ешбір режиссер ұлттық киіз 
үйді дәл осындай әсерсіз, сыйықсыз күйде көрсетпеген. Бұл жерде С.Дворцевой 
қазақ халқының өткен тарихындағы ащы шындықты жайып салып отыр. Яғни, 
ол қазақтың ұлттық әрі ең қастерлі дүниесі саналатын киіз үйдің қандай 
көріксіз күйде екенін еске салды. Режиссердің ойы Ө.Жәнібековтің: «Қой 
өсіретін ел болсақ та, киіз басуға қажетті қазақи қойдың күзем жүнінің табыла 
бермейтінін, киізге ақ реңк беретін нығарлауға бірден-бір құнды материал – 
сүйек үгіндісінің, кәдімгі бордың, кереге көктеуге лайық таспа тілетін терінің, 
яғни құрастырмаларын сырлауға қажетті бояудың, балық желімінің жетісе 
бермейтінін айтсақ, киіз үй төңірегіндегі мәселелердің күрделене түсетіні 
ойланатын жағдай. Мұның өзі ата-баба мұрасын халық игілігіне жарату үшін 
қазіргі заман талабына сай, бұрынғы табиғи ортасына қайыр түсумен тікелей 
байланысты»
[103, 39 б.], – деген жазбасындағы тұжырымымен сәйкес келген. 
Бұл дегеніміз – бізде әлі де болса ұлттық құндылықтарды қастерлеу, халықтық 
мәдени мұраны сақтап қалу мәселесінің кемшін жатқанын аңғартады. Алайда 
аталмыш фильмдегі киіз үйде кеңістік пен кейіпкерлердің ұлттық белгісін 
білдіретін «көне» зат бар, ол – барлық қазақ халқына тән күйзеліспен өткізетін 
қиын да қасіретті тұрмысы. 
Тағы бір айта кететін мәселе – фильмдегі құда түсу көрінісінде ұлттық 
дәстүрдің ешқандай рәсімі сақталмаған. Бұл кейіпкерлердің шалғай жерде өмір 
сүріп жатқандығынан болуы мүмкін. Негізінен үйлену тойында орындалатын 
салт-жоралғылардың барлығы дерлік қазақ халқының ішкі жан дүниесін, 
менталитетін байқататын қызыққа толы әрі өте ертеден келе жатқан дәстүрге 
жатады. Некелесудің ең негізгі әрі маңызды бөлігі – құда түсу және 
қалыңдыққа қалың төлеу. Ат байлар, құда аттанар, құда тарту, т.б. тәрізді 
бірнеше жоралғыдан тұратын құда түсу дәстүрінде жігіттің ата-анасы қызға 
сырға салады. Ал, даланың қалыптастырған өзіндік заңы бойынша жігіт жақ 
қыздың ата-анасына қалың мал төлеуге міндетті саналған. «Он жеті», «жиырма 
жеті», «отыз жеті», «домалақ қалың мал» сияқты бірнеше атауы бар қалың 
малдың құны отбасының әлеуметтік жағдайына байланысты шешіледі. 
Осындай ұлттық сипаттар мен осы құда түсу дәстүріндегі қыз баланың 
көпшіліктің көзіне көрінбейтін салт аталмыш фильмде орын алыпты. Бұған 


105 
шымылдықтың артында жүзін жасырып, сыртқа байқатпай қарап тұрған 
Қызғалдақтың әрекеті дәлел.
Сондай-ақ, жаңадан отау құратын жастардың салтқа лайықты бояулармен 
әрленген неке киімдері арқылы да олардың әлеуметтік жағдайын тануға 
болады. Жалпы қазақтың ұлттық киімінің негізі зерттеу еңбегімізде: «Еуразия 
даласын қоныс еткен көшпенді ел – қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын 
киім үлгілері табиғат жағдайы мен көшпелі тіршілік ерекшеліктеріне сәйкес 
қалыптасты. Қазақ киімінің барша сыр-сымбаты мен ою-өрнегінде, кестеленген 
әрбір әшекейі мен ою өрнегінде хылқымыздың талайы тарихы мен таным-
дүниесінің қайталанбас таңбасы бар. Ұлттық мәдениетіміздің түп бастауы, 
қайнар көзі де солар» [139, 43-44 б.б.], – деген жолдармен өрілді. Ал, жаңадан 
шаңырақ құрып жатқан жігіт пен қалыңдықтың киімдері ай мен жұлдыздың 
бейнесімен өрнектелетін болған. Мұнда жастардың болашағы жарқын болсын, 
адасқанда жол таба алсын деген ниет басым жатыр. Көк пен жердің ортасында 
тұрған адамның сол көктегі жұлдыздардан, жаратушыдан жас отау иелеріне 
бата сұрауы көшпенді халық үшін өте маңызды саналған. Бұдан әрбір атқан 
таңнан, әрбір басқан қадамнан мол үміт күтетін дала жұртының ықылас-ниетін 
байқауға болады.
Адам аяғы баспаған шалғай жерде, тек мал шаруашылығына ғана лайықты 
орында сары қымыздың орнына ішімдіктің құйылуы ешқандай қисынға 
келмейді. Сол ішімдіктің қайдан пайда болғаны да түсініксіз. Дастарханда құрт, 
ірімшік, жент, бауырсақ сияқты қазақтың ұлттық тағамы саналатын дәмдердің 
жоқтығын, оның орнына ащы судың орын алуын режиссер тарапынан кеткен 
қате дейміз. Мұндай кемшіліктердің орын алуы С.Дворцевойдың өзге ұлттың 
өкілі болғандығынан және оның қазақтың тарихы мен ұлттық рәсімдерінен 
толық мағлұматы жоқтығынан болса керек.
Қазақ халқында бала тәрбиесі маңызды орын алады. Өйткені ата-ана үшін 
ұрпағының болашағы – ең басты мәселе. Дала қазақтарының дәстүрі бойынша 
жасы егде тартқан адамдарға ерекше құрмет көрсету, сыйлау, кішіге ізеттелік 
көрсету сол тәрбиенің алғышарттары саналады. Ал, әкеге деген құрметті балаға 
анасы сіңіреді. Неліктен әкеге қарсы шығуға болмайтынын, оның көңіл-күйімен 
санасу керектігін, әкенің талабын орындау қажеттігін үнемі ескертіп, күнделікті 
тұрмыстық мысалдар арқылы түсіндіру – сол әйелдің бала тәрбиесіндегі басты 
әрі маңызды міндеті. Қандай да болмасын отырыс-жиындарда, салтанатты 
тойларда жастар үлкеннің алдынан кесе өтпейді, бірінші сөз бастамайды, 
дастархан басынан тұрып кетпейді. Фильмде де сол із сақталған. Шопан 
балаларының үлкендердің айтқанын қалтқысыз орындап, мал шаруашылығына 
араласуы, яғни әкелерімен бірге қой бағуы олардың еңбекқорлыққа, 
қарапайымдылыққа, барға қанағатшылыққа тәрбиеленгенін аңғартып тұр.
Шығармадағы табиғаттың түрлі құбылыстарымен күресте шындалған 
шопан Ондас адамгершілігі мол, сабырлы, отбасының қамқоры болып 
суреттеледі. Сырт аймақта, шалғайда өмір сүрсе де заман ағымынан қалмайтын, 
жаңалыққа жаны құштар ол қалаға құлақ түріп, күнделікті болып жатқан 
оқиғалардан хабардар болып отыруды өзіне міндет етіп алған. Елдегі 


106 
«Қазақстан – 2030» бағдарламасымен [140], сол сияқты өркениетті елдердегі 
мәдени жаңалықтармен үнемі санасып отыратыны тағы бар. Сондай-ақ, үнемі 
төңірегіндегілердің көңілін көтеріп, ән салып жүретін Маханың (Махаббат) 
таланты зор. Кез келген жерде ән салу шығармадағы оның негізгі функциясы 
саналады. Бір отбасындағы ананың, қызы мен ұлының қосылып ән шырқауы да 
фильмге ерекше көркемдік бояу қосқан. Олардың репертуарында ана, бала, 
Отан, сағыныш туралы және табиғаттың сұлулығын паш ететін көңілді, ойлы 
әндер бар. Әсіресе, кенже ұлы Нухаға арналған бесік жырының орны бөлек. 
Бұл фильмде қолданылған әуен ролінің маңызы зор. Кез-келген 
шығармадағы (спектакль, кино, т.б.) музыка сол көркем дүниенің идеясын 
ашуға, көрерменнің оқиғаны түсінуіне, сол сияқты драмалық жағдайларды 
сезінуіне көмектеседі. Музыканың кімді болмасын күйіндіретін, қуантатын, 
қорқытатын құдіретті күші басым және онда нәзік бола тұрып салмақты ой 
тастайтын, көңілді күй сыйлайтын да функция бар. Аталмыш фильмде музыка 
жастардың, яғни, Асхат пен Бони көңіл-күйінің сарынымен, олардың 
талғамымен байланысты берілген. Мысалы, ретро шығармаларды ұнататын 
Бони «Boney M.» тобының әндерін тындайды. Жалпы музыканың кейіпкердің 
санасына, оның әлемді қабылдауына ерекше ықпалын осы фильмнен 
байқағандай болдық. Кинокартинаның оқиғасы болып жатқан уақытта, яғни 
1980 
жылдары 
батысгермандық 
продюсер 
Фрэнк 
Фарианның 
ұйымдастыруымен құрылған «Boney M.» тобы жастар арасында кеңінен 
таралып, сәнге айналғаны белгілі. Мұндай сәйкестікті режиссер қалт 
жібермеген. «Daddy Cool» және «Rivers of Babylon» топтарының әндері тез 
арада әлемге таралып үлгеріп жатты.
Шығармадағы кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы қызықты көріністер 
арқылы беріліп отырады. Мысалы, әпкесі мен інісінің арасындағы көзге 
байқала бермейтін туысқандық, бауырмалдық сезім қазақ халқының табиғатына 
тән бояумен берілген. Өмірден көргені мен түйгені әртүрлі, көзқарастары да 
әртүрлі, психологиялық жағынан да бір-біріне әлдеқайда алшақ болса да әпкесі 
мен інісінің арасында мықты байланыс бар. Асхаттың маңдайынан иіскеп, 
үнемі еркелететін Самал оны үйлендірудің қамын да реттеп жүреді. Күйеуі мен 
інісінің арасындағы кикілжіңде бауырының жағына шығады.
Көбінде сюжеттік тізбектер немесе сюжеттік жолдар қызықты көріністерді 
құрайтын фильмнің негізгі күші болып табылады. Аталмыш шығармадағы 
сондай қызықты сәт – Қызғалдақтың ата-анасына теңіз флотында азаматтық 
міндетін өтеген әскери дайындықтың үздігі, бірнеше марапаттың иегері, теріс 
қылықтардан ада Асхаттың барлық жетістігімен таныстырып болған соң ғана 
келген негізгі міндетіне ойысқан жезденің екі жастың алдағы өмірінің бірге 
болу ойын жеткізетін тұсы. Осы жердегі аңғал жезде Оңдастың сыйлыққа 
аспалы шамды (люстра) ұсынуы бір жағынан – күлкі тудырса, екінші жағынан – 
бұл шығарманың заманауи сипатын байқататын деталь ретінде алынған. 
Режиссер өткен мен бүгіннің арасындағы сабақтастықтың барын осылай 
меңзейді.


107 
Болжама – фильм тарихындағы белгілі диалог немесе келесі оқиғаның 
қалай өтетіндігін сездіретін көріністер қатарының берілуі десек, аталмыш 
фильмдегі көптеген шиеленіске, қақтығысқа толы көріністер рапидпен де, 
панорамамен де көрсетіледі. Мысалы, киіз үйдегі отанасының шақырусыз 
келген қонақтарына деген беймаза әрі көңілсіз күйі, актрисаның мимикасы 
оператордың техникалық құрылғылары арқылы нақты көрсетілген. Асхат 
сияқты тәрбиелі, көзі ашық жігітке қызын бергісі келген Қызғалдақтың әкесі 
мен оған қарсы пікірдегі анасының арасындағы отбасылық келіспеушілік сол 
әкенің қала жігіттерінің анашаға құмарлығын баса айтқан көрінісінде анық 
байқалады. Бір қарағанда әкенің сөзінде шындық бар. Қазіргі уақытта заманның 
ағымына қарсы шыға алмай, яғни өмірдің қатал сынына төтеп бере алмай, 
күресе алмай керісінше, жеңілдікке бой алдырған жастардың көптігі өкініш 
тудырады. Режиссер бір ғана сөзбен немесе бір ғана қарапайым детальмен 
осындай қоғамдық мәселені ашып көрсете алған.
Жалпы кино өнерінде тұтастыққа, үйлесімділікке, сезімталдыққа ұмтылу 
қажет. Олар себеп пен салдардың, қайталаулар мен қарама-қарсылықтардың, 
бірнеше мәрте берілген көрсетілімдердің көмегімен жүзеге асады. Сондай-ақ, 
киноның құдіреті «көрермен экран образдарына еніп, өзі ішінде жүргендей 
әсер алады» немесе «ойдағы сапырылыс өмір қарбаласына ұқсап кетеді». 
Демек, кино өнері мен көрерменнің арасында көзге көрінбейтін байланыс бар, 
олар бір-біріне жақын. Осындай шығармашылық сұраныстар мен көркемдік 
талаптар «Қызғалдақ» фильмінде қисынды жүзеге асқан. 
Адам мен табиғаттың байланысын дәріптейтін шығарманың бірі – 
режиссер Гүлшат Омарованың «Бақсы» фильмі. Бұл қазақтың малды 
құрбандыққа шалып, соның қанымен адамның күнәсынан тазаруын, яғни 
құрбандық дәстүрін, шамандықты насихаттауға бағытталған жұмыс болып 
табылады. Режиссер адамдардың ақша мен байлық үшін ар-ожданынан аттауға 
дейін баратын тоғышарлығын суреттейтін оқиғалар тізбегінен шынайы картина 
жасай білген. 
Шытырман 
көріністерден 
тұратын 
кинокартинаның 
сценарийі 
драматургияның классикалық каноны бойынша құрылған, яғни шығарма түйін, 
шарықтау шегі, шешім тәрізді қисынды негіздер арқылы сипатталады. 
Оқиғалар желісі бір драматургиялық бөліктен екінші бір бөлікке нақты және 
сауатты түрде жалғасып отырады. Картинаның сюжеті қарапайым. Айдай атты 
шаман кемпір адамдарды түрлі аурудан, кеселден және маскүнемдіктен 
емдейді. Сонымен қатар көріпкелдік қасиеті бар ол адамдардың жоғалған 
дүниелерін, малы мен затын тауып, хабарсыз кеткендердің қайда екенін де 
айтып бере алады. Елден жырақ, таудың етегінде тұратын шаман кемпір 
мекенінің ауасы таза, жолы теп-тегіс, табиғаты сұлу. Бұл жер күн сайын 
ағылып келіп жатқан көмекке зәру халыққа толы. Ал, Айдай тұратын әдемі 
жерге көзі түскен бай бизнесменнің жоспары мен арманы – трассаның бойына 
май құятын бекет пен казино салып, одан қыруар қаржы табу. Алайда жігіттің 
тек қана баю мақсатында ғана жерді пайдаланғысы келетінін жақсы түсінген 
бақсы кемпір құтты мекеннен кетуді қаламайды. Өйткені бұл жер Айдай үшін 


108 
аса киелі мекен, ата-бабасының көзі іспеттес, сонымен қоса бұл жер оған 
адамдарды емдейтін қуат көзін береді. Тек осы жерде ғана емдеу процесін 
жүргізіп, науқастар мен жоқ іздеушілерге көмек қолын соза алады. «Кочевники 
каждый год при перекочевках стремились останавливаться на одном и том же 
постоянном, излюбленном месте, и эта земля считалась для них святой» [141, 
С. 242]. Шығармадағы ең негізгі шиеленіс шаман кемпірдің тұрғылықты 
мекеніне қара күштің белгісі тәрізді қара түсті джип көлігімен бизнесменнің 
келуінен басталады. Ақыры өзінің байлығы мен беделін пайдаланып, қартаң 
әйелді еріксіз, зорлықпен қуып шығуды көздеген жігітке Айдай қарғыс айтуға 
мәжбүр болады.
Сол сияқты шығармада Батырдың көп жылдардан бері бала көтермеген 
әйелі шаман кемпірдің емінен кейін Асан атты ұл туады. Айдайдың ішімдікке 
құмарлар мен психологиялық ауытқулары бар науқастарды да емдеп, жазуға 
мүмкіндігі зор. Оның мұндайларды ауруынан айықтыру тәсілі – сумен емдеу. 
Ал, мұндай емдік әдіс түркітілдес халықтарда, оның ішінде қазақ топырағында 
ерте кездерден-ақ кең тараған. Ғылыми деректерге сүйенетін болсақ: «Люди 
всегда с любовью относились к родникам, они верили в чудодейственную силу 
чистой родниковой воды. Верили в целебную силу этой воды, что она может 
вылечить, смыть порчу, в надежде на это чудо умывали родниковой водой 
детей, делали примочки. Древние чуваши придерживались давно устоявшихся 
порядков, около водных источников: родников, речек, озер, колодцев – нельзя 
громко разговаривать, ругаться, спорить. В противном случае мать воды может 
обидеться, и тогда вода может уйти навсегда с этих мест» [56], – деп жазады 
О.Терехова. Расымен де адамның тіршілігі үшін судың атқаратын ролі зор. 
Түрлі жамандықтардан сақтану үшін және емдік-сауықтыру мақсатында судың 
қасиеті мен құдіреті шексіз.
Осындай сюжетке құрылған фильмде көрермен шамандық емдеудің 
дәстүрлі тәсіліне куә бола алады. Мысалы, ұзақ уақыт бойы сырқаттанғанымен 
нақты диагнозы анықталмаған науқас айықпаса, оның күнәсі қанмен жуылады. 
Бойындағы барлық кінә мен күнәні қан арқылы жуып тазартқанда ғана адамдар 
науқастың жазылғанына куәлік ете алады. Медицинаның дамымаған, барлық 
ауруға халықтық ем қолданған ерте кезеңдерде осындай наным-сенімнің 
болғанында және мұның бүгінгі күнге дейін келіп жетуінің маңызы бар сияқты. 
Яғни, жоғарыда айтқандай адам мен табиғаттың арасындағы тылсым күштің 
кімге болмасын ықпалы мен әсерінің өзгеше болатыны белгілі. Осындай 
халықтық дәстүр мен наным-сенім туралы А.Салмин: «Обряд – важнейший 
блок в системе культуры этноса. В нем перекрещиваются и отражаются 
практически все основные стороны жизни. Обрядовые действия и моления 
позволяют пролить свет на сложную проблему этногенеза, отражают 
исторические связи и духовную общность с другими народами. В них получили 
отражение отдельные вопросы земледелия, жилища, народного знания, 
фольклора, мифологии, искусства, верований» [142, С 321], – деген пікір 
білдіреді. Қай елдің болмасын ұлттық рәсімінің қатарынан орын алатын 
аталмыш дәстүр «Бақсы» фильмінің алғашқы эпизодында көрсетілген.


109 
Арнайы білімі жоқ, белгілі бір мамандықты меңгермеген, тек табиғаттың 
энергиясынан күш алатын бақсы-шаманның өнеріне тәнті болмау мүмкін емес. 
Бақсының бойындағы синкреттік өнерді: «Қазақ халқы тылсым әлеммен 
байланыс жасай алатын, бойына тәуіптік, балгерлік, сәуегейлік, сиқыршылық 
қасиеттер қонған адамды «бақсы» деп атайды. Шағатай тілінде оның атауы – 
бақшы. Бақсы – әлгі тылсым әлеммен байланысқа еніп, ондағы түрлі рухтарды 
өз қызметіне пайдалана алатын адам. Бақсының «жын-рухтарының» аты 
болады. Жекелеген индивидиум ретінде қажетті кезде олар өз бақсысының 
алдында әйел, шал, қыз, т.б. бейнелерде тізіліп тұрады-мыс. Бақсы сол 
шақырған жындарының «көмегімен» гипноздық өнер де көрсете алады. 
...Жалпы шығу тарихы отқа табыну мен шамандықпен тығыз байланысты 
бақсылардың ерекшелігі – сырқат адамдарды сол елдің салт-дәстүр, таным-
түсінігіне сәйкес психологиялық тәсілмен емдеу болып саналады» [143, 191 б.], 
– деген жолдардан байқаймыз. Расымен де оның дәрігерге тән емдеу қасиеті 
зор, сол сияқты кәсіби суретшіге тән суретшілік, әншіге тән әншілік, 
хореографқа тән бишілік дарынның мол болатыны шындық. Сондай-ақ, 
фильмдегі тазалану дәстүрі мен балшықпен емдеу әдісінің де маңызы зор. 
