Учебная программа по для учащихся с задержкой психического развития (1-9 классы с русским языком обучения) Бағдарлама



бет4/5
Дата25.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#5280
түріУчебная программа
1   2   3   4   5

Сөйлеу үлгілері:

  • Сен ауылда болдың ба?

  • Ауылда не бар?

  • Егінді қай мезгілде орады?

  • Егінді күз мезгілінде орады.

  • Нанды қайда пісіреді?

  • Нанды наубайханада пісіреді.

  • Атаң мен әжең қайда тұрады?

  • Қаратпа сөз, төл сөз деген не?


Оқушылардың білімі мен біліктілігіне

қойылатын негізгі талаптар (5 сынып)
Міндетті деңгей
Сөйлеу әрекеті. Мектебі, отбасы, достары, жыл мезгілдері, қаласы, Отаны, табиғаты, адамның дене мүшелері, жануарлары.

- Елтану. Ұлттық ойындар («Асық», «Ақсүйек», «Тоғыз құмалақ т.б.») туралы айта білу.

Оқылым. Өлеңді, мақал-мәтелдерді жаттау, жалпы мазмұнын түсіну.

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың, бауырың...

«Отансыз адам-ормансыз бұлбұл».

Тыңдалым. Мұғалімнің, жолдасының сөйлеген сөзін түсініп тыңдау.

Сөйлесім. Өзі, отбасы туралы айта білу.

Жазылым. Диктант жаза білу.
Тілдік білім
Бағдарламада көрсетілген 250-300 жаңа сөздерді меңгеру.

Синоним, антоним, омонимдерді ажырата білу.

Ауызекі сөйлеуді меңгеру.

Фонетикалық ұғымдарды қайталау.

Дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлері, айтылу ерекшелігін меңгеру.

Сөз құрамын білу.

Сөздердің түбірін, жалғауын, жұрнағын ажырыта білу.

Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, есімтік, етістік) ерекшеліктерін білу.

Септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын тану, пайдалана білу.

Есімдіктердің түрлерін білу.

Етістіктердің шақтарын білу.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгеру.


Мүмкіндік деңгейі
Сөйлеу әрекеті. Өзі, отбасы, достары айта білу.

Өз қаласы, ауылы,табиғаты, жануарлары, ауа-райы жайлы әңгімелеу.



Оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Тыңдалым. Мәтінді түсініп тыңдау.

Сөйлесім. Өткен тақырыптар бойынша әңгіме құрастыру.

Жазылым. Сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрап жазу.
Тілдік білім


  • ауызекі сөйлеуді меңгеру;

  • дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың түрлерін меңгерту;

  • сөз құрамын, сөздің түбірін, жалғауын, жұрнағын тану;

  • зат есімді пайдалана білу;

  • тәуелдік, жіктік, көптік, септік жалғауларын меңгерту, айырып, қолдана білу;

  • сын есім, сан есімдерді игеру;

  • есімдік түрлерін білу, иелік форманы тану;

  • етістіктің шақтарын меңгеру;

  • шылауларды меңгеру;

  • сөз тіркесінің құрылымын білу;

  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін анықтай білу;

  • қаратпа сөздерді қолдана білу;

  • төл сөз, диалогтың тыныс белгілерінің қою тәртібін білу.

6 сынып


(Аптасына 3 сағат. Барлығы 102 сағат)
I. Менің отбасым. (7)

Біздің отбасымыз. Менің атам мен әжем. Жазғы демалыста. Көшеде.

Қ. Мырза Әлі. «Менің әжем». Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер:

Жекеменшік, дәрігер, немере, шөбере, заңгер, мамандық, төлқұжат,

жаңалық,онша, Ыстықкөл, жағажай, қорған, бекініс, құм, аялдама,

отырыңыз, бос орын. Фонетика. Дыбыс. Дауысты. Дауыссыз. Үндестік

заңы. Буын. Ашық, тұйық, бітеу.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сенің отбасың үлкен бе?

  • Сенің отбасыңда неше адам бар?

  • Атаң мен әжең бар ма?

  • Олар қайда тұрады?

  • Атам мен әжем қалада (ауылда) тұрады.

  • Әкең қайда жұмыс істейді?

  • Демалыс күнің қалай өтеді?

II. Менің достарым (7)

Екі дос. Досымның отбасы. Ізетті бала. Мақал – мәтелдер.

Ә. Табылдиев «Ізетті бала». Сөз мағынасы. Грамматикалық. Лексикалық. Тура, ауыспалы. Нәтиже сабақ.

- Сөйлеу үлгілері:


  • Сенің досың бар ма?

  • Досыңның аты кім?

  • Досымның аты - Ермек.

  • Досыңның жасы нешеде?

  • Нешінші сыныпта оқиды.

  • Бос уақыттарыңда не істейсіңдер?

  • Спортпен айналысамыз.

  • Сенің досың қандай?

  • Менің досым мейірімді адам.

  • Оның мінезі қандай?

  • Достық туралы қандай мақал – мәтел білесің?

III. Менің мектебім. (6)

Мектеп өмірі. Қазақ тілі кабинеті. Мектеп кітапханасы. Мұғалім ол біздің.

Мақал – мәтелдер. Нәтиже сабақ.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сен нешінші сыныпта оқисың?

  • Сенің мектебің қай көшеде орналасқан?

  • Менің мектебім Каблуков көшесінде орналасқан.

  • Сенің ана тілің қай тіл?

  • Менің ана тілім қазақ (неміс, орыс) тілі.

  • Мектебіңде қанша оқушы бар?

  • Сынып жетекшіңнің аты – жөні кім?

  • Ұлттық кітапхана қайда орналасқан?

  • Ұлттық кітапхана Абай даңғылында орналасқан.

IV. Күз. (7)

Алтын күз. Күз айлары. Ауа райы.Күзгі суретші. «Күз» Абай. Күз туралы

мақал – мтелдер. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер:

Ерекше, егін даласы, үздіксіз, ерте күз, шық, теңелу, алтын күз, қоңыр күз, қырау, қолшатыр, нөсер, қайық, жөке, қарағай, шырша. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Бастауыш, баяндауыш.

Сөйлеу үлгілері:

Қазір қай жыл мезгілі?



  • Қазір күз.

  • Күзде ауа райы қандай болады?

  • Күзде ауа райы суытады, жиі – жиі жаңбыр жауады. Суық жел соғады.

  • Күзде не піседі?

  • Күзде астық, жеміс – жидек піседі.

  • Күз туралы қандай мақал – мәтелдер, өлеңдер білесің?

  • Ағаш жапырақтарының түсі қандай болады?

  • Неге алтын (жомарт) күз дейміз?

V. Уақыт. (6)

Уақыт. Күнпарақ. Сағат неше? Менің күн тәртібім. Бос уақыт.Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер:

Күнпарақ, алдыңғы күні, кетті, бүрсүгіні, кесте, ереже, бұзу, ояну, серуендеу, қала, ауысым, жүлделі орын. Зат есімнің септік жалғаулары: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.



Сөйлеу үлгілері:

  • Күнпарақ дегеніміз не?

  • Бір ғасырда қанша жыл бар?

  • Бір ғасырда жүз жыл бар.

  • Қазақ тілі аптасына неше рет өтеді?

  • Сен таңертең нешеде тұрасың?

  • Мен таңертең жетіде тұрамын.

  • Кино нешеде басталады (7: 15)

  • Кино жетіден он бес минут кеткенде басталады.

  • Сағат неше?

  • Сен қандай үйірмеге қатысасың?

  • Мен мектепте би үйірмесіне қатысамын.

  • Неге би үйірмесіне қатысасың?

  • Сымбатты, әдемі болғым келеді.

VI.Менің қалам. (8)

Менің қалам. Астана қаласы. «Астана» Т. Молдағалиев. Қалада.

Меймандос қала. «Қазақстан » қонақ үйі. «Медеу» мұз айдыны. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер:

Тұрғын,орталық, ғимарат, бой көтерді, қасиетті, танымастай, ұлт өкілдері, болашақ, орналасқан жері, Есіл өзені, ескерткіштер, мәдениет орындары, қала келбеті, меймандос, зәулім, жолаушы, Іле алатауы, дүние жүзі, мұз айдыны, әйгілі, көрікті, кешен. Көмекші есімдер: үсті, арты, жаны, қасы, іші, асты, сырты.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сен қай қалада тұрасың?

  • Мен Астана қаласында тұрамын.

  • Ол қандай қала?

  • Алматы қандай қала?

  • Алматы өте әдемі, жап – жасыл қала.

  • Алматыда метро бар ма?

  • «Медеу» мұз айдыны қайда орналасқан?

  • «Медеудің» табиғаты қандай

VII. Туған жерім. (8)

Туған жерім. Қазақстан біздің Отанымыз. «Отан» жаттау. М. Мақатаев.

Қазақстан жері. Мақал –мәтелдер. Біздің ту. Туған жерімнің табиғаты.

Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер:

Рәміздер, мемлекеттік тіл, шекарасы, елбасы, айнала, ыстық, әрі қымбат, қарыз, белес, құрлық, ұлттық өрнек, жазық дала, ұлт өкілдері, атамекен. Жіктік жалғау I II III жақ. Жекеше, көпше түрлері.

Сөйлеу үлгілері:

Отан деген не?


  • Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері, атамекені.

  • Қазақ елінде тұратын адамның Отаны қалай аталады?

  • Қазақ елінде тұратын адамның Отаны – Қазақстан Республикасы.

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түсі қандай?

  • Тудың түсі көгілдір.

  • Туда не бейнеленген?

  • Тудың ортасында алтын күн мен қыран құс, сол жағында ұлттық өрнек бейнеленген.

VIII. Қыс. (7)

Қыс. “Қыс» Абай жаттау. Қыс айлары. Ауа райы. Мақал – мәтелдер.

Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер:

Қыстыгүні, жиі – жиі, аяз, бейнелеу, күн ашық, аязды, шынығу, Зат есім. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Жалғаулары: көптік, жіктік, тәуелдік, септік.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Қазір қыс.

  • Қардың түсі қандай?

  • Қардың түсі ақ. (аппақ, күмістей, мамықтай).

  • Жер бетін не басады?

  • Қыста ауа райы қандай болады?

  • Қыста күн аязды, жиі – жиі қар жауады.

  • Қыстың ең суық айы қай ай?

  • Қыстың ең суық айы - қаңтар.

  • Балалар қыста қандай ойындар ойнайды?

  • Сен бұл жыл мезгілін ұнатасың ба?

  • Бұл жыл мезгілі маған ұнайды. (ұнамайды.)

IX. Табиғатты қорғау. (8)

Табиғатты қорғау. Жер қазына. Қоршаған ортаны қорғау. Таза ауамен

демалайық. Аңшылар. Қанатты сөздер. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер:

Күні жоқ, қазына, таң қалу, себебі, ауа, түс ауа, үйір – үйір, бөлтірік, қолын

созу. Есімдіктің түрлері. Жалпылау болымсыздық.

Сөйлеу үлгілері:

- Адамның дені сау болу үшін не керек?


  • Қазақстанның табиғаты қандай?

  • Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, әсем, сұлу, көркем.

  • Табиғатсыз өмір бар ма?

  • Табиғатсыз өмір жоқ.

  • Қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі не?

  • Бурабай көлі Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

X. Жабайы аңдар. (8)

Аңшылықтың түрлері. Қыран құс. Ертегі айтайық. Кит алып. «Кім қайда мекендейді?». Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер:

Бөрене, тасқын су, ойпат жер, үңгір, болжағыш, ыңғайлы, күрке, аңшылық,

әуес, ерекшеліктер, кекілк, өсімтал, балапан, достасты, олжа, патша, анау,

ұсталды, салмағы, ұзындығы, . Сын есімнің шырайлары: жай,

салыстырмалы, күшейтпелі.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

  • Олардың мінездері қандай? (айлалы, қорқақ, сақ, төзімді, тағы басқа.)

  • Жабайы аңдар немен қоректенеді?

  • Аңшылықтың қандай түрлері бар?

  • Қандай құстарды білесіңдер? (Үй құстары және жабайы құстар).

  • Олардың айырмашылықтары қандай? Қайда мекендейді?

  • Қазақстан тауларында қандай құстар көп болады?

  • Қазақстан тауларында кекілік көп болады.

  • Дүниедегі ең өсімтал қай құс?

  • Әлемдегі ең үлкен кит қалай аталады?

XI. Үй жануарлары. (15)

Үй жануарлары. Менің күшігім. Үй жануарлары. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер:

Мырзалық, жеңілдік, сәндік, ақтық, тентек, құлақ, ұзын, бөрі, кедей,

ұйықтайды

жату, қызметкер, айқайлау, шошу. Етістік, туынды, негізгі, тұйық етістік.

Не істеді?

Сөйлеу үлгілері:


  • Үй жануарларын атаңдар.

  • Оларды неге үй жануарлары деп атайды?

  • Олар үйде адамның көмегімен өсіріледі.

  • Үй жануарлары адамға қандай пайда келтіреді?

  • Олардың етін жейміз, сүтін ішеміз.

  • Малдардың төлдерін қалай атайды?

- Малдардың төлі лақ, қозы, құлын, бота, бұзау.

  • Өз үйіңде қандай жануар асырағың келеді?

XII.Көктем. (6)

Көктемгі жұмыс. Адамдардың көктемгі киімі. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер:

Сең, бүршік, бұлтты, кеш, қатады, ауа райы. Етістіктің шақтары. Нақ осы шақ. Жедел өткен шақ. Ауыспалы шақ. Ауыспалы келер шақ.

Сөйлеу үлгілері:



  • Қыстан кейін не келеді?

  • Қыстан кейін көктем келеді.

  • Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Көктемнің алғашқы гүлі не деп аталады?

  • Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек.

  • Көктем қай айдан басталады?

  • Көктем наурыз айынан басталады.

XII. Біздің мерекелер. (7)

Халықаралық әйелдер күні. Наурыз.Жеңіс күні.

Қазақстандық батырлар. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер:

Мейрам, құттықтау, ынтымақ, жеңіс, халықаралық, ұлыс, ерекше, теңелу, береке, Ұлы Отан соғысы, ерлік, шығыс, екі мәрте, қаза тапты,. Етістіктің райлары: ашық, бұйрық, шартты, қалау.

Сөйлеу үлгірері:


  • Көктемнің қандай мерекелерін білесіңдер?

  • Аналар мерекесі қай күн?

  • 8 наурыз - аналар мерекесі.

  • Ең жақсы сөз қандай сөз деп ойлайсыңдар?

  • Ең жақсы сөз – ана! мама! Ана - өміріміздің гүлі.

  • 22 наурыз қандай мереке?

  • Наурыз сөзі қандай мағынаны білдіреді?

  • Бұл күні қандай ас әзірленеді?

  • Адамдар бір – біріне не тілейді?

  • Жеңіс күні қашан тойланады?

  • Жеңіс күні 9 мамырда тойланады.

  • Шығыстың тұңғыш батыр қыздары кімдер?

XIV. Елтану. (6)

Қазақтың дастарқаны. Қонаққа шақыру. Ұлттық ойындар. Нәтиже

сабақ.


Меңгерілетін сөздер:

Ұлттық тағамдар, сусындар, ас, сіңімді, қонақ, қонақжай, күтіп алу, қызмет ету, шақыру, мерейтой, туған күн, дәм, аттамайды, қуырған бидай, туған – туысқан, тілек білдіру, бақыт, денсаулық, қызық, жігіт, қуады. Сөйлем мүшелері.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақ халқының ұлттық тағамдарына нелер жатады?

  • Сүттен қандай тағамдар жасаған?

  • Сүттен май, қаймақ, ірімшік, сүзбе, құрт, айран, қатық, көже жасаған.

  • Еттен жасалатын тағамдарды білесіңдер ме?

  • Ет тағамдарына шұжық, қазы – қарта, жал – жая жатады.

  • Қазақ халқы қандай халық?

  • Қазақ халқы қонақжай халық.

  • Ас атасы не?

  • Асық ойнау үшін не жинау керек?

  • Асық жинау керек.

XV. Жаз. (6)

Тамаша табиғат. Жайлауда. Жазғы ауа райы. Үстеудің түрлері Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер:

Үстеу, мақсат, себеп, мөлшер, тау етегі, жағасында, емен, бұлбұл, көкек,

жайлау, демалу, ауа райы, ыстық, күндіз, түнде, өзгереді.

Сөйлеу үлгілері:


  • Жаз айында күн қандай болады?

  • Жаз айларында күн жылы, кейде аптап ыстықтар болады.

  • Жаңбырдан кейін не пайда болады?

  • Кемпірқосақ қандай болады?

  • Кемпірқосақ - әр түрлі түстермен көрінетін әдемі көрініс.

  • Жазда нелер піседі?

  • Сендер қайда демалысыңдар?

  • Жайлауда не істейсіңдер?

  • Онда кімдер тұрады?

Оқушылардың білімі мен біліктілігіне

қойылатын негізгі талаптар (6 сынып)
Міңдетті деңгей
Сөйлеу әрекеті. Отбасы, мектеп өмірі, достары, жыл мезгілдері, уақыт, уақыт өлшемдері, табиғатты қорғау, қала, туған жер, көктем мерекелері, жанурлар әлемі.

Елтану. Ұлттық тағамдар, дастарқан рәсімі, ұлттық ойындар («Қыз қуу», «Алытыбақан» т.б.)

Оқылым. Мәтінің мазмұның өз сөзімен жеткізе білуге дағдылану.

Тыңдалым. Тыңдау арқылы сөйлеу біліктілігін жетілдіру. Мәтінді түсіну әңгімелеу. Мәтінмен жұмыс істеу барысында оқуға түсінуге, сұрақ қоюға, жауап беруге сатылы түрде үйрену.

Сөйлесім. Мектебі, қаласы, отбасы туралы айта білу, сөйлесе алу.

Жазылым. Сөздіктермен дұрыс жұмыс істеуге, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Сауатты жазу.
Тілдік білім
300-350 жаңа сөздерді меңгеру.

Қиын келетін дыбыстар мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын, жазылуын меңгеру.

Тәуелдеулі зат есімнің септелу ерекшеліктерін ажырата білу.

Есімдіктердің түрлерін білу.

Туынды сын есімдердің жасалу жолдарын игеру.

Етістіктің райлары, тұйық етістік, үстеу, қыстырма сөздерді меңгеру.

Жай сөйлем құру тәсілдерін меңгеру.

Мүмкіндік деңгей


Сөйлеу әрекеті. А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин шығармаларын игеру.

Оқылым. Мәтінді мәнерлеп оқу, негізгі ойларын анықтау.

Тыңдалым. Теледидар, радиодан берілген мультфильм ертегілерді түсініп, таңдай білу.

Сөйлесім. Мәтін бойанша әңгімелеп айта білу.

Жазылым. Сауатты жазуға, сөйлеуге үйрену.
Тілдік білім
Сөздің тура және ауыспалы мағынасын білу.

Фразеолоизмдерді білу.

Орыс тілді оқушыларға қиындық келтіретін дыбыстар мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын, жазылуын толық меңгеру.

Тәелді тулғадағы зат есімнің септелу ерекшеліктерін білу.

Көмекші есімдіктерді игеру.

Есімдіктердің түрлерін білу.

Туынды сын есімдердің жасалу жолдарын игеру.

Етістіктің райларын айыра, пайдалана білу.

Қыстырма сөздерді игеру.

Жай сойлемнің хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты түрлерін меңгеріп, айыра білу.

7 сынып.

(Аптасына 3 сағат. Барлығы 102 сағат)

I. Менің отбасым. (8)

Білім күні. Біздің отбасымыз. Біздің пәтеріміз. Менің достарым. Менің бос уақытым. Фонетика. Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Мақал – мәтел. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Білім күні, жазғы демалыс, сыныптас, биылғы жылы, осы жылы, білу, маман, өндіріс, зейнеткер, нағашысы, ас үй, кіре беріс бөлме, ұйықтайтын бөлме, тәулік, үлгермейтін, үнемі, қайран қалу, сәлем, жаңалық, сағат, сау бол, кешірек, бейнетаспа, шатыр, түнеу.

Сөйлеу үлгілері:



  • 1 қыркүйек қандай күн?

  • 1 қыркүйек - Білім күні.

  • Сенің отбасыңда неше адам бар?

  • Әке – шешең қайда жұмыс істейді?

  • Нағашы атаң мен әжең қайда тұрады?

  • Сенің отбасың қалай тұрады?

  • Отабсы туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

  • Сен қай көшеде тұрасың?

  • Үйіңнің нөмірі қандай?

  • Пәтерлерің нешінші қабатта?

  • Қандай бөлмелер бар?

  • Сенің досың кім? Ол қандай?

  • Сен досыңмен бір сыныпта оқисың ба?

  • Бос уақытыңды қалай өткізесің?

II. Қазақ тілі мемлекеттік тіл. (8)

Қазақ тілі мемлекеттік тіл. Ана тілім әнім. Ана тілі – қазақ хлқының ана тілі. Сөздіктердің түрлері. Қазақ тілі сабағында. Синоним. Омоним. Антоним. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Тағдыр, қасиет, әлдилеу, мақтаныш, ар, мұра, сөздік, қор, мәртебе, қатынас, қызмет ету, құралы, ресми, іс қағаздары, мақсат, міндет, меңгеру, сауатты, күнделікті, ауызша, талдау, мемлекеттік, сөйлеу, қабылдау.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сен қазақ тілінде сөйлей аласың ба?

  • Таныс емес сөздер кездескенде не істейсің?

  • Түрлі сөздіктерді пайдаланамын.

  • Сенің ұлтың кім?

  • Менің ұлтым- кәріс.

  • Сенің тілің кәріс тілі ме?

  • Иә, менің ана тілім кәріс- тілі.

  • Сен ана тіліңді жақсы білесің бе?

  • Сөздіктер не үшін керек?

  • Қазақстанда «Тіл туралы» Заң қашан қабылданды?

  • Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет өтеді?

  • Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?

  • Тіл үйрену қиын ба, жеңіл ме?

III. Қазақстан Республикасы Тәуелсіз ел. (7)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіз ел.Менің Қазақстаным. Қазақстан Республикасының рәміздері. Қазақстан жетістіктері. «Тәуелсіздік» Иран ғайып. Тәуелсіз Қазақстан. Менің елім – жерім. Етістік. Дара, күрделі. Негізгі туынды. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: егеменді, тарихи оқиға, Біріккен Ұлттар Ұйымы, бостандық, келісім, бейбіт, мүше, көгілдір ту, елтаңба, мемлекеттік, әнұран, ұлттық, ою - өрнек, шаңырақ, жұлдыз, пырақтар, ұлыт аралық келісім, қазба, қор, мұнай, көмір, болашақ, егемен.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

  • Республикада қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Мемлекеттік тіл қай тіл?

  • Мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

  • Қазақстан Республикасының әнұраны қашан өзгертілді?

  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

  • Қазақстан қандай пайдалы қазбаларға бай?

  • Қазақстан мұнайға, алтынға, көмір мен темірге бай.

  • Қазақстан болашақта қандай ел болады?

  • Қазақстан болашақта мәдениетті жоғары және білімді ел болады.

  • Қазақстан тәуелсіз ел болып қашан жарияланды?

  • Қазақстанның жері қандай?

  • Қазақстанда қандай өзен – көлдер бар?

IV. Мемлекеттік мерекелер. (5)

Мемлекеттік мерекелер.Тәуелсіздік күні. Конституция күні.Наурыз мейрамы. Сын есім. Сын есім шырайлары. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Ел тағдыры, ұлан – байтақ, азаматтардың құқығы, құжат, дәреже, орнату, құру, әлеуметтік, кепіл, шешу, қасиетті, парыз, бап, бөлім, күн мен түннің теңелуі, тұрмыс, қауым.

Сөйлеу үлгілері:


  • Мемлекеттік мерекелерді білесің бе?

  • Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

  • Ата заң қашан қабылданды?

  • Конституция неше бөлімнен және неше баптан тұрады?

  • Конституцияның 7 – бабында не туралы жазылған?

  • Наурыз қандай мейрам?

  • Наурыз сөзі қай тілден алынған, қалай аударылады?

  • Әжелер наурызда не дайындайды?

  • Салт бойынша наурыз көжені қалай ішу керек?

  • Салт бойынша наурыз көжені тауысып ішу керек.

V. Кең байтақ Қазақстаным. (8)

Кең – байтақ Қазақстаным. Қазақстан жері. Қазақстанның кен байлықтары. Мақал – мәтел. Қазақстанда. «Туған өлкем».Менің - Отаным Қазақстан. Сан есім.Қанша? Неше? Неше? Нешеу? Есептік, реттік, жинақтық. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Жалпы, алуан,түрлі, бұлақ, құбылмалы, бағыт, қалайы, қорғасын, көмір ошағы, жанармай, шетсіз – шексіз дала, Іле Алатауы, есепсіз байлық.

Сөйлеу үлгілері.


  • Қазақстанның жері қандай?

  • Жер көлемі неше шақырым?

  • Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар?

  • Қазақстан жерінде қандай паайдалы қазбалар өндіріледі?

  • Алтай неге бай?

  • Қостанай облысында қандай кен орны бар?

  • Қазақстан қандай өлке?

  • Отан деген не? Отан неден басталады?

  • Сенің Отаның қай жер?

  • Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Олар қалай өмір сүріп жатыр?

  • Отан туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

VI. Табиғат тамашасы. (7)

Табиғат тамашасы. Көкше тау өңірі. Үлкен Алматы көлі. Қазақстан таулары. Қазақстан қорықтары. Есімдік. Есімдіктің түрлері. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: табиғт аясында, шалғын, шөлейт, суқойма, егістік, етегінде, айтып жеткізу қиын, мекеме, мекендейді, өңір, орны бөлек, меруерт, ғажап, ауаның қысымы, сан алуан, тіркеу, сілеусін, лашын, долана, көкқұс, шіл.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақстанның табиғаты қандай?

  • Қазақсандағы ең биік шың қалай аталады?

  • Көкшетау табиғаты қандай?

  • Көкшетаудағы ең әдемі көл қалай аталады?

  • Бурабайдың суы қандай?

  • Ауасы қандай?

  • Көлдің айналасында нелер бар?

  • «Қазақстан Швецариясы» деп қай – жерді атайды?

  • Іле Алатауы қайда орналасқан?

  • Қазақстан қорықтары қандай мақсатпен ашылған?

  • Табиғат байлықтарын бастапқы қалпына келтіру, табиғатты келешекке сақтап қалу.

VII. Хайуанаттар әлемі. (6)

Терісі бағалы аңдар. Жабайы аңдар. Қоянның құлағы неге ұзын? Аңшылық. Етістіктің болымсыз түрлері. Болымды, болымсыз. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: қашу, шабуыл жасайды. Бағалы тері, тыйым салу, тіршілік ету, салмақ, аш ұсталады, ежелден, құтыла алмайды, тау барысы, қамқорлық, патшалық, безендірді, бір шоқ гүл, ұзарып кетті, әдіс, тор, шымылдық, ата – баба, бапкер, жетік меңгерген, қыран.

Сөйлеу үлгілері:



  • Қандай хайуанаттарды білесіңдер?

  • Қазақстанда мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?

  • Неге оларды жабайы хайуанаттар деп атаймыз?

  • Піл қайда мекендейді?

  • Қоян туған күніне кімдерді шақырды?

  • Кірпі, қасқыр, аю, қоянға не сыйлады?

  • Қоянның құлағы не себептен ұзын?

  • Қазақ халқы ертеде немен шұғылданған?

  • Құсбегі деген кім?

  • Жабайы аңдарды аулауға шығатын адамдарды қалай атаймыз?

VIII. Табиғат аясында. (6)

Қоршаған орта. Арал теңізі. Табиғатты қорғаңдар! Қызыл кітап. Етістіктің шақтары. Өткен шақ, осы шақ, келер шақ. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Шара, қасірет, тіршілік, лас, улу, сақтау, қоршаған орта, өзекті, үлес, аялау, қауіп – қатер, қорғау, борыш, апат, тартылу, төмендеу, құрып барады, тағдыр, деңгей, нәтиже, сынақ, жұту, жарамсыз, қазына, қоғам, арнайы.

Сөйлеу үлгілері:


  • Бізді қоршаған орта таза болу үшін не істеуіміз керек?

  • Айналаны ластамай, суды былғамай, өсімдіктерді қорғауымыз керек.

  • Табиғат дегеніміз не?

  • Қоршаған орта, ауа, су, құстар, адамдар.

  • Табиғатты қорғау – біздің қасиетті борышымыз.

  • 5 маусым бұл қандай күн?

  • Оның негізгі мақсаты?

  • «Қызыл кітаптың» парақтары қандай?

  • «Невада - Семей» қозғалысы қай жылы басталды?

  • Аралдың экологиялық жағдайы қандай?

  • Тартылу себебі неде?

  • Республикамыздың экологиялық жағдайы қандай?

IX. Кино. Театр. (7)

Театр және кино өнерінің тарихынан. «Қазақфильм» киностудиясы. Опера және балет театры. Қазақ драма театры. Деректі кино. Ш. Айманов. Етістіктің райлары. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: ұйымдастырыла бастады, жасөспірімдер театры, сахна, бүкілодақтық, халықаралық, даму, кезең, тұңғыш, жақсы дамыды, кәсіби шеберлік, іргетасын қалады, қалыптасу, еңбек сіңірген, қойылым, ғажап, деректі кино, шынайы, дерек, киношежіре.

Сөйлеу үлгілері:


  • Театр деген не?

  • Театр өнер, ойын – сауық орны.

  • Қай жылдары халық театрлары құрылды?

  • Тұңғыш ұлттық театр қашан ашылды?

  • Ш.Айманов кім?

  • Ш.Айманов түсірген қандай фильмдерді білесіңдер?

  • Алматыда қандай театрлар бар?

  • Алматыдағы опера және балет театры кімнің есмімен аталады?

  • Қазақ драма театры қай жерде орналасқан?

  • Алғашқы деректі фильмдер қай жылдан бастап түсірілді?

X. Музыка. Балет. (7)

«Біржан - Сара» операсы. Қазақтың балет өнері. Атақты күйшілер. Қ. Сағырбайұлы. Дина Нұрпейісова.Есімше.Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Опера және балет театры, қуыршақ театры, жасөспірімдер театры, мәдениет сарайы, домбырашы, күйші, сахна, рөлде ойнаушылар, атақты, әйгілі, қошемет көрсету, қол соғу, көп қырлы, дарынды, көрермен, жарнама, үзіліс.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қандай әнші – сазгерлерді білесіңдер?

  • «Біржан - Сара» операсын кім жазған?

  • Күй деген не?

  • Күйлер осы заманға дейін қалай сақталған?

  • Қандай күйшілерді білесіңдер?

  • Құрманғазы Сағырбайұлы кім?

  • Д.Нұрпейсова алғаш рет Құрманғазыны неше жасында көрді?

  • Тұңғыш қазақ балеті «Қалқаман - Мамыр»қай жылы қойылды?

  • Е.Г. Брусиловскийдің жазған операсы?

  • Театрға шығармаларды кім жазады? Оны кім сахнаға қояды?

XI. Бейнелеу өнері. (9)

Бейнелеу өнері. Сәулет өнері. Қазақ халқының қолөнері. Зергерлік өнер. Телефонмен сөйлесу.Графика. Мақал – мәтел. Көсемше. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Бейнелеу өнері, көшбасшы, шеберлікпен, қылқалам. Тұлға, сәулет өнері, сарбаз, бейне, мүсін, қолөнер, бұйым, қару – жарақ, ер – тұрман, ісмер, зергер, көрме, қоршаған орта,былғары, әшекей.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы кім?

  • Әбілхан Қастеев кім?

  • Оның атында Алматыда не бар?

  • Қазақстанда сәулет өнері қалай дамуда?

  • Қолөнердің қандай түрлері бар?

  • Зергер деген кім?

  • Пейзаж деген не?

  • Тәуелсіздік монументі қай жерде орналасқан?

XII. Әдебиет. (6)

Абай Құнанбайұлы. «Ғылым таппай мақтанба». Мың бір мақал. Шешендік өнер. Айтыс. Ы.Алтынсарин. «Кел, балалар, оқылық». Етіс. Етіс түрлері. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: өз еркімен, жарқын өмір, қарапайым, міндет, көркем, халық даналығы, тыныс тіршілігі, шешен, шешендік сөздер, тапқыр, ой – сана, дау – тартыстар, айтыс, қалыптасқан, қолма – қол, жыр жарысы, әділқазы, бетпе – бет, ағартушы, тілмаш, ұрпақ, әдептілік.

Сөйлеу үлгілері:


  • Абай құнанбайұлы кім?

  • Абай қайда және қашан туған?

  • Абай кімнің шығармаларын көп оқып, қазақ тіліне аударды?

  • Абайдың қандай шығармаларын білесіңдер?

  • Шешендік өнер деген не?

  • Халық арасынан шыққан шешендер?

  • Айтыс деген не?

  • Айтыс қалай айтылады?

  • Айтыс қола – қол суырып салып айтылады.

  • Ы.Алтынсарин кім?

  • «Әдептілік» әңгімесінің авторы кім?

  • Балалар әдебиетінің атасы кім?

XIII. Қазақ халқының салт – дәстүрлері. (7)

Бала тәрбиесі бесіктен. Қонақ келсе құт. Алтыбақан. Ұлттық аспаптар. Мақал –мәтел.Шылау сөздер. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Тұсаукесер, нәресте,сәби, қазық, арқандау, ала жіп, шілдехана, бесік той, сүндет той, тілашар, сыбаға, құт, ойын – сауық, қолайлы, ұту, меже, мұң, толғану, ғасырлар бойы, қобыз үні, біздің дәуірге жетеді.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?

  • Сәби тез жүріп кету үшін қандай рәсім жасалады?

  • Сен қонаққа жиі барасың ба?

  • Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

  • Алтыбақан қандай ойын?

  • Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

  • Ұлттық ойындар қандай қасиетті қажет етеді?

XIV. Мамандық. (8)

Мамандық. Бәрі еңбекте. Ғалым болғым келеді. Қаныш Сәтбаев. Тоқтар Әубәкіров. Мақал – мәтел. Жалғаулар. Көптік. Тәуелдік.Жіктік.Септік. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Мұнайшы, аудармашы, тәрбиеші, сәулетші, ғарышкер, еңбекшіл, абырой, жалын, балқу, марапаттау, мәңгі, қиыр шығыс, сынақшы, ұшқыш, ғарыш, көрнекті.

Сөйлеу үлгілері:


  • Мамандық дегеніміз не?

  • Сенің кім болғың келеді?

  • Мұнайшы деген кім?

  • Аудармашы туралы не білесіңдер?

  • Қ.Сәтбаев кім?

  • Ол қай жылы, қай жерде туған?

  • Алматыда Қ. Сәтбаев атында нелер бар?

  • Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

  • Тоқтар нені армандады?

  • Қай жылы ол ғарышқа ұшты?

XV. Жыл мезгілдері. (6)

Жыл мезгілдері. Қыс. Көктем. Жаз. Күз. Өткенді қайталау. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: кезең, жомарт, жайлы, әзірлік, жадырау, хош иіс, қапырық, қайың, ауа райы, шомылу, жүзу, күнге күйіну, қайық.

Сөйлеу үлгілері:

  • Жаз мезгілі көпшілікке неліктен ұнайды?

  • Халық күзді неге «Алтын күз» дейді.

  • Қараша айында ауа райы қандай болады?

  • Қыс айлары немен қызықты?

  • Көктемде ауа райы қандай болды?

  • Сәуір айында табиғат қандай болады?

  • «Наурыз» мейрамы қандай мейрам?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет