Удк резенция бергендер


Кәсіпорынның персонал қызметі –



бет4/99
Дата11.09.2023
өлшемі224,24 Kb.
#180737
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Байланысты:
персоналды басқару

Кәсіпорынның персонал қызметі – кәсіпорынды басқару шеңберінде таңдалған саясат бойынша басқаруға бел буған қызметтегі тұлғалармен қоса арнайы құрылымдық бөлімшелердің жиынтығы.
Персонал қызметінің функциялары, құрылымы және мәселелері экономиканың даму сипатымен, өндіріс алдында тұрған мақсаттар мен мәселелерді орындауда персоналдың атқаратын рөлін кәсіпорын басшылығының түсінуімен тығыз байланысты.
Бүгінде отандық кәсіпорындардың кадрлар бөлімінің қызметі жұмыс күшін жалдау,жұмыстан босату, іс-қағаздарын жүргізу, оқытуды ұйымдастыру, персоналдың біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау жұмыстарымен шектеледі.
Кадрлар бөлімдері персоналдық жұмыстардың әдістемелік те, ақпараттық та, үйлестіруші де орталығы емес.Олар құрылымдық жағынан еңбекті ұйымдастыру және жалақы төлеу, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, құқық бөлімдері, персоналды басқару функцияларын орындайтын бөлімдерден бөлектендірілген.
Персонал басқару қызметі, ұйымдастырушылық мәртебесі төмен, кәсіби қатынаста әлсіз болып табылады.
Сонымен қатар әр түрлі персоналдық жұмыстарымен зауыт басқармасының басқа бөлімдері: еңбек және еңбекақы төлеу бөлімі, жоспарлау бөлімі, кәсіподақ ұйымы, қауіпсіздік техникасы бөлімі, бас технолог қызметі, техникалық оқыту бөлімі және т.б. бөлімдері айналысады.
Персоналды басқару мәселелері мен негізгі талаптарының өзгеруіне байланысты персонал қызметінің мәселелері, функциялары және құрылымы өзгеріс тапты.
Персоналды басқару – бұл функция тек қана персонал қызметіне жатпайды. Басқа да бағыттағы жұмысқа өз құзырының көлемінде персонал басқарудың басқа да субьектілері - өндірістік бөлімшелердің желілі жетекшілері оған бағынатын мамандармен бірге міндетті түрде қатысуға тиісті.
Ұйымның персоналын басқару жүйесі – персоналды басқарудың функциясын жүзеге асыратын жүйе.
Жалпы және желілі жетекшіліктің ішкі жүйесі ұйымды бүтіндей басқаруды, жеке атқарымдық және өндірістік ішкі бөлімдерді басқаруды жүзеге асырады.
Персоналды жоспарлау және маркетинг ішкі жүйесі персонал саясатын және персоналды басқару стратегиясын жасау, персонал әлеуетін және еңбек нарығын талдау, персоналды жоспарлауды ұйымдастыру, персоналды ұйымдастыруды қамтамасыздандыратын сыртқы ақпарат көздерімен өзара байланыстарды қолдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет