Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


ТАРАУ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ



Pdf көрінісі
бет298/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

3.2. ТАРАУ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ 
СҰРАҚТАРЫ
1. Мегалиттік имараттарда көрсетілген ежелгі адамның жүйелі 
құрылымдық түсінігі қалай қалыптасты?
2. Табиғи құрылыс материалдары және табиғи климаттық 
жағдай негізінде Мысыр сәулетінің ерекшеліктері қалай 
қалыптасты?
3. Мысыр пирамидаларының қалыптасу жүйелілігін баяндаңыз.
4. Ежелгі мысырлық ғибадатхананың жоспарлы сұлбасын 
сипаттаңыз. Ғибадатхананың қандай түрлерін білесіз?
5. Қосөзен сәулетінің қалыптасуына климаттық жағдайлар мен 
табиғи құрылыс материалдары қалай ықпал етті?
6. Ғимараттың қызып кетуін болдырмас үшін Қосөзенде қандай 
конструктивтік және жоспарлау тәсілдері пайдаланылды?
7. Зиккурат пішінінің пайда болуы мен дамуын бақылап оты-
рып, оны Мысыр пирамидаларымен салыстырыңыз.
8. Ежелгі Мысыр және Ежелгі Месопатамия сәулетін талдап 
қорытып, жүйелі құрылымдық және стилистикалық талдау 
жасаңыз.
9. Ежелгі гректердің нанымы ел сәулетіне қалай ықпал етті? 
10. Грек ордерлерін құру және қолдану ерекшеліктері неде? До-
рика ордерінің ерекшеліктерін талдаңыз.
11. Ежелгі грек ғибадатханаларының кеңістіктік шешімінің 
эволюциялық қатарын құрыңыз.
12. Ежелгі грек тұрғын үйінің қалыптасу үдерісіндегі өзгерістерді 
бақылаңыз.
13. Ежелгі Грекияның қоғамдық имараттарының ерекшеліктері 
неде?


343
14. Грек полисіне тән орталықтардың қала құрылыстық функ-
ционалды түрлері қандай? «Гипподамова» жүйесі дегеніміз 
не?
15. Ежелгі Рим сәулетінің көркем-стильдік өзгешелігін қандай 
техникалық алғышарттар қамтамасыз етті?
16. Ежелгі Грекия мен Римнің Қоғамдық имарат түрлерінің 
айырмашылығы қандай?
17. Базилик дегеніміз не? Оның пайда болу себептері мен 
конструктивтік ерекшеліктері.
18. Византиялық сәулеттің қалыптасуына қандай әлеуметтік-
экономикалық факторлар ықпал етті?
19. Византия ғибадатханаларының төрт негізгі түрін атаңыз. 
Олардың Еуропа елдерінде тарауын бақылаңыз.
20. Төрттаған-күмбезді жүйе дегеніміз не?
21. Ортағасырлық еуропалық қаланың пайда болуы мен 
қалыптасуын сипаттаңыз. Орталық қала қалай қалыптасты? 
Қала алаңдарының түрлерін атаңыз.
22. Роман сәулетінің конструктивтік және жоспарлау ерекше-
ліктерін көрсетіңіз.
23. Ерте роман сәулетінен бастап кейінгі готикаға дейін аража-
бын конструкциясының даму жүйелілігін сипаттаңыз.
24. Италияның роман сәулетінің басқа елдер сәулетінен айырма-
шылығы неде? (Мысалы Пизадағы Собор алаңы).
25. Палаццоға тән негізгі белгілерді атаңыз. Римдегі әулие 
Петр соборы құрылысының кезеңдерін бақылаңыз.
27. Кейінгі Қайта өрлеу дәуірі сәулетінің ерекшеліктері неден 
көрінді? Барокко және классицизм стильдерінің пайда болу 
алғышарттары қандай?
28. «Тамаша қалалар» салу ұстанымдарын көрсетіңіз.
29. Қайта өрлеу дәуірінің сәулетші-теоретиктерін және олардың 
жұмыстарын атаңыз.
30. ХҮІ, ХҮІІ, ХҮІІІ және ХІХ ғ. басындағы Франция сәулетінің 
ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
31. Сәулеттік стилистиканың қалыптасуына қандай жаңа құрылыс 
материалдары мен ғимарат типологиясы қандай ықпал етті?


344
32. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басында Батыс Еуропа және АҚШ-та қала 
құрылыстық жұмыстардың негізгі ұстанымдарына сипаттама 
беріңіз.
33. ХІІ-ХІҮ ғасырлардағы орыс меншікті княздықтарының 
сәулетінде қандай конструктивтік және стильдік мектептер 
қалыптасты?
34. Нерлидегі Покров ғибадатханасын мысалға ала отырып, Вла-
димир-Суздальск княздығы сәулетінің ерекшеліктеріне си-
паттама беріңіз.
35. Мәскеу княздығында сәулет мектебінің қалыптасу үдерісін 
бақылаңыз.
36. Мәскеу Кремлінің негізгі қалыптасу кезеңдерін атаңыз.
37. Орыстың ағаш сәулетінің жүйелі құрылымдық және 
стилистикалық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
38. Петров дәуірі сәулетінің конструктивтік және көркемдік 
ерекшеліктері неде?
39. Орыс бароккосының батыс еуропалықтан айырмашылығы 
неде?
40. Мәскеулік және петерборлық классицизмнің айырмашылығы 
қандай?
41. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы орыс сәулетінің негізгі стилисти-
калық даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
42. Орыстың сәулеттік ансамбльдерінің қала құрылыстық 
құндылықтарын сипаттаңыз, мысалы: Сарай алаңы, 
Петербордағы Александрийск театры, Мәскеудегі Театр 
алаңы.
43. ХХ ғасыр басындағы орыс сәулетінің ерекшеліктері неде?
44. ХХ ғасырдың 20-жылдарында кеңестік сәулетте қандай 
жетекші шығармашылық бағыттар қалыптасты?
45. Соғыс алдындағы кеңестік сәулетте монументализм мен де-
коративизм тенденцияларының күшеюін бақылаңыз.
46. Қазіргі сәулетте конструктивизмнің қандай идеялары дамы-
ды?
47. Капиталистік елдердің қазіргі сәулетіндегі ұлттық 
ерекшеліктер қалай көрінді?
48. Ле Корбзье, Ф. Л. Райт, К. Танге жұмыстарының шығарма-
шылық бағытына қысқаша сипаттама беріңіз.


345
49. Ресей сәулетінде қалпына келтіру кезеңіне сипаттама беріңіз.
50. Қазіргі кезеңде сәулеттің дамуына ықпал ететін экологиялық 
факторларды қарастырыңыз.
51. Қазіргі кезеңде сәулеттің стильдік бағытының ерекшеліктерін 
бақылаңыз.
52. Өз қалаңыздың сәулетінде қандай стильдерді айқындауға бо-
лады?


346


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет