Еңбек уәждемесі-бұл жұмыскерлердің еңбек іс-әрекеті арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген ұмтылысы.
Еңбек уәждерінің құрылуы-егер адамның әлеуметтік қажеттіліктеріне сәйкес қоғамда қажетті игіліктер жиынтығы бар болса, осы игіліктерді алуға қызметкердің жеке талпынысы болса, еңбектік іс-әрекет қызметкер бұл игіліктерді алу үшін аз материалдық және моралдық шығындарды жұмсауға мүмкіндік берген жағдайда ғана еңбек уәждері қалыптасады.
Еңбек уәждерінің құрамы-қызметкер қанағаттандырғысы келетін қажеттілік, осы қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігі бар игілік, игілікті алуға қажетті еңбек іс-әрекеті, еңбектік іс-әрекетін орындауға байланысты жұмсалған материалдық және моралдық тұрғыдағы шығындарға баға.
Еңбекті ынталандыру-бұл ең алдымен сыртқы ниеттену күші, персонал уәждемесінің материалдық қабықшасы және адамның ортасындағы жүріс-тұрысындағы әсер ететін еңбек жағдайының бір бөлігі.
Жағдайды үлгілеу әдісі-барынша негізделген және әділетті түрде бағалауға мүмкіндік береді.Ол жаснды,нақты жұмыс жағдайлары мен басқаушы жағдайларға жақын жайттарды құрумен түсіндіріледі.
Жалақы-бұл ұйым қызметкерге өзіне жүктелген міндетті орындағаны үшін төленетін ақшалай өтемақы.
Жалпы және желілі жетекшіліктің кіші жүйесі - ұйымды бүтіндей басқаруды, жеке атқарымдық және өндірістік кіші бөлімдерді басқаруды жүзеге асырады.
Жеке бағалау әдістері-бағалау критерийлерімен, бағасын өлшеумен, ауыспалы жағдайлар әдістерімен, берілген шамаларды салысыру арқылы.
Жеңілдіктер-қызметкерлердің өмір сүру деңгейін жоғарылатын қызмет көрсетуді алуға құқық беру түрінде ұйым жұмыскерлеріне берілетін өтемақының бір бөлігі.
Жұмыс мазмұнын талдау-бұл жұмыстардың мазмұнын жүйелі және терең зерттеу үдерісі.
Жұмысқа қабылдау үдерісі - бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды нақтылау, үміткерлерді іріктеп алу, үміткерлерді сұрыптап алу, жұмысқа қабылдау.
Жұмысқа қабылдау үдерісі мен оның сипаттамасы-жұмысшы күшін жинақтау келешек өзгерістерді ескере отырып, барлық жұмыс орындарына үміткерлерді дайындаумен түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |