бизнестің стратегиялары шеңберінде ұйым мен жұмыскерлер арасындағы қарым- қатынасты реттеу негізінде ұйымның бәсекеге қабілеттілік жағдайлары мен ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
ағымдағы персоналдық жұмыстар жүргізіледі.; персонал қажеттілігінің қазіргі жағдайы мен жоспарлауы, штаттық кестелерді жасау, персоналды бағалау және іріктеу, таяудағы кадрлық ауысымдарды, жұмыстан босатуды жоспарлау, біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау және т.б.
Персоналды басқару- ұйымды қажетті өндірістік тәртіпті сақтайтын, өндірістік функцияларды қызыға орындайтын жұмыскерлердің қажетті санымен қамтамасыз ету болып табылады.
Ұйымда персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім – кадрлар бөлімі болып табылады.Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру, қайта даярлау функцияларын атқарады.
Кәсіпорын персоналын басқару өзара байланысқан іс-әрекет түрлерінің кешенінен тұрады:
кәсіпорын іс-әрекетінің стратегиясына сәйкес әр түрлі біліктілігі бар жұмысшылар, инженерлер, менеджерлерге деген қажеттілігін анықтау
кәсіпорынның әлеуметтік саясатын жасау және жүзеге асыру
дау-жанжалдан сақтану және болдырмау.
Персоналды басқару әдістері –бұл ұйымның алға қойған мақсаттарына жету үшін басқарушылық обьектіге әсер ететін әдістердің жиынтығы.
2.Персонал қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар. Персонал қызметінің негізгі мәселелері. Нарықтың қалыптасуы бүгінде бұрынғы ескі ойлар, әдістер мен тәсілдер негізінде персонал қызметін шешуге мүмкін болмайтын жаңа мәселелерге ие. Кәсіпорынды жұмысқа дайындауды жақсарту үшін бізге қысқа мерзім ішінде персоналға байланысты жұмыс жүйесін – персоналды бағалау және аттестациялау, іріктеу, даярлау, жетекші қызметкерге резервтер дайындау жұмысын толығымен қайта құру.