Уалибековна



бет28/39
Дата11.05.2022
өлшемі3 Mb.
#142377
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
Disser

Сабақтың тақырыбы: «Таза заттар және қоспалар»
Сабақтың мақсаты:Білімдік: Таза зат және қоспа туралы ғылыми ұғым беру, таза заттар мен қоспалардың айырмашылығын түсіндіру. Бұлардың басты қасиеттерін ажырата білуге жаттықтыру. Заттарды қоспадан тазарту әдістерімен таныстыру.
Тәрбиелік: заттар мен қоспаларды айыра біліп, олардың тұрмыстағы маңызын түсіндіре отырып, Отанымызда халық шаруашылығының дамуына тигізетін пайдасын ұғындыру арқылы ӛз жерінің байлығын бағалауға, оны сақтауға тәрбиелеу. Елжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Таза заттар мен қоспалар туралы ақпараттар жинауға, қазіргі таңда дамып жатқан ӛндіріс орындарының шаруашылық мәнін біліп, ондағы химиялық заттардың алатын орынын түсіне отырып, зерттеушілік, жоба жасау жұмыстарына жұмылдыру.
Сабаққа керекті құралдар: әртүрлі заттар (таза және синтетикалық), қоспалар. Заттардың физикалық қасиетін бейнелейтін сызба.Түрлі заттардан жасалған денелер.
Сабақта қолданылатын әдістер: сӛздік әдіс (оқулықпен жұмыс, әңгімелесу, талдау, салыстыру, қортындылау т.б.) бақылау; тәжірибе жасау; кӛрнекіліктермен жұмыс.
Сабақтың барысы:

  1. Кіріспе:

Қазіргі сабақтарға қойылатын дидактикалық талаптардың ең бастысы, олардың материалды ӛздігінен ізденушілікпен саналы меңгеруі. Меңгеретін
білімді ӛмірмен, қоршаған ортамен байланыстыруға бағыттау. Мұндай жағдайда оқушылардың бұрын алған білімдері де ескеріледі. Оқушылар бастауыш сыныпта «дене», «зат» ұғымдарын дүниетану пәні бойынша меңгерген болатын. Сондықтан да, сабақтың кіріспе бӛлімінде оқушылардың зейінін сабаққа бағыттау мақсатымен бірден кіріспе сұрақтар мен тапсырмалар беріледі:

  • маңайларыңа қарап, сынып ішінен кӛздеріңе түскен денелерді атаңдар.

  • осы денелердің қандай заттардан тұратынын анықтаңдар.

  • мәселен, мынау сендер отыратын парта, ол қандай заттардан тұратынын анықтаңдар. Бұл партаның пішіні кӛлемі туралы айтыңдар.

  1. Оқулықпен жұмыс: Оқулықпен жұмыс жасауда әр уақытта мына мәселені ескеруге тиіспіз. Кӛптеген ғалымдардың айтуынша оқулыққа берілетін анықтама, оның ғылыми материалдарды педагогикалық тұрғыдан ӛңдеп, оқушыға түсінікті тілде жеткізетін құрал. Сонымен қатар, оқулықтың атқаратын қызметі оқушыларда дербестікті, ынталылықты, ӛзбетінше білім алуға әзірлікті қалыптастыру және дамыту; оқушылардың кәсіптік бейімділігін анықтауға жәрдемдесу; оқушылардың ӛмірлік бағыт алуына және болашағын болжауға кӛмектесетін құрал.Олай болса, білім алу барысында оқулықпен жұмыс ұйымдастыруға үлкен мән беріледі. Сондықтан да, бұл тақырыпты меңгертуде оқулықпен мына жұмыстар ұйымдастырылады: оқулықтың 8- бетіндегі материалды оқып түсінігін айту. Оқушылар материалды оқу арқылы ӛздерінің осығын дейінгі айтқан жауаптары мен пікірлерінің дұрыстығына кӛз жеткізеді. Тақырыптың мазмұны әрбір дененің бір немесе бірнеше заттардан тұратынын және денелердің белгілі ӛлшемі мен пішіні болатынын түсінеді.Тақырыптан кейін берілген «Біліміңді тексер» ішінен 3-4 тапсырмаларды ауызша орындайды.

  2. Дәптермен жұмыс: Оқушылар дәптерлеріне ӛздері білетін 3 дененің атын, оның қандай заттардан тұратынын жазып, оны ауызша кезектесіп айтуға дайындалады. Тапсырманы жұмыс дәптеріне орындату арқылы біріншіден, уақыт үнемдеуге мүмкіндік туса, екіншіден, оқушылардың ізденушілігін дамытып, химия тілін жазбаша қолдануына жетелейді.

  3. Көрнекілікпен жұмыс. Оқулықтағы «Заттардың физикалық қасиеті» сызбасын талдап, ол туралы толық ұғым алады.

  4. Оқушылардың сабақтың бас кезіндегі меңгерген ұғымын тұжырымдау:

- зат дегеніміз не?
- денелер неден тұрады?
- заттардың физикалық қасиетін атаңдар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет