Персоналды жалдау және есепке алуды басқару ішкі жүйесі персоналды жалдауды ұйымдастыру, персоналмен әңгіме өткізу, бағалау, іріктеу және қабылдауды ұйымдастыру, орын ауыстыруды, марапаттау мен жұмыстан шығаруды есепке алу, персоналды кәсіби бағдарлау және ұтымды пайдалануды ұйымдастыру, жұмыспен қамтуды басқару, персоналды басқару жүйесін іс-қағаз жүргізу жұмысымен қамтамасыздандыру.
Персоналдың дамуын басқарудың ішкі жүйесі оқыту, қайта даярлау, жаңа жұмыскерлердің бейімделуі және қызметке орналасуы, бос қызмет орындарына үміткерлерді бағалау, шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыру, іскерлік мансап пен қызметтік - кәсіптік сатымен жоғарылатуды жүзеге асыру, кадрлар резервімен жұмысты ұйымдастыру сияқты жұмыстарын атқарады.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың ішкі жүйесі басқарудың қалыптасқан ұйымдастырушылық құрылымын талдау, басқарудың жаңа құрылымын жобалау, штаттық кестені құру, жетекшілік етудің әдістері мен стилін дамыту бойынша ұсыныстарды жасау және жүзеге асыру.
Персоналды басқару жүйесін құқықтық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі еңбек қатынастарының құқықтық мәселелерін шешу, персоналды басқару бойынша үкім шығаруға және басқа да құжаттарға келісім алу, шаруашылық іс-әрекеттердің құқықтық мәселелерін шешу, заң жөніндегі мәселелер бойынша кеңес беру жұмыстарын атқарады.
Персоналды басқару жүйесін ақпараттық қамтамсыздандырудың ішкі жүйесі персоналды есепке алу және статистикалық мәліметтер жинау, персоналды басқару жүйесін ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету, кәсіпорын ақпараттары органдарының жұмысын ұйымдастыру, патенттік - лицензиялық іс - әрекеттерді жүргізу.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Персоналды басқару тұжырымдамасы
2. Оның мақсаты мен құрамдас бөліктері
3. Персоналды басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту кезіндегі қағидаларды
4. Персоналды басқару мақсаттары
5. Персоналды басқару жүйесін қалыптастыру, негіздеу және енгізу әдістерінің мәні
6. Персоналды басқарудың мақсаты
7. Кәсіпорынды кәсіби жоғары және жұмысқа қызығушылық танытатын жұмыскерлермен қамтамасыз ету
8. Персоналды басқарудың бағыттары
9. Персоналды басқару әдістерінің анықтамасы
10. Персоналды басқару жүйесінің құрылымы
11. Персонал басқару бөлімінің жаңа мәселелері мен функциялары
12. Персоналмен жұмысты қайта құрудың мәні
13. Персонал бөлімі
14. Қазіргі уақытта персонал бөлімі қандай мәселелерді шешумен айналыспайды
15.Ұйым персоналын басқару жүйесінің ішкі жүйелері
Достарыңызбен бөлісу: |