Науқасты жазудың мұндай түрі де – қазақ халқында бұрыннан келе жатқан 
тәсілдің бірі. Ертедегі адамдардың балшық арқылы көптеген аурулардан 
емделгендігі туралы мағлұматтар бар. Сондай үрдісті Г.Омарова өзінің 
аталмыш фильмінде қолданған. Мысалы, шығарманың шарықтау шегіне жақын 
тұста шаманға емдеу үшін анасы қалдырып кеткен психикалық ауруға 
шалдыққан қыздың басынан аяғына дейін жаңа балшық жағылады. Балшық 
оның бар аурулары мен бақытсыздығынан, дуа мен күнәдан арылтады. 
Белгілі себептермен полиция өкілдерінің қолына түскен ішімдікке құмар 
жігіттің шаман кемпір жөнінде еріксіз түрлі жалған ақпараттар таратуы, сатқын 
полицейлердің мұны өздерінің көздеген теріс мақсаттарына пайдалану үшін 
Айдайды түрмеге қамауы, талып қалған әйелді жедел жәрдемнің мәйітханаға 
жеткізуі, шаман кемпір тұрған үйдің орнына салынған май құятын бекет пен 
казиноның ойламаған жерден өртеніп кетуі, бизнесменнің Батырдың жалғыз 
ұлын ұрлап кетіп, көп қаржы сұрауы, ақыры Батырдың ажал құшуы, мұны өз 
көзімен көрген Асанның сөйлей алмай, тілінің тұтығып қалуы сияқты т.б. 
шытырман көріністер тізбегі дәл қазіргі уақыттағы елімізде болып жатқан 
қылмыстың өршіп тұрғанынан хабардар етеді.
Режиссер Г.Омарова осындай шиеленісті көріністер арқылы бүгінгі күннің 
шынайы бет бейнесін ашып көрсеткен. Ол қазіргі капитализмге бет бұрған елде 
ата дәстүрді ұмытудың, менсінбеушіліктің, керісінше батыс пен еуропаның ең 
қажетсіз өмір сүру дағдысын сәнге айналдырудың өршіп тұрғанын батыл түрде 
айқындап береді.
Қазіргі уақытта қазақ халқының дәстүрі мен мәдени құндылықтары 
бұрмаланған жеңіл фильмдердің байқалып жүргені жасырын емес. Бұған
мысал ретінде тек қана жастардың қызыға көріп жүрген продюсер, режиссер 
Нұртас Адамбайдың «Келинка Сабинасын» айта аламыз. Сюжеті жеңіл әзілге 
құрылған бұл фильм теледидар мен еліміздегі барлық дерлік кинотеатрларда 


110 
үздіксіз көрсетіліп, оған жұмсалған барлық қаражаттың ақталғаны да белгілі. 
Аталмыш шығармада қазақ ауылының сұлу табиғаты жазық әрі кең дала, 
таулар мен өзендержақсы көрсетілген. Осындай көзге де, көңілге жағымды 
детальдар фильмдегі кейбір жағымсыз сәттер мен көріністерге көрерменнің 
назарын бұрғыза қоймайды. Негізінен мұндағы «келинка» деп бұрмаланған 
«келін» сөзінің қазақ ұлты үшін терең мағынасы бар. Яғни, келін – отбасылық 
одақтың бейбітшілікпен өркендеуіне жауапты адам. Ол – отбасылық 
құндылықтарды сақтаушы әрі жалғастырушы, ағайын-туыстың арасын 
байланыстыратын негізгі діңгек.
Фильмнің сюжеті бойынша Швейцарияда білім алған қалалық отбасынан 
шыққан қыздың арманы – өте бай жігітпен тұрмыс құрып, шетелде өмір сүру. 
Алайда оның бұл арманы орындалмайды. Себебі, оны ауылдың ескі салтымен 
алып қашады.
Сөйтіп, Сабина ойламаған жерден қаладан шалғай жатқан елді-
мекенге келін болады. Қалаға өте алыс орналасқандықтан мұнда байланыс жоқ, 
яғни ұялы телефонмен хабарласу мүмкін емес. Бір айта кетерлігі, фильмнің 
алғашқы көріністерінің бірінде Сабинаның қазақтың ұлттық тағамы еттен 
(бесбармақтан) жиіркенгенін байқаймыз. Қонақтар мен ата-анасы осы әрекеті 
үшін оны дастарқан басынан тұрғызып жібереді. Бұған дейін түнгі клубтарда 
құрбыларымен қыдырып, еркін өмір сүріп дағдыланған қызға мұндай өмір, 
мұндай тіршілік мүлдем ұнамайды. Дегенмен ауыл адамдары мейірімді, ата-
енесі Сабинаға құрметпен, жылы шыраймен қарайды.
Жалпы осындай комедиялық сарында тізбектеліп жалғаса беретін фильм 
оқиғасы бір жағынан күлкі тудырғанымен, екінші жағынан ойландырады. 
Сценарий жазу барысында да, түсірілім кезінде де қазақ салтының мәніне назар 
аударылмаған. Мысалы, арнайы қонақ ретінде шақырылған бас құданы қонақ 
күтуді білмейтін Сабинаның «паскуда» деп атауы, шай құю үстіндегі әрекеті 
режиссердің қазақ дәстүрін сақтамағандығын айғақтайды.
Үйдің жұмысына олақ, ештеңе істегісі келмейтін, келіннің қызметін 
атқарудан бас тартқан Сабина бірнеше рет қашудың амалын іздейді. 
Комедиялық сюжет барысында көретініміз: ештеңеге икемі жоқ, тәрбиесі 
нашар, шыққан жерін, тілін, дінін, тегін білмейтін Сабинадай қыздырдың 
көбейіп кеткені. Яғни, бұдан бүгінгі буын ұрпақтың трагедиясы анық 
байқалады. Фильмде салт-дәстүрімізді ұлттық мәдениетті, әдет-ғұрыпты 
сақтамағандық кері әсері көрсетілген. Мұның басты себебі ретінде сценарий 
авторы мен режиссер Сабинаның ата-анасының ұрпағына қазақы тәрбие бере 
алмағанын, ата- бабадан келе жатқан салт-дәстүрлер мен рәсімдерді бойына 
сіңіруге тырыспағанын және қазіргі қала қазақтарының бойында ұлттық сана-
болмыстың мүлдем көріне бермейтінін алған. Сонымен қатар бір отбасының 
қожайынын, яғни Сабинаның өмірлік жарын мазақ етуі, оны өзіндік пайымы 
жоқ, ынжық, осал ретінде көрсетуі де қазақ болмысына тән емес. Ал, қазақ 
жігіттерінің ерлігін, батылдығын, оның отбасындағы әлеуметтік орнының 
биіктігін негізге алсақ, аталмыш шығарманы заманауи бағытта түсірген топтың 
бүтін бір ұлттың тарихи, табиғи түптамырына неиқұрайды қарағанын 


111 
аңғарамыз. Жалпы бұл өте жеңіл, кассалық бағытта түсірілген фильмдердің 
қатарынан орын алады.
Осындай бағытта түсірілген көркем дүниенің бірі – Денис Куклин мен Лев 
Мариупольскийдің «Қайрат пәк жеңімпаз» фильмі. Жоғарыда аталған «Келинка 
Сабинада» қазақ келіндерін мазақ етсе, бұл фильмде қазақ жігіттерін тым ерсі, 
тым әлсіз, қорғансыз етіп көрсетеді. Шығарманың бас кейіпкері Қайрат 
жетімдер үйінде тәрбиеленген Таняға ақшалай қарызын өтей алмайды. Таня 
оны санауышқа (счетчик) қойғандықтан ол қарызын ертерек қайтаруы керек. 
Негізінен мұнда да әкенің жалғыз қызына тиісті білім мен тәрбие бере 
алмағандығы анық байқалады. Немере сүйгісі келген әке теріс жолға түскен 
қызына жар іздеуге мәжбүр болады. Яғни, оған дені сау, ішімдікке әуестігі жоқ, 
темекі тартпайтын жігіт керек. Оның бұл ойына қаны таза Қайрат сәйкес келеді.
Ал, Қайрат қыздармен еркін сөйлесе алмайды, оларды тек өз эротикалық 
қиялдарында елестетеді. Алдауды білмейтін адал, өмірге деген өзіндік 
көзқарасы бар ол қыздармен қалай сөйлесуді, қалай қарым-қатынас жасауды 
білмейді. Сол үшін ол достарына мазақ болады. Жалпы «Келинка Сабина» 
секілді бұл фильмде де ешқандай терең мағына жоқ. Мұның сюжеті, ондағы 
барлық көріністер мен әрекеттер қазақ халқы ұстанатын философиялық 
принциптерге, оның ұлттық болмысына мүлдем жат.
Қорыта айтқанда, кино өнерінің маңыздылығы мен оның кеңістігі өмірді 
көркемдік тәсілдермен кескіндеп, әлемді тануда және көпшілікке танытуда 
жатыр. Мұның өзіндік спецификасы мен формаларының, қалыптасқан 
жүйесінің болатыны белгілі. Қазіргі уақытта заман көшіне ілескен кино 
режиссерлері түрлі тақырыптан ой қозғайтын көркем дүниелерді жасауда 
өздерінің шығармашылық ізденістерінің жемісін көрсетіп отыр. Егемендік 
жылдарында ұлттық өнер мен мәдениеттің, оның ішінде кинематографияның 
шығармашылық еркіндікке бағытталғаны белгілі. Бұл қазақ халқының тарихи 
даму белесіндегі қоғамдық-мәдени орны бар маңызды құбылыс болып 
табылады. Осы жолда қазақ кино өнері жаңа режиссерлік интерпретация, 
өзгеше форма іздеуде қателескен жоқ. Соның нәтижесінде біріне-бірі 
ұқсамайтын «Бақсы», «Қызғалдақ», «Күнә» тәрізді жаңа дүниелер жарыққа 
шықты. Сондай көркем туындылардың бойынан ерте кездерден бастау алған 
ата дәстүрдің бүгінгі күнге дейін келіп жеткендігін анықтауға, ортақ 
тақырыптың ерекшелігін сараптауға тырыстық. Сол ортақ тақырыптарда 
баяндалған сюжет-оқиғалар арқылы режиссерлер қоғамдық-адамзаттық 
шындықты ашып көрсете алды. Ендеше бүгінгі қазақ киноөндірісінің бет 
алысы, көркемдік бағыты айқын.
Қорыта айтқанда, кино өнерінің маңыздылығы мен оның кеңістігі өмірді 
көркемдік тәсілдермен кескіндеп, әлемді тануда және көпшілікке танытуда 
жатыр. Мұның өзіндік спецификасы мен формаларының, қалыптасқан 
жүйесінің болатыны белгілі. Қазіргі уақытта заман көшіне ілескен кино 
режиссерлері түрлі тақырыптан ой қозғайтын көркем дүниелерді жасауда 
өздерінің шығармашылық ізденістерінің жемісін көрсетіп отыр. Егемендік 
жылдарында ұлттық өнер мен мәдениеттің, оның ішінде кинематографияның 


112 
шығармашылық еркіндікке бағытталғаны белгілі. Бұл қазақ халқының тарихи 
даму белесіндегі қоғамдық-мәдени орны бар маңызды құбылыс болып 
табылады. Осы жолда қазақ кино өнері жаңа режиссерлік интерпретация, 
өзгеше форма іздеуде қателескен жоқ. Соның нәтижесінде біріне-бірі 
ұқсамайтын «Бақсы», «Қызғалдақ», «Күнә» тәрізді жаңа дүниелер жарыққа 
шықты. Сондай көркем туындылардың бойынан ерте кездерден бастау алған 
ата дәстүрдің бүгінгі күнге дейін келіп жеткендігін анықтауға, ортақ 
тақырыптың ерекшелігін сараптауға тырыстық. Сол ортақ тақырыптарда 
баяндалған сюжет-оқиғалар арқылы режиссерлер қоғамдық-адамзаттық 
шындықты ашып көрсете алды. Ендеше бүгінгі қазақ киноөндірісінің бет 
алысы, көркемдік бағыты айқын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет