Ұстағыш аппараттар. Бұл насекомдермен қоректенетін өсімдіктерге тән (росянка, шыбынұстағыш), олардың формасы құмыра, құты, колба тәрізді болып келеді. Ұстағыш аппараттар батпақтарда өсетін өсімдіктерде жиі кездеседі және осы топырақта азоттың жетіспеуін, қосымша ұсақ насекомдармен қоректенуі арқылы толықтырып отырады. Бұл насекомдар өсімдіктің ұстағыш аппаратының ішіне түскен соң, жапырақтың арнаулы бездері арқылы бөлінетін ферменттердің көмегімен қорытылып кетіп отырады.
Бақылау сұрақтары:
Өркен дегеніміз не?
Буын, буынаралығы, жапырақтың қолтығы дегеніміз не?
Қандай өркенді ұзарған, ал қандайын қысқарған өркен дейміз?
Бүршік дегеніміз не?
Оның структурасы қандай?
Моноподиалды бұтақтанған өркенмен симподиалды бұтақтанған өркеннің айырмашылықтары неде?
Төбесінен бұтақтандың, бүйірінен бұтақтанудан айырмашылығы неде?
Достарыңызбен бөлісу: |