«Жылан»мансабының үлгісі - жұмыскерлерді бір қызметтен екіншісіне әрқайсының уақыты 1-2 жыл болатындай көлденең бағытта жылжуды қарастырады.
Z теориясында-әрбір жұмыскер бақылаусыз өзінше еңбек атқарады.Мұндай сенімдер олардың жеке мақсаттары кәсіпорын мақсаттарымен қатар екендігіне сенімін күшейтеді.
Имидж-жұмыс берушінің ішкі және сыртқы нарығындағы бейнесі.
Кадрлар-кәсіптік-біліктілік,әлеуметтік-психологиялық, жыныстық, жастық, басқа құрылымдық бөлшектермен сипатталатын кәсіпорын жұмыскерлерінің жиынтығы.
Кадрларға байланысты жұмыс жүйесі-кадрларды бағалау және аттестациялау, іріктеу, даярлау, біліктілігін жоғарылату, жетекші қызметкерге резервтер дайындау жұмысын толығымен қайта құру.
Кадрларды дамытудың мақсаты-оқуға ынталы жұмыскерлерді қолдау, білімдер мен озат тәжірибелерді тарату, жас білікті қызметкерлерді оқыту, басқарушы персоналдың қызметкерлерді дамытудың маңыздылығын түсінуі, кадрлар тұрақсыздығын төмендету.
Кадрларды іріктеу-үміткерлердің сапаларын бағалаудың көмегімен жинақтау барысында талапқа сай келетін үміткерлер резервінен тұрады.
Кадрлар резервін дайындау кезеңдері-кадрлар резервін қалыптастыру, оның құрамына кіретін қызметкерлердің жаңа лауазымды жұмысқа дайындау, бос лауазымға тағайындау.
Кадрлық жоспарлаудың мақсаты-адамдарға керек уақытында қажетті көлемде, олардың қабілеттілігі мен бейімділігіне сәйкес және өндірістің талаптарына сай жұмыс орындарын ұсынумен анықталады.
Кадрлық резервін дайындау-резервке қабылданған қызметкерлерді оқыту иен тәрбиелеу, тәлім беру, оларды күнделікті жұмыста жүйелі түрде жан-жақты зерттеуден тұрады, оқытудың қажетті түрлерін анықтап, осы резервке қабылданған лауазымға байланысты іскерлік жоғарылату.
Кәсіби дамуға күрделі салымдар жұмсау-ұйымдағы игілікті ахуал қалыптастыруға, қызметкерлердің ынтасын, ұйымға берілгендігін жоғарылатады, басқаруда мирасқорлықты қамтамасыздандырады.
Кәсіби мансап-нақты қызметкердің өзінің кәсіби іс-әрекет үдерісінде дамудың әр түрлі кезеңдерінен өтетіндігімен сипатталады: оқу, жұмысқа түсу, кәсіби өсу, жеке қабілеттіліктерді қолдау, зейнеткерлікке шығу.
Достарыңызбен бөлісу: |