Жапырақтың орналасуы. Жапырақтың орналсуының негізгі үш түрлі варианты болады спиральды немесе кезектесіп орналасу- буында тек бір ғана жапырақ болады, сабақта жапырақтар спиральдың бойымен орналасады; қарама-қарсы орналасу буында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі жапырақ болады; топтасып орналасу буында үш немесе одан да көп жапырақтар орналасады.
Өркеннің ұлғайып орналасуы. Өркен ұзындыққа әдетте төбелік меристемалардың белсенділігінің нәтижесінде өседі. Бұдан басқа көптеген өсімдіктердің өркендері қыстырма меристемалардың белсенділігінің нәтижесінде едәуір ұзарып өседі. Егер өркен бір төбелік меристеманың есебінен ұзақ уақыттар бойы шексіз өсетін болса, онда өсудің мұндай түрін моноподиалдық деп атайды. Бірақ та көп өсімдіктерде төбелік меристема аз уақыт өмір сүреді, әдетте бір ғана вегетациялық кезең бойынша тіршілік етеді. Бұл жағдайда келесі маусымда өркеннің өсуі жақын орналасқан бүйірлік бүршіктің есебінен жалғасады. Өркен төбесінен үстемелеп өседі. Өркеннің бұлайша ұзындыққа өсуін симподиалды өсу деп атайды.
Бұтақтануы.Бұтақтанудың мынадай екі типі бар: төбесінен және бүйірінен бұтақтану. Төбесінен бұтақтанғанда өсу конусы екі немесе одан да көп бөліктерге бөлінеді. Мұндай бұтақтану төменгі сатыдағы өсімдіктерге тән. Бүйірінен бұтақтанғанда жаңа өстер бұтақтың жоғарғы ұшынан төмендеу орналасады.
Бір немесе бірнеше рет бұтақтанудың негізінде өстердің системасы түзіледі. Бүйірінен бұтақтанғанда өстердің системасы моноподиалды , немесе симподиалды болуы мүмкін.
Бұтақтанудың тағы бір ерекше формасы, ол түптеніп өсу. Бұл жағдайда өркеннің ең үлкен бұтақшалары, оның тек түп жағынан кетеді. Әдетте мұндай бұтақшалар өркеннің жерег жақын орналасқан және жер асты бүршіктерінен пайда болады. Өркеннің бұл зонасын түптену зонасы деп атайды. Түптеніп өсу бұталарға, көп жылдық өсімдіктерге тән.
Өсудің бағыты. Вертикаль бағытта жоғары көтеріліп өсетін, өрмелеп өсетін болып бөлінеді. Жердің бетіне төселіп өсетін өркендерді жатаған өркендер деп атайды. Егер жатаған өркен қосалқы тамыр берсе, онда оны сұлама өркен деп атайды. Өркендер өсу барысында өздерінің бағытын өзгертіп отыруы мүмкін, онда оларды көтеріңкі, жоғары қарай өсетін өркендер деп атайды.