Дәріс №6
Дәрістің тақырыбы: Өркен
Қарастырылатын сұрақтар:
Өркен
Өркен және оның бұтақтану түрлері.
Өркеннің түр өзгерісі
Бүршік
Дәрістің мақсаты:
Өркен төбелік меристемадан пайда болатын және морфогенездің алғашқы этаптарында арнайы маманданған бөліктерге: сабаққа, жапыраққа, бүршікке, бөлінетін мүше (орган).
Оның негізгі атқаратын қызметі фотосинтез. Сонымен бірге өркеннің әртүрлі бөліктері, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін, артық қор заттармен суды бойына жинау қызметтерін де
Өркеннің морфологиялық құрлысы
Өркеннің бөліктері. Сабақтың жапырақ кететін участогін буын деп атайды, ал сабақтың екі буынның аралығындағы участогін буын аралық деп атайды. Буынның үстіндегі, жапырақтың қолтығында, қолтық бүршігі пайда болады. Егер буын аралықтары айқын байқалатын болса, онда мұндай өркенді ұзарған өркен деп атайды. Егер буындары бір-біріне жақын орналасса және буын аралықтары байқалмайтын болса, онда мұндай өркенді қысқарған өркен деп атайды.
Метамерия. Әдетте өркенде бірнеше буын және буын аралықтары болады. Өркеннің осындай қайталанып келіп отыратын, бірдей атпен аталатын органдары бар бөлігін метамерия деп атайды. Өркеннің әрбір метамері жапырағы бар буыннан, қолтықтық бүршіктен және төменгі буын аралығынан тұрады.
Бүршік. Бұл қысқарған өркен. Ол өсу конусымен аяқталатын меристемалық остен және жапырақ тұмсықшасынан, яғни алғашқы метамерлердің сериясынан тұрады. Төмен орналасқан, дифференцияланған жапырақтар, өсу конусымен жапырақ тұмсықшасын қоршап жауып тұрады. Вегетативтік бүршіктің құрылысы осындай болады. Өсу конусының вегвтативтік- репродуктивтік бүршіктері алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасынан тұрады. Мұндай бүршіктерде фотосинтез процесі жүретін жапырақтардың нышаны мүлдем болмайды.
Көп жағдайда сыртқы жапырақтардың түрі өзгеріп, бүршікті кеуіп, құрғап қалудан сақтайтын, қабыршақтарға айналады. Мұндай бүршіктерді жабындық бүршіктер деп атайды. Олардың жалаңаш бүршіктерден айырмашылығы сол, тек қорғаныштық қызмет атқарады.
Орналасу ерекшеліктеріне қарай бүршіктерді төбелік және бүйірлік деп бөледі. Соңғысы шығу тегіне қарай, қолтықтық және қосалқы болып бөлінеді. Қолтықтық бүршіктер жапырақ тұмсықшаларының қолтығының өсу конусында экзогенді қалыптасады. Ұзақ уақыттар бойы өркен бермейтін, қолтықтық бүршіктерді бұйыққан бүршіктер деп атайды. Қолтықтық бүршіктер не біреуден, не бірнешеуден топтасып орналасады. Қосалқы бүршіктер сабақтың кез-келген бөлігінен меристемалық клеткалардың белсенділігінің нәтижесінде, эндогенді жолмен пайда болады. Кейде қосалқы бүршіктер жапырақта пайда болып, бірден қосалқы тамырлары немесе баданалары бар кішкентай өркендер береді. Мұндай қосалқы бүршіктерді өнім бүрлері деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |