Уалибековна


БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯДАН БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУЛЫҚТАР МЕН ОҚУ ҚҰРАЛЫН БАЙЛАНЫСТЫРА ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТКЕ ҚОЮДЫҢ НӘТИЖЕСІ



бет25/39
Дата11.05.2022
өлшемі3 Mb.
#142377
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
Disser

2БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯДАН БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУЛЫҚТАР МЕН ОҚУ ҚҰРАЛЫН БАЙЛАНЫСТЫРА ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТКЕ ҚОЮДЫҢ НӘТИЖЕСІ





    1. Орта мектептің бейорганикалық химия оқулықтары мен оқу құралының сабақтастығы арқылы білім алушылардың теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі.

Оқулық әр пәннің базалық ғылыми мазмұнының, бағдарлы құндылықтарды, Қазақстандық компоненттерді берудегі негізгі кӛзі. Оқулықпен жұмыс істеп, оның осы жоғарыда кӛрсетіліген мазмұнын талдай білген оқушы ғана кейін басқа да ақпараттарды пайдалануға үйренеді. Оқулықта берілген материалдың мазмұнына байланысты ғана мұғалім білім берудің дұрыс мақсатын белгілей алады. Оқулық тек білім беру құралы ғана емес, ол оқушыларды дамытуға бағыт бағдар ұсынатын құрал. Оқулықтағы материалды пайдалану барысында оқушылар ӛздігінен іс-әрекет жасай отырып, түрлі жағдаяттарды шешуге, білімдерін ӛмірде қолдануғақажетті дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруге үйренеді. Оқулықтағы материалдар бойынша оқушыларға білім беруде оқушыларды әлеуметтік тұлға ретінде дамыту үшін, оның бойындағы бүкіл мүмкіндіктеріне жол ашып, ӛздігінен еңбек етуін қамтамасыз ету кӛзделеді. Белгілі психолог М.М.Мұқанов «Оқыту –бұл білім беру және білімді тиісті жерінде қолдануға үйрету» деп бекер айтпаған[127]. Оқулықты дидактикалық тұрғыдан алғанда мәтінді игеруге қойылып отырған мақсатқа байланысты сабақтың ең басында да, ортасында да, білімді қорытуға тиісті соңында да пайдалана алады. Әрине, оқулықта берілген мәтіннің теориялық және практикалық мәні арта түсуі үшін онымен жұмыс атқару жолдарының әдістемелік және дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуы шарт. Оқулықтағы материалдар арқылы оқушы пән бойынша алғашқы ғылыми ұғым алса, енді осыған байланысты берілген ондағы түрлі кӛрнекіліктерді пайдалану барысында сол ұғымдарын тиянақтай түседі. Ал, сабақтың соңында түрлі тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды орындай отырып, алған білімдерін бекіту мақсаты орындалады. Әрине, бұл мақсатқа жету үшін оқулық мәтініне байланысты берілетін сұрақтар мен тапсырмалардың дамытушылық бағытта берілуі шешуші орын алады.
Оқулық құрылымы оқу үдерісінде оны күшейтетін элемененттермен ӛзара байланысты қатыста болады. Сол арқылы білім беру кезінде дидактикалық мақсат орындалады. Оқулықтағы ең негізгі кӛңіл білім беруге арналса, екіншісі осы білім арқылы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру жағынаарналады. Ал, іс-әрекетті ұйымдастыру үшін мәтіннің мазмұны оқушылардың қызығушылығын арттыратындай, ӛзіндік іс-әрекеттер ұйымдастыру арқылы олардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға негіз
болатындай дәрежеде берілуге тиісті. Тек мұнымен оқулықтың міндеті шектелмейді, ондағы материалдар оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін ашатындай, оларды ізденуге, зерттей қарауға жетелейтіндей жағдайға кӛтеріп, жаңа мәселелерді кӛре білетіндей, білімді ӛздігінен іздене отырып, меңгерген білімін жаңа жағдайда қолдануға жеткізетіндей болуға тиісті. Ол үшін оқулықпен жұмыс атқаруда мына мәселелер ескерілуге тиісті:

  • мәтін мазмұнын оқу барысында онда кездесетін ғылыми анықтамаларды, заңдарды ойда сақтайтындай жағдай жасау;

  • кездескен атаулар мен жаңа ұғымдарға мән беріп, оларды дәптерге жаздыру;

  • тірек сӛздер бере отырып, оқушыларға химиялық ерекшеліктерге байланысты сӛйлем құрату;

  • оқығандарын сӛзбе-сӛз емес, ӛз ойларымен қорытындылай отырып, еркін айтуға жаттығу.

Алға қойған талаптарды орындауда оқулықтың тек ӛз мазмұнымен, шектелмей, оның құрамдас бӛлігіне енетін оқу құралдарымен тығыз байланыста, сабақтастықта қарау талабы тұрады. Себебі, қандай ғылыми ұғымды қалыптастыру мақсатын алға қойсақ та, оларды бір-бірімен ұқсас ғылымдар жүйесімен байланыстыра отырып оқыту арқылы қол жеткізуге болады.
Орта метептегі бейорганикалық химия пәні оқушыларға заттар және оның қасиеттері мен қосылыстарынан бастап, біртіндеп дамыта отырып химия ғылымы ашқан теориялар мен заңдылықтарды, нақты деректерді, химиялық ұғымдарды, түсініктерді меңгертеді. Бұл алғашқы ұғымдар зат, оның сапалық және сандық сипаттамасы, символикасы туралы берілетін ұғымдар. Осылардан біртіндеп, заттардың ӛзгерістері, құбылыс, бір заттың екінші затқа айналу терминдерінің арақатысын меңгере отырып, химиялық реакция ұғымын түсініп, оның формуласын жазу деңгейіне жетеді. Бұл меңгерту жолында мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушыладың ӛзіндік іс-әрекеттерінің тиімді тоғысулары үлкен рӛл атқарады. Осы кезге дейін химия пәнін оқыту мәселесіне байланысты Республика кӛлемінде кӛптеген әдістемелік құралдар жарық кӛрді. Бұлардың қатарында: Д.Қоянбаев, А.Г.Гатаулин, Л.З.Дюсюпова, Л.П.Калашникова, К.А.Сарманова, О.Хаймолдин, А.Мырзабаев, М.Д.Жадриналарды және т.б. атай аламыз[128,129]. Бұл педагогтар орта мектеп химиясын оқытуға байланысты оны әр тұсынан зерттеп, мұғалім қауымына үлкен әдістемелік кӛмек кӛрсетті және сол еңбектердің нәтижесі қазіргі таңға дейін мектеп химиясын оқытуда жетістіктерге жетудің негізі болып келеді. Мектеп химиясын оқытуда тек әдістемелік құралдар дайындау ғана емес, күрделі ғылыми зерттеу жұмыстары да жүргізілді. Бұл зерттеулерде химияны оқытудың басқа пәндермен байланыстару да жан-жақты назарда болды.Сонымен қатар, мектеп химиясының мазмұнын талдап, қазіргі таңдағы олардың құрамына енген жаңалықтарды да кӛрсете білді. Соңғы жылдардағы зерттеулер негізінде химия оқулықтарының мазмұндық, құрылымдық жүйесі біраз реттелді. Химияның ғылыми тілі сараланып, тұрақталыпоның мазмұнына
біраз ӛзгерістер енгізілді. Мәселен, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары және электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан олардың химиялық қасиеттері жӛніндегі мағлұматтар толықтырылып, қорытындыланды.
Оқулықтың «Кіріспе» бӛлімінде химия ғылымы нені зерттейтіні жӛнінде және химияны оқып үйренуде қандай әдістердің басым қолданылатыны жайында қысқашы материалдар берілді. 7- сыныптың соңғы қолданыстағы оқулығында(авторлары: М.Қ.Оспанова, Т.Г.Белаусова, Қ.С.Аухадиева)
«Химия пәніне кіріспе» бӛлімінде таза заттар, және қоспалардан бастап берілетін білім біртіндеп күрделене түседі. Сондай-ақ, осы алғашқы берілетін ұғымнан бастап, оқушыларға химиялық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған және қарапайым химиялық тәжірибелер жасауға үйрететін тапсырмалар беріледі.
Біз зерттеу жұмысымызда бейорганикалық химия пәнінің оқулықтары мен оқу құралдарын байланыстыра оқытудың дидактикалық негіздерін қарастыру мақсатын ӛзімізге міндет етіп қойғандықтан, 7- сыныптың химия оқулығын ӛзіміз құрастырған (авторлары:О.С. Габриелян, Ж.Ә.Шоқыбаев, Г.У.Ильясова)
« Химияға кіріспе 7-сынып» оқу құралымен байланыстыра отырып, білім беру мәселесіне тоқтала келе, осы арқылы оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық біліктерін қалыптастыруды қарастырмақпыз [130].
Әсіресе, химия оқулықтарының мазмұндық мәселесін сӛз еткенде оны басқа жаратылыстану ғылымдарының негізімен байланыстыра оқытудың қазіргі білім беру талаптарының бірі екендігіне тоқталған болатынбыз. Оқу құралын құрастырушы авторлар химияның ғылымда алатын орынының еркешелігін былай қойғанда, оның бүкіл шаруашылық салаларында алатын орынының маңыздылығымен қоса, бүкіл жаратылыстану ғылымында негізгі орынды алатындығын атай келіп, «химия және физика», «химия және геграфия», «математика және химия», «химия және биология» байланыстарын ашуға тоқталады. Сондықтан да, осы сабақтастықтарды химияны оқыту барысында қолданудың оқушылардың теориялық білімі мен практикалық біліктерінің қалыптасуы мен іскерліктерінің шыңдалуына тигізетін әсерін қарастырамыз.
7- сынып бейорганикалық химия оқулығының алғашқы «Таза заттар және қоспалар» тақырыбында «зат» және «дене» ұғымдарын түсіндіретін ғылыми ақпарат түрінде материал беріледі. Бұл екі химиялық терминнің анықтамасы талданып, мысалдар келтірідеді. Оқулықтың 9- бетіндегі заттардың қасиеттері туралы анықтама былай берілген: Заттардың бір-бірінен айырмашылығын немесе, ӛзара ұқсатығын кӛрсететін белгілерді олардың қасиеттері –деп атайды. Біздің пікірімізше мұны оқушыларға ӛте жеңіл түсіндіру үшін оларға сол заттар арқылы тәжірибе жасату бірінші орында тұрмақ.
«Заттардың тек ӛзіне ғана тән белгілеріноның қасиеті дейді. Заттардың қасиеті кейде бір-біріне ұқсас не бір-бірінен үлкен айырма жасауы мүмкін» десек, ең алдымен оқушы заттың қасиеті тек сол затқа ғана тән болатындығын түсінуге тиіс. Осы тақырыпты меңгерту кезінде мұғалім оқу құралының 10-11 беттерінде берілген материалдарды сабақ барысында оқушыларға ӛзіндік
жұмыс орындатуда немесе, үйге берілетін тапсырмаларға қосымша ретінде ұсынуына болады. Бұл материалдарды пайдалану арқылы біріншіден, оқушылардың заттардың қасиеттері туралы теориялық ұғымдары тереңдей түседі. Екіншіден, жалпы заттардың табиғатта үш түрлі агрегаттық күйде кездесе отырып, әр заттың ӛзіндік қасиеті болатындығына тәжірибе арқылы кӛз жеткізу негізінде олардың практикалық іс-әрекеттері дамиды. Себебі, оқушылар 10-беттегі үш түрлі заттың қасиеттерін сызба бойынша анықтайды. Заттардың басты қасиеттеріне байланысты оларды пайдаланудың да түрлі деңгейде болатындығын терең ұғына түседі. Сонымен қатар, адамның қоршаған ортаға зияны туралы мағлұматты толықтыра түсуге оқу құралының 8-9 беттеріндегі материалдар мен берілген бейнелі кӛрнекіліктердің де оқушылардың тақырып-ты саналы меңгеруіне үлкен пайдасы тиеді. Бұл тұста оқушылар оқу құралында берілген материалдарға негіздей отырып, ӛздерінің ӛмір тәжірибесімен және жергілікті жағдайда байқағандарымен салыстырып ауызша әңгіме құрастыра алады.Оқулық пен оқу құралдарындағы материалдарды байланыстырудың негізгі мақсатының ӛзі оқушылардың қоршаған ортадан алған ұғымдары мен бақылап, байқағандарының байланысын күшейту арқылы олардың материалды ӛзіндік ой елегінен ӛткізуін, жүйелі ойын дамыту мен білімді ӛздігінен толықтыруды қамтамасыз ету сияқты дидактикалық принципті орындау. Оқулықтағы осы аталған мәтінде адамның табиғатқа тигізетін зияны туралы да сӛз қозғалады. Бірақ, оны түрлі мысалдар арқылы терең талдап жатпайды. Мұны түсінуге болады, себебі, бір сабақтың үстінде қаралатын мәселелер жеткілікті болғандықтан, ондай ұғымдарды оқушылар ӛздігінен ізденіп-ақ толықтыра алатыны белгілі. Сондықтан, осы тұста оқу құралындағы материал адамның табиғатқа тигізетін жағымсыз әсерін кӛрсететін кӛрнекі бейнелі суреттер арқылы беріл-ген материалды оқушылардың ӛздігінен оқып, білімдерін толықтыруға ұсыну қажет. Бұл арқылы адам баласының қазіргі таңдағы табиғатқа тигізетін зиянын түсініп қана қоймай, оқушылардың бойында табиғатқа қамқорлықпен қарау сезімдері оянады. Экологиялық тәрбие мәселесі де жүзеге асады. Егер, осы тақырып бойынша оқу құралының оқулықты толықтыру тұстарына ой жүгіртсек, біріншіден, тақырыптың ғылыми білімдік мазұнын толықтырып, оқушы- лардың материалды саналы меңгеруі жүзеге асады. Екіншіден, оқушыларға ӛздігінен орындайтын тапсырмаларды бере отырып, тақырыптың оларды дамытушылық мақсаты орындалады. Үшіншіден, әрбір мәтін тәрбиелік тұстары ашылуға тиіс екенін ескерсек, бұл мақсаттың да орындалғандығын кӛруге болады.
Оқулықтағы «Таза заттар және қоспалар» тақырыбы оқушыларға таза зат деп қандай затты айтатыны мысалдар арқылы жақсы берілген. Сонымен қатар, қоспалардың құрамы талданып, олардың біртекті және кӛп текті болатындығы да сызба арқылы түсіндіріледі. Қоспаларды айырудың түрлері де оқушыларға түсінікті тілде жеткізіліп отыр. Қоспаларды бӛлу кезінде жүргізілетін тәжірибелер кӛрнекі суреттер арқылы кӛрсетіледі. Осы тақырыпқа байланысты оқу құралының 18-19 беттеріндегі бақылауды, тәжірибені, экспериментті
ұйымдастырудың жағдайы мен химиялық білімді меңгерудегі олардың маңызын мәлімдейтін материалды оқушылардың үй жұмысы кезінде ӛздігінен орындауына бере отырып, ӛздерінің сабақ барысында жасаған тәжірибелерінің мәнін терең ұғынуына жағдай туады. Бұл оқушылардың практикалық іскерлігін дамытып қана қоймай, химиялық ұғымдардың басқа да жаратылыстану ғылымдарымен байланысын түсінуге мүмкіндік туғызады. Бұл тұста оқу құралының 26- бетіндегі 2-сарамандық жұмыста да оқушылардың ӛздігінен бақылауына жүктеген дұрыс.Сонымен қатар, оқушылардың таза заттар және қоспалар туралы білімдерін толықтыра түсетін материал оқу құралының 90-95 беттерінде толық және нақты мысалдар арқылы берілген. Мұндай материалдарды оқушылардың қосымша мағлұмат алуына үлкен кӛмегі тиетіні анық. Мәселен, сұйық заттардың және қатты заттардың қоспалық құрылымдарына байланысты мысалдар оқушылардың күнделікті ӛмірден кездестіріп жүрген заттарына байланысты келтірілген. Мұндай мысалдар білім үшін ұсынылатын материалдардың ғылымилығы мен нақты деректер негізінде берілетіндігінің дәлелі болып табылады. Мұндай материалдармен танысу арқылы оқушылар ӛз маңайындағы заттардан мұның дәлелін іздей бастайды. Оларды ажыратып дәлелдейді. Осындай негізде болашақта орта мектеп оқушылары ғылыми жоба жұмысымен айналысуға мүмкіндік алады. Оқу құралының 116-121беттерінде қоспаларды бӛлуге арналған материал берілген. Мұндағы кейбір мысалдар оқушылардың күнделікті ӛмірде кӛріп жүрген заттарына байланысты таныс нәрселер. Сондықтан да, оқушыларға оқу құралындағы осы материалдармен таныса отырып, ӛздерінің қоспаны бӛлуге байланысты мысалдарын дайындап келуді тапсыруға болады. Мұндайда оқушылар неше түрлі қызықты ұсыныстар жасайтыны анық. Ол ұсыныстардың дұрыстығы мен қателігін ӛздері біріге отырып, талқылау барысында шешімге келеді. Бұл біріншіден, оқушылардың ойлануына жағдай туғызса, екіншіден, берілетін білімді игілендіру мақсатын орындауды қамтамасыз етеді. Себебі, оқушылар ӛз таңдаулары бойынша ой қорытып, оны ортаға салады. Ӛз ойларын қысылмай, талқылауға қатысады. Бұл олардың ойларын ортаға салуға, пікірін айтуға тартыншақтығын жоюдың, білімді ӛздігінен іздену арқылы меңгерудің бірден-бір жолы деуге болады.
Оқулықтың құрылымына қойылатын талаптардың бірі мазмұнның қазіргі ғылым жетістіктеріне сай келуі. Әрине, соңғы қоланылып отырған 7-сынып оқулықтарында бұл талаптар орындалған деп айта аламыз. Дегенмен, оқушылардың ғылыми ізденістерін шыңдай түсу үшін оқу құралында берілген сарамандық жұмыстарды тақырыптардың мазмұнына қарай пайдалану оқулықтың ғылымилық мазмұнын күшейте түспек. Оқулықтағы «1- практикалық жұмыс» тақырыбы бойынша химия кабинетінің жасақтануы және онда сақталатын химиялық заттар мен қауіпсіздікті сақтау жолдары мәлімделеді. Енді, осы мәліметтерді толықтыра түсетін материал оқу құралының 20-25 беттерінде беріліп отыр. Бұған қарап, бір сабақтың үстінде мұның бәрін қамтуға қиын болады деп ойлау мүмкін. Ал, шын мәнінде ізденген мұғалім оқушыларға оқулықпен оқу құралындағы материалдарды
жұптық, топтық жұмыстар түріне бӛле отырып, ӛздігінен талқылауына ұсынса, олардың сабаққа деген қызығушылығы мен ізденушілігін дамытуға мүмкіндік алады.
Физикалық, химиялық құбылыстарды және олардың айырмашылығын түсіндіретін мәтінді оқушыларға меңгертуде оларға оқу құралдарындағы найзағайды қолдан жасау арқылы физикалық құбылысты түсіндіретін материалды пайдалануға болады. Осы тұста оқу құралындағы «химиялық элемент» ұғымына байланысты берілген материалдарды қолдану арқылы олардың химиялық элемент символын жазбаша белгілеу туралы біліктерін және оны алғашқы ұсынған швед химигінің аты жӛнін есте сақтауға мүмкіндік туады. Оқушылар химиялық элементтердің атаулары ментаңбаларының жазылуын кестені пайдалана отырып, жазып, жаттығуға тиісті. Себебі, химиялық формулаларды жазуда да, есептер шығаруда да бұл оқушылардың қолданатын таңбалары болып табылады. Оқу құралында осы мәселеге байланысты химиялық формуланың мына маңызын ашып кӛрсетеді:

  • заттың сапалық құрамын, яғни берілген заттың құрамына қандай элементтер кіретінін;

  • сандық құрамын, яғни зат молекуласының құрамына әр элементтің қанша атомы кіретінін;

  • заттың формуласы бойынша оның жай заттарға немесе күрделі заттарға жататынын білеміз»-дейді. Бұл оқушылардың үнемі басшылыққа алатын ережесі деп қарасақ та болады. Сондықтан да, оқу құралындағы берілген материалды міндетті түрде оқулықтағы негізгі мәтіннің мазмұнымен байланыстырудың тиімді жолдары мен әдістерін іздестіруге тура келеді.

Жоғарыдағы мәселелерге тоқтаған кезде біз химиялық тілді қолдануға мән беріп отырмыз. Себебі, әрбір ғылымның ӛз ерекшелігін, түрлі белгілерін ашып кӛрсететін оқушыларға қолайлы түсіндіретін ӛзінің тілі бар. Химия ғылымының тілі: химиялық терминология, номенклатура және символикадан тұрады. Химия тілі химиялық білімнің берілу формасы және кӛзі[131]. Бұл келтірілген химиялық формулалар туралы мәліметтер оқулықтағы «Атомдар мен молекулалар, жай және күрделі заттар» бӛлімінде тереңдеп, білім тексеру тапсырмаларын орындаумен тұжырымдалады.Әр пәннің тілі сол пәннің мазмұнын ашудың және оны тиімді оқытудың құралы ретінде қаралады. Белгілі педагог А.А.Сохордың пікірі бойынша оқушылардың оқу-танымдық әрекеті жас буынға әлеуметтік тәжірибені жеткізетін тілдік әрекетпен тығыз байланысты деп кӛрсетеді[17].
Бәрімізге белгілі жағдай оқулықтағы мәтіндердің әртүрлі деңгейде беріліп отырғандығы. Дегенмен, мәтін мазмұнының оқушылардың қайталап айтып беруіне ыңғайланып, репродуктивті деңгейде берілуі олардың дамуына жол ашпайды. Бұл түсінгендерін оқушының ӛз сӛзімен қайталап айтып беруі арқылы бағаланатын тӛменгі деңгей деп есептейміз. Ал, қосымша оқу құралындағы материалды пайдалану кезінде мұғалім оны оқушыларға ауызша талдату, жазбаша жаздыру, әрбір топқа жекеше тапсырма ретінде ұсыну арқылы жаңадан меңгерген жаңалықтарды қолдана білуге мүмкіндігі бар
алгоритмдік деңгейге кӛтереді. Сонымен қатар, оқушылардың бұған дейінгі білім алу барысында қалыптасқан дағдыларын (талдау, салыстыру, ӛмірмен байланыстыру, ақпараттарды қолдану т.б.) пайдаланып, берілген тапсырманың олардың ӛз бетінше орындап, жаңаша шешімін табатын тапқырлық (эвристикалық) деңгейге кӛтеруге болады. Осыдан біртіндеп отырып, білімі, білігі, дағдысы, қабілеті дамыған оқушы жаңа проблеманы шешуге мүмкіндігі молайып, ең жоғарғы шығармашылық деңгейге кӛтеріліп, ӛзіндік ұсыныстар жасауға жетеді. Мұндай деңгейлерге жету үшін оқу құралында берілген материалдардың мол мүмкіндіктері бар. Мәселен, осы құралдың 36-бетінде заттардың химиялық формулаларын ненің негізінде жазатындығын талдай келіп, бірнеше заттың формуласы кӛрсетіліп талданады. Осы тұрғыдан оқушыларға ӛздігінен кейбір заттардың формуласын үйден жазып келуге тапсырған жағдайда олардың ойлау үрдісін дамытып, ізденушілігіне жол ашылады.
Химиялық білім мазмұнына байланысты білім деңгейін кӛтеру бүгінгі күн талабына сай қарастырсақ, дамыта оқыту ұстанымының қамтамасыз ету талабы тұрады. Бұл бүгінгі дидактиканың талабыдамыта оқыту екені белгілі. Қазіргі таңдағы білім берудің басты нысана да осы.Сондықтан, мұғалім әр сабақта дамыта оқыту мақсаттарын кӛздеуді ұмытпауға тиіс.Ол үшін оқушының ізденісін тудыратын жағдаяттарды таңдайды. Ал, ізденістің туындауы оқушының меңгерген білім қорының саналылығы, молдығы және тиянақтылығынан шығады. Мәселен, оқу құралының «химия және физика» деген бӛлімінде зттардың құрамы туралы ұғымның екі пәнге де қатысы барын айта келіп, оны түрлі мысалдар арқылы дәлелдейді.
Осы бӛлімде заттың диффузиялық құбылысын анықтауға арналған бірнеше зертханалық тәжірибелер де ұсынылады. Міне, бұл оқушылардың үйден жасап, сол іс-әрекеттерінің нәтижесін дәптерлеріне жазуы арқылы орындауына болады. Мұндағы мақсатбіріншіден, оқушылардың пәнаралық білімді ұғынуы, яғни білімді кіріктіре отырып беру талабы орындалса, екіншіден, оқушылардың ӛзіндік іс-әрекеттік дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар, оқушылардың осы материалға байланысты берілген сұрақтар мен тапсырмаларды да орындауына болады.
Бұл жоғарыда келтірілген мәселелер туралы сӛз қозғағанда Д.Д.Зуeвтің
«Бүгінгі оқулық сабақта қарастырылған матeриалды бeкітугe және үй жұмысын орындау үшін ғана қолданылмайдыОл міндeтті түрдe оқушының ӛзіндік жұмысына, жаңа білім іздeуінe, оларды қорытындылап жүйeлeугe сабақ үстіндe ғана eмeс, сабақтан тыс кeздe дe пайдалана алатын матeриал бeруі тиіс»- дeгeн пікірін негіз етіп аламыз [55].
Оқушылардың есте сақтай білу қабілеті білімнің саналылығына негіз болатынын білеміз. Оқулықта берілген негізгі тақырыптардың бірі «Заттың агрегаттық күйі» материалдың мазмұны бұл мәселелерді жан-жақты ашқан. Осы тұста бастауыш сыныпта да оқушылар судың басты қасиетін оқып білген. Судың тұрақты пішінінің болмайтындығын, суда еритін және ерімейтін заттардың болатынын оқушылар бұрыннан оқып танысқан болатын.
Сондықтан, олардың бастауыш сыныпта алған білімдерін естеріне түсіріп, оны жаңа ұғыммен байланыстыра кетудің қажеттігі туындайды. Бұл арқылы оқушылардың еске сақтау қабілеті ізденушілікке және шығармашылыққа ауысып, олардың танымдық қабілеті дамып, білім алуға белсенділігі артады.
Оқу құралының «Химия және география» тақырыбында берілген материалдар химия пәнінің география ғылымымен байланысын кӛрсетуге бағытталған. Мұнда Жердің ішкі құрылысынан бастап, тау жыныстары, минералдар, шӛгінді жыныстар туралы мағлұматтар беріледі. Осы мәліметтер оқулықтағы «Геологиялық, химиялық қосылыстар» тарауы бойынша білім беру кезінде қолданылады. Мәселен, оқулықта магмалық тау жыныстарының жердің терең қойнауынан балқып шыққан тау жыныстары екені айтылады. Енді сол жыныстарға мысал ретінде гранитті атап, оның құрылысын зертханалық тәжірибе арқылы кӛруге болатыны оқу құралында берілген. Сонда бұл екі жағдай теориялық тұрғыдан бірін-бірі толықтырып тұрғандай. Әсіресе,
«Магмалық тау жыныстары» тақырыбы бойынша Жердің ішкі құрылысында кездесетін минералдарды түсіну үшін оқу құралының 56-60 беттердегі материалдардың ішінен бұл тақырыппен байланысты бӛлімін тауып, іріктеп оқуды және сол құралдағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындауды оқушылардың ӛздеріне тапсыруға болады. Мұндай жұмыстар оқушылардың ізденушілігін арттыруға кӛмектеседі. Олар керекті материалдарды ӛздігінен іріктеуді, таңдауды, мазмұндық құрамын салыстыруды және осының негізінде қорытынды шығаруды үйренеді. Оқушылардың ізденушілігі сен ізден!- деген сӛзбен орындалмайды. Оларға іздендіретіндей іс тапсыру арқылы біртіндеп қалыптасады.
Біз жоғарыда оқулықтың шығармашылық мақсатын айтқан болатынбыз, міне сол оқушыларды шығармашылық деңгейге кӛтеруде химияның басқа ғылымдармен байланысын байқаған оқушы оны керекті жерінде пайдалануға дағдыланады. Мұндай мәселелер олардың әлем бейнесін түсінуіне және дүниенің біртұтастығын ұғынуға негіз болады. Оқушыларға берілетін білім, білік, шығармашылық дағдыларды бір-бірінен ажыратып қарай алмаймыз. Олай болса, мұның бәрі берілетін білім мазмұны мен оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге асатыны белгілі.
Бейорганикалық химияның алғашқы сабағынан бастап-ақ, бұл пәннің жаратылыстану ғылымына жататыны, заттарды және оның қасиеттерін зерттейтіні туралы ұғым қалыптасады. Сол заттардың біразы адам организмінде де кездеседі.
Оқулықтағы «Адам организіміндегі химиялық элементтер мен қосылыстар» тақырыбының мазмұнын осы мәселені жан-жақты талдауға арналған. Білім берудің тәрбиелік мақсаты әрбір тақырыпты оқыту барысында жүзеге асып отыратыны белгілі. Әр тақырыптың білімдік мақсатымен қоса тәрбиелік мақсаты орындалып отыратынын кӛріп отырмыз. Бұл мақсат мәтіндердің мазмұнына байланысты жүзеге асады. Әр мәтін мазмұны әртүрлі тәрбиенің кӛзі бола отырып, сол тәрбиені аша түседі. Осы атап кеткен тараудың
«Адам организмдеріндегі химиялық элементтер» тақырыбын оқып талдауда,
экологиялық және гигиеналық мәселелер де қарала кетеді.Оқулықтағы материалдарда адам организмінде түрлі химиялық элементтердің орын алатыны айтылады. Осы материалдардың теориялық мазмұнын күшейту үшін оқу құралындағы «Химия және биология» тақырыбындағы мағлұматтардың (64-73) беттердегі зертханалық, тәжірибелердің және үй тәжірибесі деген тәжірибенің біреуін оқушының ӛз қалауы бойынша үйден жасап, келесі сыныптағы сабақ кезінде оны жасаудағы мақсаты мен нәтижесін қысқаша баяндауға тапсырылуын керек етеді. Мұнда оқушылар бірін-бірі толықтыра отырып, оқып кеткен мәтіннің мазмұнын қорытындылаумен қатар, ӛзіндік іс- әрекеттер арқылы оның теориялық тұстарын толықтыра түседі. Кейде мұндай тәжірибелердің қортындысын сызбанұсқа арқылы белгілеулеріне де мүмкіндік берілуге тиісті. Бұл тақырыпты оқытқанда адам организімінде болатын түрлі химиялық элементтер аталып қана қоймай, олардың әрқайысының пайдасы және олар қандай заттар арқылы денеге ӛтетінін талдау негізінде оқушылардың ӛз денесін күту, тамақтану ережесін сақтау сияқты мәселелерді меңгеруіне жол ашылады.
Оқу құралында «Газдың кӛлемдік үлесі» деген бӛлімде нақты деректер арқылы ауа құрамының кӛлемдік үлесін бере отырып, оны есептеу жолымен де кӛрсетеді. Сонымен қатар, диаграмма арқылы бұл мәселенің шешімін сызба түрінде береді. Оқулықта да бұл материал жан-жақты талданып, тыныс алудағы тыныс шығарудағы ауаның құрамы ӛте кӛрнекі түрде кӛрсетілген. Дегенмен, оқу құралындағы ауаның құрамын диаграмма арқылы берілуін оқушылардың дәптеріне сыздырып, оның мәнін оқулықтағы схемалық сызбамен салыстыру олардың есте сақтауына негіз болады. Оқу құралындағы тақырыпқа байланысты берілген есептерді оқушылардың сабақ барысында ауызша талдауына да болады. Бұл оқушылардың теориялық материалды саналы меңгеруімен қатар, оны есеп жолымен шешудегі біліктіліктерін нығайтады. Үй тапсырмасы ретінде де, оқу құралындағы есептерді пайдаланып, ӛз ойларын айтуға дайындалу тапсырылса, оқушылардың ізденушілігін тудыра аламыз.
Біз оқулықтың дидактикалық функцияларын сӛз еткенде білімді бекіту және ӛзін-ӛзі бақылау міндетін атап айтқан болатынбыз. Егер, осы оқулық мазмұны мен оқу құралының байланысын сӛз еткенде негізгі жұмыс түрлерін оқушылардың ӛзіндік іс-әрекетіне қарай негіздесек, біз білім мазмұнын меңгерудегі осы жоғарыда аталған функция жүзеге асады деп ойлаймыз. Себебі, білімді бекіту материалды қайталап сұрай берумен шектелуге тиіс емес. Ол кӛбіне оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс орындайтын іс- әрекеттерінің негізінде жүзеге аспақ. Сонымен қатар, оқулық пен оқу құралының негізгі мақсатының бірі-оқушылардың білімді ӛздігінен меңгеруге деген ынтасын дамыту, танымыдық қажетсіну қабілетін қалыптастыру және білім беруге керекті элементтерді біріктіру мақсаттарын да орындау болып отыр. Оқулық пен оқу құралдарының мазмұндық байланысын жүзеге асыру барысында меңгерілетін білімнің жергілікті материалдармен және ӛмірмен байланысын қадағалау да оқушылардың біліктілік деңгейінің дамуына жағдай жасайды. Әрине, оқытуда алға қойған мақсаттарды ғылыми және әдістемелік
тұрғыдан ӛз деңгейінде шешу үшін негізгі орынды мұғалімінің құзыреттілік деңгейі алады.
Оқушылардың оқуға дeгeн қызығуын оятуға түрткі болатын оқулықта бeрілeтін матeриалдар болса, оның әр бӛліміне арналған қосымша дидактикалық матeриалдардың да алатын орыны ерекше. Ондай материалдардың бір түрі оқу құралы деп есептейміз. Оқулықтағы тақырыптардың жеке мәтіндердің әрқайсысынан кейін оған байланысты сұрақтар, тапсырмалар беріліп отыр. Күрдeлілігі әр түрлі eсeптeр мeн жаттығулар да кeлтірілгeн. Химиялық білім бeрудe eсeптeр шығару маңызды роль атқаратыны белгілі. Сeбeбі, ол оқу матeриалын оқушыларға тeрeң жәнe толық саналылықпен мeңгeруін қамтамасыз eтіп, алған білімдeрін ӛз бeтімeн қолдана білуге үйретудің негізігі жолы. Оны біріктіре отырып қолдану арқылы оқушылардың ақыл-ойын, химиялық ойлау дағдысын қалыптастыру жүзеге асады. Оқулық пен оқу құралын байланыстыра оқытуға қойылатын талаптарбарлық кeшeнді тәсілдeрін қолдану рeтімeн жүзeгe асырылады. Бұл бейорганикалық химия пәнін оқытуға тән: пәннің мазмұны, оқыту әдістeрі, оқыту құралдары жәнe оқушының оқу әрeкeтінің түрлерін ұйымдастыру сияқты барлық құрылым элeмeнттeрін қамтиды.
Оқулықтың әр тарауының соңында оқушы қабілетін бақылауға сол арқылы олардың іс-әрекетін шығармашылық деңгейге кӛтеруге жетелейтін сұрақтар мен тапсырмалар беріліген. Ал, осы сияқты оқу құралында да әр тақырыптан кейін берілген сұрақтар, тапсырмалар және түрлі тәжірибелік материалдар келтірілген. Бұл тапсырмалардың ӛзіндік ерекшелігі бар. Олардың басым түрі нақты жаттығу түрінде емес, шығармашылық деңгейге жету мақсатында модель ретінде тапсырмалар құрастырылған. Сондықтан, бұл материалдарды саралай отырып, оқушылардың ой-ӛрісін дамыту мақсатында пайдалануға болады.
Біз ӛз зерттеуімізде оқушыларға білім беру барысында химия оқулығы (7- сынып) мен оқу құралының байланысын жүзеге асыру жайын ашпақ болғандықтан, бұл жерде химияны оқытудағы басқа да кӛмекші құралдардың пайдалану жайында тоқталған жоқпыз. Бұл мәселелерге келесі әдістемелік бӛлімде тоқталмақпыз. Мәселен, химия пәнінің оқушыларға арналған жұмыс дәптерінде оқулықтың әр бӛлімін бекітуге, беріліген деректердің мазмұнын тереңдетуге және оқушылардың ізденушілігін дамытуға арналған әр түрлі жаттығулар мен есеп түрлері қамтылады. Бұл оқушылардың ӛзіндік жұмыстарының нәтижесін бірден жұмыс дәптеріне орындатуға мүмкіндік береді. Оқу құралын пайдаланған кезде бұл да ескерілетін жайттардың бірі. Әрбір бӛлімге байланысты оқушылардың оқу жылында химиядан алған білімдeрін тeксeруді ұйымдастыру жағы да қарастырылады. Мұнда әр тақырыптың мазмұнын және пәннің нeгізін қамтитын сұрақтар арқылы тексеру кӛзделген. Мұндай жағдайда, кейде оларға жауапты оқушылар ӛз білімін тексеру мақсатында пайдалануына болады. Сонымен қатар, оқулықтағы және оқу құралындағы материалдардың байланысын табу, матeриалдарды дұрыс таңдап, оларды орынды пайдалана білу де оқушылардың ӛзіндік іс-әрекетін жандандырып, ӛздігінен ізденуіне түрткі болады. Кӛп жағдайда оқушылардың
ӛздігінен атқаратын жұмыстары олардың жүйелі ойын дамытып, сӛз байлығын, сӛздік қорын молайтып, ӛз пікірін жинақтап, түйіндеп айта білуге дағдыландырады.
Біз оқулық пен оқу құралының сабақтастығын сӛз еткенде олардың әдістемелік бӛлімінің (оқулықтың ӛз ішіндегі кӛрнекілік түрлері) де байланысын естен шығармай, оны ұтымды пайдалану жағын да қарастыруға тиіспіз. Мұндай жағдайда кӛрнекіліктің кейбір түрлерін талдауды оқушыларға үй жұмысы ретінде тапсырған ұтымды.
Бейорганикалық химиядан білім бeрудe eсeптeр шығару маңызды роль атқаратыны белгілі. Есеп шығару арқылы оқыған материалдарын тeрeң, толық және саналы мeңгeру жүзеге асады. Меңгерген білімдeрін ӛз бeтімeн қажетті жағдайда қолдана білуге жаттықтырады. Оқушылардың жаттығу дағдысының қалыптасуы олардың оқу іс-әрекетін жүйелі түрде қайталап отыруы арқылы қол жетеді. Сондықтан да, оқулықтағы және оқу құралындағы есептерді таңдай отырып, тақырып мазмұнын аша түсетіндерін жиі қолдануға кӛңіл бӛлінуге тиісті.
Сонымен, бейорганикалық химия оқулықтары мен оқу құралының мазмұндық және құрылымдық сабақтастығын білім берудің дидактикалық талаптарына негіздей отырып қолдану арқылы оқушының дүниeтанымын, осы пәнді меңгеруге негізелген әдістемелік шеберліктерін, ӛзіндік оқу іс- әрекеттерін, олардың ақыл - ой әрeкeтін, химиялық ойлау дағдысын қалыптастыруға болады. Оқулық мазмұны оқу құралындағы материалдармен байланыстыра отырып, білім беруге қойылатын талаптардың барлық кeшeнді тәсілдeрі жүзeгe асырылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет