Уалибековна



бет21/39
Дата11.05.2022
өлшемі3 Mb.
#142377
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
Disser
docx1545588075, Арнур, Айтилеуов Сакен, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
Оқулықтың өз білімін жетілдіру функциясының да мектеп қабырғасында алатын орыны жоғары.Себебі, оқушыларды ізденімпаздыққа, зерттеуге, тәжірибе қою және экспериментке жаттықтырусыз химиядан берілетін білімнің тиянақтылығына кӛз жеткізуге болмайды. Әсіресе, бұл функцияны жүзеге асыруда мұғалімнің оқушыларға беретін білімді жекебасқа бағыттау принципінің орындалуымен байланыстылығы ескеріледі. Қазіргі таңда білімді тұлғаға бағыттау дегенді дұрыс түсінуге тиіспіз. Бұл негізінен берілетін білімнің оқушыларға түсініктілігі оның оқулықтағы материал мазмұнын қайталаудан тумайтындығын кӛрсетеді. Мұғалім әрбір мәтіннен кейін берілген сұрақтар мен тапсырмаларды деңгейлеп пайдалану нәтижесінде бұл талапты орындауға қол жеткізеді. Мәтінен кейін берілген әдістемелік бӛлімді орынды пайдалану арқылы ғана оқушылардың ӛздеріне, алған білімдеріне деген сенімін арттырады. Себебі, мұндай жағдайда тапсырма жалпылама жағдайда емес, оны әрбір оқушының мүмкіндігіне қарай беру кӛзделеді. Тапсырмалардың бірі мәтін мазмұны бойынша түсінігін қайталау болса, екіншісі, ӛмірмен байланыстыруға, үшіншісі, тапсырманы бұрын меңгерген біліммен байланыстыру арқылы шешуге, тӛртіншісі, тапсырманы шешуді шығармашылық әрекеттер арқылы орындауды, бесіншісі, тапсырма мазмұнының химиялық экспериментпен байланысын ашуға т.б. деңгейлерде болатыны белгілі. Сондықтан да, әр оқушының мүмкіндігіне қарай оларды шешу тапсырылған кезде мен білмей қаламын деген күдік тумайды да, оқушының бойында ӛзіне деген сенімділік артады. Соның нәтижесінде біртіндеп ӛз білімін жетілдіру деңгейіне кӛтеріледі. Бұл оқулық функциясын пайдаланудың мүмкіндігі деп қарауымызға болады [114].
Үйлестіретін функцияның мәнін жоғарыда кӛрсеткендей, оқулықты пайдалануда тек сонда берілген мәліметпен, ақпаратпен шектелмей, тақырыптың ғылымилығын, дамытушылығын, тәрбиелелегін жүзеге асыратын бүкіл қосымша материалдарды үйлестіріп пайдалануды кӛздейді. Соның ішінде біздің ұсынып отырғанымыз теориялық материалды қосымша берілген оқу құралындағы деректермен байланыстыру жағын қарастыру болып отыр. Бұл құралдың мақсаты химия мазмұнын жаратылыстану ғылымдары саласымен байланыстыруды кӛздеу. Осы тұрғыдан алғанда әрбір химиялық тақырып мазмұнына сәйкес келетін материалдар арқылы оны кіріктіре оқытуды қарастыру. Бұл біріншіден, оқулықтың үйлестірушілік функциясын жүзеге асыруға кӛмектессе, екіншіден, жаратылыстану ғылымдарын кіріктіре оқыту принципін жүзеге асырады.
Оқулықтың бекітетін және өзін-өзі бақылайтын функциясы- берілген білімнің нәтижелілігіне қол жеткізуді кӛздейтін талаптардан тұрады. Қандайда бір пәндік материалды оқытып үйреткеннен кейін оның нәтижесінің болуын тексеріп байқау негізгі талаптардың бірі.Себебі, оқушылардың материалды саналы меңгеруіоның дамуының басты шарты десек те болады. Қандай бір дәрежеге қол жеткізетін болсақ та, оқушы бойында ғылыми қалыптасқан білім болмайынша, оның жүзеге асуы мүмкін емес. Қазіргі таңда оқушылардың білімді бекітетін және ӛзін-ӛзі бақылайтын функциясы тек мұғалімнің тексеруі
арқылы ғана емес, ол бірнеше жолмен және олардың тікелей қатысуымен жүзеге асады. Оқушылардың білімін тексеру әдеттегідей бақылау жұмысын алу, сұрақ-жауап және тест жұмыстарын ұйымдастыру арқылы ӛтетіндігімен қоса, жаңаша бағыттағы бақылаулар жүргізіледі. Бұл бақылаулардың мақсаты оқушылардың ӛз білімін ӛзі тексеріп, бағалауы, ӛз қатесін ӛзі тауып, оны жӛндеуі сиқты білімді белсенділікпен меңгеруге жол ашады. Мәселен, химиядан берілетін реакция теңдеулері кезінде оқушы ӛз жұмысының нәтижесін ӛзі талдап, оның дұрыс бұрыстығын ӛзі анықтайды. Сол сияқты, үй тәжірибелерін орындауда да, оқушы ӛз кемшілігін ӛзі табуға тиісті. Сонымен қатар, бұл кемшіліктерін ашық айтып, оны дұрыстаудың жолын да ӛзі кӛрсету деңгейіне кӛтеріледі. Мұндай жұмыстардың нәтижесінде оқушылар ізденушілік деңгейге кӛтеріліп, нәтижеге қолжеткізудің жолын және әдістерін меңгереді. Бұл әрине, химия пәнінің ғылымилығын меңгеріп қана қоймай, оқушыны ӛз ісіне жауаптылықпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелей отырып, оларды шығармашылыққа бағыттайды. Орта мектеп жағдайында мұндай жұмыстар атқартудың мүмкіншілігі мол. Бұл жұмыстар тек оқулықтағы материалдар бойынша ғана емес, қосымша құралдарды, күнделікті ақпарат кӛздерін пайдалану арқылы да жүзеге асады.
Сонымен, жағарыда оқулық функциясының түрлеріне тоқталсақ, оның орта мектеп жағдайында жүзеге ауына мол мүмкіндіктің бар екенін кӛрсеттік. Біз келешекте зерттеуміздің эксперименттік бӛлімінде осы іс-әректтердің іс жүзінде жүзеге асырылуына тоқталмақпыз.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет