Учебная программа по для учащихся с задержкой психического развития (1-9 классы с русским языком обучения) Бағдарлама



бет3/5
Дата25.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#5280
түріУчебная программа
1   2   3   4   5

V. Достық. (12 сағат)

Менің досым. Достық. Екі дос. Достардың бос уақыты. Туған күн. Кітап –

адамның досы. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: қайталау, түстен кейін, білмейтін, үйретті, оған,

достық, кітап, ақылды, зерек, тәрбиеші, бірге, сыйлады, бос уақыт,

адалдық, туған күн, құттықтаймын. Жіктік жалғаулары.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сенің досың бар ма?

  • Иә, менің досым бар?

  • Аты кім? - Аты – Назым.

  • Ол қай мектепте оқиды?

  • Ол № 8 мектепте оқиды.

  • Нешінші сыныпта оқиды?

  • Назым, сен не істеп жатырсың?

  • Мен кітап оқып отырмын.

  • Мен бос уақытымда кітап оқимын.

  • Кітап менің досым. - Кітап жақсы дос.

VI. Күн тәртібі. (8 са5ат)

Күн тәртібі. Уақыт. Досымның күн тәртібі.Қазақша ай аттары. «Жеті

ұл».Қайталау сабағы. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Күн тәртібі, жаттығу, сақтайды, таңертең, түсте, кешке, ертең, бүгін, кеше, оянды, жуынады, ұйықтайды. Септік жалғаулары.
Сөйлеу үлгілері:

  • Назым, сен таңертең нешеде тұрасың?

  • Мен таңертең сағат жетіде тұрамын.

  • Сосын не істейсің?

  • Мен жаттығу орындаймын, жуынамын, тамақтанамын, сағат сегізде мектепке барамын.

  • Бір тәулікте неше сағат бар?

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Бір сағатта неше минут бар?

  • Бір сағатта алпыс минут бар.

  • Сабақ сағат нешеде басталады?

  • Сабақ сағат нешеде аяқталады?

  • Септік жалғауының неше түрі бар?


VII. Қалада. Ауылда. (12 сағат)

Біздің қала. Біздің үй. Театрда. Циркте. Сурет көрмесінде. Стадионда.

Қайталау сабағы. Вокзалда. Әуежайда. Ауылда. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Әуежай, саябақ, сауыншы, егінші, ғалым, шақырды, кездестік, керемет, киіз үй, ұқсайды, ұнады, көрсетті, сурет көрмесі, көрме, сұрақ, жауап, жанкүйер, жарыс, мұз айдыны, темір жол, жолаушы, жолсерік, жүрдек пойыз, ұшқыш, болғым келеді, жүк ұшағы, оқу керек, өзен, егін, бағады, егеді. Тәуелдік жалғауы.
Сөйлеу үлгілері:


  • Сен қай қалада тұрасың?

  • Қалада нелер көп?

  • Қалада кімдер тұрады?

  • Сен қай көшеде (даңғылда) тұрасың?

  • Мен Әуезов көшесінде тұрамын.

  • Сенің тұратын үйің неше қабатты?

  • Назым сен жаңа театрда болдың ба?

  • Цирк неге ұқсайды?

  • Сен сурет көрмесінде болдың ба?

  • Саған қандай суреттер ұнайды?

  • Алматыда қандай мұз айдыны бар?

  • Алматыда «Медеу» мұз айдыны бар.

  • Сен ауылда болдың ба?

VIII. Жануарлар әлемінде. (10 сағат)

Жануарлар әлемінде. Жануарлар. Ең үлкен. Жолбарыс. Тасбақа. Піл.

Қайталау сабағы. «Сұр қоян» жаттау. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: әлем, ірі, зіл, қоңыз, керік, түйе құс, колбр, ақбөкен, салмағы, маймыл, қолтырауын, горилла, ұзындығы, ең үлкен, жыртқыш, алып, күшті, ертеде, қабан, Іле. Балқаш, Шу, азу тіс, Үндістан. Келер шақ.
Сөйлеу үлгілері:

  • Сен жануарлар бағында болдың ба?

  • Иә, болдым.

  • Қандай аңдарды көрдің?

  • Піл жолбарыс, піл, маймыл. тасбақа, түлкі, қасқыр көрдім.

  • Неге жабайы аңдар дейміз?

  • Қай аң ең қу?

  • Қай аң ең қорқақ?

  • Қасқыр үй жануары ма? - Жоқ, ол жабайы аң.

  • Жануарлардың ең үлкені не?

  • Оның биіктігі неше метр?

  • Піл қандай жануар? - Пілдің отаны қай ел?

  • Жолбарыс қандай аң? - Жолбарыс жыртқыш аң.

  • Жолбарыстың терісі қандай? - Оның терісі жолақ.

IX. Үй жануарлары. (10 сағат)

Үй жануарлары. Үй құстары. Түйе. «Түйе, түйе, түйемін» жаттау. «Малдың төлін сүюі». Өткен шақ. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Ертеден – ақ, көлік ретінде, пайдаланды, түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, төлдері, жабайы, қаз, үйрек, тауық, аққу.
Сөйлеу үлгілері:


  • Үй жануарларына нелер жатады?

  • Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі, мысық, ит жатады.

  • Олардың адамға қандай пайдасы бар?

  • Үй жануарлары немен қоректенеді?

  • Шөп жейді, су ішеді.

  • Оларды кім күтеді? - Адамдар күтеді.

  • Үй жануарларының төлдері.

  • Түйе қандай жануар?

  • Түйе өте пайдалы жануар.


X. Жыл мезгілдері. (14 сағат)

Жыл мезгілдері. Көктем. Көктем мерекелері. Жаз. Жазғы демалыс. Күз. Алтын күз. Қайталау сабағы. Күз. Қыс. Қысқы каникул. «Наурыз тойы», «Күз», Абай. Жай сөйлем. Хабарлы, сұраулы, лепті. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Күн, жаңбыр, қар жауады, жел, бұлт, күн бұлтты, раушан, қызғалдақ, бәйшешек, қалампыр, бақбақ, меруертгүл, халықаралық әйелдер күні, Наурыз мерекесі, Жеңіс күні, қайың, терек, қарағай, шырша, жазғы демалыс, шомылады, аулайды, демалады, қысқы, кейін, ерте, жерде, түрлі, жаңа жыл, аула, аққала.
Сөйлеу үлгілері:

  • Бір жылда неше мезгіл бар?

  • Қыста не жауады?

  • Қандай мерекені қарсы аламыз?

  • Қыстан кейін не келеді?

  • Наурыз айында неше күн бар?

  • Наурыз айында қандай мейрамдар бар?

  • Наурыз айында 8 наурыз, 22 наурыз мейрамдары бар.

  • Жылдың ең жылы мезгілі қай мезгіл?

  • Жазғы каникул қашан болады?

  • Жаз айлары қай айлар?

  • Маусым, шілде, тамыз.

  • Күз айларын ата.

  • Күзде ауа райы қандай болады?

  • Күзде ауа райы суық болады.

  • Күзде күн қысқа болады.

  • Ағаштың жапырақтары қандай болады?



Оқу жылы аяғында оқушылардың білімі мен біліктілігіне

қойылатын негізгі талаптар
Мүмкіндік деңгей:


  • қазақ тілінде сауатты жазуға үйрену;

  • буын, оның түрлерін ажырата білуге үйрену;

  • үндестік заңының түрлерін ажырата білуге үйрету;

  • Қазақстан, отан, туған жер, қала, ту, елтаңба, әнұран сөздерінің аудармасын білу, есте сақтау, дрыс пайдаланға үйрену;

  • өз сөздерімен мәтінді қазақ тілінле әңгімелеуге үйрену;

  • тақырыпқа байланысты сөз тіркесімен танысып, оларды дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрену;

  • сөздерді дұрыс септеуді үйрену;

  • «Сағат қанша?» сұрағына сағат тілі бойынша жауап беруге үйрену;

  • сұраққа нақты жауап беруді меңгеру.



Міндетті деңгей:


  • зат есімнің жекеше, көпше түрін қолдана білу;

  • сын есімді сұрақ қою арқылы ажырату;

  • етістіктің болымсыз түрінің жасалу жлдарын білу;

  • сан есімнің реттік, есептік түрін сұрақ қою арқылы анықтау;

  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін ажырата білу;

  • қысқа көлемдегі мәтінді мазмұндап, өз сөзімен айту;

  • 1 – 4 сыныптар бойынша берілген тілдік материалдарды, мәтіндерді дұрыс түсініп, дауыстап дұрыс оқу;

  • өз бетімен ертек, әңгімелерді, өлеңді оқып, мазмұнын айтып беру;

  • 250 – 300 – ге дейінгі сандарды дұрыс айтып, санай білу;

  • Лексикалық тақырыптарға байланысты сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айтып, сөйлемде дұрыс пайдалана білу;

  • өз сөздерімен мәтінді қазақ тілінде әңгімелей білу («Мектеп өмірі», «Отбасы», «Достық», «Біздің қала», т.б.

  • жыл мезгілдері төңірегінде сөйлей білу.



5 – 9 сыныптардың базалық білім мазмұны
Тілдік материал

Тіл туралы жалпы мәлімет.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, республикада тұратын барлық халықтардың қатынас тілі.

Қазақ тілінің нормалары (дыбысталу ерекшелігін сақтау, сөз тіркестерін, сөйлем, мәтін құрастыру).

Фонетика және орфоэпия. Дауысты , дауыссыз дыбыстар. Үндестік заңы.

Лексика және фразеология. Сөз – тілдің ең негізгі бөлшегі. Бір және көп мағыналы сөздер. Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы. Синоним, антоним, омонимдер. Фразеологизмдер. Олардың мағынасы, қызметі, пайдаланылуы.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.

Синоним, антоним, фразеологиялық сөздіктер.

Сөз құрамы. Түбір және қосымша (жұрнақ, жалғау).

Грамматика. Сөздің лексикалық, грамматикалық мағынасы.

Сөз таптары. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, көмекші есімдер.

Сөз таптарының түрленуі: көптелу, жіктелу, тәуелдену, септелу.

Етістік. Етістіктің шақтары. Тұйық етістік. Етістіктің болымсыз түрі. «Емес», «жоқ» сөздері. Сын есім шырайлары. Үстеу, еліктеу сөздер, шылау сөздер, одағай , қыстырма сөздер.

Синтаксис. Сөз тіркесі. Сөйлем. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері. Хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер. Сөйлемдегі сөз тәртібі. Құрмалас сөйлем. Төл сөз. Төлеу сөз. Автор сөзі. Диалог.

Тіл мәдениеті. Ауызша және жазбаша тіл. Диалог және монолог. Сөйлеу мәдениеті.

5 сынып

(Аптасына 3 сағат. Барлығы 102 сағат)


I. Танысу. (7 сағат)

Танысу. Әдепті балалар. Өзім туралы. Ертегілер елінде. Аялдама. Нәтиже

сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Сәлеметсіз бе! Сәлеметсіздер ме! Сәлеметсің!

Қайырлы таң! Қайырлы кеш! Жағдайың қалай? Аты – жөнің кім?

Қуаныштымын, ақылды, әдепті, шуламау, туған жерім, ермек, даңғыл,

мекен – жай, бос уақыт, аялдама, бақытты бол, Фонетика. Буын. Екпін.
Сөйлеу үлгілері:


  • Сәлеметсің бе! Сәлем!

  • Сенің атың кім?

  • Менің атым - Ермек.

  • Сәлеметсің бе! Менің атым - Назым.

  • Сәлеметсіз бе, Нұржан Жұманұлы.

  • Қал – жағдайыңыз қалай?

  • Рақмет, жақсы (ептеп)

  • Сәлеметсіз бе, ата!

  • Аман ба, айналайын! Аман ба, қарағым!

  • Фонетика деген не?

  • Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?


II. Менің отбасым. (5)

Менің отбасым. Отбасы мүшелері. Отбасындағы дәстүрлер. Біздің үй.

А. Сопыбеков. «Отбасы» жаттау. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Отбасы мүшелері, қамқоршы, орталық, көп



қабатты үй, дәстүр, тату, жарық. Үндестік заңы. Буын, дыбыс

үндестіктері.

Сөйлеу үлгілері:

  • Ермек, сенің отбасың үлкен бе?

  • Менің отбасым онша үлкен емес.

  • Атаң мен әжең бар ма?

  • Иә, бар. Олар ауылда тұрады.

  • Әкең қайда істейді?

  • Әкем - кәсіпкер.

  • Анаң қайда жұмыс істейді?

  • Анам емханада дәрігер.

  • Сіңлім деп кім айтады? Қарындасым деп кім айтады?

  • Үндестік заңының неше түрі бар?



III. Менің мектебім. (6 сағат)

Менің мектебім. Мектеп. Мектеп кабинеттері. Біздің мұғалім. «Кезекші»

жаттау. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: тарих, тұрмыс – салт, шеберхана, ою, кесте, бұйым,



бейнелеу, мұғалім, білімді, үйретеді, мейірімді, ұнайды. Синоним. Антоним,

омоним.

Сөйлеу үлгілері:

  • Сенің аты – жөнің кім?

  • Сен нешінші сыныпта оқисың?

  • Сыныбыңда неше оқушы бар?

  • Сенің мектебің қай көшеде ораласқан?

  • Мектеп қандай?

  • Мектебіңде қандай пән кабинеттері бар?

  • Оқушылар кітапханада не істейді?

  • Сынып жетекшілерің кім?

  • Ол қандай адам?

  • Синоним дегеніміз не?


IV. Күз. (7 сағат)

Күз. Бұл қай кез? Көкөністер мен жемістер. Табиғаттағы өзгерістер. Ауа

райы. Абай «Қүз» жаттау. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Күз, байлық, молшылық, серуен, жаға, табиғат, егіс,

мезігл, жыл мезгілі, жинау, теру, қысқа, ұзақ, салқын, дымқыл, бұлтты,

еңбектену, бүгін, кеше, ертең, жел, қатты, нашар, ертең жылы болады.

Сөз құрамы. Түбір, қосымша,. Түбір негізгі, туынды.
Сөйлеу үлгілері:


  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Қазір күз мезгілі.

  • Бір жылда неше мезгіл бар?

  • Бір жылда төрт мезгіл бар.

  • Олар: күз, қыс, көктем, жаз.

  • Ауа райы қандай?

  • Ауа райы салқын.

  • Неге «Алтын күз» деп атайды?

  • Күзде қандай өзгерістер болады?


V. Менің досым (6 сағат)

Менің досым. Менің досымның мінезі. Бос уақыт.Достықты бағалай біл.

Мақал – мәтелдер. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Құрбы, мінез, қайырымды, ақылдасу, түсіндіру,

үнемі, әңгімелесу, денсаулығы жақсы, нағыз, жаға, мейірімді. Көптік

жалғау. Жекеше, көпше түрлері.
Сөйлеу үлгілері:


  • Ең жақын досың кім?

  • Ең жақын досым – Назым.

  • Ол нешінші сыныпта оқиды?

  • Оның көзі қандай? Шашы қандай? Бойы қандай? Мінезі қандай?

  • Оның ермегі қандай?

  • Ол қандай дос?

  • Ол сенімді, адал дос.

  • Көптік жалғау деген не?


VI. Алматы қаласы. (5 сағат)

Алматы қаласы. Біздің қала. Менің қалам. «Алматы қаласы» жаттау. Азық - түлік дүкенінде. Нәтиже

сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Алаң, қонақ үй, азық – түлік, ескерткіш, саябақ, сауда, ықшамаудан, қойылым, мұражай, метро, театр, әдемі, елорда. Зат есім.Септік жалғаулары.



Сөйлеу үлгілері:

  • Сен қай қалада тұрасың?

  • Мен Алматы қаласында тұрамын.

  • Сенің қалаң үлкен бе?

  • Қалада театр, мұражай, кинотеатрлар бар ма?

  • Ықшамаудандар бар ма?

  • Сенің қалаңда метро бар ма?

  • Зат есім деген не?

  • Септік жалғауларының неше түрі бар?


VII. Менің Отаным. (8сағат)

Менің Отаным. Біздің Отанымыз. Б. Ысқақов. «Отан». Қазақстан

Республикасы. Тіл дамыту. Қазақстанның өндіріс орындары. Мақал –

мәтел. Қ. Аманжолов «Қазақстан». Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: қуаты, ерікті, көмір, мұнай, темір, мыс, көлдері,

көлік, қазына, солтүстік, оңтүстік. Тәуелдік жалғау. I, II, III жақ. Жекеше,

көпше, түрлері.

Сөйлеу үлгілері:


  • Отан деген не?

  • Қазақстанның табиғаты қандай?

  • Даласы қандай?

  • Қандай таулары бар?

  • Қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Елордасы қай қала?

  • Қазақстан Республикасын кім басқарады?

  • Қазақстан Республикасын президент басқарады.


VIII. Қыс. (7 сағат)Қыс. Бұл қай кезде болады? Абай Құнанбаев. Абай «Қыс». Қысқ демалыс. Қысқы киім. Жаңа жыл. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: қалың, аяз, сырғанау, шаңғы, тон, боран соғады,



суытады, ұшан – теңіз, таудан, түсу, мұздай демі, ұлы, медресе, өз

бетінше,мәдениет, ынталы, осында жүріп, кейін, жасынан, пима, таңғы, шана. Сын есім. Қандай? Қай?

Сөйлеу үлгілері:

  • Қай жыл мезгілі басталды?

  • Қыс айлары қай айлар?

  • Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

  • Қыста ауа райы қандай болады?

  • Ауа райы салқындайды, қар жауады, боран соғады.

  • Қыста адамдар қалай киінеді?

  • Қыста қандай мереке болады?

  • Қыста жаңа жыл мерекесі болады.

  • А. Құнанбаев кім?

  • Ол жасынан қандай болған?

  • Шыршаны қай айда құрады?

  • Сын есім деген не?


IX. Жануарлар әлемі. (7 сағат)

Жануарлар әлемі. Төрт түлік. Төрт түліктің пайдасы. Хайуанаттар бағы.

Жануарлардың мінезі. Жануарлардың мекені. Есімдік түрлері. Иелік форма.

Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Төрт түлік мал, мата, көрпе, киіз, алады, тері, жүн,

ою, өрнек, бесбармақ, арқан, қазы жасайды, жабайы аңдар, үй

жануарлары, үй құстары, момын, жуас, қорқақ, хайуанаттар бағы.

Сөйлеу үлгілері:


  • Төрт түлікке нелер жатады?

  • Төрт түліктің қандай пайдасы бар?

  • Жабайы аңдар мен құстар қандай жерде мекен етеді?

  • Олар таулы, орманды жерлерде мекен етеді.

  • Бұл олардың тұрақты мекені.

  • Олар қайда қыстайды?

  • Олар тауда, орманда қыстайды.

  • Жануарлардың мінезі қандай?

  • Ал үй жануарлары қайда тұрады?

  • Есімдік деген не?


X. Ұлттық ойындар. (5 сағат)

Ұлттық ойындар. «Ханталапай» ойыны. «Тоғызқұмалақ» ойыны.Асық

ойыны. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Ұлттық ойындар, салт – дәстүр, мал сүйегі, қой

құмалағы, асық тобық, барлық ойыншы, асық тігу, Етістік. Не істеді? Не

қылды? Қайтті. Жіктік жалғау. I, II, III жақ. Жекеше, көпше.
Сөйлеу үлгілері:


  • Ұлттық ойындардың қандай түрлері бар?

  • Қазақ халқының тұрмысы, салт – дәстүрі немен байланысты?

  • Олар жануарлардың нелерін пайдаланды?

  • «Тоғызқұмалақ» ойынын қалай ойнайды?

  • Арнаулы тақтада ойнайды.

  • Ол қандай ойын?

  • «Тоғызқұмалақ» есеп ойыны.

  • Маған үйретесің бе?

  • Иә, үйретемін.

  • Етістік деген не?


XI. Мамандықтар. (7 сағат)

Мамандықтар. Нан дастарқанға қалай келеді? Кім не істейді? Бұл кімдер?

Кім болғым келеді? Мақал – мәтел. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Болғым келеді, емдеу, жалқау, жырту, егінші, диқан,



шашылу, қызығу. Қай жақтан? Нан табу, диірмен, қастерлеу, жан –

жақты, бата, еңбек, күзетеді, пісіреді. Етістіктің шақтары: осы шақ,

келер шақ, өткен шақ.

Сөйлеу үлгілері:

  • Мамандықтың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Оқушының еңбегі неде?

  • Сендердің болашақта кім болғыларың келеді?

  • Сенің әкеңнің мамандығы қандай?

  • Менің әкем дәрігер.

  • Сенің шешеңнің мамандығы қандай?

  • Менің шешем – мұғалім.


XII. Көктем. (16 сағат)

Көктем. Көктем табиғаты. Көктемде. Наурыз мерекелері. Ә. Табылдиев

«Наурыз тойы». Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: мезгіл, сай, еру, ұзағырақ, қысқарақ, былтыр, биыл,



кешке, күнді, таңертең, самал, жел, оң болсын, береке, ұлыс, жыл басы,

көже. Үстеудің түрлері.

Сөйлеу үлгілері:

  • Көктем айлары қандай?

  • Көктемде қандай мерекелер болады?

  • Наурыз қандай мереке?

  • Наурыз жыл басы, көктем мейрамы.

  • Наурыз сөзі қандай мағынаны білдіреді?

  • Наурыз – парсы сөзі, жаңа күн деген мағынаны білдіреді.

  • Адамдар бір – біріне не істейді?

  • Адамдар бір – біріне бақыт тілейді.

  • Қандай ұлттық ойын түрлері өткізіледі?

  • Арқан тарту, аударыспақ, қыз қуу.

  • Асық ойнау үшін не жинау керек?

  • Үстеу дегеніміз не?


XIII. Уақыт. (7 сағат)

Уақыт. Сағат неше? Сағат қанша? Уақыт өлшемдері. «Қай күн». Ойыны. Тіл

дамыту. «Бүгін қай күн?». Нәтиже сабақ. «Жеті ұл».

Меңгерілетін сөздер: Уақыт, кеш, жарым, қазір, ғасыр, дәуір, тура, түс,



Апта күндері, минут, секунд, кетті, қалды. Сан есім. Есептік, реттік,

жинақтық сан есімдер.Неше? Қанша? Нешінші? Нешеу? Сен білесің бе?

Сөйлеу үлгілері:

  • Бір жылда қанша (неше) күн бар?

  • Бір жылда 365 – 366 күн бар.

  • Бір жылда неше ай бар?

  • Бір тәулікте неше сағат бар?

  • Бір айда неше апта бар?

  • Бір тәулікте неше сағат бар?

  • Апта күндерін атаңдар.

  • Аптаның бірінші күні қай күн?

  • Жұма аптаның нешінші күні?

  • Сан есім нені білдіреді?


IXV. Адам. (17 сағат

Адам. Адамның дене мүшелері. Денсаулыққа пайдалы кеңестер.

Адамның денсаулығы. «Не үшін?» Қ. Мырза Әлі. Мақал – мәтел. Нәтиже

сабақ.


Меңгерілетін сөздер: Дене құрылысы, тамақтанады, жүреді, ұстайды, дене

мүшелері, төсек, ұйықтар алдында, жайлы жастық, сергек, желдету, таза

ауа, қыдыру, дұрыс тамақтану. Сұраулық шылаулар: лар, лер, ма, ме, ба,

бе, па, пе. Болымсыздық шылау емес.

Сөйлеу үлгілері:

- Адамның дене мүшелеріне нелер жатады?

- Көзбен, қолмен, баспен, аяқпен не істейді?

- Ұйқының қандай пайдасы бар?

- Ұйқы қанбаса, көңіл – күй қандай болады?

- Үстел басында қалай отыру керек?

- Түзу отыру керек.

- Нені айтуды ұмытпау керек?

- «Астарыңыз дәмді болсын!» деп айтуды ұмытпау керек.

- Уақыт мерзімдерін атаңдар.

- Шылау дегеніміз не?
XV. Жаз. (5 сағат)

Жаз. Жазғы табиғат.Жазғы еңбек.Жазғы саяхат. Нәтиже сабақ.



Меңгерілетін сөздер: Ұзақ, қысқа, ыстық, нөсер, жауады, шілде, шомылу,

аулау, тамаша, ору, жаңбыр. Сөз. Сөз тіркесі. Сөйлем. Бастауыш,

баяндауыш.

Сөйлеу үлгілері:

  • Қай жыл мезгілі жақындап келеді?

  • Жаз мезгілі жақындап келеді.

  • Жазда ауа райы қандай болады?

  • Жазда ауа райы ыстық болады.

  • Жаз айлары қандай?

  • Жазда не піседі?

  • Жазда әр түрлі жемістер піседі.

  • Жазда түндер, күндер қандай болады?


XVI. Менің ауылым. (7 сағат)

Менің ауылым. Ауыл табиғаты. Ауылдағы демалыс. Асыл шөп. «Аулым».

Тіл дамыту. Қаратпа сөз. Төл сөз. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Туған жер, бақша – бау, асқар тау, шалғын, көк

майса, етек, көлеңке, шұбат, қымыз, шөп, тоғай, асыл шөп. Қаратпа сөз.

Төл сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет