Учебная программа по для учащихся с задержкой психического развития (1-9 классы с русским языком обучения) Бағдарлама



бет1/5
Дата25.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#5280
түріУчебная программа
  1   2   3   4   5
Утверждена

приказом Министра

образования и науки

Республики Казахстан

от « » 2010 года №
Казахский язык
Типовая специальная образовательная учебная программа

по для учащихся с задержкой психического развития

(1-9 классы с русским языком обучения)

Бағдарлама

Қазақ тілі 1 – 9 сынып

(психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған)


Түсініктеме

Түзете дамыта оқытатын сыныптардағы психикалық дамуы тежелген оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алады.

Бағдарлама сынып оқушыларының арасында баяу қабылдайтын, зейінінің тұрақсыздығы, еске сақтаудың барлық түрлерінің, сөздік-логикалық ойлау қабілеті мен сөйлеу тілінің жеткіліксіздігі психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып құрылған.

Бағдарламада берілген грамматикалық материалдар ең қажетті және жиі кезедесетін, жеңіл меңгерілетін жаттығулар түрінің жеңілден ауырға қарай күрделендіріле түседі.

Екінші тілді оқыту психологиялық дамуы тежелген сыныптарда күрделі және өте қиын процесс, өйткені төзімділікті, шыдамдылықты тек ғана мұғалімдер емес, оқушылардан да қажет етеді.

Психикалық дамуы тежелген 1 -9 сыныптарында қазақ тілін оқытудың басты мақсаты мен міндеттері – оқушыларға қазақ тілін жете меңгертіп тіл құрылымын түсіндіріп, сөз мағыналарын ұғынып қабылдауды, сауатты жазуды, жан – жақты грамматикалық заңдылықтарды сақтап, сөйлеу тілі дағдыларын дұрыс қалыптастыруды үйрету.

Сонымен қатар қазақ тілінің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсіндіру, тілдің қызметін жүйелі түрде меңгерту, коммуникативтік біліктілігін дамыту. Психикалық дамуы тежелген оқушылардың логикалық ой - өрісін, қабылдау әректтерін, есту қабілетін, сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру үшін қазақ тілі сабағының пәнаралық байланысы (тіл дамыту, ана тілі, табиғаттану, тарих, орыс тілі т.б.) осындай пәндермен тығыз байланыста жүргізілуі қажет.

Бағдарламада қазақ тілі сабағында сөйлеу тілі дағдыларын қалыптасыру (тіл дамыту, сөйлеу, оқу, жазу) жаттығуларды орындату барысында іске асырлатын көрсетілген. Сөйлеу тіліне арналған материалдардың (сөз, сөз құрамы, оның мағынасы, сөздің бір және көп мағыналы болатындығы, сөздердің сөйлемдегі

өзара қатынасы, грамматкалық мағына екендігі, сөздердің мағыналық топтары: зат есім, сан есім, сын есім, етістік, есімдік, олардың дара және күрделі түрлері, жіктелуі, септелуі, сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері, етістіктің шақтары, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі т.б.) негізінде құрастырылған.

Бағдарламада берілген грамматикалық материалдар ең қажетті және жиі кездесетін, жеңіл меңгерілетін жаттығулар түрінің жеңілден ауырға қарай ұстанымымен, яғни оқушылар грамматика курсы бойынша тілдік құбылыстарды бақылауға, талдауға, салыстыруға, жүйелеуге, топтауға дағдыландыру жолдары

ұсынылған. Осыған орай, оқушының сөздік қорлары байытылып, үйренген сөздерін сабақ барысында пайдалануға сөз, сөз тіркестерін құрастыруға, ауызша өз бетінше сөйлесе білуге жаттықтыру жолдары берілген.

Қазақ тілі сабақтары нәтижелі болу үшін, оқыту барысында төменде берілген негізгі міндеттерді түсініп, жүзеге асыру қажет. Сабақта жаңа сөздерді өту барысында негізгі ұғымдар мен құбылыстарды таныстыра отырып, оқушылардың жалпы ой-өрісін, танымдық қабілеттерін (зейінін, есте сақтауын) сөйлеу белсенділігін дамыту.

Бағдарламаның негізгі мақсаты 1-9 сыныптың оқушыларына, қазақ тілі туралы оның грамматикасы, қазақ тіліне тән дыстардың дыбысталуы мен жазылуын, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын бекіту.

Бұл бағдарлама сабақты шектеу қағидасы емес. Сыныптың құрамында оқушылардың ойлау, түсіну қабілеті әртүрлі болғандықтан, бір тақырып бірнеше сабаққа созылуы мүмкін, оқушылардың материалды толық меңгергенше қайталанады. Психикалық дамуы тежелген сыныптарда сабақ барысында баланың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Сынып оқушыларының жалықтырып, шаршатпас үшін ойын элементтерін, сергіту жаттығуларын, санамақтарды араластыра отырып жүргізілген пайдалы да нәтижелі болады.

Жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын сақтай отырып, бұл бағдарламаға психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған коррекциалық жаттығулар қолданылады.

Қазақ тілін оқытуға мынадай міндеттер қойылады:



  • қарапайым сөйлемдерді құрастыра білу;

  • күнделікті жиі қолданылатын қазақ тілінің сөздерін қолдана білу;

  • бағдарламада көрсетілген тақырыптар көлемінде оқи және жаза білу;

  • қазақ тілі сабағында алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білу;

  • белсенді сөздік қорын қалыптастыру;

  • оқушы өзі туралы, қоршаған ортасы туралы әңгімелеуге үйрету.

Ұсынылып отырған бағдарламада сөйлеу мен тілдік материал (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу) мәтіндік материал базасында елтану, этно мәдениет материалдар негізінде оқытылады.



БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ

Сөйлеу қызметі.

Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың мынадай әр түрлі сөйлеу қызметінде дағды қалыптастырылады.

Тыңдау. Сауат ашу кезеңінде оқушылардың тыңдай білу қабілеті жетілдіріледі. Сабақ барысында мұғалімнің және жолдастарының, екінші біреудің сөзін, айтқанын ұғып, түсіне білу. Естігені, тыңдағаны бойынша сұраққа жауап беру. Қазақ тіліне тән - ә,ө,і,ұ,ү,ғ,қ,ң,һ әріптен құралған сөздерді дұрыс артикуляциясымен айта білу.

Сөйлеу. 0қушыларды қазақ тілінде бір-біріне сұрақтар қойып, оған қазақша жауап беру.Мәтін бойынша сұраққа жауап бере білу. Сурет бойынша жұмыс істеу.Екі тілдік аударма жасауға дағдылану.

Оқу. Дыбысты, буынды,сөзді, сөйлемді, сөз тіркестерін дұрыс екпін түсіріп оқу.Мәтіндерді түсініп, мәнерлеп оқу. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді дұрыс, тыныс белгісіне тоқтап оқу. Шағын өлеңдер, мақалдарды жаттау.

Жазу. Жазу ережелерімен танысу, дыбыстарды әріптермен таңбалау, қолды жазуға дайындау сурет салу, сызықтар сызу, кіші әріптердің элементтерін жазу. Кіші әріптер мен бас әріптердің жазба түрлерін жаза білу.



Тілдік материал

Фонетика мен орфоэфия. Дыбыс пен әріп олардың айырмасы. Сөз және дыбыс. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар, олардың дыбысталу ерекшеліктері. Сөйлемнен, сөзден дауысты дыбыстарды табу. Дауыссыз дыбыстар. Сөйлемнен дауыссыз дыбыстарды табу.



Қазақ әліпбиі. Әріптердің айтылуы. Жуан, жіңішке дыбыстар. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар. Буын. Сөздерді буынға бөлу.

Кім?Кімдер?Не?Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздер. Кім? Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздердің түрлері.

Бас әріппен жазылатын сөздер: кісі аттары,қала, жер, су, өзен, көл, теңіз, аттарының бас әріппен жазылуы, не істеді?, қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөздер. Заттың аты мен қимылын білдіретн сөздерден сөйлем құрау.

Қай? Қандай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер: заттың сынын білдіретін сөздерді, заттың атын білдіретін сөздермен байланыстыру (Қызыл алма. Көк гүл.Таза ауа).

Қанша? Неше? Нешінші? Сұрақтарына жауап беретін сөздер: заттың санын білдіретін сөздерді заттың атын білдіретін сөздермен байланыстырып сөйлем құрау (Сағат үш. Бес ешкі. Екі оқушы.)

Лексика. Бағдарламада көрсетілген сөздік минимумды (350- 400 сөзді) меңгеру.

Грамматика. Заттардың көпше түрін (зат есімнің көптік жалғаулары арқылы (лар,лер,дар,дер,тар,тер) айта білу: қала- қалалар,дәптер- дәптерлер, жапырақ – жапырақтар, көбелек – көбелектер, жұлдыз – жұлдыздар, мұғалім – мұғалімдер.

Тілекті орындау мақсатындағы сөздерді қолдана білу: бер, беріңіз, ал, алыңыз, аш, жап, шық, кір т.б.

Етістіктің осы шағын түрлендіріп қолдану. Осы шақтың екі түрі бар: нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ.

Тәуелдік жалғаудың I,II, III жағымен жіктеу есімдігі: Менің анам, гүлім, қаламым. Сенің анаң, гүлің, қаламың. Сіздің анаңыз, гүліңіз, қаламыңыз. Оның анасы, гүлі, қаламы.

Сөйлегенде «бар, жоқ» сөздерін қолдану. Сенің кітабың бар ма? Менің кітабым бар. Оның дәптері бар ма? Оның дәптері бар. Оның дәптері жоқ.

Сөздік құрам. Түбір. Жұрнақ. Жалғау. Зат есім. Жалқы және жалпы зат есімдер. Оның сұрақтары. Зат есімнің жекеше, көпше түрі. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Сөз тіркесі. Сөйлем. Әріпті, сөзді, сөз тіркесін дұрыс көшіріп жазу. Бас әріппен жазылатын сөздерді білу. Сөзді буынға бөлу. Нүктені, сұрау белгісін, леп белгісін қоя білу.



Этномәдениет материалы

Сөйлеу әдептілігі.Алғыс айту. Сәлемдесу, қоштасу, амандасу, құттықтау. Дастарқан басындағы сөйлеу әдептілігі. Адамный аты – жөнін айта білу. Балаларға арналған әндер, өлеңдер. Сәлем! Сәлеметсің бе! Сәлеметсіз бе! Хал қалай? Халыңыз қалай? Жақсы, рақмет. Сау бол! Сау болыңыз! Кешіріңіз!

Кіруге бола ма? Сұрауға бола ма? Кіруге рұқсат па? Ас дәмді болсын!


1 сынып

(аптасына 2 сағат. Барлығы 68 сағат)


I. Отбасы мүшелері. (18 сағат)

Отбасы мүшелері: Танысу. Менің отбасым. Сенің отбасың. Оның отбасы. Жоқ. Жүр. Жатыр. Отыр. Түр. Не істеп жатыр? 1 – ден 5 - дейінгі сандар. Менің туыстарым. Үлкен – кіші. Жас, қарт. Кім не істейді? Ойыншықтар. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Әже, ата, әке, аға, ол, оның, отбасында, бар, жоқ, оның, сенің, жақсы, жаман, қал қалай? іні, сіңлі, қарындас, үлкен, кіші, жас, қарт, ойыншықтар, ат, доп, қуыршақ, менде, сенде, ойна.
Сөйлеу үлгілері:

  • Бұл (мынау ) кім? Мынау - әже. Мынау – ата. Мынау не? Мынау – сурет. Бұл – менің отбасым. Мынау - әкем. Мынау – менің атам. Мынау – менің әжем. Бұл – сенің отбасың. Бұл – сенің қарындасың. Оның аты кім? Оның аты - Назым. Кім жүр? Кім жатыр? Назым жүр. Атам жатыр. Сенің ағаң бар ма? Иә, менің ағам бар. Сенің інің бар ма? Менің інім жоқ. Менің отбасым үлкен. Сенің отбасың қандай? Неше үй? Бір үй. Неше қуыршақ? Бес қуыршақ.


II. Мектеп. (14 сағат)

Мектеп. Мектепте. Сыныпта. Оқу құралдары. Сандар. (6 - 10). Санай біл. Пәндер. Жол. Оң жақ – сол жақ. Кім қайда барады? Не қайда жатыр? Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Мектеп, аула, қабат, оқушы, сынып, есік, терезе, тақта, қабырға, үстөл, бор, шүберек, аш, жап, парта, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, қазақ тілі, орыс тілі, әліппе, музыка, дене тәрбиесі, көше, жол, бағдаршам, дүкен, көлік, ағаш, оң жақ, сол жақ.



Сөйлеу үлгілері:

- Мынау не?



  • Мынау мектеп. Мектеп әдемі.

  • Мектеп үш қабатты.

  • Мынау - Назым.

  • Назым - оқушы.

  • Ол мектепте оқиды.

  • Мынау - кітапхана. Мынау - кітапханашы.

  • Мынау - асхана. Мынау - аспаз.

  • Мынау не? Мынау - тақта. Мынау - сынып. Сыныпта не бар? Сыныпта есік, терезе, тақта, айна бар.

  • Сен терезені аш. Сен есікті жап. Партада не жатыр? Партада сызғыш, қарындаш, өшіргіш жатыр. Сөмкеде не бар? Сен нешінші сыныпта оқисың? Мен бірінші сыныпта оқимын. Қазір қандай сабақ? Қазір қазақ тілі сабағы. Көшеде не бар? Көшеде машина (үй) бар. Сен қайда барасың? Мен мектепке барамын.


III. Уақыт. (15 сағат)

Үү дыбысы мен әрпі. Уақыт. Бүгін. Әә дыбысы мен әрпі. Ертең. Іі дыбысы мен әрпі. Апта күндері. Ққ дыбысы мен әрпі. Қыс. Өө дыбысы мен әрпі. Көктем, жаз. Күз. Ғғ дыбысы мен әрпі. Сағат неше? Қанша. Тәулік. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: күн, түн, үш , үй, гүл, жаңбыр, қоңырау, қыс, қаңтар, ай, қар, көк, көктем, өзен, көбелек, көше, жыл, мезгіл, наурыз, сәуір, мамыр, жаз, маусым, шілде, тамыз, ыстық, , салқын, жаңбыр, сағат, қағаз, Сағат неше? Сағат қанша?
Сөйлеу үлгілері:

  • Мынау кім? Мынау - Әсем. Қайырлы күн - Әсем! Қайырлы күн - Назым! Халің қалай? Рақымет жақсы. Бүгін қай күн? – Бүрін, сенбі. Ертең қай күн? – Ертең жексенбі. Аптада неше күн бар? – Аптада жеті күн бар. Қазір қай мезгіл? Қазір қыс.Қыста не жауады? – Қыста қар жауады. Күз айлары қандай? Күзде неше ай бар? – Үш ай: қыркүйек, қазан, қараша. Күн қандай? – Күн ұзақ. – Түн қандай? – Түн қысқа.


IV. Азық – түліктер. (4 сағат).

Азық - түліктер. Ұұ дыбысы мен әрпі. Іш, же. Жеміс – жидек. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Ұл, ұшқыш, ұя, құс, сұрақ, жедім, іштім, сусын, азық – түлік, нан, сүт, шай, кәмпит, алма, жүзім, сәбіз, шие, өрік, анар, қызанақ, қияр.

Сөйлеу үлгілері:

  • Сендер қандай азық – түліктерді білесіңдер?

  • Олар қайда сатылады?

  • Қандай жемістерді білесіңдер?

  • Алма, алмұрт, шие, өрік, анар, жүзім.

  • Алма қандай? Алма тәтті (қышқыл)

  • Сен не жедің?

  • Сен не іштің?

  • Ұнады ма?

  • Дәмді ме?


V. Жазғы киім. (9 сағат)

Жазғы киім. Һ дыбысы мен әрпі. Қысқы киім. Ұлттық киім. Ыы дыбысы мен әрпі. Қандай? Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: көйлек, шалбар, жейде, қалпақ, туфли, кофта, Гауһар, жиһаз, қаһарман, құлақшын, бөрік, пальто, тон, етік, пима, қолғап, етік, бөрік, тақия, шапан, қамзол, қызыл.Қандай?

Сөйлеу үлгілері:


  • Мынау не?

  • Мынау кім?

  • Мынау - Назым.

  • Үстіңдегі көйлегің қандай?

  • Оның басында не?

  • Түсі қандай?

  • Мынау не?

  • Бұл тақия.

  • Ол қандай киім?

  • Аю қандай?

  • Жейде қандай?

  • Алма қандай?


VI. Үй жануарлары мен аңдар. (8 сағат)

Үй жануарлары. Аңдар. Ертегі. Нәтиже сабақ.


Меңгерілетін сөздер: үй жануарлары, төлдер, қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы, төлдері: бота, қозы, лақ, бұзау, құлын, жабайы аңдар.

Сөйлеу үлгілері:



  • Үй жануарларына не жатады?

  • Түйенің төлі не?

  • Мынау не? – Мынау сиыр.

  • Жабайы аңдарға нелер жатады?

  • Қоян қандай аң?

  • Түлкі қандай аң?

  • Аңдар туралы ертегі білесіңдер ме?

  • Ертегі не туралы?


Оқушылардың білімі мен біліктілігіне

қойылатын негізгі талаптар.

1 – 4 – сыныптарда оқушының тілден дайындық талаптары мынадай екі деңгейде қарастырылады: бірінші оқушыға қазақ тілінен берілетін білімнің мумкендігі, (уровень возможнестей) жалпы білім беретін курсты меңгеруіндегі білім нәтижесі.

Екінші міндетті деңгей оқушы көрсетілген тілдік минимумды міндетті түрде меңгеруге тиісті.

1 – сынып

Мүмкіндік деңгей:


  • қазақ әліпбиін білу, орыс әліпбиімен айырмашылығын ажырату;

  • әріптен дыбысты айыра білу;

  • дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу, сөзді буынға бөлуді білу;

  • сөз дыбыстарын дұрыс айта білу;

  • кім? , кімдер?, не?, нелер?, не істейді?, не істеді?, кімнің?, ненің?, қандай? Қанша?, неше?, нешінші? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің мәнін түсініп, жекеше, көпше түрде қолдана білу.

Міндетті деңгей:

  • лексикалық минимумды меңгеру;

  • сөзді буынға бөлу;

  • не істеді?, не істейді?, неше?, қанша?, нешінші? Сұрақтарын түсініп, жауап беру;

  • 1 – 50 – ге дейінгі сандарды дұрыс айтып, санай білу;өзінің аты-жөнін, мұғалімнің аты-жөнін дұрыс айта білу. (Сәлем! Сәлеметсіз бе, Зейнеп Шәкенқызы! Сау бол! – Сау болыңыз. Рақмет).

  • Қазақша балаларға арналған өлеңдерді, тақпақтарды жатқа айту.


2 сынып

(Аптасына 3 сағат. Барлығы 102 сағат).


I. Сәлем, мектебім (8 сағат)

Мектеп. Сынып. Оқу құралдары. Сәлемдесу. Қоштасу. Көптік жалғау. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: мектеп, сынып, дәптер, кітап, гүл, қалам, кезекші, су құйды, сүртті, кең, жарық, өшіргіш, бор, сағат, тақта, терезе, есік, шкаф.

Сөйлеу үлгілері:



  • Мынау (бұл) не? – Мынау мектеп. – Мынау сынып. – Мынау тақта. – Мынау гүл.

  • Сыныпта не бар? – Сыныпта тақта (шкаф, бор, терезе, т.б.) бар.

  • Мынау (бұл) кім? – Мынау қыз. Мынау – бала. Мынау – мұғалім. Мынау - әже. Мынау - ата.

  • Сен қай сыныпта оқисың?

  • Мен екінші сыныпта оқимын.

  • Сыныпта неше (қанша) оқушы бар?

  • Сыныпта бүгін кімдер кезекші?

  • Кезекші не істейді?

  • Кезекші тақтаны сүртеді. Гүлге су құяды. Терезені сүртеді.


II. Пәндер (10 сағат)

Пәндер. Ән – күй сабағы. Еңбек сабағы. Бейнелеу өнер сабағы. Дене тәрбиесі сабағы. Ыы, Іі дыбыстары. «Сенің атың кім?» өлең жаттау. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөзддер: Ыс – ыс - ыс - ыс – ыс, ыдыс, жақсы, і – і – і - ін, іс –іс – іс – іні, кім, бір, екі, тіл, біл, тіс, мұғалім, қағаз, еңбек сабағы, ән – күй, дене тәрбиесі сабағы, жіп, қайшы, желім, қылқалам, секіру, жүгіру, лақтыру.
Сөйлеу үлгілері:


  • Атың кім? Менің атым – Назым. Менің атым – Ыбырай.

  • Сенің атың кім? – Менің атым - Назым.

Балақай, атың кім?

Ботақан, атың кім?

Менің атым – Әлім!

Әлім, менің – атым.



  • Математика сабағында не істейді?

  • Математика сабағында есеп шығарады.

  • Ине, жіп, қайшы қай сабаққа керек?

  • Қай сабақта жүгіреді, секіреді?


III. Күз (10 сағат)

Күз. Күз айлары. Күзде. Жеміс – жидек пен жеміс. Күзгі еңбек. Әә дыбысы әрпі.

Меңгерілетін сөздер: Ә - ә- ә- ә - ә - ә - ә - же, ә- ә - ә - ә - ке, ә - ә - ә - ә -теш, Әсем, Әділ, Әсел.

Әтеш әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады.

Жапырақтар сарғаяды, егін, алтын күз, суытады, жаңбыр, жиі жауады, ұшып кетеді, жылы жаққа, таңқурай, қарақат, бүлдірген, көкөністер.

Сөйлеу үлгілері:


  • Бір жылда неше мезгіл бар?

  • Күз айлары қандай?

  • Күзде нелер піседі?

  • Күзде не көп болады?

  • Күзде құстар не істейді?

  • Күзде жапырақтар қандай болады?

  • Күзде нелер солады?


IV. Отан (10 сағат)

Отан. Қалада. Ауылда. Ауылым. Саябақта. Оо, Өө дыбыстары мен әріптер. «Отан» жаттау. Жалғаулар: ның, нің, дың, дің, тың, тің. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: О – о – о – о – бо – до – қо – со – то - , ө - ө - ө - ө - ө бө- дө - кө - лө - шө, қол, доп, отан, Олжас, Оспан, көз, көл, көрпе, төсек, көбелек, көкек. Мынау көбелек. Мынау көкек, Отан, жер, тбиғат, менің, туған жер, отансыз, ормансыз,бұл, ұл, қала, көше, мұражай, ғимарат, көлік, тұрады, мәдениет сарайы, көмектесемін. Әй көбелек, көбелек,

Қанатың неге дөңгелек?

Сөйлеу үлгілері:


  • Отан деген не?

  • Ресей кімнің Отаны?

  • Қазақстан кімнің Отаны?

  • Сен қайда тұрасың?

  • Қала қандай?

  • Қалада қандай көлік түрлері бар?

  • Саябақ қандай?

  • Сен ауылда болдың ба? – Ауылда нелер бар?


V. Қыс. (10 сағат)

Қыс. Қыста. Қыс айлары. Сырғанақта. Кімде? Неде? Қайда? Қашан? Жалғаулар: да, де, та, те. «Жаңа жыл» жаттау. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: қа – қа – қа – қа – қа, қы- қы – қы – қы, қыс, қыз, қар, қала, қасық, пышақ, шанышқы, қант, мысық, қоян, қалам, қасқыр. Қайда? Аяз, алғашқы, соңғы суық, аппақ, қырау, мұз басады, жаңа жыл, мереке, Аязата, Ақшақар, сыйлық, көңілді.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қыс айлары қандай?

  • Қыста не болады?

  • Қыста не жауады?

  • Адамдар қандай киім киеді?

  • Өзен, көлді не басады?

  • Қыста күн қандай болады?

  • Жаңа жыл қандай мереке?

  • Мерекеге кімдер келеді?

  • Олар не береді?


VI. Сандар. (4 сағат)

Сандар. Санай біл! Санау 1- 100. Неше? Үшінші. Жалғаулар: ншы, нші, інші, ыншы. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Бір, үш, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз. Қырық, елу, алпыс, тоқсан, жүз.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сыныпта неше оқушы бар?

  • Сыныпта он екі оқушы бар.

  • Сыныпта неше терезе бар?

  • Сыныпта төрт терезе бар.

  • Сыныпта неше сағат бар?

  • Сыныпта бір сағат бар.

  • Сыныпта неше карта бар?

  • Сен нешінші үйде тұрасың?

  • Сен нешінші мектепте оқисың?

  • Мектеп неше қабатты?

  • Сен нешінші сыныпта оқисың?

  • Бір аптада неше күн бар?Сен неше жастасың?


VII. Менің отбасым (10 сағат)

Менің отбасым. Мамандық. Кім қайда жұмыс істейді? Не істеп жатыр? Жасың нешеде? Ңң дыбысы мен әрпі. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: оң – оң – оң – оң , ың – ың – ың, аң – аң – аң – аң – аңшы, таң, шаң, шаңғы, жаңғақ, жаңбыр, жаңа, ата, әже, әке, ана, шеше, әпке, аға, сіңлі, қарындас, немере, мамандық, аурухана, ұшқыш, зейнеткер.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сенің атың кім?

  • Менің атым - Назым.

  • Сенің жасың нешеде?

  • Менің жасым сегізде.

  • Сенің отбсың үлкен бе?

  • Жоқ, менің отбасым үлкен емес.

  • Бұл кім? Бұл – менің анам. Ол мектептпе мұғалім. Бұл - менің әкем. Ол - ауруханада дәрігер.

  • Атаң не істеп отыр?

  • Әжең не істеп отыр?

  • Әкең не істеп отыр?

  • Анаң не істеп отыр?

  • Әпкең не істеп отыр?

  • Мұғалім қайда жұмыс істейді?

  • Сатушы қайда жұмыс істейді?


VIII. Көшеде. (12 сағат)

Көшеде. Көшеде жүру ережесі. Үй,пәтер. Бөлме. Менің бөлмем. Үү, Ұұ дыбыстары мен әріптері. «Ұшты - ұшты» ойын. «Алматы қаласы» жаттау.

Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Ү – ү – ү – үкі,үш, күн, күз, гүл, түн, үлкен,. Мынау үй. Үй үлкен. Мынау үкі. Үкі түнде ұшады.Ұш – ұш – ұш – ұш –ұшты, ұлу, құлақ, мұрын, Ұшты – ұщты.



Кім ұшты?

Үсен ұшты.

жаяу, көше, даңғыл, жақын, бағдаршам, абай бол, тоқта, бөлме, қонақ бөлмесі, ас бөлмесі, жатаын бөлме, сөре, жұмыс, керует.

Сөйлеу үлгілері:

  • Сенің атың кім? – Менің атым ... .

  • Сен қайда тұрасың? Мен ... көшесінде тұрамын.

  • Мектеп қай көшеде? Мектеп ... көшесінде орналасқан.

  • Сенің бөлмең қандай? – Менің бөлмем кең, жарық. Теледидарың бар ма?

  • Сөрелерде нелер тұр?

  • Үстелде не жатыр?

  • Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда не істейді?


IX. Денсаулық (10сағат)

Денсаулық. Дене мүшелері. Дене тазалығы. Тамақтану. «Не үшін?» өлең жаттау. Кіммен? Немен? Ғғ дыбысы мен әріптері. «Торғай» жаттау. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Ға – ға – ға – ға – аға, ағаш, жаға, қағаз, балға, сағат, Тоғжан, бас, бұлт, ерін, тіс, тіл, қол, аяқ, құлақ, мұрын, ауыз, дене мүшелері,көзбен көреді, құлақпен естиді, қолмен ұстайды, аяқпен жүреді, мұрынмен демалады, кешкі ас, ертеңгі ас, түскі ас, күніне, асхана, ботқа, тағам, кеспе, пісіреді, сұйық, ас дәмді болсын!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет