Жабындық ұлпалар Жабындық ұлпалардың негізгі атқаратын қызметі сол, олар өсімдікті кеуіп қалудан және сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтайды. Шығу тегіне байланысты жабындық ұлпаларды үш топқа бөлуге болады: эпидермаға, қабыққа, қыртысқа.
Эпидерма. Протодермадан пайда болатын алғашқы жабын ұлпасы. Олар жапырақты және жас сабақтарды жауып тұрады. Көп жағдайда эпидерма бір қабат тірі, тығыз орналасқан, хлорофиллдері жоқ клеткалардан тұрады. Клетка қабықшалыры әдеттеиректелген болып келеді, соған байланысты олар тығыз байланыса алады. Қабықшалардың қалыңдығы бірдей емес. Қоршаған ортамен шектесетін, сырты қабықша басқаларына қарағанда біршама қалыңдау және кутинмен немесе балауызбен жабылған. Эпидерманың қорғаныш қызметі, оның құрылысы әр түрлі болып келетін ерекше өскіндердің- түктердің пайда болуына байланысты арта түседі. Эпидермада газ алмасуды және судың булануын реттеп отыратынерекше устьица аппараты болады. Ол екі маманданған түйістіргіш клеткадан және олардың арасында болатын устьице саңылауынан тұрады. Түйістіргіш клеткаларда хлоропластар болады. Олардың эпидерманың клеткасы жағында қабықшасы, саңылау жағындағы қабықшасына қарағанда көп жұқа болады.
Эпидерманың түйістіргіш клеткаларға тиісіп тұратын клеткаларының формасы қалған клеткаларынан өзгеше болады. Оларды қосымша клеткалар деп атайды. Устьица аппараты жапырақ тақтасының екі бетінде орналасады. Жер бетіндегі өсімдіктерде олар негізінен жапырақтың астыңғы бетінде орналасады.
Перидерма. Эпидермистің клеткалары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде өзгеріске ұшырап өледі. Осы кезде соңғы жабын ұлпасы перидерма пайда болады. Оның пайда болуы соңғы меристема тоздық камбийдің (феллогеннің) жұмысына байланысты. Тоздық камбий субэпидермалық клеткалардан, ал кейде тіптен эпидермалық клеткалардан дамиды. Тоздық камбийдің клеткалары тангенталды (сабақтың үстіне параллель орналасқан перделермен) бөлініп, сабақтың ортасынан (өзегінен) шетіне қарай тозды (феллеманы), ал шетінен ортасына (өзегіне) қарай тірі паренхималық клеткалардың қабатын (феллодерманы) бөліп шығарады. Үш ұлпадан феллогеннен, феллемадан және феллодермадан тұратын комплекс күрделі жабындық ұлпа перидерма деп аталынады. Қорғаныштық қызметті тек тоз (феллема) ғана атқарады. Ол тыығыз орналасқан клеткалардың дұрыс радиальды қатарларынан тұрады. Олардың қабықшаларында суберин жиналады. Қабықшасының тозға айналуына байланысты клетканың ішіндегі заттары өледі. Тоздық қабатта судың булануын және газдың алмасуын қамтамасыз ететін ерекше жасымықшалар (чечевичка) деп аталынатын қуыстар пайда болады. Жасымықшаалар клетка аралық қуыстары үлкен болып келетін дөңгелек клеткалармен толтырылған. Жасымықшаны толтыратын ұлпалар тоздық камбийдің тұтас қабаты қалыптасқанға дейін, устьица аппаратының астында орналасқан, паренхималық клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.