2. Персонал қызметін басқарудың ұйымдық құрылымы және сипаттамасы. Персоналды басқару мәселелері мен негізгі талаптарының өзгеруіне байланысты персонал қызметінің мәселелері, функциялары және құрылымы өзгеріс тапты. Персоналды басқару – бұл функция тек қана персонал қызметіне жатпайды. Осы және басқа да бағыттағы жұмысқа өз құзырының көлемінде персонал басқарудың басқа да субьектілері - өндірістік бөлімшелердің желілі жетекшілері оған бағынатын мамандарымен бірге міндетті түрде қатысуға тиісті. Бірқатар ұйымдарда персоналмен жұмыс жүргізуге қатысы бар, персоналды басқару жөніндегі директордың орынбасарының (вице-президенттің) бірыңғай жетекшілігіндегі барлық бөлімшелерді біріктіретін персоналды басқару жүйесі қалыптасады.
Ұйымның персоналын басқару жүйесі – персоналды басқарудың функциясын жүзеге асыратын жүйе.Ол жалпы және желілі жетекшіліктің ішкі жүйелерінен, сонымен қатар:
Жалпы және желілі жетекшіліктің ішкі жүйесі ұйымды бүтіндей басқаруды, жеке атқарымдық және өндірістік ішкі бөлімдерді басқаруды жүзеге асырады.