5 - нұсқа Техникалық қызмет көрсететін ұйым келесі жылға керекті персонал санын анықтау үшін түзетілген экстраполяция әдісін қолданады. Биылғы жылдың мәліметтері төмендегідей:
- техникалық қызмет көрсететін лифт саны -10252 дана
- қызмет көрсетуге кеткен өндіріс уақытының мөлшері -218000 сағ.,
- қызметкерлер саны;
- өндірістік қызметкерлер 145 адам
- қосалқы қызметкерлер 16 адам
Келесі жылға персоналдың санын анықтағанда ұйым басшылары мынандай болжамға сүйенеді:
Қызмет көрсетуде механиктердің нңбек өнімділігі 15 % -ға өседі
Жұмыс уақытын пайдаланудың тиімділігі 10 % -ға артады
Бір лифтке қатысты өндірістік сағаттардың саны (еңбек өнімділігі) = 218000 /10252 = 22,3
Бір механикке қатысты өндірістік сағаттар саны (жұмыс уақытын тиімді пайдалану) = 218000 / 145 =1503
Өндірістік қызметкерлердің қосалқы қызметкерлердің санына қатынасы = 145 /16 = 9,1
4 – тәжірбиелік сабақ тақырыбы: Персоналды іріктеу
Талқыланатын сұрақтар:
Персоналға тікелей жұмыс орнында оның тұрақты жұмыс істеуі жөнінде ешқандай міндеттеме қабылдамай бағалауға мүмкіндік беретін мерзім қалай аталады?
Белгілі бір қызметті атқару үшін ең аз талаптарды меңгеретін үміткерлерді сұрыптау үдерісін қалай атайды?
Аталған проблемалық жағдайдың негізгі мақсаттары?.
Жағдайды қарастыру ережелерін талдау?
Кәсіпорынның мәселесін тиянақты шешу үшін жұмыстың сипаттамасын тұжырымдап, мазмұндау?
Команда жұмысын бағалау жолдары?
Кәсіпорынның сыртқы ортасының әсерлі түрде өзгеріп отыруына байланысты оны кәсіпорын менеджменті дер кезінде сезіп отыру тиіс. Кәсіпорынның бейімделу қабілеттілігі ұйым миссиясын дер кезінде қайта қарап, оның стратегиялық мақсаттары мен қабылданған стратегияларын жүзеге асыру арқылы анықталады. Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарының құрылымы мен сипатының өзгеруі кәсіпорын персоналының біліктілік құрылымы мен құрамының өзгеруіне алып келеді. Кәсіпорын менеджменті жүйесінде стратегиялық мақсаттар блогы еңбек ресурстарын іріктеу ( ЕРІ ) блогымен өэара жүйелі байланысы. Еңбек ресурстарын іріктеу блогының тиімді жұмысын ұйымдастыру – бұл кәсіпорын менеджментінің маңызды міндеті.
Аталған проблемалық жағдайдың негізгі мақсаттары:
Персоналға деген біліктілік және басқа да талаптарды қалыптастыру үшін оған керекті дағдыларды шынықтыру
Белгілі бір кәсіби және біліктілігі бар персонал құрылымының қажеттілігін анықтауға қажетті жұмыс әдістемесін игеру, сол қажеттіліктерді қанағаттандыруды ұйымдастыру
Персоналдың кәсіби қасиеттерін бағалау дағдыларын және оларды қамтамасыз ету тәсілдерін жасау
Іскерлік қарым-қатынас тренингін,ұжымда жұмыс істеу дағдыларын иелену.