Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы


Өркеннің мамандануы мен түрлене өзгеруі



бет102/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   171
Өркеннің мамандануы мен түрлене өзгеруі
Өркендердің түрлене өзгеруі көп жағдайда лардың атақаратын қызметімен: өз бойына артық қор заттарын жинауымен, жылдың қолайсыз мезгілін басынан өткеруімен, вегетативтік жолмен көбеюімен тікелей байланысты болады.
Тамырсабақ. Бұл горизонталь бағытта, жоғары қарай немесе вертикаль бағытта өсетін көп жылдық жер асты өркен. Ол өз бойына артық қор заттарын жинауға қабілетті, өсімдіктердің қайта қалпына келуін реттейді және вегетативтік жролмен көбеюін қамтамасыз етеді.
Тамырсабақтың редукцияға ұшыраған қабыршақтар, бүршіктер, қосалқы тамырлар түріндегі жапырақтары болады. Артық қор заттары оның сабақтық бөлігінде жиналады. Тамырсабақтың ұзарып өсуімен, бұтақтануы кәдімгі өркендегідей жүреді. Тамырсабақ жапырақтарының болуымен және ұшында тамыр оймақшасының болмауымен, тамырдан айқын ажыратылады. Тамырсабақ ұзын және жіңішке болуы мүмкін немесе қысқа және жуан болуы мүмкін. Жыл сайын төбелік және бүйірлік бүршіктерден бір жылдық жер беті өркендері пайда болады.Тамырсабақтың ескірген бөліктері біртіндеп өліп отырады. Ұзын, горизонталь бағытта өсетін, көптеген жер беті өркендерін беруге қабілетті, тамырсабақты өсімдік, тез арада көптеген жерді алып кетеді. Егер олар арамшөп болса, онда олармен күресу өте қиынға түседі. Мұндай өсімдіктерді құмды бекітуге пайдаланады. Шалғындық тануда, ұзын горизоталь бағытта өсетін, тамырсабағы бар астық тұқымдасын тамырсабақты, ал тамырсабағы қысқа болып келетіндерін- түптенген немесе түптеніп өсетін өсімдіктер деп атайды. Тамырсабақ негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктерде, кейде бұталарда және бұта тектес өсімдіктерде болады.
Түйнектер. Бұлар сабақтың жуандаған бөліктері, оларда артық қор заттары жиналады. Түйнектер жер беті және жер асты болып бөлінеді. Жер беті түйнектері негізгі сабақтың немесе бүйірлік өркенннің жуандаған бөлігі болып саналады және олардың жақсы жетілген жапырақтары болады. Жер асты түйнектері гипотикальдің немесе ұзақ өмір сүрмейтін жер асты өркенінің жуандаған бөлігі болып саналады. Жер асты түйнектерінің жапырақтары редукцияға ұшыраған, олардың қолтықтарында бүршіктері болады. Мұндай бүршіктерді көзшелер деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет