Удк резенция бергендер


Менеджерлерді шартты түрде үш санатқа бөледі



бет56/99
Дата11.09.2023
өлшемі224,24 Kb.
#180737
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   99
Байланысты:
персоналды басқару

Менеджерлерді шартты түрде үш санатқа бөледі:

  • Төменгі, машықтанушы деңгей

  • Орта шеп

  • Жоғарғы буын.

Мансаптың екі түрі болады:
- кәсіби
- ұйым ішіндегі.
Кәсіби мансап нақты қызметкердің өзінің кәсіби іс-әрекеттерінің үдерісінде дамудың әр түрлі кезеңдерінен өтетіндігімен сипатталады:
- оқу
- жұмысқа түсу
- кәсіби өсу
- жеке қабілеттіліктерді қолдау
- зейнеткерлікке шығу.
Кәсіби мансаппен қатар ұйым ішіндегі мансапты да бөліп қарастыруға болады.Ол қызметкерлердің бір ұйым шеңберінде даму кезеңдерінің бірте-бірте ауысуын қамтиды.

2. Мансаптылық түрлері, сипаттамасы. Ұйым ішіндегі мансап үш бағытта орындалады:


- тік түрінде - әкімшіліктің жоғары сатысына көтерілу
- көлденең түрде - жұмыстың түрі басқа функциялық салаға ауысуы немесе ұйымдастырушылық құрылымына қатаң түрде бекітілмеген белгілі бір қызметтік рөлді орындау немесе бұрыңғы жұмыс орнында атқаратын қызметтің күрделенуі мен ұлғаюы, соған байланысты жалақының өзгеруі
- орталыққа ұмтылу-қызметкер үшін тартымды болып табылатын ұйымның жетекшілігіне, биліктің ортасына жылжу, басшылықтың маңызды жеке тапсырмаларын орындауға, кездесулер мен шақыруларға баруға мүмкіндік туады.
Кез келген мансап бір нәрсеге қол жеткізу үшін жасалады, осылайша жылдар бойы өзгеріп отыратын қозғаушы уәж пайда болады. Осылардан бастау ала отырып, олардың нақты мақсаттарына жету үшін адамдар белсенді түрде өз күшін жұмсайды.Мұндай уәждерге келесілер жатады:

  • Автономия. Тәуелсіздікке ұмтылу, барлығын өзінше жасау әр уақытта адамды алға сүйрелейді.Ұйым шеңберінде онымен санасуға мәжбүр ететін жоғары қызмет, бедел, мәртебе, марапат арқылы жетеді.

  • Атқарымдық біліктілік. Адам өз ісінде жақсы маман болуға және ең күрделі мәселерді шешуге тырысады. Бұл үшін ол кәсіби өсуге ынталы, ал лауазымдық өсу кәсіби өсудің айнасы арқылы іске асады. Мұндай адамдар істің материалды жағына көбіне селқос қарап, оның орнына әкімшілік пен әріптестерінің қадірлегенін жоғары бағалайды.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет