10. Жаңа шешімдер таба білетін, зияткерлікті, белсенді, жоғары жаңартпалы әлеуетті бар тұлғаны қалай атауға болады? а) талдағыш
ә) ой генераторы
б) білімдар
в) сыншы
11. Өз біліктілігінің шеңберінде мамандығы бойынша кез келген мәселелерді толығымен шешетін, мәселені шешуде оның тереңдігіне көңіл аударатын және сарапшы ретінде жұмыс істей алатын тұлғаны қалай атауға болады? а) білімдар
ә) ой генераторы
б) талдағыш
в) сыншы
12.Табылған шешімнің дұрыстығын негіздеу мақсатында оның дұрыстығын анықтайтын дәлелдерді іздейтін тұлғаны қалай атауға болады? а) білімдар
ә) ой генераторы
б) сыншы
в) талдағыш
13. Жағдай мен қойылған мәселелерді талдайтын, топтық жұмыстың мәселелерін айқындайтын, сонымен бірге жеке адамдар орындайтын мәселелерді белгілейтін тұлғаны қалай атауға болады? а) үйлестіруші
ә) бақылаушы
б) ұйымдастырушы
в) жаттықтырушы
14. Барлық жеке іс-әрекеттердің мазмұнын талдайтын және жеке адамдардың іс-әрекеттері жайлы ақпараттарды жалпы түрде қарастыратын тұлғаны қалай атауға болады? а) үйлестіруші
ә) ұйымдастырушы
б) бақылаушы
в) жаттықтырушы
15. !с-әрекет орындалуының дұрыстығын қадағалайтын, әсіресе жұмыстың уақытылы және кезегімен орындалуын, сонымен қатар ресурстардың тиімді пайдалануын бақылайтын тұлғаны қалай атауға болады? а) үйлестіруші
ә) бақылаушы
б) ұйымдастырушы
в) жаттықтырушы
16. Өз тәжірибесін өзгелерге беруге дайын, әсіресе жас персоналдың тез бейімделуін және ұжым қатарына тез кіруін ұйымдастыра білетін тұлғаны қалай атауға болады? а) бақылаушы
ә) үйлестіруші
б) жаттықтырушы
в) ұйымдастырушы
17. Топ мүшелерінің алдында беделі күшті, өзінің қызметіне қарамастан үлкен ықпалға ие тұлғаны қалай атауға болады? а) қызба көшбасшысы
ә) диагност
б) ынтымақтасушы
в) ұйымдастырушы
18. Топ ішіндегі әлеуметтік-психологиялық ахуалдық жағдайын талдайтын, сондай-ақ топ мүшелерінің ерекшеліктерін талдай алатын, серіктестіктерімен қарым-қатынасының жағдайын анықтайтын адамды қалай атауға болады? а) қызба көшбасшысы
ә) диагност
б) ынтымақтасушы
в) ұйымдастырушы