7. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
69. Пәндік нәтижелер бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар:
1) қазақ тілінің фонетикалық-фонемалық жүйесін;
2) тірек кестелер арқылы сөздердегі үндестік заңын сақтауды;
3) қазақ тіліне тән тасымалдау (й, у, я әріптерінің тасымалы) ерекшеліктерін;
4) тақырыптар бойынша ұсынылған 110-120 жаңа сөзді;
5) лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің көптелу, тәуелдену, септелу, жіктелу ерекшеліктерін;
6) заттың атын білдіретін сөздер: адамға – кім?, жан-жануарлар мен заттарға – не? сұрауын қоюды;
7) заттың қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерге сұрақ қоюды;
8) айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ажыратуды;
9) сөйлемдегі сөз тіркесінің байланысын;
10) белсенді сөздік қорына енген сөздерден тұратын қарапайым сөйлемдерді сауатты жаза білуі тиіс.
70. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
өзінің отбасы, досы, көшесі туралы қысқаша баяндауды;
өз іс-әрекеті туралы қысқа, қарапайым түрде баяндауды;
адамның/заттың қимыл әрекеттерін сипаттауды, сандық, сапалық мінездеме беруді.
иллюстрацияға сүйеніп шағын хабарламаның мазмұнын түсінуді;
шағын мәтіндердің мазмұнын түсінгенін кестелерді толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіре алуды;
шағын мәтіндегі сөздер мен фразаларды дауыс ырғағын дұрыс қойып оқуды;
4-5 жолды өлеңді мәнерлеп оқуды;
тыңдай отырып сөз, сөз тіркестері және жай сөйлемдерді жазуды;
3-5 сөйлемнен тұратын мәтін жазуды;
өз отбасы мүшелерін таныстыруды;
мағынасына қарап сұхбаттың 1-2 сөзін ауыстыруды;
қатысымдық тұрғыдан қысқа диалогке қатыса алуды: үлкен кісімен, досымен амандасуды, танысуды, қоштасуды (өз атын айтады, басқаның есімін сұрайды) меңгеруі тиіс.
8. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
71. Пәндік нәтижелер бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар:
1) сөздердің, сөз тіркестерінің дыбысталуын;
2) үндестік заңын тірек кестелер арқылы қолдануды;
3) белсенді қорына енген сөздердің екпінін дұрыс қоюды;
4) лексикалық тақырыпқа сәйкес 120-140 жаңа сөздердің мағынасын және оларды қажетіне қарай орынды пайдалануды;
5) тілдік қатынаста сөзге тиісті қосымшаларды дұрыс жалғауды;
6) баяндауыштың сөйлем соңында орналасатынын;
7) сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыруды;
8) септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын ауызша/жазбаша тілде қолдануды;
9) қай? қандай? неше? нешеде? қашан? сұрау есімдіктерін қажет жерінде пайдалануды;
10) соң, кейін септеулік шылауларын дұрыс пайдалануды;
11) грамматикалық құбылыстарды функционалды тұрғыдан игеріп, оларды тірек кестелердің көмегімен ауызша/жазбаша түрде қолдануды;
12) белсенді сөздік қорына енген сөздерді, сөз тіркестерін естіп отырып, сауатты жазу нормаларын білуі тиіс.
72. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) таныс сөздер мен сөз тіркестерін, фразаларды қолдана отырып, өзі және отбасы жайлы айтуды;
2) суреттерді,өзіне таныс заттарды 7-8 сөйлем арқылы сипаттауды;
3) шағын әңгіме құрауды: адамды не затты атап, олардың іс-қимыл әрекеттерін сипаттауды, сандық, сапалық және мерзімдік мінездеме беруді;
4) орташа көлемдегі әңгіме құрауды;
5) 5-6 өлең-тақпақ пен мақал-мәтелдерді жатқа айтуды;
6) 7-8 жай сөйлемнен тұратын диалогтегі мұғалімнің, сыныптастарының сөзін, шағын әрі қарапайым ақпараттарды түсінуді;
7) суреттер арқылы қазақ халқының ертегілерінің мазмұнын түсініп айтуды;
8) берілген мәтін түрін ажыратуды;
9) мәтіндегі негізгі ойды ажырата алуды;
10) контекстегі әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді күнделікті өмірмен байланыстырып, өз пікірін білдіруді;
11) негізгі ойды 1-2 жай сөйлеммен айтуды;
12) ауыз әдебиетінің жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі тәрізді түрлерін ажыратуды;
13) сөздерді лексикалық мағынасымен сәйкестендіре түсініп оқуды;
14) 9-10 сөйлемнен құрылған мәтіндерді мәнерлеп оқуды, іштей оқи алуды;
15) мәтіннің негізгі ойды анықтауды, бөлімдерге бөлуді;
16) 7-8 жолды өлеңді мәнерлеп оқуды;
17) қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздікпен жұмыс істеуді;
18) отбасы туралы таныс атауларды, сөздерді оқып, түсінуді;
19) нақты үлгі бойынша тапсырмалар орындауды;
20) белсенді лексикаға енген сөздерді сауатты жазуды;
21) лексикалық бірліктерді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды;
22) шығармашылық сипаттағы шағын тапсырмаларды орындауды;
23) ашық хатқа қысқа түрде құттықтау сөз, тілекжазуды;
24) өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беруді;
25) шағын сұхбатқа қатысуды;
26) баяу, нақты әрі түсінікті жүргізілген сұхбаттарда өз ойын айтуды;
27) жағдаятқа байланысты туындаған сұхбаттарға қатысуды;
28) қарапайым синтаксистік құрылымдарды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды жағдаяттық тапсырмаларда қолдануды меңгеруі тиіс.
9. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
73. Пәндік нәтижелер бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:
1) қазақ тілінің фонемалық және фонетикалық жүйесі туралы;
2) тірек кестелер арқылы қазақ тіліне тән үндестік заңын қолдануды;
3) белсенді қорға енген сөздердің екпінін дұрыс қоюды;
4) бастауыш сыныпқа ұсынылған лексикалық минимумның 480-500 сөзін;
5) лексикалық бірліктерді мағынасына қарай орынды пайдалануды;
6) сөздердің түбірі мен қосымшаларын айыруды;
7) сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғауды;
8) септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын, жұрнақтарды ауызша/жазбаша тілде қажетіне қарай пайдалануды;
9) лексикалық минимум көлеміндегі сөздерді көптеуді, тәуелдеуді, септеуді, жіктеуді;
10) сөздің мағынасына қарай сөз таптарын: зат есім, сын есім, сан есім мен етістікті ажырата алуды;
11) сөйлем түрлерін ажыратуды;
12) сөйлемдегі сөздердің байланысын;
13) үндестік заңына бағынатын бейтаныс сөздерді естіп отырып, сауатты жазуды білуі тиіс.
74. Сөйлесімәрекетініңтүрлерібойынша:
1) логикалықбірізділікпенәңгіменіңсабақтастығынсақтапбаяндауды;
2) 8-9 сөйлемарқылызатты, құбылысты, іс-әрекеттісипаттауды;
3) естіген, оқығанақпараттықайтабаяндауды;
4) 10-12 сөйлемнентұратындиалогтегімұғалімнің, сыныптастарыныңсөзін, шағынақпараттардытүсінуді;
5) естігенақпараттағынегізгіойдыажыртуды, негізгімазмұнынтүсініпайтуды;
6) тыңдағанматериалбойыншаөзкөзқарасынбілдіруді;
7) шағынмәтіндітүсініпоқуды;
8) 10-15 сөйлемненқұрылғанмәтіндердіинтонациясақтапмәнерлепоқуды;
9) іштейоқудағдысындамытаотырып, мәтінненнегізгіжәнеқосымшаақпараттардыайыруды;
10) оқығанмәтінбойынша: мәтінгетақырыпқоюды, қарапайымжоспаржасауды, сұраққажауапберудіжәнелогикалықтұрғыдағысұрақтарқұруды, өзпікірінбілдіруді, бағалауды, әр азат жолдың негізгі ойын 1 сөйлеммен айтуды;
11) 9-10 жолды өлеңді мәнерлеп түсініп оқуды;
12) өзбетінше сөздіктен сөздердің аудармаларын табуды;
13) қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздікпен жұмыс істеуді;
14) көркеммәтіндердіңтанымдықмазмұнынтүсінуді;
15) контекстегіәлеуметтік-мәдениерекшеліктердітанып, күнделіктіөмірменбайланыстыруды, өзпікірінбілдіруді;
16) белсенділексикағаенгенсөздердіестіпотырыпсауаттыжазуды;
17) лексикалықбірліктердіпысықтауғаарналғантапсырмалардыорындауды;
18) грамматикалықдағдылардыбекітугеарналғантапсырмалардыорындауды;
19) қарым-қатынасәрекетінжасауғаарналғантапсырмалардыорындауды;
20) өзкестесінқұруды (күнтәртібі, сабақкестесі, т.б.);
21) ашықхатқақұттықтаусөздерментілектержазуды;
22) диалог-сұрастыружүргізуді, сөйлеумәдениетінескереотырып, келісетінін, келіспейтінін, қуанышын, өтінішінқарапайымтүрдебілдіруді;
23) күнделіктіөмірлікжәнесабақтажиікездесетінжағдаяттардатілдікэтикетнормаларынқолданаотырып, қатысымғатүсуді;
24) қатысымдықтұрғыдағыдиалогкеқатысуды: әңгіменібастауды, әңгімегекірісуді, қайталапберудіөтінуді;
25) таныстақырыпқашағындиалогқұрастыруды;
26) өзінетанысөмірлікжағдаяттардатілдесудімеңгеруітиіс.
75. Тұлғалықнәтижелер 1-4-сынып оқушыларының:
1) Отанына, туғанжеріне, мектебіне;
2) ҚазақстанРеспубликасыныңрәміздеріне;
3) қазақ халқына, қазақтіліне құрмет көрсетуінен;
4) өзгелермен қарым-қатынастағы сөз әдебінен көрініс табуы тиіс.
76. Жүйелік-әрекеттікнәтижелербойынша 1-4-сыныпоқушылары:
1) өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда қазақ тілінде сөйлесім әрекетінің түрлерін қолдана білуі;
2) қазақтілініңөзіндікерекшеліктерінтүсінебілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |