Учебная программа по для учащихся с задержкой психического развития (1-9 классы с русским языком обучения) Бағдарлама


Оқушылардың білімі мен біліктілігіне



бет5/5
Дата25.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#5280
түріУчебная программа
1   2   3   4   5

Оқушылардың білімі мен біліктілігіне

қойылатын негізгі талаптар (7 сынып)
Міндетті деңгей
Сөйлеу әрекеті. Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білу.

Тәуелсіздік Қазақстан Республикасының Конституция күні, ана тілі, мемлекеттік мерекелер туралы әңгімелей білу.



Оқылым. Мәтінің, жалпы мазмұнын түсіну.

Тыңдалым. Теледидар, радиодан берілген мәліметтерді түсініп тындау.

Сөйлесім. Өз өлкесі туралы, сөйлесе білу, сұхбат айта білу.

Жазылым. Етістік шақтарының айырмашылығын, жасалу жолдарын білу.

Тілдік білім


Фразеолгоиялық тіркесті, түсіндірме сөздіктерді қолдана білу.

Қазақ тілінің стильдік ерекшеліктерін меңгеру.

Етіс, есімше, көсемше меңгере білу.

Мақал-мәтелдерді қолдана білу.

Мүмкіндік деңгей
Сөйлеу әрекеті. Республиканың аймақтарының жалпы географиялық орнын, табиғатын, суларын, өсімдік, хайуаннатар әлемі, экология мәселелері туралы пікір алысу.

Қазақстан мәдениеті, өнері туралы айту.

Театр,кино, көркемөнер, балет, саз, мүсін, графика жайлы әңгімелеу.

Белгілі мәдениет, өнер қараткерлері туралы білу. (Ш.Айманов, Ш.Қалдаяқов)

Атақты күйшілер туралыайта білу.(Құрманғазы, Дина Нұрпейсова)

Оқылым. әңгіменің негізгі ойы анықтай білу

Тыңдалым. Репортажды түсініп, тындай білу.

Сөйлесім. Сабақта белгілі тақырып төңірегінде сойлей білу.

Айтылған әңгіме жайында өз пікірін/ еліскенін немесе келіспегенін/ білдіре алу.



Жазылым. Мәтінге қарапайым жоспар құра білу.
Тілдік білім
Етістіктің сөзжасамын айырып, қолдана білу.

Етістіктің жұрнақтарын пайдалана білу /-ла, ле, -та, те,-та,-да, де,-ар, ер,-ал,-дас,-дес,-ай,-ей.

Сан есімнің жасалуын игерту.

Күрделі сан есімді меңгеру.

Белгісіздік есімдікті айыра білу.

Болымсыздық етістіктерін білу.


8 сынып

(Аптасына 3 сағат. Барлығы 102 сағат)


Міндетті деңгей

I. Білім. (9)

Білім әлеміне саяхат. Мектеп өмірі. Менің сүйікті пәнім. Сүйікті ұстазым. Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері. Фонетика. Лексика. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Жасөспірім, оқушылар, алғашқы рет, биылғы жылы, құрдас, бір жылы туған балалар, құрбы. Сыныптас, үйнеу, әдептілік, заман, мақсат, ұстау, оқытушы, мейірімді, мереке, есім.

Сөйлеу үлгілері:


  • 1 қырқүйек қандай күн?

  • 1 қырқүйек білім күні.

  • Әрбір азамат қандай болу керек?

  • Білім туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

  • Сен қай пәнді жақсы көресің?

  • Менің ұнататын пәнім қазақ әдебиеті.

  • Мұғалім қандай есім?

  • Мерекелердің қандай түрлері бар?

  • Олар қандай мерекелер?

II. Тіл. (10)

Қазақ тілі сабағында. Ана тілім. Полиглот. Шешендік өнер. Айтыс. Тілдер мерекесі. Фразелогизм. Сөйлем. Мақал –мәтелдер. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Қажет, үнемі, көп уақыт, қатынас құралы, дүние жүзі, қазіргі уақытта, полиглот, талап, игеру, бағыт, ғұлама, заман, айтыс.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?

  • Қазақ тілі сабағында қандай тапсырмаларды орындайсыңдар?

  • 22 қыркүйек қандай мереке?

  • Тіл үйрену қиын ба, жеңіл ме?

  • Адам ана тілін кімнен үйренеді?

  • Сенің ана тілің қай тіл?

  • Ана тілі туралы қандай қанатты сөздер білесің?

  • Көп тіл білетін адамды қандай адам дейді?

  • Қандай тілде еркін сөйлейсің?

  • Полиглот болу үшін не істеу керек?

  • Қазіргі өмір талабы не?

  • Шешендік өнерді бізге жеткізген шешендер кімдер?

  • Шешендік өнер халықаралық тілде қалай аталады?

III. Отан. (10)

Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының рәміздері.Ата заң. «Тіл туралы» заң. Астана. Нақыл сөздер.Мақал – мәтелдер. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Отан, өлке, кең – байтақ, аймақ, байлық, қазына, көне, егеменді, тәуелсіз, елтаңба, шаңырақ, уық, босаға, шеңбер, арман, өркениетті, өкілет, қамқорлық, қарым – қатынас, арқаның төрінде, көшірілді, зәулім ғимарат, жас қала, болашағы зор.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сенің ұлтың кім?

  • Сенің Отаның қай ел?

  • Отан деген не?

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Қазақстан қандай құрлықта орналасқан?

  • «Тіл туралы» заң қашан қабылданды?

  • Мемлекеттік рәміздерді атаңдар.

  • Жаңа әнұран қай жылы қабылданды?

  • Ата заң қашан қабылданды?

  • «Тіл туралы» заң неше тараудан , неше баптан тұрады?

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

  • Қазақстанның астанасы қай қала?

IV. Өзім туралы. (10)

Мен Қазақстан азаматымын. Туыстық қарым – қатынас. Өз жұртым. Менің нағашым. Менің туған күнім. Әдепті бала. Отаншылдық отбасынан басталады. Адал дос. Менің ермегім. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Өзара, өмір сүреді, сүйемін, ұсталды, тыным тапайды, үсті, іні, дүние, қатысу, биылғы жылы, қатал, ата заң, қалың, бірге, қайтады, әділ, нағыз дос.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Олар өзара қалай өмір сүреді?

  • Сенің ұлтың кім?

  • Отбасың үлкен бе, кішкентай ма?

  • «Өз жұртым» «Нағашы жұртым» деген кімдер?

  • Туған күнің қашан?

  • Сенің сүйікті ермегің бар ма?

V. Қоғам және мен. (7)

Өз ортамдағы міндетім. Менң сыныптағы міндетім. Сенбілікте. Күн тәртібім. Менің болашақ мамандығым. Пысықтауыш. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: міндет, қамқоршы, болу, ізет, жеткіншек, сапалы, мейірімді, көңілінен шығу, атқару, жауапкершілік, жетістік, пайдалы, дос, қиын, әр апта сайын, ересектер, таза.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сендер үйде ата – аналарыңа көмекетесесіңдер ме?

  • Отбасыңдағы міндеттерің қандай?

  • Сыныпта қандай міндет атқарасыңдар?

  • Сендердің қандай сүйікті ермектерің бар?

  • Әр адам мақсатына қалай жетеді?

  • Сендердің болашақта кім болғыларың келеді?

  • Сендерге қандай мамандық ұнайды?

VI. Бос уақытым. (7)

Демалыс күні. Менің үйірмем. Қ. Мұңайтпасұлы атындағы стадион. Шынықсаң шымыр боласың. Ұлттық ойын. Марапаттаулар. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: ермек, ерте, демалыс, шынығу, құмар, қатысу, күн сайын, атақты шебер, бала кез, айлакер, тәжірибелі, көптеген, серуендеу, жетекші, айналысу, жылдам, табады, баулу, есептеу, ақыл, әрбір, дербес, марапаттау, құрметті, жарлық, бекіту, мақал – мәтелдер, пысықтауыш.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сен бос уақытыңды қалай өткізесің?

  • Қандай үйірмелерге қатысасың?

  • Қ.Мұңайтпасов кім?

  • Салауатты өмір салтын қолдайсың ба?

  • Денсаулық не үшін керек?

  • Тоғызқұмалақ қандай ойынға жатады?

  • Елбасы Н.Ә.Назарбаев марапаттау туралы жарлыққа қашан қол қойды?

VII. Денсаулық. (8)

Адамның дене мүшелері. Тазалық денсаулық кепілі. Шаш күтімі. Салауатты өмір салты. Шипалы жерлер. Мақал – мәтелдер. Анықтауыш. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: мейірбан, борышы, міндеті, тексереді, шаштараз, салауатты, өмір, сақтау, шынықтыру, шылым шегу, тұрмысын өркендету, шипалы жерлер.

Сөйлеу үлгілері:


  • Адам денсаулығына не қажет?

  • Дәрігер қандай болу керек?

  • Мектеп дәрігерінің міндеті не?

  • Дәрігердің ақыл – кеңесі керек пе?

  • Дәрігер болу үшін қандай білім керек?

  • Сұлулық деген не?

  • Сен шашыңды қалай күтесің?

  • Денсаулық не үшін керек?

  • Салауатты өмір салты дегеніміз не?

  • «Қазақстан - 2030» жолдауы қашан жарияланды?

  • Қандай шипалы жерлерді білесіңдер?

VIII. Жыл мезгілдері. (6)

Наурыз жыл басы. Мұсылманша күнтізбек. Ауа райы. Мүшел жас. Жай сөйлемнің түрлері. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Мұсылман күнпарағы, жыл басы, туған күн, ырыс, бақ. Қыдыр баба, тілек, Ұлыстың ұлы күні, құт – береке, теңелу, мүшел, киелі сан, жыл қайыру.

Сөйлеу үлгілері:


  • Он екі қандай сан?

  • Жылдың қазақша атаулары қандай?

  • Адамның жас мөлшерін қалай есептеген?

  • Мүшел жыл қай кезде ауысады?

  • Мүшел жасты қалай тойлаған?

IX. Ұлттық тағамдар. (8)

Қазақ халқы қонақжай. Қонақасы. Ұлттық тағамдар. Бауырсақ. Қымыз. Қазақ осы. Қ. Мырза Әлі. Дәмханада. Жалаң сөйлем. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Қарсы алу, жөн сұрасқаннан кейін, қөңілінен шығу, тары, бидай, пайдалы, нәр, ертеде, кебек, басты асы.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақ халқы қонақты күтуге қандай мән берген?

  • Қонақты бірінші кім қарсы алады?

  • Қонақты қалай күтеді?

  • Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?

  • Ұлттық тағамдар неше түрге бөлінеді?

  • Қазақ халқының дәстүрі бойыша дастарқанға ең алдымен не қойылады?

X. Тұрмыстық қызмет. (8)

Базар. Ет бөлімі. Ұлттық киім дүкенінде. Ұлы жібек жолы. Бәрі де халық игілігі үшін. Шағын және орта бизнес. Салт дәстүрлер. Жай сөйлемнің түрлері. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Ұсақ ет, ірі қараның еті, майға қуырған, дәмді, ұлттық киімдер, даму, мәдени байланыстар, қалпына келтіру, қолданылған, ықпал етті, бәсеке, меншік, бағдарлама, шағын, қайырымдылық, құқылы, қаржы, серіктестік, жарғы, шарт, келісім.

Сөйлеу үлгілері:


  • Базарға адамдар не үшін барады?

  • Базарға адамдар көп бара ма?

  • Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?

  • Ұлы Жібек жолы қай ғасырларда қолданылды?

  • Бәсеке деген не?

  • Бәсекелестік нені дамытады?

  • Кәсіпкер дегеніміз кім?

  • Кәсіпкерлер неге құқылы?

  • «Асар» дегеніміз не?

XI. Қоршаған орта. (10)

Қазақстан табиғаты. Су тіршілік көзі. Өсімдіктер әлемі. Байлық жерде. Теріс бағалы аңдар. Құстар. Жылқы пайлдалы мал. Атбегі. Қорықтар неге керек?

Мақал – мәтелдер. Еліктеуіш. Оқшау. Қыстырма сөздер.

Меңгерілетін сөздер: сүтқоректілер,кен орны, тас көмір, тіршілік көзі, жер шары, көп бөлігі, тұщы су, қиындық, алуан түрлі, сыр, әдетте, асты, бағалы, тұқым, айлакер, қорғанады, пайдалы, төзімді, жау, шипалы, жүйрік ат, баптапу, денесі, күтімі, сыры бар, тынысы, жарату, даму, құрып кету, табиғи қалпын, табиғи орта.

Сөйлеу үлгілері:


- Табиғатсыз өмір бар ма?

- Табиғат деген не?

- Орман ауаны қайтеді?


  • Су дегеніміз не?

  • Қазақстанда қандай өсімдіктер өседі?

  • Біздің ормандарымызда нелер көп?

  • Құстардың пайдасы қандай?

  • Қазақстанда мекендейтін қандай құстарды білесіңдер?

  • Атбегі деп кімді айтады?

  • Бұл қанда дәстүр?

  • Қорықтар неге керек?

  • Ауа райын жан – жануарлар сезе ме?

XII. Саяхат. (8)

Қазақстан қалалары. Астана көшелеріне саяхат. Бәйтерекке саяхат. Ұлылардың елінде. Қасиетті Түркістан. Көне Отырар. Одағай. Төл сөз. Төлеу сөз. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Зәулім ғимараттар, әлемге әйгілі, мәдени орталық, Есілдің сол жағалауы, құрлыс алаңы, көшпенді, самғау, киелі, ұлы, ойшыл, қараңғы шаһар, ғасыр, сәулетші, кесене, жарлық, қоныс, көне, білімпаз.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

  • Бәйтерек қандай ғимарат?

  • Бәйтеректі салу идеясының авторы кім?

  • Түркістан Қазақстанның қай аймағында орналасқан?

  • Қожа Ахмет Иасауи кім?

  • Қожа Ахмет кесенесін кім салдырған?

  • Отырар қандай қала болған

  • Ежелгі Отырар жерінде қазір қандай ғимарат бар?



Оқушылардың білімі мен біліктілігіне

қойылатын негізгі талаптар (8 сынып)
Міндетті деңгей
Сөйлеу әрекеті. Қазақстан халқы, тілі, тарихы, экономикасы туралы айта білу.

Оқылым. Мәтінді оқу, негізгі ойларын анықтау.

Сөйлесім. Өз халқының дәстүрі, әдет-ғұрпы, тағамы, ұлттық ойын туралы айта білу, сұраққа жауап бере білу.

Жазылым. Мәтін мазмұны бойынша қарапайым жоспар жаза білу.

Реферат жаза білу.


Тілдік білім
Жай сөйлем құрастыра білу.

Жай сөйлем түрлерін ажырата білу.

Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін игеру.

Оқшау сөздер, төл сөз, диалог меңгеру.


Мүмкіндік деңгей
Сөйлеу әрекеті. «Қазақстан-2030» тақырыбын әңгімелей білу.

Таңдалым. Хабарламаны түсініп, тыңдай білу.

Сөйлесім. өтілген тақырыптар бойынша талдау жасай білу.

Оқыған мақала, кітап, т.б. жайында өз пікірін білдіре алу.



Жазылым. Мәтін бойынша жоспар жаза білу.
Тілдік білім
Лексикадан, фонетикадан, морфологиядан алған ұғым.

Мағлұматтарға сүйене отырып, синтаксистік танымды игеру.

Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін таба білу.
9 сынып

(Аптасына 3 сағат. Барлығы 102 сағ. )

I. Білім. (11)

1 қыркүйек – Білім күні. Алтын күз. Екінші ұстаз. Мақал – мәтелдер. Мектепте.

Күш – білімде, білім кітапта. Фонетика. Құрмалас сөйлем. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Білім алу, ғалым, ғұлама, ұстаз, ғылым, тұңғыш, шығыс, Әл – Фараби, Отырар, философ, қолжазба, болашақ, дарынды, сапар, үміткер, сынақ, мамандық.

Сөйлеу үлгілері:


  • 1 қыркүйек қандай күн?

  • 1 қыркүйек Білім күні.

  • Әл Фараби қай жерде дүниеге келді?

  • Әл – Фараби кім?

  • Әл – Фарабиді қалай атаған?

  • Сен қандай мектепте оқисың?

  • Келешектің мектебі сенің ойыңша қандай болу керек?

  • Білмнің атасы не?

  • Кітап қандай дос?

II. Қазақ тілі туралы. (12)

Тілге құрмет елге құрмет.Өз тіліңді құрметте. 22 қыркүйек тілдер мерекесі.

Қазақ тілін зерттеген ғалымдар. Шешендік өнер. Мақал - әтелдер. Ыңғайлас.

Салалас. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: заң, қатынас, парыз. Тіл, Отан, ұлт өкілдері, ана тілі, өмір, болашақ, көркем тіл, шеберлік, дамыған атақты, зерттеуші, шығыстану, көрнекті өкілі, негізін салушы, мұра, жетекшілік етті, көрнекті ғалым.

Сөйлеу үлгілері:


  • Тіл туралы заң қашан қабылданды?

  • Қазақстанда тұратын әр азаматтың парыз не?

  • Елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Әлемдік деңгейде қанша тіл қолданылады?

  • Қазақ тілін зерттеген ғалымдар кімдер?

  • Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

  • Бүгінгі жағдайда көп тіл білу қажет пе?

  • 22 қыркүйек қандай күн?

  • Шешендік өнер дегеніміз не?

  • Қазақ халқының қандай шешедерін біліесіңдер?

III. Отбасы. (10)

Қара шаңырақ. Тәрбие отбасынан басталады. Жеті қазына мен жеті ырыс.Жеті

ата. Достық. Мақал –мәтедер. Тәуелдік жалғау. Кезектес салалас сөйлем.

Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: шаңырақ иесі, кенже ұл, ауыз бірлік, үлкен адам, отбасы, қазына, қыран, құмай тазы, берен, ырыс, ақ жаулық, дос болу, шыншыл, досым, азамат, тәрбие, салт – дәстүр, ата, нағашы, жиен, шөбере, жеті ата.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақ отбасының өзіне тән ерекшеліктері қандай?

  • Сенің отбасың қайда тұрады?

  • Әке – шешең қайда жұмыс істейді?

  • Үлкен ағаң кім? Әпкең кім? Қарындасың (сіңлің) бар ма?

  • Ата, әже деген кімдер?

  • Жеңге деген кім?

  • «Жеті қазына» дегеніміз не?

  • Жеті қазына ұғымына нелер жатады?

  • Сен жеті атаңды білесің бе?

  • Әкеңнің әкесі саған кім болады?

  • Анаңның туыстары саған кім?

  • Сенің досың бар ма?

IV. Бос уақыт. (8)

Менің бос уақытым. Спорт. Қазақстанда қысқы Азиада олимпиадасы қашан

өтеді? Қазақстанның спорт саңлақтары. Балуан. Жай сөйлемдер.Синоним.

Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: серуен, бейнетаспа, саяжай, дем алу, ерекше, дайындық, атақты, жалғасу, жүлделі орын, жанкүйер, дода, үстіміздегі жыл, жаттықтырушы, БАҚ (Бұқаралық ақпарат құралдары), бапкер, марапаттау, балуан, шешуші, жекпе – жек, қола, алтын, күміс.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сенің бос уақытың көп пе?

  • Мектептен тыс уақытта немен айналысасың?

  • Сен музыка тыңдағанды ұнатасың ба?

  • Сен спортқа қызығасың ба?

  • Саған спорттың қай түрі ұнайды?

  • Адамдар спортпен не үшін шұғылданады?

  • 2011 жылы қысқы Азия ойындары қайда өтеді?

  • Дәулет Тұрлыханов кім?

  • О. Шишигина әлем чемпионы болған спорт түрі қандай?

  • Балуан не істейді?

V. Отан. (10)

Қазақстан - ортақ үйіміз. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының рәміздері. Халықтану. «Қазақстан жалауы». Мақал – мәтелдер. Зат есімнің септелуі. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Атамекен, ұлт өкілдері, кең – байтақ, шектеседі, әлем, тәуелсіз, егеменді, заң, жаңалық, рәміз, қастерлеу, ту, бейбітшілік, аясында, төменгі жағында, бейнеленген, болашақ, дәстүрлі, таңба, халық, күн сәулесі, киелі, шаншылған, ынтымақты, қоныс аударған.

Сөйлеу үлгілері:


  • Отан дегеніміз не?

  • Сендер қай елде тұрасыңдар?

  • Қай елдермен шектеседі?

  • Атамекенің туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

  • Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

  • Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі не?

  • Елтаңбаның авторы кімдер?

  • Жаңа мемлекеттік әнұран қашан қабылданды?

  • Қай әннің негізінде жазылды?

  • Оның әнін кім жазды?

VI. Денсаулық. (8)

Дені саудың жаны сау. Темекі денсаулыққа зиян. Нашақорлық – XXI ғасыр індеті. Фразеология.Етістіктің шақтары. Қайталау. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Сый, сақтау, темекі, шегу, зиян, қатерлі, шылым, ажал, зардап, кесел, шылым шегу, наша, нашақор, шын, қабылдау.

Сөйлеу үлгілері:


  • Денсаулық зор байлық деген не?

  • Өзіңді қалай күтесің?

  • Шылым түтінің зияны бар ма?

  • «Темекі шекпейтін күн» қай елде аталып өтіледі?

  • Темекінің құрамындағы никотин қандай зат?

  • Есірткі қабылдаған адам неге тәуелді?

  • Қазақстанда темекі шегуге қарсы күрес жүре ме?

VII. Қоршаған орта. (8)

Қазақстан табиғаты. Қандай көркем туған өлкем. «Бурабай». Невада – Семей. Арал теңізі. Мақал – мәтелдер. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: мекені, табиғат, мәңгі, орман, мың алуан, көркем, өлке, жанға жайлы, шипажай, емдік, демалу, жарылыс, кемтар, қозғалыс, зардабы, полигон, сынақтан өтті, жағалау, тіршілік, теңіз түбі.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақстанның табиғаты қандай?

  • Атақты Бурабай көлі қайда орналасқан?

  • «Қазақстан Швейцариясы» деп қай жерді атайды?



  • Өсімдіктің қанша түрі өседі?

  • «Невада - Семей» қозғалысын кім басқарды?

  • Бұл жерге адамдар қандай мақсатпен келеді?

  • «Невада - Семей» қозғалысын кім басқарды?

  • Арал теңізіне құятын қандай өзендерді білесің?

  • «Барсакелмес» қорығы қайда орналасқан?

  • Олжас Сүлейменов кім?

  • Республикада неше қорық бар?

VIII. Саяхат. (7)

Жетісуға саяхат. Астанаға сапар. «Елорда» жаттау. «Атамекенге» саяхат. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: тамаша, ту, жаннат, өңір, ертеден, көркем, қиял, шаһар, ақиқат, жағалау, сәулетші, мейман, кешен, тұсауы кесілген, Шарын шатқалы.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қай жерлерді «Жетісу» деп атайды?

  • Жетісудың табиғаты қандай?

  • Шарын шатқалы қай жерде?

  • Астана қандай қала?

  • Астананы сол жағалау мен оң жағалауды не бөліп тұр?

  • Сен Астана қаласында болдың ба?

IX. Белгілі адамдар (11)

Абай Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба. Ы.Алтынсарин. Кел, балалар,

оқылық! Абылайхан. Абылай. Шоқан Уәлиханов. Қаныш Сәтбаев. Ғалым болу

арманым. Мақал –мәтелдер. Қаратпа, қыстырма сөздер. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: данышпан, сауатын ашу, ел билеу, ұлы ақыны, ағартушы, негізін салушы, тілмаш, Балғожа тәрбиеледі, қолбасшы, дипломат, хан көтеру, батыр, даңқты, азат ету, ғалым, қазба байлық, геология, атақты, ғалым, әдеби, мұра, саяхатшы.

Сөйлеу үлгілері:


  • Абай кім?

  • Ақынның шын аты кім?

  • Оның анасы қандай адам болған?

  • Абай қайда білім алды?

  • М. Әуезов Абай туралы қандай роман жазды?

  • Ыбырай қандай мектепте оқыды?

  • Абылай ханның шын аты кім?

  • Әмір Темірдің белгі тасы қай жерде сақтаулы?

  • Райымбек кім?

  • Қ.Сәтбаев қайда, қай жылы туған?

  • Ол қанша ғылыми еңбек жазды?

  • Ш. Уәлиханов кім? Оның шын аты кім?

  • Ш. Уәлиханов қай жерлерді аралады?

X. Қоғам. (9)

Біздің президентіміз. Парламент. Қоғамдық орындар. Мамандықтар.Менің болашақ мамандығым. Үндестік заңы. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Тұңғыш, лауазым, жарлық, референдум, жүзеге асыру, сенат, мәжіліс, театр, мұражай, кітапхана, әдептілік, әдемілік, бейім, мамандық, пікір, құштарлық, ақпарат, билік, қорғаушы, аудармашы, елші.

Сөйлеу үлгілері:


  • Біздің мемлекетімізде ең жоғарғы лауазым иесі кім?

  • Елбасының қоғамдағы міндеттері қандай?

  • Ол қандай қызмет атқарды?

  • Елбасы кімді тағайындайды?

  • Парламенттің құрылымы қандай?

  • Мәжіліс депутаттарының саны қанша?

  • Сенатта неше депутат болады, оны кім тағайындайды?


Оқушылардың білімі мен біліктілігіне

қойылатын негізгі талаптар (9 сынып)
Міндетті деңгей
Сөйлеу әрекеті. Қазақтың белгілі адамдары-ғалым, жазушы, сазгер, әнші, спорт жұлдыздары, білім мамандыктар туралы айта білу.

Оқылым. Әр түрлі стильде берілген мәтіндерді оқу түсіну.

Тыңдалым. Адамдардын сөйлеген сөзін түсіне білу.

Жазылым. Мәтін мазмұны бойынша қарапайым жоспар жаза білу.

Тілдік білім.


450-500 жаңа сөздерді меңгеру, үндестік заңы. Сөздерді дұрыс айту, нормасын білу. Қазақ тіліндегі екпіннің ерекшелігін меңгеру.

Сөз және мағына. Тұрақты сөз тіркестері. Мақал мәтелдер.

Морфология. Сөз құрамы.

Түбір және қосымша (жұрнақ, жалғау) жалғау түрлері (көптік, тәуелдік, жіктік, септік). Сөз құрамын айыра білу.



Сөз таптары. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау сөздері, одағай.

Синтаксис. Сөйлемдегі сөздердін орын тәртібі. Төл сөз. Төлеу сөз. Автор сөзі. Диалог.
Мүмкіндік деңгей
Сөйлеу әрекеті. Белгілі адамдар туралы айта білу.

Тыңдалым. Хабарламаны түсініп тыңдай білу.

Оқылым. Мәтінді оқу, негізгі ойларын анықтау.

Жазылым. Сауытты жаза білу
Тілдік білім
Мәтінмен жұмыс істеу түрлерін білу.

Қыстырма сөз, тыныс белгілерін қоя білу.

Тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыра білу.

Төл сөзбен автор сөзінің айырмашылығын біліп, сөйлемде қолдана білу.




Баға нормасы
Әрбір жауап (ауызша, жазбаша) жіктеленіп бағалану керек. Мұғалім міндетті түрде әрбір оқушының жауабының дұрыстығын бағалай білу керек. Оқушылардың дұрыс жауабына жоғарғы баға қойылады. Психикалық дамуы тежелген балаларға ерекше көніл аудару керек.

Қазақ тілінен оқушылардың білімін бағалағанда мұғалім мыналарды ескеру керек.



  1. Сөздің лексикалық мағынасын жақсы білу.

  2. Қазақ тіліне тәң дыбыстарды дұрыс айтып, меңгеру.

  3. Лексиканы практикалық түрде меңгеріп, дұрыс сөйлем құру.

  4. Сөйлем құру динамикасын және дамытуын ескеру.

«5» деген баға:



  • сөзді дұрыс құрса;

  • өткен тақырып бойынша сөздердің мағынасын білсе;

  • қазақ тіліне тәң дыбыстарды дұрыс айтса, екпінді дұрыс қойса;

  • сөз тіркестерімен сөйлемді дұрыс құрса;

  • сұрақтарға дұрыс жауап берсе;

  • ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе.

«4» деген баға:

«3» деген баға:



  • жаңа сөздерді жөнді меңгермесе;

  • өткен тақырып бойынша сұрақтарға дурыс жауап бермесе;

  • сөйлемді көмесіз құра алмаса;

  • 4-5 қате болса.

«2» деген баға:



  • емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысынан 6-дан 10-ға дейін қате жіберсе;

  • оқушы тақырып бойынша жаңа сөздерді дурыс меңгермесе;

  • сөйлем құра алмаса;

  • сұраққа жауап бере алмаса.

«1» деген баға:



  • қателер саны «2» деген баға нормасынана асып кетсе;

  • толық меңгермесе.


Ескерту: «2», «1» баға 2-5 сыныптарда қойылмайды.

Пайдаланылған әдебиеттер мен оқу-әдістемелік кешендер.
1 сынып.


  1. Г. Досмамбетова, Б. Исмағұлова: «Менің қазақ тілім» 1 сынып.

  2. Алматы. Раритет. 2001

  3. Қадыр Мырза Әлі. «Санап үйренеміз». Алматыкітап.2002.

  4. Нұртазина Р.Б., Исмағұлова Б.Х., Досмамбетова Г.К., Сейсенова А. Қазақ тілі. «Алақай». Аруана.2002.

  5. Қайырбекова А. Қазақ тілі 1 сынып.Атамұра. 2005

  6. Адамбаева Ж. «Орыс мектебінің бастауыш сыныптарында тіл дамыту».

  7. Алматы – 2000.

  8. Ермекова Т.Н.,Сатбекова А.А., Сисембина А.У., Тажибаева Г.Б.

  9. Алматыкітап. 2008.

2 сынып



  1. А.М.Құдайбергенова. Қазақ тілі 2 сынып. Алматы. Раритет.

  2. Ә.Жүнісбек.,Б.Құлмағанбетова., Ж.Мәжитқызы. Қазақ тілі 3-сынып. Алматы. Атамұра.

  3. Т.Н.Ермекова.,А.А.Сатбекова.,А.У.Сисембина., Г.Б.Тажибаева. Қазақ тілі 3- сынып.Алматы. Алматыкітап.

  4. А.Қайырбекова. Қазақ тілі 2 сынып. Алматы Атамұра. 2005

3 сынып


  1. Т. Ермекова, А Сисембина, Г. Тажибаева.

  2. Қазақ тілі (оқулық) 3 сынып 2010.

  3. Қазақ тілін оқыту (әдістемелік нұсқау)

  4. А. Қайырбекова. Қазақ тілі 3 сынып 2003.

4 сынып



  1. А Қайырбекова қазақ тілі (оқулық) 4 сынып Атамұра 2003.

  2. А. Қайырбекова, Қ Барақова. Қазақ тілін оқыту (әдістемелік нұсқау) Атамұра 2004. Сюжетті суреттер. Кестелер жинағы.

5 сынып



  1. Адамбаева Ж., Нуркеева С., Баймұқанова С., Масимова Г. Алматы Атамұра 2005. Қазақ тілі (оқулық) 5 сынып.

  2. Қазақ тілі 5 сынып. М. Байжанова, Г. Нурғожина (орыс мектептері үшін) Алматы 2006. Мектеп.

6 сынып


  1. Қазақ тілі (орыс метептеріне арналған) Құлмағанбетова. Б. Атамұра 2006.

  2. қазақ тілі (орыс метептеріне арналған) Артықова Т.М. Атамұра 2006.

  3. Қазақ тілі әдістемелік нұсқау. Құлмағанбетова Б., Сәтбекова А. Атамұра 2006.

7 сынып


  1. Қазақ тілі (орыс метептеріне арналған) Артықова Г.М., Немеренова Б. Атамұра 2005.

  2. Қазақ тілі әдістемелік нұсқау. Артықова Г.М., Немеренова Б. Атамұра 2005.

  3. Қазақ тілі әдістемелік нұсқау. Ботанбаева Н., Маханова Р. Атамұра 2003.

8 сынып


  1. Қазақ тілі Дүйсебаев С., Боранбаев Г., Байтілеува Г., Қошқаров А. Мектеп 2004.

  2. Қазақ тілі әдістемелік нұсқау. Дүйсебаев С. Мектеп 2004.

  3. Қазақ тілі дидактикалық материалдар. БоранбаеваГ., Байтілеува Г. Мектеп 2004.

9 сынып


  1. Қазақ тілі. (Оқу орыс тілінде жүретін мектептерге арналған) Сариева К. Мектеп 2005.

  2. Қазақ тілі әдістемелік нұсқау. (Оқу орыс тілінде жүретін мектептерге арналған) Сариева К.Н., Сағатова Ғ.С. Мектеп 2005.

  3. Қазақ тілі 9 сынып З. Агзамова., К. Шаймерденова. Мектеп 2009.

  4. Қазақ тілі әдістемелік нұсқау. З. Агзамова., К. Шаймерденова. Мектем 2009.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет