Бейорганикалық химия оқулығы мен оқу құралын байланыстыра пайдаланудың тиімді әдістерін тәжірибелік – экспериментке қою және оның нәтижесі.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуын және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктіруді кӛздеп отырғандығы белгілі . Сондықтан да,қазіргі
таңда оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны пән мазмұнын ашатын- дай етіп, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.Сонымен қатар, Республикамызда әрбір пән бойынша жаңартылған бағдарламалар мазмұны ұсынылды. Соның бірі 7 сыныпқа арналған -«Химия» пәнінің де – бағдарламалық мазмұны 2016 жылғы 13 мамырда қайта қаралып, оған ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл жаңартылған бағдарламаның түсінік хатында былай деп кӛрсетілген «7-сыныпқа арналған «Химия» пәнінің жаңартылған мазмұндағы оқу мақсаттары оқушыларға заттар мен олардың айналымы, заттар қасиеттері, олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, оқушыларға химиялық процестердіңң мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы ӛмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк береді».
Бағдарламаның мазмұнына кӛз салсақ, халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес бейорганикалық химиядан білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріліп әзірленгенін бірден байқауға болады. Сонымен қатар, жаңартылған оқу бағдарламасы оқушылардың келесі сыныптарда меңгеретін химиялық білімі, білігі мен дағдыларын дамытуға бағытталған. Бағдарламада химиядан оқушылардың ізденушілдігі мен біліктілігін қалыптастыру үшін бірнеше мақсаттар атап кӛрсетіледі. Олардың қатарына:
қауіпсіздік техникасын пайдалана отырып құрылғылар мен құрал- жабдықтарды қолдану;- тәжiрибе жүргізу; химиялық заттарды анықтау;
-моделдерді жинау;
-табиғи құбылыстар, үдерістер, заңдардың мәнін түсіну үшін лабораториялық тәжірибе және зерттеу жұмыстарын жүргізу;
эксперименттік есептер шығару т.б. іс-әрекеттерді білім беру барысында ұйымдастыру кӛзделіп отыр. Бұған қарап, «Химия» пәні 7-сыныптан басталатын болғандықтан, оқушылардың пәннің негізін қалайтын ұғымдарды, заңдар мен заңдылықтарды дұрыс түсінулерін қамтамасыз етуді талап еткендігін кӛреміз.Себебі, осы аталған мәселелерді саналы меңгеру арқылы келешекте химияның «Термодинамика», «Энергетика», «Кинетика», «Тепе- теңдік» бӛлімдерін жеңіл меңгеруге мүмкіндік туады.
Сондықтан да біз эксперимент кезінде осы талаптарды ескере отырып жүргіздік. Қазіргі таңда білім берудің мазмұны жаңаруына орай , оны оқытуға байланысты да жаңаша кӛзқарас пайда болды. Әсіресе, мұғалімдердің алдында оқытудың әдіс тәсілдерінің үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті қойылып отыр.
Орта мектептегі жаратылыстану пәндерінен жаңартылған білім мазмұны құзыреттілікке және оқушыларға білімдісаналы меңгертуге бағытталғандықтан, олардың білім алу барысында сын тұрғысынан ойлауын, зерттеу жұмыстарын жүргізуін, тәжірибе жасауын, АҚТ –ны қолдана білуін, осы іс-әрекеттер арқылы коммуникативті қарым-қатынасқа түсуін
қалыптастыру жағына баса кӛңіл бӛлінеді. Осындай іс-әрекеттер барысында оқушылар жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуге жаттығады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі мына тӛменде- гілерді қамтитынын білеміз:
-Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым)- Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
-Шығармашылық ойлау дағдысы;
-Логикалық ойлау дағдысы;
Сыни ойлау дағдысы;
Алгоритмдік ойлау дағдысы;
-Критикалық ойлау дағдысы;
-Проблемалық ойлау дағдысы;
-Технологиялық ойлау дағдысы;
Тілдік құзіреттілік дағдысы;
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Осы жоғарыда кӛрсетілген талаптарды ескере отырып, біз эксперименттікжұмыс нәтижесін бағалауда критериялық бағалау жүйесіне кӛңіл бӛлдік. Сондықтан да, оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл оқушылардың жан-жақты ізденуіне, мәселені шешуге қызығушылықтарының артуына жағдай жасалды. Күнделікті қалыптастырушы бағалау барысында оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіліп, кеткен қателерді дер кезінде түзетіп отыруға мүмкіндік туды. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бӛлімдерін оқып аяқтаған кезде оқушының ӛткен материалдар бойынша үлгеріміне баға қою арқылы ӛткізіледі.
Бейорганикалық химия оқулығы мен оқу құралын байланыстыра отырып оқытуда оқушылардың ӛзіндік жұмысын орындату арқылы олардың теориялық білімі мен пректикалық дағдыларын дамуын зерттеу жұмысымызға байланысты жасалған болжамның дұрыстығын тексеру мақсатымен тәжірибелік эксперимент жұмысын ұйымдастырдық. Мұндағы мақсатбіріншіден, оқушыларға бейорганикалық химия пәнінен алған білімдерінің тереңдеуіне ол пәнді оқыту барысында оқу құралдарын байланыстыра пайдаланудың тиімділігін анықтау. Екіншіден, оқулық пен оқу құралын байланыстыра оқытуда ұйымдастыруға болатын ӛзіндік жұмыстардың жүйесін байқаудан ӛткізу. Үшіншіден, осы жұмыстарды ұйымдастыру барысында қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау.
Тәжірибелік эксперименткеАлматы қаласындағы А.Қарсақбаев атындағы
№41жалпы білім беретін мектептің 7- сыныбы алынды.
Эксперименттік сыныпта 32 оқушы, бақылау сыныбында 33 оқушы болды. Эксперименттік топтағы бейорганикалық химия пәнін оқыту біз ұсынған жоспармен жүргізілді. Ал, бақылау тобында ӛздерінің бағдарламалық талаптары бойынша оқытылып, оқулықпен оқу құралын байланыстыруға кӛңіл бӛлінген жоқ.
Эксперимент жұмысын жүргізу үшін мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сабақ жоспарлары, сауалнамалар, ӛзіндік жұмыстар түрлері, тест тапсырмалары дайындалды. Сонымен қатар, анықтау экспериментінің нәтижелерін қортындылауға, ӛңдеуге арналған нұсқау әзірленді. Эксперимент жұмысының алғашқы бӛлімі анықтау жұмысына арналды. Мұндағы мақсат оқушылардың бейорганикалық химияны оқуда орындайтын ӛзіндік жұмыстардың кӛлемін, сонымен қатар, олардың сабақтағы дербестігі мен коммуникативтік деңгейін байқау болды. Анықтау эксперименті кезінде екі сынып бойынша да, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, пікірлесу, оқушылармен қарым-қатысқа түсу сияқты жұмыстар жүргізілді. Осы анықтау эксперименті барысында оқушыларға ӛзіндік жұмыстар беріп орындату да қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |