Дәстүрлі түрде ұйымда келесі шешімдер қабылданады:
1) жеке адамның еркі мен мінезінің өзара байланыстылығынан алшақ обьективті және еркін шешімдер-олардың істеріндегі нақты жағдайды орынды бағалауға байланысты немесе басшылардың ерекшеліктері мен уәждерін негізделген субьективті жеке түсінуі
2) ынталылық немесе реактивтік-жағдайдың өзгеруіне байланысты қабылданатын немесе басшылық белсенділігіне негізделген шешімдер. Белгілі болған маңызды өзгерістер басқарушының араласуын талап етеді
3) жағдайлық немесе стратегиялық-қазіргі таңдағы бизнестің барынша дамуына бағытталған немесе ортаның дамуын басқару мен болжауға бағытталған
4) қызмет ету (қалыптасқан іс-әрекет үдерісінің оңтайлануы) мен дамуға (жаңа механизімдері, технологиясы мен ұйымның алға ұмтылар қозғалыстары бар іс-әрекеттің жаңа бағыттары) бағытталған
5) басқару шешімдерінің іске асуын бағалау, қанша шешім орындалды, қаншасы қайта қаралу үстінде, қаншасы қабылданған соң толықтыруларды талап етеді
6) бақылау шегін бағалау, бір басшының қол астындағы адамдар санын және оның әрқайсына кететін уақытты бағалау
7) басқару стилін бағалау, басшылардың қай мінездерінің әдістері басымырақ, басшылар нақты қандай басқару иерархиясына сүйенеді, қол астындағы кісілер өз басшыларын қалай бағалайды
8) ұйымдық құрылымның қазіргі жағдайдағы басқару құрылымына сай екендігін білдіретін диагноз қою-ұйымдастырушылықтың ауытқуы (патология).
2. Персоналды басқару құрылымының ауытқу түрлері:
Құрылым функциясының көп болуы - егер ұйымның іс-әрекетіне аса маңызы жоқ функцияны орындайтын немесе өз қызметінің ұйым ішінде, не сыртқы тұтынушылары болмайтын бөлімшенің бар екені анықталған жағдайда
Бюрократиялану - егер іс-әрекеті мен функциясы технологиялық және ұйымдық талаптармен реттелмеген, тек қана ондағы қызметкерлердің жеке таңдаулары мен мақсаттары үшін орындалатын құрылым немесе функция анықталса
Стагнация - егер ұйым құрылымы оның іс-әрекетінің, персоналының, ортаның өзгеруіне байланысты көп уақыт бойынша өзгермесе, ұйымдастырушылық құрылымның икемділігі жоғалған деп диагноз қоюлуы мүмкін