Жағдайды қарастыру ережелері. Оқу тобы әрқайсысы 5-6 адамнан тұратын басқарушылық командаларға бөлінеді,олар жағдайдың жорамалданған жолымен, ережелерімен және сонымен қатар жұмыстың нәтижесін бағалау тәсілімен танысады.
Әрбір команда өзіне танымал кәсіпорынды таңдайды, кәсіпорынның атқаратын жұмысына және оған жүктелген функциялар сипатына талдау жасайды.Сол жұмыстардың бірін таңдап, соған сәйкес маманды іріктеу мәселесін шешеді. Талқылау аяқталған соң команда еңбек ресурстарын іріктеудің негізгі кезеңдеріне сәйкес келетін құжаттар пакетін қалыптастырады.
Басқарушылық командалар құрған құжаттар пакеті әрбір команда топбасшылары және жүргізуші оқытушы кіретін сараптамалық кеңеске беріледі. Сараптамалық кеңес барлық командалардан құжаттар пакетін алғаннан кейін немесе жүргізуші оқытушы анықтаған мезеттен бастап өз жұмысына кіріседі. Сараптамалық кеңестің міндеті, ұжымдармен атқарылған жұмыстың сапасы мен толықтығын бағалау.
Проблемалық жағдайларды зерттеу жолдары. А. Кәсіпорынның мәселесін тиянақты шешу үшін жұмыстың сипаттамасын тұжырымдап, мазмұндау керек.
Жұмыстың мазмұны төменгілерді қамту керек:
Бұл жағдайда сипаттамалардың маңыздылығын және оның керекті деңгейі мен өмірде болатын оның қайшылықтарын көрсету керек.
Біліктілік талаптарын дайындауда тұжырымдардың нақтылығы мен айқындылығын қамтамсыз ету қажет, олардың шикілігі құжаттың дайындалу сапасын төмендетеді және үміткерлерді таңдау қиынға соғады.
Құжатты 4.2.-кестеде келтірілген түрде жасау ұсынылады.
В. Бос орынға басқа кісіні қабылдау үшін жарнамалық іс-қағазын жасап шығару керек.
Үміткерге қойылатын нақты талаптарды құрастырғаннан кейін, бос орын, яғни ваканция туралы мәлімет жариялау қажет. Ол үшін жарнама жасалады, ал ол төмендегілерді қамту керек: