3 ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ
КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕРІ
..............................................................................79
3.1 Отандық кино өнеріндегі ұлттық сана-сезімінің көрінісі............................79
3.2 Заманауи қазақ киносындағы салт-дәстүр мен рухани
құндылықтардың орны..........................................................................................96
2 бөлім бойынша тұжырым.................................................................................112
ҚОРЫТЫНДЫ
...................................................................................................114
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
..............................................123
ҚОСЫМША А
Фильмография.........................................................................131
3
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Зерттеу жұмысында тәуелсіздік алғаннан кейінгі ширек ғасыр ішіндегі
ұлттық кино өнеріндегі салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтардың көрінісі
кинотанушылық
тұрғыда
сарапталды.
Қазақ
кинематографиясындағы
көркемдік шешімдер тарихи кезең тұрғысынан талданып, pежиссерлердің
шығармашылық ізденістеріндегі ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани
құндылықтар көрінісін беру тәсілдері
анықталды. Диссертация тәуелсіздіктен
кейінгі жылдары қазақ киносында қалыптасқан бүгінгі жағдайды түсінуге,
өзeкті мәсeлелерін шешуге бағытталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Диссертацияның өзектілігі әлемдік деңгейдегі өркeниеттік жаңғырулaр
мен тaрихи-мәдeни өзгeрістерге тікелей байланысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Жолдауында: «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды» дей келіп,
«Қазақстан мәдениетінің дамуына жаңа импульстар беру керек екендігін» атап
көрсеткен [1].
Ұлттық идея – туған ел, өскен жерге деген ыстық сезімдердің
әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-
ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезімге
ұласады. Ол бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің
ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық
мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін
құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым
салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер
арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының
асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді
жүктейді.
Елбасы бекіткен мемлекетіміздің мәдени саясатының ұзақ мерзімді
стратегиялық тұжырымдамасының заңды жалғасы «Мәңгілік Ел» ұлттық
идеясы болып табылады. Қазақстан жолының ортақ мақсаты, мүддесі, бола-
шағы қандай қорытындымен түйінделетінін, ең бастысы – қандай ел құрумен
тиянақталатынын түсіндіріп, жаңа дәуірдің кемел келбетін сомдады.
Ол
Қазақстан халқын өзінің бай мәдени мұрасымен және шығармашылық
әлеуетімен Қазақстан Республикасының 30 дамыған елдің қатарына кіру
мақсатына ойдағыдай қол жеткізуге үндейді.
Мәдениет пен өнер – кез-келген халықтың ұлттық идеологиялары мен
ұстанымдарын қалыптастырудың мықты құралы екені әлімсақтан аян. Ендеше
мәдениет пен өнердің әлемдік өркениетте алатын орны мен атқаратын ролі,
перспективалық даму платформаларының барлығы да ең алдымен ғылыми
тұрғыда сараланып, кейін тәжірибе жүзінде іске асады. Кинотану ғылымында
өте аз зерттелген саланың бірі – кинематографиядағы ұлттық салт-дәстүрлер
мен рухани құндылықтардың көрінісі. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары
Қазақстан қоғамы өзін-өзі этномәдени және адамгершілік-гуманистік тұрғыдан
4
танудың жаңа белесін бастан кешіп отыр. Егеменді ел ұлттық сананың негізгі
факторы болып
табылатын
рухани-мәдени салалардағы өміршеңдік
идеологиясын және ұлтаралық келісім мен бірліктің қажетті деңгейін
қамтамасыз етуді қолға алған. Мұндай жағдайда мәдениет салаларының
тиянақты да нық дамудың маңызды факторы ретіндегі функциясы айқын.
Егемендікке қол жеткізген ширек ғасырдан астам уақыттың ішінде қазақ
кино өнері бүгінгі қоғамның да, көрерменнің де шығармашылық-көркемдік
талабы мен сұранысына сай жауап беріп келеді. Осы кезеңде ұлттық өнер мен
мәдениеттің қарқынды дамуы байқалды. Елімізде өткен ғасырдың алғашқы
жартысынан басталған ұлттық кино өнерінің тарихынан түрлі жанрға, түрлі
тақырыпқа арналған, адамзаттың сан алуан тағдырын суреттеген шығармалар
орын алды. Бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Ғасырға жуық
уақыттың ішінде өзінің негізгі бағытын қалыптастырып, түрлі режиссерлік
ізденістерді паш еткен қазақ кино өнерінің шығармашылық даму жолын
зерттеу, оның қоғам алдындағы маңыздылығын саралау, көркем туындылардың
деңгейіне кәсіби баға беру бүгінгі өнертану ғылымының басты міндеті
саналады. Сондай-ақ, рухани-мәдени салмағы басым кинематографияның
үрдістері мен үдерістерін тарих бетіне таңбалау да негізгі парызымыз болып
табылады.
Кино өнері қазақ топырағында пайда болған уақытынан бастап қазіргі
күнге дейінгі аралықта түрлі тақырыптан ой қозғап, бабаларымыз
қалыптастырған салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдерді
астарлы мағынамен немесе ашық күйінде насихаттап келеді. Ұлттық
кинематографиядағы осындай үрдісті бүгінгі көзқараста саралап, тұжырымдау
мәдени саладағы кезек күттірмеймін мәселенің бірі болып табылады. Өйткені
еуропалық және ресейлік мәдениеттің ықпалымен қалыптасқан қазақ
кинематографиясының
ағартушылық-философиялық,
ағартушылық-
демократиялық функциясын әр кезең сайын зерттеп-талдау ғылыми сұранысқа
қай кезде де иеболып отыр.
Қазіргі уақыттағы киноөндірісі жаңа технологиялардың күн санап
дамуымен, мемлекетаралық саяси байланыстардың артуымен, экономикасның
қарқынды ілгеруінің негізгі сатыларын бірнеше жүздеген жылдар бұрын өткен
өркениетті елдердің білім және ғылым жүйесіндегі нақты бағдарламалардың
ықпалымен, жас ұрпақ санасының өзгеруіне байланысты едәуір жаңарады.
Заманауи киноүрдісі мен киноөндірісі дегеніміз ол – суреткердің, яғни
режиссердің көзімен, оның шешімімен әлемді көрсету немесе кино тілімен
қоғамды, ұлттық болмыс пен сананы шынайы суреттеу. Әсіресе, халықтың
рухани дамуына, жеке дара ұлт ретіндегі сана-болмысының биіктеуіне ықпалы
зор салт-дәстүрлер мен әдет ғұрыптарды кинокартиналар арқылы жеткізудің
маңызы ерекше.
Соңғы жылдары киноөнерінде көптеген ағымдар мен бағыттар пайда
болды. Ұзақ жылдар бойы кеңестік тәртіпке бағынып, көркемдік ізденісін
міндеттелген нақты тақырып бойынша ғана жүргізген кино режиссурасының
бүгінгі дамуы мүлдем бөлек. Оған экшн, цифрлық 3D формат сияқты жаңа
5
формалар мен бағыттардың орын алуы дәлел. Ғылыми еңбекте кино өнерінің
қоғам өмірімен, адам тағдырымен тығыз байланысы, оның тәрбиелік
функциясына назар аударыла отырып, осындай жаңашылдық принципті
ұстанған режиссерлер мен актерлердің шығармашылық ізденістерін талдауға
маңыздылық берілді. Жалпы дәстүрдің рухани фeнoмeнін әлемдік және бүгінгі
өмір процестері тұрғысында қарастыру аталмыш зерттеу жұмысының басты
ұстанымы болып табылады.
Сондықтан кинематографиядағы кең ауқымды тақырыптың ішінен ұлттық
салт-дәстүрлердің маңыздылығы, оның фильмдердегі орны мен авторлық ой-
идеяны толықтырушы функциясы басты назарға алынды.
Қазіргі жаһандану уақытында
елімізде болып жатқан елеулі саяси-
қоғамдық, рухани-мәдени өзгерістер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру»
мақаласында
[2]
көрсетілген
әлеуметтік,
тарихи-мәдени
құбылыстармен
тығыз
байланысты
дамып
жатыр.
Инновациялық,
технологиялық-интеграциялық үдерістің қарқынды дамыған тұсында ұлттық
кино өнерінің өзіндік спецификасы мен оның негізгі функциялары, халықтық
сипаты мен көркемдік-шығармашылық деңгейі тереңнен зерттеуді, сауатты
саралауды талап етіп отыр. Өйткені кез келген халықтың өмір сүру
дағдысысын, ұстанымын, тұрмыс-тіршілігін, оның көркемөнердегі қалыбын
жаңа көзқараста зерделеудің маңызы зор.
Бүгінгі уақытта қазақ кинематографиясы еліміздегі рухани жаңару мен
жаңғыру үрдісінің негізгі бастаушы көзіне айналып, қазақ халқының тарихы
мен этнографиясына, дәстүрі мен салтына ерекше назар аударып отыр.
Дегенмен осы уақытқа дейін қоғам мен адам өміріндегі маңызды мәселелерді
айқын көрсетуді мақсат еткен кино өнерінің ұлттық сана мен болмысты,
халықтық бояу мен оның негізгі сипатын айқындаушы функциясы ғылыми
тұрғыдан кешенді зерттелген жоқ. Киноэкран арқылы рухани құндылықтардың
бейнеленуі әлі де болса тиісті деңгейде көріне алмай жатқаны рас. Сондықтан
кинематографиядағы ұлттық идеяға негізделген фильмдердің маңызын
айқындау, олардағы салт-дәстүрлердің орнын кәсіби талдау, режиссерлік
шешімдердегі метафоралық-символдық бағыттарды кеңінен қарастыру
аталмыш ғылыми еңбектің негізгі мақсаты саналады. Сондай-ақ, бұл докторлық
диссертацияның жоғарыда аталған олқылықтардың орнын толтыруға ықпалы
зор.
Ғылыми зерттеуде кеңестік және тәуелсіздік кезеңдеріндегі отандық
кинематографияда орын алған дәстүрлі әдет-ғұрыптар мен салт-жоралар қазақ
халқының рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде кешенді зерттелді.
Қазақ кинематографиясының фольклорлық табиғаты жан-жақты ашылып,
ұлттық және жалпымәдениеттік құндылықтарды экран арқылы қалпына келтіру
(реконструкция) жолындағы шығармашылық ізденістерге тереңнен талдау
жасалды. Сонымен қатар қазақ киносындағы салт-дәстүрлерді қалпына келтіру
рухани дамудың және ұлттық сана-сезімнің негізгі факторы ретінде
қарастырылды. Кино өнерінің халық тұрмысынан алынған тіршілік иірімдері,
тарихи-дәстүрлі құбылыстар, ұлттық әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылар
6
арқылы ұрпақты тәрбиелеу принциптері, дала жұртының ертеден қалыптасқан
салт-дәстүр арқылы өзге елдерден ерекшелігін танытатындығы диссертацияның
негізгі өзегіне айналып отыр. Әрбір кезең сайын трансформацияланған
қоғаммен бірге жаңару, даму, жаңғыру сатыларынан өтіп отыратын кино өнері
қажетті уақытында зерттелуі тиіс. Өйткені құрылымы жағынан өзгеше
саналатын кинематографияның сол қоғамға, білім мен ғылымға, буын алмасу
үрдісіне, ұрпақ тәрбиелеу ісіне ықпалы мол. Ғылыми зерттеудің өзектілігі
осындай қоғамдық-саяси, көркемдік-шығармашылық талаптардан, рухани
қажеттіліктен және мәдени сұраныстан туындайды. Сол сияқты
әдеби
шығармаларды экрандаудың үдерісі мен нәтижесін ғылыми тұрғыдан сараптау
заманауи құбылыс ретінде маңызды орын алады. Қазіргі уақытта тәуелсіз жас
мемлекеттің рухани-мәдени құндылықтарын, оның шығу көзі мен түпнегіздерін
өнер арқылы саралау, айқындау да өзекті болып отыр. Демек, диссертациялық
жұмыс мәдениеттану, әлеуметтану және кинотану ғылымдарының ортақ
мәселесін қарастырған іргелі жұмыс болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |