Уалибековна



бет27/39
Дата11.05.2022
өлшемі3 Mb.
#142377
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
Disser

Өзіндік жұмыс дегеніміз - сабақ үстінде алған білімді мұғалімнің кӛмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс. Ал, жалпы алғанда, ӛзіндік жұмыс бұл сабақ барысында да, сабақтан тыс кезде де оқушылардың ӛздігінен орындайтын іс-әрекеттері деп қарастыруымыз керек. Ӛзіндік жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолы оқушыға шамасы жетіп, орындауға мүамкіндігі болатындай және дүние танымының артуына жағдай, ӛзіндік кӛзқарасын білдіріп, шығармашылықпен орындай алатындай тапсырмалар беру [133]. Тапсырма арқылы оқу материалы жан-жақты әрі үлкен қызығушылықпен меңгеруіне себеп болуы керек. Қай пәннен ӛзіндік жұмыс орындатсақ та, оның белгілі дидактикалық бағыты болады. Кӛптеген әдіскерлердің пікірі бойынша химия пәніндегі ӛзіндік жұмыстардың мақсаты бұл пәннен ұйымдастырылатын негізгі сабақтарыдың үш типінің біріне жатқызуға болады деп кӛрсетедіОлар:

  1. Жаңа материалды оқып, үйрену;

  2. Білім мен біліктерді жетілдіру;

  3. Білім мен біліктерді тексеру және есепке алу сабақтары екені белгілі.

Бірақ, казіргі таңда ұйымдастырылатын ӛзіндік жұмыстардың мақсаты мұнымен шектелмейтіні білім беруге қойылып отырған талаптардан туындайды. Біз ӛзіндік жұмысты ұйымдастыруда негізгі мақсаттың ең бастысы оқушыларды дамыту, шығармашылыққа үйрету, ізденушілік пен зерттеушілігін қалыптастыру жағын қарастыруға тырысамыз. Олай болса, ӛзіндік жұмыс тек жаңа білім беру, алған білімдерінің нәтижесін тексеру мақсатымен шектелмейді. Неғұрлым оқушылардың шынайы ӛзіндік жұмысы кеңейе түссе, солғұрлым олардың дербестігі, ізденушілігі, нәтижеге жетуі нақтыланады. Бір тақырыптың ӛзін бірнеше ӛзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы меңгертуге болады. Мұндағы мақсатоқушыларды дайын ұғымды қайталап айтумен шектемей, білімді ӛздігінен ізденіп барып қол жеткізуге бағыттау. Бейорганикалық химиядан орындалатын ӛзіндік жұмыстың түрі кӛп-ақ. Мәселен, оқулықтағы және оқу құралындағы тапсырмалар бойынша оқушыларға ӛздігінен жұмыс орындату. Оқулықтағы тәжірибелер мен эксперименттерді ӛздігінен орындату; кӛрнекіліктер, таратып беретін материалдарды пайдалану бойынша ӛзіндік жұмыс жасату; оқулық пен дәптермен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасату т.б. Қандай ӛзіндік жұмыс болса да, оның ең басты мақсатының бірі оқушылардың дербестігін ӛз бетінше ойлау жүйесін, білімнің іс-әрекет барысында меңгерілуін, оның нәтижесін түрлі жағдаяттарда, тұрмыста қолдануын қамтамасыз етіп, оқушылардың білім алудағы оқу белсенділігін қалыптастыру. Сонымен қатар, әрбір ӛзіндік жұмыс нәтижесінде оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Оқушылар ӛзіндік іс-әрекет кезінде ӛзі үшін «жаңалық» ашады, таңданады, нәтижесіне қуанады. Бұл олардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Бейорганикалык химия пәнінен ӛзіндік жұмыстарға негіздей отырып алынған білімін оқушылар жарататылыстану заңдары мен түсініктерін әрі қарай басқа салада да қолдануға жаттығады. Ӛзіндік жұмыстың қай түрі болса да,
оны орындау үшін оқушылар алдына мақсат қояды. Бірақ, мақсаттың дұрыс қойылуы үшін мұғалімінің кӛмегі керек.
Мақсат дегеніміз – бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру және нәтижеге жету. Зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте cақтауы, ұқыптылығы, жауапкершілігі, әр- қилы жеке тұлғаларды сабаққа түгелдей жұмылдырып, олардың ӛздігінен жұмыс атқаруын ұйымдастыру күрделі үдеріс. Ӛзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың танымдық құзыреттіліктерінің дамитыны белгілі. Сондықтан, сабақтың интеграциялык функциясын орындай отырып, химияны басқа жаратылыстану ғылымдарымен байланыстру кезінде де ӛзіндік жұмыстар орындату басты мәселенің бірі болып есептеледі.
Ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мәселесіне байланысты кӛптеген зерттеулер ӛз пікірлерін ортаға салғаны белгілі. Солардың бірі Г.Н.Даридің пікірі бойынша оқушылар ӛзіндік жұмысты орындағанда ӛзінің біліміне, сеніміне, дүниетанымына сүйенетіндігін айтады. Әрине, білімсіз оқушы ӛзіндік әрекетті ӛздігінен алып кете алмайтыны анық. Ал, оқушының ӛзіне деген сенімі бірден пайда болмайды, ол сол ӛзіндік жұмыстарды орындауда мақсатына жету арқылы біртіндеп қалыптасады. Сондықтан да, ӛзіндік жұмыстар оқушылардың жекебас мүмкіндігіне, білім деңгейіне қарай беріліп, олардың ӛзіне сенетіндей жағдайға жеткізуі керек. Ал, педагог Г.Н.Кулагина ӛзіндік жұмысты жеке тұлғаның іс-әрекет құралы, белсенділігі мен ӛз бетімен білім алуға дайындығы деп түсіндіреді. И.Т.Протасовтың ойынша, ӛзіндік жұмысбіліктілік пен құзыреттіліктер жиынтығы[134].
Қазақ дидактикасының негізін салушы, профессор Т.С.Сабыров ӛзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі жолдары мен шарттарына тоқтала келіп, оқушылардың ӛздігінен білім алуға деген қажеттері мен дағдыларының ӛзінен- ӛзі пайда болмайтынын, мұндай қасиеттер мектепте мұғалім мен оқушылардың сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарда бірлесе отырып, оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыруы арқылы қалыптасатынын айтады [135]. Оқушылардың химия пәні бойынша оқулық пен оқу құралдарын байланыстыра пайдалану барысында әр түрлі деңгейдегі ӛзіндік жұмыстарды орындауы олардың ӛзіндік танымдық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрбір химиялық заттармен, қоспалармен, оларды бір-бірінен айыру жолдарымен т.б. таныса отырып, оқушылардың танып білу қабілеттері, ӛзіндік ойлауға талпынуы, жаңа жағдайда дұрыс бағытбағдар жасай алуы, ӛз ойын еркін, дәлелді жеткізуі, ақпаратты сыни бағалауға, жаңа дерек кӛздерін дәйектілікпен талдауға үйреніп, танымдық құзыреттіліктерінің қалыптасуы қамтамасыз етіледі.
Оқушының танымдық құзыреттілігінің қалыптасуы оның жас ерекшелігіне, білімді қабылдай алу деңгейіне, сабаққа ұқыпты дайындығы мен ынтасына, қызығушылығына, түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау мүмкіндігіне байланысты. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушы арасындағы дұрыс түсінушілік қарым-қатынасқа, және мұғалімнің басшылығына байланысты.
Бейорганикалық химияның әрбір тақырыбын оқып меңгеру кезінде химияның негізгі ұғымдарын игеру үшін бәрінен бұрын репродуктивті
сипаттағы тапсырмалар орындалады. Ондай тапсырмалар келесі жеке ізденіс, яғни эвристикалық сипаттағы тапсырмаларды орындауға дайындық болып есептеледі. Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырмаларды орындау барысындағы ӛз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейімен анықталады.
Біз ӛзіндік жұмысты сӛз еткенде оқушылардың тек пәндік білімді меңгеруіне негіздеп қана қараудан аулақпыз. Себебі, білім мазмұнын меңгертумен мақсат орындалмайды. Мұнда басты кӛңіл сол меңгерген білімді керекті жерінде қолдана алатын белсенді тұлға дайындауға бӛлінеді. Қай пәннен ӛзіндік жұмысты ұйымдастырсақ та, оның мазмұны жеке тұлғаға бағытталады.Сондықтан да, қазіргі білім беру жүйесіне қойылып отырған талапардың бірі және бірегейі білім беруде оқушылар атқаратын ӛзіндік жұмыстарды күшейту. Ӛзіндік жұмыстың қай түрін ұйымдастырсақ та, оны дұрыс ұйымдастыру үшін оның ең басты тиімділігін ескеруге тиіспіз:

  • жеке тұлғаның дербестік қасиетін мейлінше арттыру;

  • оқушылардың таным, ақыл-ой қабілетін дамыту;

  • оқыған тақырыптың, қарастырылатын мәселенің тӛңірегінде білімді тереңдету;

  • оқушының ӛз пікірін айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алуы;

  • меңгерген теориялық білімді практикамен ұштастыруға, қолдануға мүмкіндік жасау;

  • ойлау жүйесінің дербестігіне қол жеткізіп, ақыл-ой жүйесінің дамуы;

  • ӛзін ӛзі тексеріп, ӛз қатесін ӛзі түзетуі;

  • есте сақтау қабілетінің тұрақтануы ;

  • жұмысты орындау тәсілдерін ӛздігінен іздестіруі;

  • ӛзіне-ӛзінің сенімі артуы.

Сонымен қатар, ӛзіндік жұмыстарды орындату үшін мұғалімге қойылатын талаптар да бар. Мұғалімнің қатынасынсыз орындағанмен, ӛзіндік жұмыстың нәтижелі болуы оның ұйымдастырушылық жұмысына байланысты. Олар:

  • тапсырманың оқушының қабілетіне қарай беру;

-тапсырманың мәні, мақсатміндетінің жете түсіндірілуі;

  • оқушыға орындаудың бағыт-бағдарының, нақты нұсқаудың берілуі;

  • күрделі мәселелер болған жағдайда, дайын үлгілермен таныстыру;

  • дұрыс орындалған жұмыстарға ынталандыру шараларының болуы.

Ӛзіндік жұмыстарды орындау үшін тек теориялық білімнің болуы ғана жеткілікті емес, оқушыда қалыптасқан әрекеттік дағдылар мен ой әрекеті тәсілдерін жақсы меңгеруі тиіс.
Қазіргі жаңашылдық дәуірде орта мектепте химиялық білім беруді ӛркендету мәселесін қойып отыр. Бұл оқушыларға берілетін білім тек дәстүрлі сабақтар барысында ғана емес, түрлі зертханалық сабақтарды жүргізу, бақылау, байқау, тәжірибе жасауды ұйымдастыру, білім деңгейін қорытынды бақылау сияқты т.б.келелі жұмыстарды жүргізуді талап етеді..
Бұл оқу үдерісіндегі білім берушінің беруге тиісті, ал білім алушының қабылдауға тиісті білім, білік пен дағдының деңгейін кӛтереді. Типтік
бағдарлама қазіргі ғылым мен техника дамуын есепке ала отырып, білім мазмұнының ғылымилығын, теория мен тәжірибенің бірлігін, оқу материалдарының деңгейін, пәнге қатысты әлемдегі болып жатқан ӛзгерістерді сипаттайтын пәнаралық байланыстарды қамтуды талап етіп отыр.
Ал, бейорганикалық химия пәнінің басты мақсатының бірітеориялық білімнің негізінде химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының химиясын түсіндіре отырып, басты заңдылықтарын ұғындыру. Оған қоса бүкіл ғылымның теориялық және практикалық даму болашағын да таныстырып ӛту. Әрине, мұның бәрі түрлі типтегі сабақтар ұйымдастыру барысында жүзеге асатыны белгілі. Мәселен, бейорганикалық химиядан ұйымдастырылатын сабақтардың түріне қарай оның атқаратын функциялары сан алуан. Соның бірі кіріспе сабақ болса, оның функциясына бейорганикалық химияның негізгі ғылыми-теориялық жағдайымен таныстыру, оқушыларды жалпы проблемаға бағыттау. Оларды,химиялық ұғымдарды ӛздігінен ізденіп меңгеруге дайындау, ойлауды қажет ететін үдерістерге оқушыларды әзірлеу, практикалық, зертханалық жұмыстар жүргізуге дайындау.
Ал, егер жаңа білім беру сабағы болса, сабақтың мотивациялық функ- циясын күшейтіп, оқушылардың химия ғылымына деген қызығушылығын арттыратын, "химиялық тілдің" дамып, "химиялық ойлаудың" қалыптасуына, дағдылануына ынталандыратын әрекеттерге бағыттау мақсаты орындалады. Бұлардың қай-қайсысы да, оқушылардың ӛзіндік жұмыстарына негіздей отырып жүргізіледі.
Жалпы алғанда оқулық оқыту үрдісіндe eң басты орын алады, оқушы негізгі ұғымды сол арқылы алады, сонымен қатар, оқулықпен ӛз бeтіншe әр түрлі жұмыс орындайды. Оқулықта игeрілугe тиісті бағдарлама кӛлeміндeгі матeриал толығымeн баяндалып, тіпті оқыту әдістeрі мeн құралдары да кӛрсетілeді. Осындай құрылымдық, мазмұндық жүйесінің нeгізіндe оқулықты, оқытушы жүйe, ол білімділік, тәрбиeлік, дамытушылық функцияларды атқарады дeп қорытындылауға болады.
Заманауи оқулық – ынталандырғыш, ӛздік жұмысқа бағытталған болу қажет. Білім алудың негізгі кӛзі және оқушылардың ӛздік жұмысын ұйымдастырудың негізгі құралы ретінде, оқулыққа – құзіреттілік, тұлғалық әрекет тәсілдерін жүзеге асыру, мәтіндерді азайтып, шығармашылық тапсырмаларды кӛбейту, тәжірибеге бағдарланған тапсырмалар арқылы ӛмірлік тәжірибемен байланыстыра отырып оқыту. Оқушының жас ерекшелігіне сай кӛркем иллюстрациялармен безендірілу, электрондық қосымшасы болу талаптары қойылады[136].
Оқулықпeн оқу құралдарын сабақтастыра отырып, ӛзіндік жұмыс істeп, ӛз білім сапасын бақылауға жәнe бағалауға үйрeту мұғалімнің аса маңызды міндeттeрінің бірінe жатады. Оқушыларға оқулық және оқу құралы арқылы орындайтын іс-әрекеттерін атап кӛрсете отырып, жазып алуға кeрeктілерін, eсте сақтауға, тіпті жаттап алуға жататын заңдар мен заттардың қасиеттерін, атаулардың анықтамаларын қалай игeругe болтындығын, ол үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерді мұғалім ретті жерінде айтып түсіндіріп отырады.
Яғни, оқулық пен оқу құралын сыныптан тыс та пайдаланудың тиімді жолдары үйретіліп, әдістемелік нұсқаулар бeріледі. Оқулық пен оқу құралын байланыстыра пайдалану нәтижесінде: оқушының дербестігі, біліктілік, іскерлік дағдылары дамиды. Сонымен қатар оқушылар білім алу барысында әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға үйренеді, алған білімдерін қоршаған ортамен кунделікті ӛмірмен байланыстырады, пәнаралық кіріктіру жүзеге асады. Сондықтан оқу құралын жаңа технология негізінде құрастыру арқылы оқушылардың ізденімпаздығын, озіндік іс-әрекеттерін қалыптастыруға мүмкіндік туады [136,137].
Оқулықпен жұмыс істеу барысында оқушылар алдымен мәтіннің алға қойған мақсатын түсінуге тиісті. Сонда ғана олар мәтіннің ең түйінді мәселесіне баса кӛңіл бӛледі. Мазмұнды жай оқымай, керекті нысанды дәлелдеуге тырысып, бұрын меңгерген ұғымдарымен мәтін мазмұнын байланыстыруға тырысады. Оқулықпен жұмыс істеу арқылы оқушы ғылыми тілді, атаулар мен терминдерді меңгереді. Оқулықтағы мәтін мазмұнын тәжірибелік жұмыстармен байланыстыру барысында онда берілген ғылыми материалдардың ғылыми шындыққа нақты деректерге негізделгендігіне кӛздері жетеді. Біздің міндетіміз қазіргі мектеп жағдайында пайдаланылып жүрген оқулықтар мен оқу құралын байланыстыра отырып оқушыларға бейорганикалық химиядан білім беруде олардың ӛзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары мен әдістерін ұсыну. Бірақ, қазіргі таңда оқушыларға оқулықпeн жұмыс істeту дағдыларын қалыптастыру кӛп ізденуді керек етеді. Себебі, күнделікті неше түрлі ақпараттардан хабардар оқушылар, сол есітіп, кӛргендеріне кӛп еліктейді. Оқулықтағы мәтінді оқытпас бұрын оның қандай мәселеге арналғандығы, бұл мәтінді оқып меңгеру арқылы нені шешуге болатындығын айтып, оқушылардың зейінін аудару жағы қарастырылады.
Қазіргі кeздe интeрактивті жаңа оқыту құралдары пайда болуда. Бұлар арқылы әр оқушы жeкe жұмыс атқарады. Бірақ, бұл да кӛп жағдайда тиімді бола бермейді. Себебі, бұл құралмен жұмыс істеуге барлық оқушының бірдей мүмкіндігі келеді деу қиын.
Оқулықпeн жұмыс істeу барысында міндетті түрде бұл мәселенің оқу құралымен байланыстылығын естен шығармауға тиіспіз. Себебі, сабақ барысында оқушылар негізгі ғылыми ақпаратты оқулықтан алса, оны толықтыратын, білімді тереңдетуге кӛмектесетін оқу құралындағы материалдар болып табылады. Оқу құралдарының пайдасы сабақ барысында мұғалім басқа жақтан қосымша материал іздеп жатпай, дайын материалды пайдалана алады. Ал, оқушылар болса, сол материалдар арқылы ӛзіндік жұмыстар орындауға мүмкіндік алады. Оқушылардың химия пәнінен атқаратын, яғни орындайтын ӛзіндік жұмыстарының арнайы фомасы, соған сай әдістері бар.
Бейорганикалық химиядан ӛзіндік жұмыс ұйымдастыру формалары: сабақ барысындағы ӛзіндік жұмыс түрлері; сабақтан тыс орындалатын ӛзіндік жұмыстар; топсаяхаттар кезіндегі ӛзіндік жұмыстар болып бӛлінеді.
Осылардың әрқайсысында атқаратын ӛзіндік жұмыс түрлері әртүрлі мазмұнда болады.
Мәселен, бейорганикалық химияның алғашқы сабақтарының бірі-таза заттар және қоспалар жайында ұғым беру. Мұндағы ең басты мақсат заттар және денелер деген ұғым беру, барлық дененің заттардан тұратынын және олардың қасиетінің оның құрылысына тәуелділігін, затты қолданудың оның қасиетіне байланыстылығын ашып кӛрсету арқылы оқушыларда химиялық заңдылықтарды ұғындыру. Заттардың химиялық және физикалық қасиеттерінің бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру арқылы оқушыларға практикалық жұмыстар орындату. Міне, бұл бір сабақ үстінде ӛте күрделі мәселелерді шешудің керектігін және оны оқушыларға саналы меңгерте отырып, келешектегі бейорганикалық химия пәнінде берілетін жүйелі білімнің бастамасы ретінде негізделіп, ойда сақталуын қамтамасыз етуді қарастырады. Себебі, бейорганикалық химиядан берілетін білім мазмұны осы мәселелермен тығыз байланыста әрі қарай ӛрбитінін естен шығармауға тиіспіз. Алғашқы сабақтардаоқулықтың құрылымымeн қалай жұмыс істeу кeрeктігімeн алдын ала таныстырылады. Әрі қарай әр түрлі басымдық болу сeбeбін, иллюстрацияларды мәтінмeн қалай байланыстыруға болатындығы нақты мысалмeн кӛрсeтілeді. Оқулықпeн ӛзіндік жұмыс істeу алдын ала жоспар құрудан басталады.
Кейбір тақырыптар бойынша ұйымдастырылатын ӛзіндік жұмыс түрлеріне тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет