Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Мәскеудегі Театр алаңы ансамблінің жобасы (1821 ж.)



Pdf көрінісі
бет241/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Мәскеудегі Театр алаңы ансамблінің жобасы (1821 ж.)
Оны петерборлық сәулетші А. А. Михайловтың театр жоба-
сын пайдаланып О. И. Бове дайындады. Алаңның симметриялы 
осьтік композициясы негізгі бойлық осьте басым театр ғимаратына 
бағынады. Театр алаңының кеңістігі екі жағын бойлай салынған 
жүйелі екі қабатты құрылыстармен қалыптасқан.
1824 жылы аяқталған үлкен (Петр) театр ғимараты 
(124-сурет)
алаң жақтан 15 метрлік ионикалық діңмаңдайшасы және қарама-
қарсы жағында лоджиясы бар қарапайым тік бұрышты көлем болып 
саналады. Үлкен театрдың ірі және айбында пішіндері ансамбль-
де ғимараттың атқаратын рөліне есептелген. Бұл – классицизм 
кезеңіндегі Мәскеудегі ең ірі ғимарат.
124-сурет
1853 жылы ғимарат жанып кетті де, кейіннен Кавос қайта сал-
ды. Төрт еңісті жабын енді екі еңісті жабын етіп қайта салынады. 


249
Ғимарат тегіс русттан, ал діңмаңдайша коринф ордері жүйесінде 
орындалды.
Театр алаңының композициясы классицизмнің ансамбльдік 
қағидалары ежелгі орыс сәулетшілігінің қағидаларымен біріккен ірі 
монументті ансамбль үлгісі болып табылады.
О. И. Бове Мәскеудің бірнеше ірі қоғамдық ғимараттарын жүзеге 
асырды. Александр бағы жағынан алаңда инженер А. Бетанкур 
аралығы 44,6 м ағаш фермалармен жабылған Манеж ғимаратын са-
лынады. Бове жобаның сәулеттік бөлігін дайындайды. Бағаналар мен 
қасбет аркаларының созылып жатуының және ырғақты қатарының 
арқасында ғимарат Кремль қабырғаларымен композициялық байла-
нысты келеді. 
Мәскеуді салу жөніндегі комиссия көше маңызылығына қарай 
қабат санын белгілейтін ортақ жүйелі құрылыс әдісін пайдаланды. 
Ағаш конструкциялары басым, сылақпен және «тастан істелгендей 
етіп» өңделген тұрғын үй түрлері жасалды. Мәскеудің тұрғын үй 
құрылысы едәуір өзгерді. Дворяндардың қаладағы үй-жайларының 
орнына қасбеттері көшенің қызыл сызығына шығарылған шағын қала 
жекежайларының құрылысы басталады. Қасбеттерді безендіруде 
және ішкі жиһазда ампир белгілері айқын көрінеді.
Кейінгі классицизм сәулеті ғимараттарды салуда және өңдеуде 
сылақталмаған тас, металл конструкциялар және көркемдік құйманы 
қолдануымен ерекшеленеді. Қасбеттерді безендірудің лирикалық 
көркемдігі салтанатты мотивтердің айбынды монументтілігіне орын 
береді. Қабырғаларда ақ жапсырма кеңінен пайдаланылады. Ор-
дер көптеген жағдайда ерекше монументтілікке ие болады, әсіресе, 
дорикалық ордер кеңінен пайдаланылады. Шығыңқы ірге қабаттың 
дөрекі қашау және оны аркалы ойықтармен өңдеу тәсілі бекиді. 
Пішіндер іріленіп, сәулеттік композиция масштабтары өседі.
Мәскеудің жаңартылған тұрғын үй және үй-жай құрылысында 
жаңа сәулеттік мотивтер көріне бастайды. Бове салған Гагарин 
үй-жайында, Найденовтер үй-жайында және Кузьминкадағы Ат 
қорада (сәулетшісі Д. И. Жилярди) имараттың орталық корпусы 
ерекшеленеді, бас есік антикалық діңмаңдайшамен үйлесімде арка-
мен және аркалы қуыспен безендірілген.
ХІХ ғасырдың басында қала орталықтарына және орталыққа 
жалғасқан жүйелі құрылысқа салтанатты белгі беретін Ресейдің 
көптеген провинциялық қалаларында қайта құру жұмыстары 


250
жүргізіледі. Қала ансамбльдерінің өрісі мен тұтастығы, сәулеттік 
композицияның алуан түрлілігі мен әдемілігі мен мәнерлілігі жағынан 
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХІХ ғасырдың басындағы орыс 
сәулеті әлемдік сәулетте көрнекті жағдайға ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет