Бейорганикалық химия оқулығы мен оқу құралдарын сабақтастыра пайдалану арқылы оқушылардың ӛзіндік жұмыстарының жүйесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық білім беру стандартында білім беру жүйесінің мақсаттарына байланысты
«Білім, білік, дағдылардың, қалыптасқан құзыреттіліктердің, әлеуметтік дағдылардың негізінде тұлғаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға дайындығынан кӛрінетін құзырет-білім берудің негізгі нәтижесі болып табылады» деп, оқушының алдына қойған мәселелердің шешімін табу құзыреттілігі, ақпараттылық құзыреттілігі, коммуникативтік құзыреттіліктерді меңгеруге ерекше назар аударылған [132].
Ӛзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман XXI ғасыр бәсекесіне сай, жан- жақты білімді, дарынды, әлемдік білім кеңістігіне ұмтылатын жеке тұлғаны дайындауды міндеттеп отыр. Себебі, мемлекетіміздің кӛздеген межеге жетуі, бірегейі білімді оқушылардың ӛзіндік іс-әрекет нәтижесінде ізденіс арқылы игеруі. Қай пәнді алмасақ та, ӛзінің мазмұны мен мақсатына қарай ӛзіндік жұмыстар жүйесін ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |